Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа ознак практики 2014 КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.43 Кб
Скачать

2. Оқу танысу тәжірибесінің міндеттері мен мақсаттары

2.1.Оқу танысу тәжірибесі тыңдаушылардың алған теориялық білімдерін бекіту және ары қарай терендету міндеттерін шеше отырып, тәжірибелік қызметке қалыптасып-үйренуін мүмкіндігінше жылдамдатады.

2.2.Танысу тәжірибесі ҚАЖК-нің түрлі бөлімшелер алдында тұрған міндеттерімен танысу мақсатындажүргізіледі.

2.3.Сонымен қатар, тәжірибе қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді оқумен жүзеге асырылады.

2.4.Тәжрибе түзеу колонияларындағы сотталғандарға тәрбиелік әсер ету әдістері мен әр түрлі нысандарын тыңдаушылардың танысуына, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын - алу сұрақтары бойынша түзеу мекемелерінің қызметтері туралы ақпараттарды жинауға, топтастыруға ықпал етеді.

2.5.Тәжірибе тыңдаушылардың болашақтағы қызметтік міндеттерін орындау барысындағы табандылық, еріктілік, жауапкершілік сезімдерін дамытуға әсер етуі тиіс.

3. Оқу танысу тәжірибесінің жүргізілуі және ұйымдастырылуы

3.1. Тәжірибелік оқу танысудың мерзімі және мазмұны, көлемі оқу жоспарымен және оқу процесінің кестесімен, сондай-ақ осы бағдарламамен анықталады.

3.2. Тәжірибелік танысу 2014 жылдың __ ____ мен __ _____ аралығында облыстық ҚАЖ департаментінің мекемелерінде өткізіледі.

3.3. Тәжірибелік танысуды өткізу мен ұйымдастыруды академияның күндізгі оқыту факультеті, қылмыстық - атқару құқығы және жазаларды орындауды ұйымдастыру кафедрасы, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қамтамасыз етеді.

3.4. Тәжірибелік танысудың өтуіне жалпы бақылауды академияның күндізгі оқыту факультеті жүзеге асырады. Факультетте өкізілу мерзімі туралы ҚАЖД-ның бөлімшелеріне уақытында хабарланады, бағдарламаны уақытында жібереді, тәрбиеге бағытталған тыңдаушылардың саны туралы хабарлайды.

3.5. Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқық және криминология кафедрасы тәжірибелік танысу бағдарламасын өндейді, тәжірибеге тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады, оқытушылар және тыңдаушылар құрамдарымен ҚАЖК-нің базалық бөлімдерінен өкілдерді шақыра отырып нұсқаулық жиындарын өткізеді. Жиындарда оқыту және тәжірибемен танысу бағдарламасы жарияланады, тәжірибенің міндеттері анықталады, сонымен қатар басқа да тәжірибенің тиімділігі үшін маңызы бар ұйымдастырушылық сұрақтар шешіледі.

3.6. Тәжірибелік танысудың өткізілу қорытындысы, көрсетілетін негізгі құжат болып табылады.

3.7. Тәжірибелік танысудың қорытындысы бойынша тыңдаушылар есеп береді, онда келесі сұрақтар көрсетілген: олар тәжірибелік танысудан қанша уақыт және қайда өтті; орган немесе бөлімше жөнінде жалпы мәлімет; осы орган немесе бөлімшенің қызметін реттейтін нормативтік актілердің тізімі; тәжірибелік танысуды ұйымдастыру бойынша ұсыныс пен қорытынды. Есеп күнделіктің ішінде болады және де тікелей тәжірибе жетекшісінің қолымен бекітіледі және осы органның мөрі.

3.8. Тәжірибелік танысудың өткізілгені туралы есепті қорғау күндізгі оқыту факультеті тарапынан құрастырылған кесте бойынша комиссия отырысында жүргізіледі.

3.9. Қорғауға мекеме бастығының қолы қойылып, гербтік мөрмен мөрленген Күнделік, тыңдаушының міңездемесі ұсынылады.

3.10 Тәжірибе қорытындысы бойынша мінездеме тыңдаушының жеке ісінде сақталады.