Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ И ПРОГРАММА ПР.ПРАКТИКИ каз.яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391.17 Кб
Скачать

5. Өндірістік практиканы дайындау мен ұйымдастыру

Студенттердің өндірістік практиканы ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басқару «Қаржы» кафедрасымен жүргізіледі. Жетекші-оқытушыларды кафедраның өзі тағайындайды немесе студенттердің өз еркіндері бойынша таңдайды.

Өндірістік практика басталмас бұрын кафедра оқытушылары студенттердің жиналысың өткізеді. Бұл жиналыста студенттерге практиканың негізгі мақсаттары, кәсіпорында жұмыстардың мазмұның, (практика өту кезеңінде) оқу жоспарымен белгіленген практиканың мөлшері мен ұзақтығы хабарландырылады. Бұл жиналыста мамандық бойынша дипломдық жұмыстардың барлық жетекшілері қатысу керек.

Өндірістік практиканы студенттер экономиканың түрлі салалары мен меншік нысандарының кәсіпорындарында өтеді.

Өндірістік практикаға студенттер алдын-ала бекітілген белгіленген нысандағы практиканы өту туралы келісім-шартқа сәйкес бағытталады (Қосымша А).

6. ПРАКТИКАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ

Практиканы өту жерінде студенттердің тәжірибесін ұйымдастыру жауапкершілігі кәсіпорын басшысы(орынбасары) немесе жоғарғы экономикалық білімі бар басқа уәкілетті маманға жүктеледі.

    1. 6.1. Жетекші-оқытушы міндетті:

  1. Студенттерге тәжірибе сұрақтары, күнделіктерді жүргізу және белгілі жұмыс бойынша есептерді құрастыру бойынша кеңес беру;

  2. Студенттердің жұмыс сапасын тексеру және күнтізбелік жоспарлардың орындалуын бақылау;

  3. Болашақ уақыт аралығында студентермен қарастырылатын тақырыптар мен жеке сұрақтар бойынша шолу өткізу және кеңес беру.

    1. 6.2.Кәсіпорын атынан жетекші міндетті:

  1. Практиканы өтушы студенттерге түсіндірмелерді жүргізу және олармен уақытында жұмыстарды орындалуын талап ету;

  2. Бекітілген бағдарламаға және студенттердің жеке жоспарларына сәйкес практиканы басқару;

  3. Практика соңында әр студенттің жұмысына жазбаша сипаттама беру және студентпен құрастырылған есепті бекіту.

6.3 Студент міндетті:

  1. Практиканы өту орнына өндірістік тәжірибенің басталуына белгіленген мерзімде келу;

  2. Кәсіпорында белгіленген ішкі тәртіп(еңбек заңдылығын) ережелерін қатаң сақтау;

  3. Кәсіпорындағы практика бойынша өз жетекшесінің нұсқауларын орындау;

  4. Ұйымның барлық жұмысына көмектесу;

  5. Кафедра атынан жетекшенің кеңестерін қолдану;

  6. Белгіленген нысандағы күнделікті және тәжірибені өту туралы есепте жазбаларды жүргізу;

  7. Бухгалтерлік есеп пен аудиттің әдістемесі мен жүргізу техникасы бойынша нормативті және нұсқаулық құжаттарды қарастыру;

  8. Дипломдық жұмысты жазу үшін материалды жинау.

Практикаға қатысуын және өндірістік тәжірибенің бағдарламасын орындалуын жүйелі бақылау жетекші-оқытушымен және кәсіпорыннан жетекшімен жүргізілуі керек.

Жетекші-оқытушы қажетті жағдайда практика орнына шығуларды ұйымдастырып отыру керек. Студент апта сайын «Қаржы» кафедрасына атқарған жұмысы туралы баяндап отыру керек.

7. Практиканы өтудің негізгі кезеңдері

Өндірістік практика келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Өндірістік практика бағдарламасымен таңысу;

  2. Өндірістік практиканы өту орнымен кеісім-шартты бекіту;

  3. Өндірістік практика бағдарлдамасын түсіндіру және оның қорытындыларың рәсімдеу бойынша студенттердің жиналысына қатысу;

  4. Күнтізбелік жоспар негізінде (практика өту орындарында) кәсіпорындар мен мекемелерде бухгалтерлік есебің ұйымдастырылуын қарастыру;

  5. Дипломдық жұмысты дайындау үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеу;

  6. Практика бойынша есепті құрастыру;

  7. Кәсіпорын атынан жетекшіге практика бойынша есепті ұсыну және оны қорғау;

  8. Практиканың қорытындылары бойынша сипаттаманы рәсімдеу және тәжірибе орнынан растауды алу (кәсіпорын жетекшесінің қолдары мен мөрмен бекіту);

  9. Белгіленген кезеңде кафедраға практика бойынша есепті ұсыну;

  10. Графикпен белгіленген уақыт аралықтарына сәйкес есепті қорғау.

8. ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

8.1 Практика көлемі мен ұзақтығы

Ішкі және сыртқы бөлім студенттерінің жеке тақырыптар бойынша практиканың ұзақтылығы құрайды:

Тақырыптың атауы

Апта саны

Күндізгі бөлім

Сырттай бөлім

1

Өндірістік практика

15

10

8.2 Жеке тақырыптар бойынша практика бағдарламасының мазмұны

САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨНДІРІСТІК(ДИПЛОМАЛДЫ) ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ

Тақырыптың атауы

Жұмсалым күн

Практиканың тақырып бойынша мазмұны

1

2

3

1. Салық органдарың қызметін ұйымдастыру

5

Жергілікті салық бөлімшілердің құрылымымен(департамент, басқарма), құрамымен танысу, салық комитетінің құрылымының схемасын құрау, салық комитетінің қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін көрсету, салық комитетінің жұмысының ұйымдастырылуымен, СТТН жүргізілуі бойынша жұмыс материалдарымен, салықтық тіркеу формаларымен танысу, толтырып есепке қосымша ретінде енгізу. Студент салық орган қызметкерлерінің міндетері мен құқықтарын білу тиіс.

2. Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу

10

Танысу керек:

  • ұйымдастыру тәртібі және төлемшілер есебі бойынша дайындалған іс – шараларды, меншікке салынатын салықтарды есептеуді, салық жеңілдіктермен танысуды жүргізу.

  • Қолданыстағы жер – кадастрлық кітаптарды толтыру тәртібімен, декларациялармен, хабарландырулармен;

  • Төлемшілер құрамымен;

  • Салық салу объектісімен.

Меншікке салынатын салықтарды есептеу тәртібін, оларды төлеу мерзімін, мазмұнын, салықтар бойынша декларацияларды толтыру тәртібін, ауылдық әкімшілікпен толтырылатын шаруашылық кітаптардың толтырылуын, меншікке салынатын салықтардың төлеушілеріне бекітілген жер учаскелерінің тәртібін білу керек. Салық салу объектілерін анықтай алу, меншікке салынатын салықтар бойынша декларацияларды толтыруды және тексеруді үйрену, салық төлеушілер есеб- кітабын жүргізу, төлем хабарландыруларын жазып алу. Құжаттарды есепке кіргізу.

3. Табыстарға салық салу

8

Төлемшілер құрамымен танысу, жалпы жылдық табыс арқылы салық салынатын табысты анықтау, өндіріс шығындарымен, өнім, тауарлар, қызмет көрсетулер өндірісімен, алып тастаулар арасындағы ауытқуларды анықтау, дәл осындай бухесеп бойынша шығындар. Декларацияны толтыру тәртібі, құжаттық тексеруді жүргізу.

Практикант келесілерді білу керек:

  • табыс салығына салық салу үшін салық салынатын табысты анықтай алу;

  • құжаттық тексеруді жүргізу, табыс салығының дұрыс есептелуін тексеру;

  • табыс салығы бойынша декларацияны толтыра білу;

  • жеке табыс салығының дұрыс есептелуін, ұстап қалуының дұрыстығын тексеру;

  • табыс салығының мерзімде және толық аударылуын тексеру;

  • кәсіпкерлік іспен айналысудан түсетін табыстары бар азаматтардың декларацияларының дұрыстығын тексеру.

Студенттер құжаттық тексерудің нәтижелерін рәсімдей алуды білу керек, салық есебі кітаптарының дұрыс толтырылуын тексере алулары керек, кәсіпкерліктен табатын табыстары бар азаматтарды тексере алулар қажет.

Тексеру актілерімен танысып, құжаттық тексеруде ат салысу қажет. Салық органының қызметкерінің басшылығымен шаруашылық субъектілерінің еңбекақы түріндегі алынған табыс салығының дұрыс есептелуін, бюджетке толық, мерзімді аударылуын тексеру керек. Кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың құжаттарының есебі бойынша, куәліктер мен патенттер есебі тәртібімен танысу. Кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың декларацияларын тексеруді жүзеге асыру, жоғарыда аталып өтілген құжаттардың көшірмелерін есепке қосымша ретінде енгізу, сонымен қатар жыл ішіндегі төлем көзінен алынатын табыс салығының бірегейлік есептеуі бойынша есеп жүргізу.

Оқып білу:

- Әлеуметтік салық бойынша қолданыстағы заңнаманы; Төлемшілер құрамын, салық ставкаларын, есептеу және төлем тәртіптерін; Әлеуметтік салық бойынша декларацияны құрау; Құжаттық тексеруді жүзеге асырып, тексеру қорытындылары бойынша акт құрау; Заңды тұлғалардағы әлеуметтік салықты есептеу бойынша мысалдар келтіру.

4. Жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі

10

Төлеушілер құрамын, салық салу объектісін, ҚҚС және акциз бойынша есепке алу тәртібін, салық салынатын айналымды анықтау және салық төлеу мерзімдерін, жеңілдіктерін, мазмұнын, декларация құрау тәртібін, Жанама салықтарды төлеу және оны дұрыс есептеуге бақылау бойынша салық органдарының жұмысының мазмұнын оқып – білу. Заңнамалық және нұсқаулармен жұмыс, жанама салықтар сомасын есептеу. Камералды және құжаттық бақылауларды жүргізуді үйрену. Декларацияны есепке қосымша ретінде енгізу. Төлемшілер құрамымен танысып, төлем тәртібін құрастыру, жанама салықтар бойынша декларацияларға камералды және құжаттық тексеруге қатысу.

Акциз салынатын тауарлар тізімімен, ставкалармен, тәртібімен,салықтық төлеу мерзімімен, жеңілдіктерімен, мазмұнымен, декларацияны құрау тәртібімен танысу. Жанама салықтар бойынша кез – келген бір кәсіпорынды тексеруге ат салысу, тексеру кезінде пайдаланылатын, алғашқы құжаттарымен, декларациясымен танысу. Салық сомасын есептей алу, жанама салықтар бойынша декларацияны құрай білу. Барлық құжаттарды есепке қосымша ретінде енгізу.

5. Басқада салықтар мен алымдар

7

Студент білу керек; қалай және қандай түрде алымдар мен төлем ақылар есептеледі, бюджетке төленетін міндетті алымдар мен төлемақылар. Мемлекеттік баждарды алу тәртібін және ставкаларды, соттарда, нотариалдық кеңселерде мемлекеттік баждарды алудың дұрыстығын оқып – білу. Бюджетке төлемдерді дұрыс аудару үшін бюджеттік сыеыптаманың кодтарын білу. Бюджеттке алымдарды аудару құжаттарымен танысу есепке олрады тіркеу.

Тіркелген салық, ойын бизнес салығы мен ренталық салықты есептеу және төлеу тәртіптерімен танысу. Төлеушілердің құрымын анықтау және оларды есептке алу тәртібін. Мысалдарды келтіру және тиісті салық есептілігін толтыру. Құжаттарды есепке тіркеу.

6. Пайдалы қазбаларды пайдаланушыларға салық салу

5

Танысу керек:

  • пайдалы қазбаны пайдалану шартындағы бекітілетін тәртіппен;

  • пайдалы қазбаны пайдаланушылармен және арнайы төлемдермен;

  • сол төлемдерді белгілеу тәртібімен, көлемімен, мерзімімен;

  • ставкалармен және қосымша пайдаға салықтың төлеу мерзімі.

Төлемшілер құрамымен, салық төлеушілердің есептерімен, олардың беретін декларацияларымен танысу. Есепке қосымша ретінде енгізу.

7. Арнаулы салық режимдерді қолдану тәртібі

10

Танысу керек: арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалармен; жеке кәсіпкер ретінде есепке алу тәртібімен; арнаулы салық режимдерінің кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың пайдалану тәртібімен; Жеке кәсіпкерлерге патенттерді беру тәртіптерін, жеке кәсіпкерлермен берілетін есептер мен декларацияларды және есептерді қарастырып, есепке кірістіру. АСР бойынша бақылау шаралырын жүргізе білу. Құжаттардыесепке тіркеу.

8. Салықтар бойынша есеп және есеп беру

5

№25 ф. реестрлерде жазуларды енгізуді білу; компьютерлік есептегі салық төлеушілердің жеке шоттарында, компьютерге мәліметтерді енгізуді білу; бюджетке төленетін төлемдердің есебінің және түсуінің ұйымдастырылуымен танысу, қатаң есептілік бланкілерінің құралу тәртібімен танысу керек. Салық төлемдерінің есебі бойынша жұмыстың мазмұнын және ұйымдастырылуымен, салық қызметі органдарына берілетін салық төлеушінің есебімен танысу керек.

9. Салықтық әкімшілендіру

10

Салық органдарымен жүргізілетін салық төлеушілерді қолданыстағы тексеру тәртіптерімен танысу. Салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдей алу. Салық заңнамасын бұзу жағдайларын анықтай білу, салық заңнамасын бұзу үшін санкцияларды қолдану кезінде, құжаттарды рәсімдей алу. Өткізілген салықтық тексерулерге қатысу, құжаттар көшірмелерін есепке кіргізу, жоғары тұрған органның қолданыстағы салықтық тексерулерін ұйымдастыру тәртібімен танысу. Салық төлеушінің шағымын беру тәртібімен танысу. Салық төлеушілердің шағымдарының мазмұнын және формаларын қарастыру. Шағымдар бойынша қарастырып, шешім шығаруда қатысу. Құжаттар көшірмелерін есепке тігу.

10. Салықтық міндеттеме

5

Салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша салық комитетінің жұмысымен танысу. Салық төлеушілерден бюджетке артық түскен салық сомаларын анықтау және оларды қайтару механизмдерін қарастыру. Салық міндеттемесінің пайда болуына және тоқтатылуына негіз бола алатын нормативті құжаттарды қарастыру. Салықтарды мәжбүрлеп алу шараларының тәртібін қарастыру. Құжаттар көшірмелерін есепке енгізу.

Барлығы

75