
- •1. Стандарттаудың дамуы жайлы қысқаша ақпарат. Стандаттау бойынша ғылымның пайда болуы және дамуы. Терминдер және анықтамалар.
- •2.Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттаудың негізгі принциптері.
- •3. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі стандарттары.(мсж)
- •4. Қр стандарттар жұмыстарын ұйымдастыру. Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттау органдары. Стандартты құрастыру тәртібі.
- •5. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы. Заңда қолданылатын негізгі жағдайлар?
- •6. Нормативтік құқықтық актілер
- •7. Стандаттау.Жалпы жағдайлар.
- •8. Техникалық реттеу аумағында нормативті құқықтық актілермен
- •9. Əртүрлі сферадағы стандарттау. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •10.Сапа менеджмент жүйесі стандартын жетілдіру.
- •11.Қызмет көрсетуді стандарттау.
- •12.Стандарттау және экология.
- •13.Аймақаралық стандарттау жүйесі.
- •14.Конструкторлық Құжаттардың бірыңғай жүйесі.
- •18.Стандарттау дамуының негізгі бағыттары
- •20. Стандарттау теориясы
- •21.Стандарттау маңызы жəне мазмұны
- •22. Стандарттаудың теориялық базасы
- •23. Болашақты стандарттау
- •24. Кешенді стандарттау
- •25. Болашақты стандарттаудың ғылыми-техникалық базасы
- •27. Стандарттаудың құқықтық негізі
- •28. Стандарттау бойынша органдар және қызмет орындары.
- •29. Стандарт құрастыру тәртібі.
- •30. Қр стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру.
- •31. Қр Мемстандарт құрылымы.
- •32. Қр Мемстандарт функциясы.
- •33. Стандарттау бойынша жұмыстардың ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- •34. Техникалық реттеу туралы заңы. Жалпы жағдайлар. Негізгі жағдайлар. Заңда қолданылатын негізгі түсініктер.
- •37.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.
- •38.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.
- •40.Стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық, стандарттарды және шет елдердің нормативті құжаттарын пайдалану,
- •41.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (қрст).
- •42.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік технико-экономикалық ақпараттар классификаторы.
- •43.Қазақстан Республикасының ұйымдар стандарты және стандарттау бойынша ұсыныстары.
- •47.Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •48.Сапа түйіні және смж стандарттау.
- •49.Әлемдік сауда тәжірибесіндегі қызмет көрсету үлесі.
- •50.Қызмет көрсетуді стандарттаудың әлемдік тәжірибесі.
- •51. Қызмет көрсетудің стандарттаудың негізгі аспекті
- •52.Экологиялық стандарттау бойынша әлемдік қауымдастық тәжірибесі.
- •53.Қазақстандағы экологиялық стандарттау.
- •54.Экологиялық менеджмент жүйесі
- •55.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру тәртібі
- •56.Стандарттаудың бағыттары
- •57. Исо 9000 стандарттардың негізгі мазмұны
- •59. Стандарттаудың әдістері
- •60.Тмд елдеріндегі мемлекетаралық стандарттау
- •58. Исо ұйымдық құрылымы
27. Стандарттаудың құқықтық негізі
Қазақстанда стандарттаудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасынын «Техникалық реттеу туралы» заңымен анықталған. Заң мемлекеттік стандарттарды құрастыру кезінде талаптар, ережелер, нормаларды енгізу арқылы мемлекеттің жəне пайдаланушылардың мүддесін мемлекеттік қорғайды.
• «Техникалық реттеу туралы» заңына байланысты ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесіт жұмыс жүргізеді. Оның ұйымдастыру жəне жұмыс істеу əдістемелік мəселелері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі» негізгі стандарттарымен кешенді. Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттау жүйесі техникалық тілдің бірлігін, бұйым техникалық көрсеткіштерінің қажетті қатарын унификациялауды, құрылыстық жүйелі нормалар мен ережелерді қамтамасыз етеді.
28. Стандарттау бойынша органдар және қызмет орындары.
