Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турсынова_Ш.ДӘРІЛІК_ЗАТТАРДЫ_БОСАТУ_БОЙЫНША_ДӘР...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.53 Кб
Скачать

4.2. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету

8. Жергілікті мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ тегін амбулаториялық-емханалық медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынатын медициналық ұйымдардың (бұдан әрі амбулаториялық медициналық ұйымдар) көрнекі ақпарат органдарында және дәрілік заттардың бөлшек саудасы объектілерінде тапсырысшы мынадай ақпараттарды орналастырады:

1) аурулар түрлерінің және амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда берілетін азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі;

2) берілетін бағасы мен өтеу коэффициенті көрсетілген тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттардың тізбесі;

3) дәріхана ұйымдарының және дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бастапқы медициналық – санитарлық көмек объектілерінің мекен – жайлары.

9. Тапсырысшы өнім берушіге дәрігерлері мен медицина қызметкерлерінің дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін рецептілер жазып беруге құқығы бар медицина ұйымдарының тізбесін береді.

10. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайларда беру уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жазып берілген рецептінің негізінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесін көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Дәрілік затты басқа адам алған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшірмесін көрсеткен кезде беріледі. Дәрілік заттарды науқас балалардың ата – аналары алуы үшін баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай – ақ ата – аналарының жеке басын куаландыратын құжаты көрсетіледі.

Өнім берушіге белгіленген тәртіпті бұза отырып, жазып берілген рецепт бойынша берілген дәрілік заттың берілу бағасы өтелмейді.

11. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету:

1) өнім берушінің және (немесе) дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша онымен шарттық қатынастарда тұрған адамның дәрілік заттарды бөлшек саудада сату объектілері;

2) өнім беруші және (немесе) онымен шарттық қатынастарда тұрған адамдар дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша дәрілік заттарды сатуға құқығы бар шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі бастапқы медициналық – санитарлық көмек объектілері арқылы жүзеге асырылады.

Туберкулезден зардап шегетін азаматтар амбулаториялық емдеу кезінде туберкулез мекемелері арқылы туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз етіледі.

12. Өтеу сомасын дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін жазып берілген және дәрілік заттарды беру жүзеге асырылған рецептілердің тізілімдерін медицина ұйымдары мен өнім берушілер ұсынған салыстырулар негізінде тапсырысшы айқындайды. Берілген тізілімдердің деректері сәйкес келмеген жағдайда тапсырысшы өтеуге жатпайтын және ол бойынша тапсырысшы мен өнім берушінің тарапынан дұрыстығын бақылау жүзеге асырылатын жағдайлардың тізілімі жасалады.

13. Тегін негізде дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде азаматтарға өнім беруші мен тапсырысшының арасындағы шартпен белгіленген дәрілік заттардың берілу бағасы мен өтеу сомасының арасындағы айырма төленеді.

Тегін негізінде дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде өнім берушінің берілетін бағасын тапсырысшы толық өтейді.

14. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету туралы ақпаратты тапсырысшылар уәкілетті органға ұсынады.