Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Турсынова_Ш.ДӘРІЛІК_ЗАТТАРДЫ_БОСАТУ_БОЙЫНША_ДӘР...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.53 Кб
Скачать

6.1. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдардың көтерме саудасын іске асырудың негізгі ережелері

  1. Дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудасын жүзеге асырудың негізгі шарттары:

  1. Дәрілік заттардың қауіпсіздігін, эффективтілігі мен сапасын қамтамасыз ету.

  2. ҚР тіркелген дәрілік заттарды енгізу, сатып алу және сақтау ҚР заңдарының тәртібімен жүзеге асырылады.

  3. Фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар өндіруші ұйымдардан немесе заңды және физикалық тұлғаларда дәрілік заттарды сатып алуды жүзеге асырады.

  4. Дәрілік заттарды заңды, физикалық тұлғаларға, фармацевтикалық және медициналық қызметке лицензиясы бар тұлғалар сатып алуды қамтамасыз ету.

  5. ҚР сертификатына сәйкес бекітілген дәрілік заттың сатуын іске асыру.

  6. Сапасы төмен дәрілік заттарды жою.

  7. Дәрілік заттардың сақталуын, тасымалдануын және жойылуын регламенттейтін нормативті құқықтық актілермен бекітілген ережелерді сақтау.

  8. Дәріханалық практиканың саласының стандарттарын енгізу.

6.2. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттарды, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау ережелері

13. Заңды тұлғалардан дәрілік заттарды қабылдау дәріханалық қойманың, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасының басшысының бұйрығымен бекітілген құрамында үш адамнан кем емес комиссиямен жүзеге асырылады.

Комиссия құрамына дәрілік заттардың сапасына жауап беретін адам қосылады, және де дайындаушымен бекітілген адам.

14. Дәрілік заттарды қабылдау санитарлық және өртке қарсы ережелер мен нормаларға сәйкес келетін ғмараттар саны, сапасы және комплекттілігі бойынша жүзеге асырылады.

15. Дәрілік заттарды қабылдағанда жүзеге асырылады:

1) өнім партиясын сипаттайтын жолдама құжаттардың толық жабдықтың жинақталуының болуы (тауарлық-транспорттық талап қағазы, сәйкес сертификат);

2) дәрілік зат сериясының жолдама құжаттарда көрсетілген сериямен сәйкес болуы;

3) құрал-жабдықтың жұмыс жағдайы және жабдықтың жинақталуы;

4) қораптың бүтіндігі;

5) маркировка ережелерінің сақталуы;

6) сыртқы түрі, түсі, иісі.

16. Документациясы жоқ дәрілік заттарды қабылдауға және сақтауға тыйым салынады.

6.3. Дәріханалық қоймадан дәрілік заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату реті

17. Дәрілік заттарды дәріханалық, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасынан реализациялағанда ҚР заңымен бекітілген жолдама құжаттар жазылады.

18. Жолдама құжаттар дәрілік зат айналымы саласында субъекттің басшысының, бас бухгалтердің, және дәрілік затты босатқан адамның қолы қойылады. Жолдама құжаттарды түзетуге тыйым салынады (№ 64 бұйрық).

19. Жолдама құжаттарды әрбір дәрілік заттың атауы және сериясы, сертификаттың номірі және оның жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

20. (№ 64 бұйрыққа ескерту).

21. Қазақстан Республикасында сертификациялау органымен берілген сәйкстілік сертификаты дәрілік қоймада дәрілік заттың жарамдылық мерзімі біткенше сақталу керек және қауіпсіздік және дәрілік заттар сапасын бақылау органдарына белгілі болу керек.

22. Реализациялауға тыйым салынатын дәрілік заттар:

1) Қазақстан Республикасында мемлекеттік және сертификацияны өтпеген дәрілік заттар;

2) құжаттары рәсімделмеген дәрілік заттар;

3) қолданылмаған дәрілік заттар;

4) жарамдылық мерзімі біткен және Қазақстан Республикасының заңдарының шарттарына сәйкес келмейтін дәрілік зат;

23. (№ 64 бұйрыққа ескерту).

Заттық-сандық есепке алынатын дәрілік заттарға шарттар жеке жазылады.

24. Дәрілік заттарды босату кезіндегі бақылау:

1) жабдықтаудың комплектілігі, санын, сапасын тексеру;

2) босатылатын дәрілік зат сериясының жолдама құжаттардағы сериямен сәйкестілігі;

3) Қазақстан Республикасының заңының ережелеріне сай сәйкес бекітілген сәйкестілік сертификаттың болуы.

25. Дәріханалық қоймада дәрілік заттың есебі қолжазбалық және электрондық түрде жүргізіледі, онда дәрілік заттың атауы, жеткізіп беруші және алушының атауы және адресі, алынған және босатылған дәрілік заттың саны.

26. Дәрілік заттар субстанциялары дәрілік заттарды дайындауға және өндіруге мемлекеттік лицензиясы бар дәріханалар мен ұйымдарға босатылады.