ИСО-МЭК сай стандартау қызметің қатысты органдар мен ұйымдар атқарады. Орган дегеніміз нақты мəселесі жəне құрылымы бар заңды немесе əкімшілік бірлік. Орган ретінде үкімет, фирмалар, ұйымдар болады.
Қазақстанда ұлттық стандарттау ұйымы ретінде Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік стандарттау жəне метрология бойынша (Қазақстанның Мемстандарты) комитет қабылданған . Мемстандарт ұйымдастру құрылымында ауқымды жұмыс көлемін жүзеге асыратын бөлімшелер қарастырылған: ғылыми-зерттеу институттары, стандарттар басылымы оқу
орындары, территориялды экспертизалау, сапа жəне сертификаттау орталықтары (ЦЭКС). Бұл орталықтар стандарттау , метрология, сертификаттау бойынша инженерлі-техникалық көмек көрсетеді, бұйымды сертификаттайды, өлшеу құралдарын калибровкалайды. Мемстандарт органының территориалды базасында сертификаттау жəне сынақ лабораториялары құрылады.
29. Стандарт құрастыру тәртібі.
Стандарттарды құрастыру тəртібі стандартты құрастыруға өтініш жинаудан басталады. Өтініште міндетті түрде нормативті құжаттың құрастырылуы негізделу керек. ҚР Мемстандарты өтініші негізінде Қазақстанның мемлекеттік жылдық жоспары қалыптасады. Одан кейінгі жұмыс, стандартты құрастыруға келісім-шарт негізінде өтініш иесімен жəне орындаушы арасында жүреді жəне келесі этаптардан тұрады: техникалық
тапсырманы құрастыру (құрастыру ұйымдары), стандарт жоспарын құрастыру, ҚР Мемстандартына ақырғы нұсқаны ұсыну, стандартты жаңарту, стандарты қайта қарастыру жəне жою.
Стандарттарды өзекті ету үшін ақпарат алу мақсатында тұрақты түрде стандартты қолданатын ұйымдар мен кəсіпорындар мен байланыс жүргізеді, сонымен қатар өзгерістер енгізгенде түскен ескертулерді ескереді. Мемлекеттік стандартты маңызы қайта қарауда қолданыстағы стандарт орнына жаңа стандарт құрастырумен жүргізіледі. Егер, енгізілетін өзгертулер бұйым көрсеткішінің маңыздысын өзгертумен байланысты болса, онда қайта қарау қажеттілігі туады. Стандартты жою оны жаңаға ауырбастау жəне айырбастамау арқылы жүргізіледі. Себебі, көбінесі бұйым шығарылуының тоқтауы, немсе жаңа стандарттың шығуы. Мемлекеттік стандарттарға өзгерістер енгізіу, қайта қарау жəне жою туралы қабылданған ақырғы шешім ҚР Мемстандарт қарамағында болады.
Стандартты бекіткенде оларды енгізу мерзімі белгіленеді, яғни оның іске кірісу күні. Стандарттарды енгізу оларды енгізудегі негізгі негізгі шаралардың жоспары негізінде іске асырылады, онда ұжымды материалдық- техникалық және ұйымдастыру жағынан стандарт өз мезгілінде енгізілуін қамтамасыз ету дайындық жұмыстары қарастырылған. Мемл және салалық стандарттар бойынша жоспарды министрліктер мен ведомстволар, ал республикалық стандарттар бойынша республикалық ведомстволар жасайды. Ұжым стандарттары зерттеп дайындалған техникалық шаралар бойынша енгізіледі. Егер олардың нормалары, көрсеткіштері, талаптары оның таралу саласына сәйкес қолданылса, өнімге әкелінген стандарт енгізілді деп саналады. Егер шығарылған өнім стандарттың барлық талаптарына сай болса, мемстандарт және олардың органдары мемлекеттік және басқа өндірістерде және ауылшаруашылық ұжымдарда және т.б. стандарттың орындалуымен енгізілуіне мемлекеттік қадағалау жүргізіледі.