Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турсынова_Ш.ДӘРІЛІК_ЗАТТАРДЫ_БОСАТУ_БОЙЫНША_ДӘР...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.53 Кб
Скачать

6. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелері

(ҚР ДСМ 11 ақпан 2004 жылғы №19 бұйрығына сәйкес)

Жалпы жағдайлар:

  1. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудасының ережелері (әрі қарай Ережелер) дәрілік заттардың, контактілі линзалардың және оны сақтауға арналған ерітінділерді, диагностика, профилактика және емдеу үшін заттар мен материалдарды, бұйымдарды, инстументтерді, құрал-жабдықтарды көтерме сауданың тәртібін анықтайды. Ол дәріханалық қоймаларда немесе медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қойылымдарында жүзеге асырылады.

  2. Дәрілік заттардың, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудасы-сатып алу, сақтау, енгізу (импорт), шығару (экспорт) және дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саудасымен байланысты фармацевтикалық қызмет.

  3. Сатып алу, сақтау, енгізу (импорт), шығару (экспорт) және дәрілік заттарды, парафармацевтиктердің саудасымен байланысты фармацевтикалық қызметті дәріханалық қоймада дәрілік заттардың айналым саласындағы субъект іске асырады, онда дәрілік заттар көтерме саудаға лицензиясы болу керек.

  4. Қойма ғимараты, аумағы және жабдықтары дәрілік заттарды көтерме саудасын лицензиялау кезінде қойылатын квалификациялық талаптарға сәйкес келу керек.

  5. Дәріханалық қойма, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоймаларында фармацевтикалық қызметтің объектісінің атауы, оның ұйымдастырулық-құқықтық формасы және тәртібі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған маңдайша жазу болу керек. Ыңғайлы жерде мемлекеттік лицензияның көшірмесі ілінеді.

  6. Дәріханалық қоймада, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоймаларына анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құқықтық актілер (дәрілік заттардың айналымын регламенттейтін) болу керек. Одан басқа проспекттер, каталогтар, эксплуатация және медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулар болу керек.

  7. Дәріханалық қойманың, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоймасының басшылары реализацияланатын дәрілік заттардың, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын қамтамасыз етеді.

  8. Дәріханалық қойманың, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қоймасының әрбір қызметкеріне қызметтік нұсқау тағайындалу керек.

  9. Қазақстан Республикасында бақылауға алынатын құрамында наркотикалық заттар, психотроптық заттар және прекурсорлар болатын дәрілік заттардың айналымы ҚР-ның сәйкес нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

  10. Дәрілік заттардың сақталуы, оның құрамына кіретін ингредиенттердің физикалық-химиялық, фармакологиялық, токсикологиялық қасиеттеріне сәйкес жүзеге асырылу керек және қолдану тәсіліне байланысты және сыртқы орта факторларының әсеріне байланысты сақталу керек.

  11. Басқа заңдық немесе физикалық тұлғаларға, фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ тұлғаларға дәрілік заттарды уақытша сақталуына тиым салынады.