
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •1. Дәріханалық ұйымдардан тауар босатылуының түрлері
- •2. Жұмыс орындарын жабдықтандыру және құрал-жабдықтар
- •3. Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы
- •Рецепт бланкісінің нысаны
- •Дұрыс жазылмаған рецепттерді тіркеу журналы
- •Рецепттерді тіркеудің квитанциялық формасы
- •4. Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету ережесі
- •4.1. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін қажеттілікті айқындау
- •4.2. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету
- •5. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі ереже
- •6. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелері
- •6.1. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасын іске асырудың негізгі ережелері
- •6.2. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау ережелері
- •6.3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •25. 12. 2009 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
4. Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету ережесі
(ҚР Үкіметінің 27.08.2005ж №889 қаулысына сәйкес)
Жалпы ережелер:
1. Осы Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі Ереже) аурулардың түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Аурулардың түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен (оның ішінде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен) тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі дәрі-дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде амбулаториялық емдеу кезінде рецептілер бойынша жүзеге асырылады.
Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар рецептілер бойынша тегін және (немесе) жеңілдікті жағдайда берілетін аурулардың түрлері меназаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін, сондай-ақ оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.
3. Тиісті жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда қосымша беру уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
4. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрә - тапсырысшы) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан (бұдан әрі - өнім беруші) қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарды сақтауды және диабетпен ауыратын, онкологиялық аурулармен ауыратын, бүйрегінің кемістігі бар және бүйрегін ауыстырып қондыру бойынша операция жасалған амбулаториялық науқастарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді өнім берушілерден сатып алуды тапсырысшы бөлек жүзеге асырады.
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) берілетін бағасы – дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде азаматтарға өнім беруші беретін дәрілік заттың, тасымалдауға, сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды, төлемдер мен алымдарды төлеуге, дәрілік заттардың құнына, дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша есепті жүргізуге және есеп беруге арналған шығыстарды қамтитын бағасы;
2) өтеу коэффициенті Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін дәрілік заттың берілу бағасын тапсырысшының өнім берушіге өтеу үлесі;
3) өтеу сомасы осы Ережеге сәйкес дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер үшін тапсырысшының өнім берушіге өтеу үлесі.
4.1. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін қажеттілікті айқындау
6. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттарға қажеттілік мынадай:
1) уәкілетті орган бекіткен аурулар түрлерінің, азаматтардың жекелеген санаттарының және дәрілік заттардың тізбесінің;
2) бір науқасқа арналған дәрілік затты берудің, бұрынғы кезеңдегі нақты тұтынуының есептік нормасының;
3) жоспарланатын науқастар санының негізінде айқындалады.
7. Дәрілі заттардың нақты қол жетімділігімен қамтамасыз ету мақсатында тапсырысшы дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз етілуі қажет облыстардың, Астана және Алматы қалалары елді мекендерінің тізбесін айқындайды.