Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ И ПРОГРАММА ПР.ПРАКТИКИ каз.яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
391.17 Кб
Скачать

93.08-01.2013

«_05__»__12__ 2013 ж.

№ 1 редакция

40 -ның 36 беті

ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі МСЖ құжаты

Өндірістік практикані өту бойынша бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулар

ӨП- 93.08-01.11.2013

5В050900 «Қаржы» мамандығының (ішкі оқу формаcының) студенттері үшін өндірістік (қорытынды) практикані өту бойынша

бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулар

№1 Редакция

5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ ОҚУ ФОРМАCЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН

ӨНДІРІСТІК (ҚОРЫТЫНДЫ) ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ БОЙЫНША

БАҒДАРЛАМА МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

СЕМЕЙ, 2013

АЛҒЫ СӨЗ

1. ҚҰРАСТЫРҒАН

ҚИУ «Қаржы» кафедрасының аға оқұтышысы Лукпанова Ж.О. , Аимкулов Р.А.

2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

ҚИУ «Қаржы» кафедрасының отырысында

«_____» ________ 2013 ж. Хаттама № _________

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к.________________ Золотарева С.В.

3.БЕКІТІЛГЕН

ҚИУ Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлдаған және баспаға шығаруға ұсынылған

«___05__» _____12___ 2013 ж. Хаттама № ____5_______

ОӘК төрайымы, э.ғ.к. __________________Дайрабаева А.С.

1. Қолдану аймағы

Өндірістік практикані өту бойынша бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулар 5В050900 «Қаржы» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Аталмыш оқу-әдістемелік кешен кредиттік технология бойынша оқытылатын үрдісті іске асыруда қолданылады және аталмыш пән бойынша оқытушылар мен студенттерге міндетті болып есептеледі.

2. Нормативті сілтемелер

Өндірістік практикані өту бойынша бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасының 2008 ж. (бакалавриат бойынша) мемелкеттік жалпы білім беру стандартының негізінде 5В050900 – «Қаржы» негізінде жасалған.

  1. Жалпы ережелер

Өндірістік практика оқу процесінің негізгі және қорытынды сатының бірі болып саналады. Оның ролі 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша базалық және мамандық пәндерді оқу барысында алынған теоретикалық білімдерді бекітумен белгіленеді.

Өндірістік практиканы оқу жоспарының барлық пәндері бойынша емтихандарды тапсырғаннан кейін 5В050900 «Қаржы» мамандығының түлек курс студенттері өтеді. Өндірістік практика нәтижелері бойынша тәжірибе есебі құрастырылады. Есеп «Қаржы» кафедрасында құрастырылған комиссияның алдында қорғалады.

Өндірістік практиканы өту орындары болып келесілер болуы мүмкін: ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, өнімді өндіру, түрлі қызметтерді көрсету бойынша ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, және оқу орындарымен ғылыми-зерттеу институттары.

Өндірістік практиканың ұзақтығы – 75 күн немесе 15 апта. Практиканың басталу және аяқталу мерзімі академия бойынша бұйрықпен белгіленеді.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты болып өндірістік практиканы өту барысында талаптар, ережелер мен ұсыныстарды және есепті қорғау тәртібін, олардың орындалу сапасын анықтау саналады.

4. Практика мақсаттары мен міндеттері

Қаржы-несие жүйесінің мамандарын даярлаудың жаңа білім концепциясы өзінің мамандығының аясында терең білімдерді ғана емес, сонымен қатар ойлау мәдениетінің жоғары деңгейін, пайда болатын және тез өзгеретін тәуекелдермен байланысты қызмет аясында дұрыс шешім қабылдау қабілеттерді де талап етеді. Өндірістік (дипломалды)практиканың маныздылығының бірі, нарықтық экономикаға көшу кезеніңде, экономикада, салық және қаржы жүйесінде, салық органдары мен шаруашылық субъектілері арасындағы қарым қатынастарындағы түбегейлі өзгерістер байқалуда.

5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша студенттердің өндірістік практикадан өтуі оқу-тәрбиелік процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Өндірістік практиканың мақсаты болып оқылатын мамандық бойынша тәжірибелік дағдыны және кәсіби біліктілікті арттыру болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін студент қаржы ұйымдарының қызмет ережелерімен танысу керек.

Өндірістік практика теориялық білімдерді тереңдету және практикалық бекіту, студенттерді банктің, салық органдарының, қаржы мекемелерінің практикалық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру мақсатында жүзеге асады.

Дипломалды практика бойынша есеп студенттің теориялық және тәжірибелік дайындығының деңгейін анықтайды.

Практиканың негізігі міндетері:

  • Оқу процессінде алынған, теоретикалық білімдерді терендету мен бекіту;

  • Заңнамалық және нұсқаулық материалдарымен жұмыс атқару дағдыларын менгеру;

  • Болашақ мамандық бойынша тәжирібелік дағдыларды меңгеру.

Өндірістік (дипломалды) практиканың ұзақтығы – ішкі оқу бөліміне 15 жұма(75 жұмыс күні) және сырттай оқу бөліміне 10 жұма (50 жұмыс күні).