27. Дәрілк заттың сапасына күдік болса, оның үлгілері аккредитацияланған тексеруші зертханаларға немесе сертификациялау органына анализ үшін жіберіледі. Бұл дәрілік заттар басқа дәрілік заттардан бөлек, дәріханалық қоймада нәтижелер дайын болғанша сақталады.

28. Жарамдылық мерзімі таусылған, анализ нәтижесінде алынып тасталған дәрілік заттар Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген ретпен жойылғанша қоймада бөлек сақталу керек.

29. Дәріханалық қоймада жарамсыз дәрілік зат анықталса, ол туралы үш күн ішінде дәріханалық және медициналық ұйымдарға хабарлау керек. Бұл дәрілік заттар жойылуға тиіс.

ТЕСТТЕР:

1. Рецепт дегеніміз не:

A). мемлекеттік қаулы

B). дәрігердің фармацевтке дәрілік препаратты дайындау немесе дайын дәрілік препаратты босату нұсқамасы

C). дәрілік препарат атауы

D). кодекс

E). аталғандардың барлығы

2. Рецепт үшін қай тұлға заңды түрде жауапты:

A). рецепт жазушы

B). рецепт қабылдаушы

C). рецепт жазушы және сол бойынша дәрілік препаратты дайындаушы

D). рецептті беруші

E). рецепт бойынша дәрілік препаратты алушы

3. Рецепттің Inscriptio бөлімінде не көрсетіледі:

A). науқастың аты-жөні, тегі және балалар немесе 60 жастан жоғары тұлғалар, жасы

B). рецепт жазылған емдеу мекемесінің атауы, адресі және телефоны

C). рецепт берілген күні

D). дәрігердің аты-жөні, тегі

дәрілік препаратты дайындайтын дәрілік заттардың латынша атаулары

4. Рецепттің Nomen aegroti бөлімінде не көрсетіледі:

A). науқастың аты-жөні, тегі және балалар немесе 60 жастан жоғары тұлғалар, жасы

B). рецепт жазылған емдеу мекемесінің атауы, адресі және телефоны

C). рецепт берілген күні

D). дәрігердің аты-жөні, тегі

E). дәрілік препаратты дайындайтын дәрілік заттардың латынша атаулары

5. Рецепттің Nomen medice бөлімінде не көрсетіледі:

A). науқастың аты-жөні, тегі және балалар немесе 60 жастан жоғары тұлғалар, жасы

B). рецепт жазылған емдеу мекемесінің атауы, адресі және телефоны

C). рецепт берілген күні

D). дәрігердің аты-жөні, тегі

E). дәрілік препаратты дайындайтын дәрілік заттардың латынша атаулары

6. Рецепттің Datum бөлімінде не көрсетіледі:

A). науқастың аты-жөні, тегі және балалар немесе 60 жастан жоғары тұлғалар, жасы

B). рецепт жазылған емдеу мекемесінің атауы, адресі және телефоны

C). рецепт берілген күні

D). дәрігердің аты-жөні, тегі

E). дәрілік препаратты дайындайтын дәрілік заттардың латынша атаулары

7. Рецепттің Designatio materiarum или Ordinatio бөлімінде не көрсетіледі:

A). науқастың аты-жөні, тегі және балалар немесе 60 жастан жоғары тұлғалар, жасы

B). рецепт жазылған емдеу мекемесінің атауы, адресі және телефоны

C). рецепт берілген күні

D). дәрігердің аты-жөні, тегі

E). дәрілік препаратты дайындайтын дәрілік заттардың латынша атаулары

8. Жазылымдар қандай түрлерге бөлінеді:

A). официнальды және мануальды

B). орындалған және орындалмаған

C). дәрігерлік және магистральды

D). форма түзуші

Е). стандартты немесе стандартты емес

9. Стандартты жазылымдардың неше түрі бар:

A). официнальды және мануальды

B). стандартты және стандартты емес

C). орындалған және орындалмаған

D). дәрігерлік және магистральды

E). форма түзуші

10. Дәрілік препараттардың мануальды жазылымдары сипатталған жинақ қалай аталады:

A). мемлекеттік фармакопея

B). технологиялық регламент

C). фармакопеялық мақала

D). рецепт

E). мануал

11. «Белгіле» сөзінің аудармасы:

A). signa

B). misce

C). recipe

D). adde

E). sterilisetur

12. «Араластыр» аудармасының мағынасын анықтаңыз:

A). signare

B). miscere

C). addere

D). sterilisare

E). recipe

13. «recipe» сөзінің аудармасы:

A). бер

B). белгіле

C). араластыр

D). қос

E). ал

14. Көтерме баға- бұл:

A). тұрғындар тауарды сатып алатын баға

B). дистрибьюторлар басқа дистрибьюторлардан тауарды сатып алатын баға

C). тауарды сатып алушыларға ұсынылатын тауар бағасы (дәріханалар және т.б.)

