Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор станд.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
369.15 Кб
Скачать

33. Стандарттау бойынша жұмыстардың ақпараттық қамтамасыз етілуі.

10-бап. Ақпарат орталығы

1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша:

1) техникалық реттеу саласындағы қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi екi жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелiгі немесе қатысуы;

3) техникалық реттеу саласындағы әзiрленiп жатқан және қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздерi туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2. Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылады. Хабарлама нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

34. Техникалық реттеу туралы заңы. Жалпы жағдайлар. Негізгі жағдайлар. Заңда қолданылатын негізгі түсініктер.

2004 жылы қараша айында елімізде «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданып, 2005 жылдың 9 маусымында күшіне енді. Соңғы өзгертулер бұл Заңға 2008 жылдың 5 шілде күні енгізілген болатын. Бұл заңда еліміздегі стандарттау саясатын жаңаша жүргізу стратегиясы құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен ескі басқару жүйесіндегі стандарттау толығымен өзгерді.

Қазақстанда стандарттаудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасынын «Техникалық реттеу туралы» заңымен анықталған. Заң мемлекеттік стандарттарды құрастыру кезінде талаптар, ережелер, нормаларды енгізу арқылы мемлекеттің жəне пайдаланушылардың мүддесін мемлекеттік қорғайды.

• «Техникалық реттеу туралы» заңына байланысты ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі жұмыс жүргізеді. Оның ұйымдастыру жəне жұмыс істеу əдістемелік мəселелері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі» негізгі стандарттарымен кешенді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

2) аккредиттеу саласы – аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

3) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін жүйелі, тәуелсіз құжатталған талдау, сондай-ақ өтінім берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4) беруші - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

5) дайындаушы (орындаушы) - өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар;

6) инспекциялық бақылау - сертификатталған өнімнің, процестің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органның уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыратын тексеруі;

7) көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;

8) қауіп-қатер - зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;

9) мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді стандарт;

10) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы;

11) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі - техникалық регламенттерді, стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

12) мүдделі тараптар - қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;

13) міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;

14) негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

15) өнім - процестің немесе қызметтің нәтижесі;

16) өнімді, көрсетілетін қызметті бірдейлендіру - белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша біржақты тануды қамтамасыз ететін рәсім;

17) өнімнің және процестердің қауіпсіздігі (бұдан әрі - қауіпсіздік) - қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің ұштасуын ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

18) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;

19) өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

20) өтінім беруші - сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке (сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;

21) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

22) сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

23) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

25) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

26) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

27) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

28) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

29) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

30) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;

31) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;

32) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;

33) стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;

34) стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

35) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;

36) стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым - географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым;

37) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

38) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – зертхана) –зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;

39) техникалық кедергі - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;

40) техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;

41) техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу;

42) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры мемлекеттік органдардың техникалық регламенттерінің, стандарттарының және өз құзыреттері шегінде қалыптастыратын өзге де құжаттарының мамандандырылған қорларының жиынтығы;

43) техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

44) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;

45) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

46) ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

47) ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;

48) үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;

49) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

35.Қазақстан Республикасының техникалық реттеу үкіметі. «Техникалық реттеу туралы» заңының қолданылу аясы.

Қазақстандық техникалық реттеу жүйесінің өндірісі дамыған елдерінің аналогтық жүйелерімен Еуропа стандарттарының деңгейіне жетуге жасалған бірінші қадам – ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы. Ол заң шектелген сипатқа ие. Аталған заң отандық нарықтағы мемлекеттің алатын орнын анықтайды. Оның негізгі қызметі – еліміздегі техникалық реттеу тәжірибесін өзгертуге бағытталған қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде құқықтық база рөлін атқару. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мәселесі қарастырылған. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және өнеркәсіптер өнімдерін экспортқа бейімдеу саясаты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін унификациялауды талап етеді. Бұл Қазақстан Республикасының жуырда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне де жол ашады. Осы талапты орындау тікелей Қазақстан Республикасындағы жүріп жатқан техникалық реттеу саласында қолданылатын стандарттау, сертификаттау жүйелерін және мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйелерін реформалап, саясатты толығымен өзгертуге байланысты. Техникалық реттеу бұл қарама қайшылықтарды реттеу, ол өнімге үрдіске қатысты міндетті және ерікті талаптарды белгілеумен, қолданумен, орындаумен байланысты. Сонымен қатар сәйкестікті растау, аккредиттеу, белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау, жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Осы заң ҚР бұйым, қызмет көрсету, процесстер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңы ҚазақстанРеспубликасының Конститутциясына негізделген жəне осы Заңнан жəне басқа нормативті құқықтық актілерден тұрады.Осы заң процесстердің, сəйкестікке растау, бұйымға қойылатын міндетті жəне еркін талаптарды анықтайды, белгілейді жəне қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл заң техникалық реттеудің негізгі мақсаты мен принциптерін белгілейді.

36.Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері. Техникалық реттеу бұл қарама қайшылықтарды реттеу, ол өнімге үрдіске қатысты міндетті және ерікті талаптарды белгілеумен, қолданумен, орындаумен байланысты. Сонымен қатар сәйкестікті растау, аккредиттеу, белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау, жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

  1. Өнім, қызмет, үрдістің, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  3. Саудадағы техникалық кедергіні жою;

  4. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.

Негізгі принциптері:

  • Мемлекеттік техникалық реттеудің заңының ортақтығы, біртұтастығы;

  • Үрдіске, қызметке, өнімге қойылатын талаптар, бірдей терминдерді қолдану;

  • Мемлекет пен қызығушы жақтардың қызығушылығына байланысты техникалық мақсатқа жету үшін техникалық реттеу үрдісіне қатысып тең мүмкіндікті екі жаққа беру;

  • Отандық импортталған тауарларға, үрдістеріне, қызметтеріне бірдей талап қойып белгіленген талаптар б-ша сәйкестікті растау;

  • Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы нормативтік құқықтық актілер дайындау барысында ғылыми-техникалық жетістіктерді, халықаралық және аймақтық ұйымның стандарттарын ескеру;

  • Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттің экономикалық, материалдық-техникалық даму деңгейіне сай болуы;

  • Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, стандарттар, басылымдар, оларды дайындау реті;

  • Қолдану мақсатында стандарттауды ерікті түрде таңдау;

  • Сәйкестікті растау жүйесімен ережелерінің бірдейлігі;

  • Бір ұйымның аккредиттеу және сәйкестік құжатын беру функциясын атқаруға мүмкіндік бермеу;

  • Тұтынушы мен өндірушілерден сәйкестікті растаудағы ұйымның тәуелсіздігі;

  • Сәйкестікті растау жұмыстарындағы бәсекелестікті шектеулерді болдырмау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]