
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •1. Дәріханалық ұйымдардан тауар босатылуының түрлері
- •2. Жұмыс орындарын жабдықтандыру және құрал-жабдықтар
- •3. Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы
- •Рецепт бланкісінің нысаны
- •Дұрыс жазылмаған рецепттерді тіркеу журналы
- •Рецепттерді тіркеудің квитанциялық формасы
- •4. Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету ережесі
- •4.1. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін қажеттілікті айқындау
- •4.2. Дәрі – дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету
- •5. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі ереже
- •6. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасының ережелері
- •6.1. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасын іске асырудың негізгі ережелері
- •6.2. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау ережелері
- •6.3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •25. 12. 2009 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
2. Жұмыс орындарын жабдықтандыру және құрал-жабдықтар
Провизорлар және фармацевттердің жұмыс орындарының құрал-жабдықтары және оның жабдықтандырылуы дәріхананың жұмыс көлеміне және оның ұйымдастырылуына байланысты. РӨБ ірі дәріханаларында екі бірдей жабдықталған жұмыс орны болуы міндетті – біреуі жеке дайындалған дәрілік заттарға рецепттерді қабылдау үшін, келесісі – дайындалған дәрілік заттарды босату үшін.
Рецепттерді қабылдау және сол бойынша дәрілік затты босататын провизордың жұмыс орны бекітілген типті құрал-жабдықтармен жабдықталады. Негізгі құрамдық бөлік қабылдау-беру орны болып табылады. Ол вертушкаға орналыстырылған екі айналмалы секциядан (дайындалған және дайын дәрілік заттар), «А» тізімді және «Б» тізімді дәрілік заттарды сақтауға арналған шкафтардан тұрады. Қабылдау-беру орнының қолданылуы отырып жұмыс жасайтын провизордың жұмысын ұйымдастыруға негізделген, өйткені дәрілік заттардың көпшілік бөлігі провизордың қолын созғанда жететін деңгейде орналасқан.
Провизор мен фармацевттің жұмыс орнын құрал-жабдықтармен жабдықтау жабдықтардың жаңа үлгілерін, оргтехника заттары мен анықтамалық-нормативті құжаттар, оның құрамына жеке дәрілік заттардың жоғары реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, Мемлекеттік Фармакопеяның соңғы баспасы, дәрілік препараттар мен олардың синонимдерінің анықтамасы, дәрілік айналым аумағында қызметті реттейтін жеке нормативті актілер, экстемпоральды дәрілік түрлерді дайындауға тарифтер, сигнатура және т.б. пайдалануды есепке ала отырып іске асырады.
Қазіргі кезде дәріханалық ұйымдар автоматтандырылған жұмыс орындары жабдықталады, оның ішіне персоналды компьютерлер, принтер, сканер және басқа техникалар жатады. Жұмыс орындарын кешенді автоматтандыру дәріханалық ұйым жұмысының тиімділігін арттырудың негізі болып табылады, мысалы, қазіргі уақытта дәріханалық ұйымдарда штрихты кодтау технологиясына негізделген автоматтандырудың кешенді жүйесі қарқынды түрде енгізілуде.
3. Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы
Рецептуралық дәрілік заттарды босату технологиясы келесі процедуралардан тұрады:
● рецепттің фармацевтикалық экспертизасы;
● рецепттерді таксалау, дәрі дайындау үшін тапсырысты безендіру, дайындау, безендіру және дайындалған дәрілік затты бақылау;
● ақысын төлеген соң дәрілік затты босату.
Рецепт- бұл дәрігердің провизорға (фармацевтке) дәрілік затты дайындау және босату туралы жазбаша тілхаты.
Рецепт келесі қасиеттермен сипатталады:
медициналық қасиеті – дәрігердің дәрінің дайындалуы және (немесе) босатылуына қатынасы;
заңды қасиеті – дәрігер және провизор дәріні қате тағайындаған және қате дайындағанда және босатқанда заңды түрде жауапкершілікке тартылады;
қаржылық – дәрігер жеңілдікпен жазылған рецепт міндетті түрде науқаспен немесе емдеу-профилактикалық мекеме (ЕПМ) төленеді;
есептік қасиеті – рецептуралық препараттардың босатылуын анықтайтын факт, сонымен қатар заттық – сандық тіркеуге жататын, мысалы, жеке дайындалатын этил спирті.
