Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турсынова_Ш.ДӘРІЛІК_ЗАТТАРДЫ_БОСАТУ_БОЙЫНША_ДӘР...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.53 Кб
Скачать

Рецепттерді тіркеудің квитанциялық формасы

№___________

Т.А.Ә._______

Бағасы ____

Дәріхана №

Дәрі №

Дәріхана №

Дәрі №

Дайындаған

12 аурудың Т.А.Ә.

21 15 __________________

18

Бағасы _____________

Дәрілік

түр _______

Тексерген

Босатқан

Микстура

Тамшы

Ұнтақ

Пилюля

1 бөлім 2 бөлім 3 бөлім

Квитанцияны рецепті құнын төленгенге дейін безендіруі мүмкін. Бұл жағдайда, провизор рецептті алып, оны таксирлейді, квитанцияны жазып алады және рецептті ақысын төлеу үшін қайтарады. Төленген рецепт және чек кассада қалады, одан ары ол дәрілік түрді дайындау үшін ассистенттік бөлмеге жіберіледі. Кассада науқасқа «Төленді» деген белгі қойылған квитанцияны қайтарылады.

Тіркеудің квитанциялық формасы дәрінің босату кезіндегі қателерді аз жіберуге мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жағдайда қосымша бақылау ақпараты: дәрінің номеклатурасы мен түрі, бағасы, жасалу уақытынан басқа, аурудың аты – жөні жазылады. Бірақ квитанциялық форма рецепті безендіру мен тіркеуге ұзақ уақытты қажет етеді. Дәрі дайындауға тапсырысты жетонды формамен безендіру жұмыс уақытын азайтуға мүмкіндік береді, өйткені дәріхана келушісіне белгілі бір формалы және түсі бар номерлік жетон беріледі. Жетонның түсі және формасы белгілі бір дәрілік түрді белгілейді, ол номері-рецептің номірі және дәріні көрсетеді. Бір уақытта дәрінің нөмірі, оның бағасы және дәрілік түрі журналда тіркеледі.

Тіркеудің жетондық формасының кемшіліктері – онда аурудың аты – жөні көрсетілмейді және дәрінің жасалу уақыты мен бағасы жазылмайды. Одан басқа ауру уақытында келіп алмаған дайын дәріні іздеу қиын болады, өйткені жетонда дәрінің дайындау уақыты көрсетілмейді.

Дәріні дайындауға тапсырысты безендірудің чектік әдісі ең тиімді болып саналады. Дәрінің кассадан таксировкалап, бағасын төлегеннен кейін рецепт провизорға қайтып келеді. Рецептке провизор кассалық чектің номірін қояды, ол дайындауға алынған дәрінің номірі болып табылады. Чекта номірді түсті қарындашпен белгілейді. Түсі – дәрілік форманы көрсетеді, мысалы: «жасыл- ішке», «қызыл-сары- сыртқа», «көк- инъекциялық», «қара-құрамында улы заты бар дәрі». Күнін және рецепттің номірін кассалық аппарат белгілейді, сондықтан провизор тек дәрінің дайындалу уақытын көрсетеді. Қажет жағдайда чекта аурудың аты-жөні жазылады. Бір уақытта дәрінің номірі, бағасы және түрі журналда тіркеледі. Безендірілген чек тапсырушыға ұсынылады. Дәріні алу үшін келуші чекті провизорға көрсетеді. Чектің номірі және сигналдық түс бойынша провизор дайын дәрінің сақталу орнын анықтайды.

Чектік әдістің басқа әдістерге қарағандағы артықшылықтары: рецепті безендірудегі қабылдаудағы уақыттың азаюы және босату кезінде қосымша бақылау элементтері болады және дәріхана үшін квитанциялық кітапшаны сатып алудан гөрі материалдық шығынның болмауы.

Рецепттің фармацевтикалық экспертизасын жүргізгенде және ол бойынша дәрілік затты босату туралы шешім қабылдағанда провизор дәріханалық ұйымнан дәріні босату тәртібін қатаң сақтау керек.

Дәріханада дайындалған дәрілерді босату квитанция, жетон немесе чекпен жүзеге асырылады. Дәріні босату кезінде провизор бақылау жүргізеді, ол аурудың аты-жөнін, квитанциядағы нөмірді тексереді, дұрыс орамдау мен безендірілуін тексереді. Провизор дәрінің сыртқы түрін түсіндіреді, үй жағдайында қалай дұрыс сақталуын түсіндіреді. Рецептте провизор өз қолын қояды (дәрі босатылады).

Ауруға рецепттің орнына сигнатура беріледі. Оның жоғарғы жағында сары жолақ және «Сигнатура» деген жазу болады. Ол құрамында наркотикалық, психотрптық күшті әсер ететін, улы заттары бар экстремальды дайындалған дәрілерге және А және Б тізімі препараттарына: «Апоморфин гидрохлориді», «Атропин сульфаты», «Гоматропин гидробромиді», «Дикаин», «Пахикарпин гидройодиді», «Күміс нитраты», этил спирті. Дайын дәріні босатқанда қолдану әдісі этикеткада көрсетіледі.

Дәрігер дәрілік затты тағайындағанда дозасын дұрыс белгілемесе, оның бір реттік дозасы жоғары болса дәріхана жұмыскері бұл дәріні жоғары реттік дозасының жартысын босату керек.