
- •Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі қостанай академиясы Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы
- •Қостанай, 2014
- •1. Жалпы нұсқаулықтар
- •2. Оқу танысу тәжірибесінің міндеттері мен мақсаттары
- •3. Оқу танысу тәжірибесінің жүргізілуі және ұйымдастырылуы
- •4. Тәжірибенің өту тәртібі
- •1) Облыстық қаж департаментінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарын және құрылымын оқу:
- •2) Түзеу мекемесі қызметін ұйымдастыруды және құрамын оқу
Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігі қостанай академиясы Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы
Бекітемін
Қазақстан Республикасы ІІМ
Қостанай академиясы
бастығының орынбасары
полиция полковнигі
________________А.Тәжіғұлов
2014 ж. _____ ______________
Қылмыстық-атқару мамандығы бойынша білім алатын
күндізгі оқыту факультетінің 2 курс тындаушыларына
арналған оқу-танысу тәжірибесінің
БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚР ІІМ Қостанай академиясы
Оқу-әдістемелік кеңесінде
қарастырылды және мақұлданды
__14__ мамыр 2014 ж.
№ __9__ хаттама
Қостанай, 2014
Құрастырғандар:
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының бастығы з.ғ.к., полиция подполковнигі А.В. Брылевский
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Эсов
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты А.М.Матышова
Академияның Оқу-әдістемелік кеңесімен 2014 ж. __14.06_ № _9__ хаттамасымен мақұлданған.
Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен талқыланып, 2014 жылғы 06 мамырдағы № 19 хаттамасымен мақұлданған.
Оқу танысу тәжірибесі Білім Министрлігінің 2001 жылғы 11 наурыздағы «Жоғарғы оқу орындарындағы қызметті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» № 151 бұйрығымен бекітілген тәртіпке сай және осы Бағдарламадағы талаптарға сай, 2005.03.02 Қазақстан Республикасы Үкіметінің №195 қаулысына, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
1. Жалпы нұсқаулықтар
1.1 Академия тыңдаушыларының оқу танысу тәжірибесі оқу-тәрбиелік іс жүргізуін және қылмыстық-атқару жүйесінде жоғары дәріптелген мамандарды біріктіре отырып оқыту мен тәжірибелік қызметте тәрбиелеу негізінде дайындаудың нысаны болып табылады.
1.2.Оқу танысу тәжірибесі күндізгі оқу факультеті тыңдаушыларының арнайы білімдерін тереңдету және нығайту, тәжірибелік қызмет үшін қажетті кәсіби білімдерін қалыптастыру мен дамыту мақсатында қылмысытық-атқару жүйесінде және оның жекеленген бөлімдеріндегі міндеттері мен қызметтерін, құрылымын, қызметке тағайындалуын тікелей таныстыру жолымен жүргізіледі.
1.3.Оқу танысу тәжірибесі қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы қызметке тыңдаушыларды мақсатқа пайдалану үшін олардың іскерлік, моральдық және жеке сапаларын жан - жақты анықтауға әсер етеді.
1.4.Оқу танысу тәжірибесі ҚАЖК тәжірибелік органдармен қылмыстық-атқару жүйесінде мамандарды кәсіби жетілдіруді дамытудағы қызметтестіктің бірден - бір нысаны болып табылады.