Келіп түскен рецепт бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында провизор дәрілік препараттарды босатудың мүмкіндігі туралы оның фармацевтикалық экспертизасын жүргізеді.
Рецепттің фармацевтикалық экспертизасы – рецептерді жазу және солар бойынша дәрілерді босату тәртібі бойынша регламент ережесіне сай дәріханаға түскен рецептердің сәйкестігін бағалау.
Рецептердің фармацевтикалық экспертизасын жүргізу технологиясын регламенттеуші негізгі құжат ҚР ДСМ 3.02.05 жылдан №38 «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі ережесі» болып табылады.
Рецепттердің фармацевтикалық экспертизасының процедурасы келесілерді қамтиды: рецепт жазған тұлғаның құқығының анықталуы; рецептуралық бланктың формасының сәйкес келуі; рецептті жазып беру бекітілген ережеге сай негізгі және қосымша реквизитердің болуы; рецепттердің жарамдылық мерзімі (сызба 2).
Келесі медициналық жұмыскерлердің категориялары дәрілік заттарға рецепт жазуға құқылы:
дәрігерлер (сонымен қатар медициналық іске лицензиясы бар жеке тәжірибедегі мамандар) амбулаторлы және стационарлы емдеуде – ЕПМ ұйымдастырушылық-құқықтық формаға байланыссыз, сонымен қатар жедел медициналық жәрдем бригадасындағы дәрігерлер;
фельдшерлік-акушерлік пункттардың фельдшерлері және тіс дәрігерлері, перзентхана акушерлері дәрілерге тек өз профильдері бойынша рецепт жаза алады;
Дәрігер, тіс дәрігері, фельдшер, акушер дәрілік заттарды дұрыс дозаламаса және дұрыс тағайындамаса ҚР заңымен қарастырылған дисциплинарлы административті және басқа да жауапкершілікті өзіне артады.
ҚР ДСМ медицинада қолданыс таппаған дәрілік заттарға тыйым салады, медициналық көрсеткіштері болмағанда, наркоманиямен ауыратын науқастарға наркотикалық заттарды, тек ЕПМ ғана қолданылатын дәрілік заттарға (наркозды эфир, хлорэтил, фентанил, сомбревин, калипсол, фторотан, кетамин және т.б.).
Рецепт анық және нақты, черниламен немесе шарикті қаламмен, бланктағы барлық графалар толтырулы болу керек. Рецептте түзетулер жіберілмейді. Наркотикалық, психотропты және улы заттар, сонымен қатар А тізіміндегі заттар рецепттің басында жазылады. Сұйық дәрілік заттар саны миллиметр, грамм және тамшымен белгіленеді, ал қалған заттар граммен жазылады. Ереже бойынша қабылданған қысқарту белгілерін қолдануға болады.
Рецепттер типографиялық әдіспен мөрленіп бекітілген формалық бланкта жазылуы керек. Бланктың үш түрі қолданылады: құрамында наркотикалық заттары бар заттарды алуға арналған арнайы рецептуралық бланк (қызғылт түсті), жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға, жалпы босатылатын дәрілік заттар- А 8 форматты рецептуралық бланк.
Рецептуралық бланктың формасына байланыссыз кез келген рецептте келесі негізгі (міндетті) реквизиттер болу қажет:
ЕПМ мөрі (ЕПМ аты, мекен-жайы, телефоны).
Рецепттің жазылу уақыты.
Науқастың аты-жөні, жасы.
Дәрігердің аты-жөні.
Дәрілік заттардың саны мен атауы (латынша атауы).
Қолдану әдісін толық мемлкеттік тілде немесе орыс тілінде жазылуы қажет («Белгілі» және «Ішке» сөздерімен шектелуге болмайды).
Дәрігердің жеке мөрі және қолы.
