
- •1. Стандарттаудың дамуы жайлы қысқаша ақпарат. Стандаттау бойынша ғылымның пайда болуы және дамуы. Терминдер және анықтамалар.
- •2.Стандарттаудың мәні мен мазмұны. Стандарттаудың негізгі принциптері.
- •3. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі стандарттары.(мсж)
- •4. Қр стандарттар жұмыстарын ұйымдастыру. Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттау органдары. Стандартты құрастыру тәртібі.
- •5. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы. Заңда қолданылатын негізгі жағдайлар?
- •6. Нормативтік құқықтық актілер
- •7. Стандаттау.Жалпы жағдайлар.
- •8. Техникалық реттеу аумағында нормативті құқықтық актілермен
- •9. Əртүрлі сферадағы стандарттау. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •10.Сапа менеджмент жүйесі стандартын жетілдіру.
- •11.Қызмет көрсетуді стандарттау.
- •12.Стандарттау және экология.
- •13.Аймақаралық стандарттау жүйесі.
- •14.Конструкторлық Құжаттардың бірыңғай жүйесі.
- •18.Стандарттау дамуының негізгі бағыттары
- •20. Стандарттау теориясы
- •21.Стандарттау маңызы жəне мазмұны
- •22. Стандарттаудың теориялық базасы
- •23. Болашақты стандарттау
- •24. Кешенді стандарттау
- •25. Болашақты стандарттаудың ғылыми-техникалық базасы
- •27. Стандарттаудың құқықтық негізі
- •28. Стандарттау бойынша органдар және қызмет орындары.
- •29. Стандарт құрастыру тәртібі.
- •30. Қр стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру.
- •31. Қр Мемстандарт құрылымы.
- •32. Қр Мемстандарт функциясы.
- •33. Стандарттау бойынша жұмыстардың ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- •34. Техникалық реттеу туралы заңы. Жалпы жағдайлар. Негізгі жағдайлар. Заңда қолданылатын негізгі түсініктер.
- •37.Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.
- •38.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер.
- •40.Стандарттау бойынша халықаралық, аймақтық, ұлттық, стандарттарды және шет елдердің нормативті құжаттарын пайдалану,
- •41.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары (қрст).
- •42.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік технико-экономикалық ақпараттар классификаторы.
- •43.Қазақстан Республикасының ұйымдар стандарты және стандарттау бойынша ұсыныстары.
- •47.Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты
- •48.Сапа түйіні және смж стандарттау.
- •49.Әлемдік сауда тәжірибесіндегі қызмет көрсету үлесі.
- •50.Қызмет көрсетуді стандарттаудың әлемдік тәжірибесі.
- •51. Қызмет көрсетудің стандарттаудың негізгі аспекті
- •52.Экологиялық стандарттау бойынша әлемдік қауымдастық тәжірибесі.
- •53.Қазақстандағы экологиялық стандарттау.
- •54.Экологиялық менеджмент жүйесі
- •55.Стандарттау жұмыстарын жоспарлау және қаржыландыру тәртібі
- •56.Стандарттаудың бағыттары
- •57. Исо 9000 стандарттардың негізгі мазмұны
- •59. Стандарттаудың әдістері
- •60.Тмд елдеріндегі мемлекетаралық стандарттау
- •58. Исо ұйымдық құрылымы
1. Стандарттаудың дамуы жайлы қысқаша ақпарат. Стандаттау бойынша ғылымның пайда болуы және дамуы. Терминдер және анықтамалар.
Адам қауымы пайда бола бастағаннан бері, өмір ережелердің қолдануы мен бекітілінуін керек қыла бастады. Жазу, есептеу жүйесі, ақша бірліктері, өлшем мен салмақ бірліктері – стандарттаудың ең алғашқы қадамдары.
Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихын негізгі этаптарға бөлуге болады:
-1923 ж. XIX ғ. соныңда Д.И. Менделеевпен құрылған Томск Сенімділік палатасының негізгі палатасында өлшемдер және салмақтардың Семейлік ұйымы ұйымдастырылады.
-1 қазан 1925 ж. Семейде бірінші Сенімділік палатасы өзіндік ұйым ретінде қайта құрылды.
-1931 ж. Қазақтың аймақтық палатасы Аймақтық стандарттау бюросы болып аталды және Алматы қаласына көшірілді.
-1935 ж. ҚазАССКО ХКІІ ішіндегі өлшемдер мен жүктер бөлімі Қазақ СКР Кеңхалық комиттетте өлшем және өлшеу приборлары болып қайта құрылды.
-1946 ж. ҚазСКР Министрлер кеңесінде уәкілетті өлшемдер мен өлшеу бюролары бойынша комитет құрылды.