Қосымша реквизиттер жазылып берілген дәрілік заттардың сипатына байланысты анықталады және келесі рецептуралық бланктың формасына байланысты.
Арнайы рецептуралық бланк– «Наркотикалық және психотропты заттар» туралы тізіміне кіретін заттарды, морфин және оның туындылары, кодеин және оның туындылары, промедол және басқаларын алуға арналған. Ол барлық негізгі және міндетті келесі қосымша реквизиттерді қамтиды: рецептуралық бланктың сериялық нөмірі, қорғаныс дәрежесі (су белгілерімен қызғылт түсті бланк), бас дәрігердің немесе оның орынбасарының қолы, ЕПМ домалақ мөрі, науқастың ауру тарихының нөмірі.
Рецепті қол қойған дәрігер ғана жазып бере алады. Наркотикалық және психотропты дәрілік заттардың санын жазу үлгісімен көрсетеді. Сол рецептуралық бланкіде тек бір дәрілік зат жазуға болады.
Тегін немесе 50% жеңілдікпен алынатын дәрілік заттарға рецептті мемлекеттік және муниципальды емдеу-профилактикалық мекеменің дәрігері жазып береді. Арнайы жағдайларда денсаулық сақтау органдарының басқармасының шешімі бойынша дәрілік затты жеңілдікпен босатуға фельдшер, акушер, және тіс дәрігері жазып бере алады. Жеке тәжірибедегі дәрігерлерге дәрілік заттарды жеңілдікпен босатуға арналған рецептті жазуға құқығы жоқ.
Халықтың және ауру категориясының тізіміне байланысты оларды амбулаторлық емдеуде дәрігердің рецептік дәрілік препарат тегін немесе жеңілдікпен берілу ҚР үкіметімен бекітіледі. Бұл тізім жаңа регламентпен толықтырылып отырылады.
Біздің елімізде 27.08.05ж. №889 бұйрығы «Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесі» бастап дәрілік заттарды тегін алуға тұрғындарды және науқас категорияларына байланысты келесі топқа бөледі:
3 жасқа дейінгі балалар (көпбалалы отбасында – 6 жасқа дейін).
Мүгедектер, ҰОС ардагерлері және жауынгер интернационалистер және т.б. Медикаменттерден басқа мүгедектер мен соғысқа қатысқандар – дәрілік өсімдік шикізатын, емдік-минералды сулар (ыдыстың бағасынан басқа), сүлік, телескопиялық көзілдірік, күтуге арналған бұйымдар, хирургиялық ауруларды байлау материалдары, емдік белбеу, ауруға қарсы стимулятор, эластикалық бинттер және шұлық алуға құқылы.
Отанды қорғауда қаза тапқан әскери қызметкерлердің әйелдеріне және ата-аналарына.
1-ші топ мүгедектеріне, 2-топтың жұмыс істемейтін мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
Онкологиялық аурулар.
Психикалық аурулармен ауыратын аурулар (1 және 2 топ мүгедектері).
Диабетпен ауыратын науқастар (медикаменттерден басқа, 1 айға 100г дейін этил спирті, шприцтер т.б.).
ЖИТС, АИВ-инфицирленген науқастар және т.б.
Кейбір ауруларда (дизентерия, туберкулез, гипофизарлы нанизм, бронхиалды астма және т.б.) емдеуге арналған дәрілік заттарды тегін алуға құқығы бар.
Тұрғындардың кейбір топтары дәрілік заттарды 50% жеңілдікпен алуға құқылы. Бұл топтарға:
минимальды көлемде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
жұмыс істейтін 2 топ мүгедектері және жұмыс істемейтін 3 топ мүгедектері.
А 8 форматты рецептуралық бланкте (кесте 1) қалған барлық дәрлік түрлерге рецепт жазуға қолданылады, соның ішінде А және Б тізімді, сонымен қатар этил спирті (соңғы жағдайда міндетті түрде «Рецептке арналған» деген мөр болу қажет).
Бір бланкте 3 жай және 2 А және Б тізімді дәрілік зат жазылады. Этил спирті жеке рецептуралық бланкте жазылады.
Кесте 1.