-1966 ж. Алматы мемлекеттік бақылау зертханасы негізінде Қазақ Республикалық Мемлекеттік бақылау зертханасы құрылды. Ол 1975 жылы Қазақ Республикасының Стандарттау және Метрология орталығы болып құрылды.
-1971 ж. Қазақстан Республикасының Мемстандарт СКСР басқару құрылды, оның негізгі мақсаты республикада стандарттау мен метрологияны дамыту болды.
-1975 ж. ИСО Халықаралық стандарт жүйесі бойынша жаңа стандарт жүйесі зерттелініп дайындалды.
-1992 ж. Қазақстан Республикасының СМС бойынша комитет құрды.
-1992-2003 жылдардағы даму келесі бағыттырмен сипатталады: Қазақстан стандарттарының Халықаралық стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жандандыру; міндетті түрде сертификаттау жүргізілетін өнімдер мен қызметтерге мемлекеттік стандарттарды зерттеп дайындауды бірінші қатарға қою; ИСО 9000 сериялы Халықаралық стандарттарын енгізу және осы стандарттарға және басқаларға сәйкес отандық сапа менеджмент жүйесін жасау.
Қазіргі уақытта стандарттау жөніндегі жұмыстарды Стандарттау, метрология және Сертификаттау Комитетін ( ҚР Мемстандарт) индустрия және сауда Министрлігі басқарады.
Қазір стандарттау келесі негізгі бағыт бойынша дамып отыр: дәстүрлік, білімдік, медициналық, әлеуметтік. ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің қазіргі уақыттағы халықаралық стандарттау тәжірибесін ескере отырып негізгі терминдері мен түсініктері мыналар болып табылады: стандарттау объектісі; унификаттау; өзара ауыстырымдылық; сыйысушылық; термин; стандарттау облысы; стандарттау аспектісі; стандарттау дәрежесі; норма; стандарттау жөніндегі нормативті құжат; нормативті құжаттар категориясы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ( ҚР СТ ); техникалық регламент; класификатор; аймақтық стандарт; ұйымдық стандарт; Стандарттау тәртібі; стандартау бойынша ұсыныстар; халықаралық стандартар; мемлекетаралық стандарт(ГОСТ); үйлестірілген стандарт; стандарт кешені; халықаралық стандарттау; аймақтық стандарттау; мемлекетаралық стандарттау; стандартты қолдану; халықаралық стандартты қолдану; (халықаралық) аймақтық стандартты қолдану; басқа мемлекеттің ұлттық стандартың қолдану; стандарттың күшіне енгізу; техникалық регламентті күшіне енгізу уақыты; стандартты қолданушы; техникалық регламент қолданушы; стандарттың құрылымдық элементтері; стандарттау теориясы; стандарттау әдісі; негізгі (реттелген) стандарттаудың әдістемелік принципі; стандарттаудың негізі технико-экономикалық заңдылығы; стандарттаудың негізгі объективті заңы.
Терминдер мен анықтамалар:
Стандарттау- барлық сұраныс жасайтын жақтарына пайда келтіретін белгілі саладағы іс-әрекеттерді ретке келтіру мақсатында қолданылатын ережелер жинағы.
Стандарт- құзырлы органдармен бекітілген стандарттау объектісіне немесе біртекті өнімдер топтарына және керекті кезде бір өнімге қойылатын нормативті-техникалық құжат.
Техникалық шарт- өнімді жасауға, бақылауға, қадағалауға қойылатын талаптар жинағын жасайтын шаралар.
Халықаралық стандарттау- бұл кез келген елдің сәйкесті органдарының қатысуына ашық стандарттау бойынша жұмысы.
Мемлекетаралық стандарттау- бұл мемлекетаралық сұранысын белгілейтін стандарттау бойынша іс-әрекет.
Ұлттық стандарттау- белгілі бір мемлекеттегі стандарттау.
Аймақтық стандарттау- тек қана әлемнің бір жағрафиялық саясаттық немесе экономикалық аймақ елінің тиісті органдарының қатысуына ашық стандарттау.
Стандарттау бойынша нормативті құжат- стандарттау бойынша әртүрлі іс-әрекеттерге қатысы бар нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді бекітетін құжат.
Регламент – ішінде міндетті құқықтық нормалары бар, билік органдарымен қабылданатын құжат.
Стандартау жүйесі- өнімдерге, жұмыстарға, үрдістерге, қызметтерге талаптарды бекітетін нормативті құжаттар мен стандарттауға қатысатындардың жиынтығы.
Стандарттау объектісі- стандарттауға жататын өнім, жұмыс, үрдіс, қызмет.