D). тұрғындар нарықтық сатушыдан сатып алатын баға

E). көтерме фирма дайындаушы зауыттан тауарды сатып алушы бағасы

15. Бөлшектік баға – бұл:

A). фармацевтік мекеменің дистрибьюторға ұсынатын бағасы

B). дәріханалық ұйымдардың тауарды сатып алу бағасы

C). көтерме фирмалардың тауарды сатып алу бағасы

D). тұтынушылар (тұрғындар) тауарларды сатып алу бағасы

E). көтерме фирмалардың басқа ұйымдарға сату бағасы

16. Тұрғындарды және ЕПМ дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету дәріханада қамтамасыз етіледі:

A). сұраныспен

B). негізгі заттармен

C). тауар қорымен

D). бәсекелестікпен

E). көмекші материалдармен

17. Амбулаторлық рецептура бойынша айналым есептейді:

A). рецептуралық журналда

B). талап накладнойында

C). рецептураның тіркеу журналы

D). тауарлық есепте

E). сатып алушылардың есепшот ведомостында

18. Тауарлардың емханаларға дәріханалардан сатылуы келесі құжаттарда тіркеледі:

A). тапсырыс - талап

B). талап накладнойы

C). есеп

D). кассалық кітап

E). көтерме босату және есепті тіркеу журналы

19. Тұтынушы кассалық чекті көрсеткен тауарды босатқан дәріхана жұмыскері міндетті:

A). қыстырғышқа қыстыру

B). сатып алушыға сатып алынған тауармен бірге ұсынуы керек

C). қорабшаға салып қою керек

D). қызмет тәртібі дәріхана басшысымен бекітіледі

E). қоқыс шелегіне тастау

20. Тауар босатылуы көлемін ұлғайтатын фактордың бірі:

A). денсаулық сақтау ісіне бюджеттің көтерілуі

B). дәрілік препараттарға жарнаманың рұқсат етілмеуі

C). дәрілік заттардың жартысының рецепт бойынша босатылуы

D). халық санының төмендеуі

E). аралық делдалдың болуы (дәрігер)

21. Тауар босатылуының көлемін жоғары негізгі фактордың бірі:

A). денсаулық сақтау ісіне бюджеттің көтерілуі

B). дәрілік препараттарға жарнаманың рұқсат етілмеуі

C). дәрілік заттардың жартысының рецепт бойынша босатылуы

D). халық санының төмендеуі

E). аралық делдалдың болуы (дәрігер)

22. Жыл сайынғы дәріхана босату көлемінің көтерілуін қамтамасыз ететін жалпы оң тенденция қалай аталады:

A). ассортименттің кеңеюі

B). дәрілік препараттардың жарнамасын тарату

C). тұрғындардың қартаюы

D). ақпараттық жұмыстың сапасы

E). санының өсуі

23. Тауар босатылуы көлемін ұлғайтатын фактордың бірі:

A). денсаулық сақтау ісіне бюджеттің көтерілуі

B). дәрілік препараттарға жарнаманың рұқсат етілмеуі

C). дәрілік заттардың жартысының рецепт бойынша босатылуы

D). халық санының төмендеуі

E). аралық делдалдың болуы (дәрігер)

24. Тауар босатылуының көлемін жоғары негізгі фактордың бірі:

A). денсаулық сақтау ісіне бюджеттің көтерілуі

B). дәрілік препараттарға жарнаманың рұқсат етілмеуі

C). дәрілік заттардың жартысының рецепт бойынша босатылуы

D). халық санының төмендеуі

E). аралық делдалдың болуы (дәрігер)

25. Жыл сайынғы дәріхана босату көлемінің көтерілуін қамтамасыз ететін жалпы оң тенденция қалай аталады:

A). ассортименттің кеңеюі

C). тұрғындардың қартаюы

D). ақпараттық жұмыстың сапасы

E). санының өсуі

26. Дәріханалық ұйымның қызметінің басқаруының негізгі элементі не болып табылады:

A). гуманитарлы талдау

B). заңды талдау

C). техникалық талдау

D). экономикалық талдау

E). медициналық талдау

27. Кез-келген дәріхана кәсіпорнына алдына қойған мақсатына жету үшін әр түрлі шартты орындау керек оның бірі:

A). ағымдағы пайданы жоғарлату

B). сату көлемін ұлғайту

C). пайданы алу

D). бәсекелестікке тұрақты болу

E). нарық көрсеткіші бойынша лиделікті жеңіп алу

28. Көтерме және бөлшек сауда бағасымен түскен дәрілік заттар мен ММБ арасындағы ерекшелігі:

A). таза табыс

B). жалпы табыс

C). табыс деңгейі

D). тауар бағасының көтерілуі

E). рентабельділік

29. Түсімнен келетін табысқа жатпайды:

A). кепілдікке берген жылжымалы мүлікиен пайда

B). бағалы қағаздардан түскен

C). айып пұлдан келетін табыс

D). рұқсатсыз алған заттардан

E). медициналық техникадан түскен табыстан

30. Жалпы табыс өлшенеді:

A). тек абсолютті көрсеткіштен

B). тек қатынастың көрсеткіштен

C). динамикалықкөрсеткіштермен

D). көтерме баға көрсеткішімен

E). абсолютті және қатынастық көрсеткішпен

31. Дәрілік заттардың көтерме бағамен босатылуы:

A). жалпы табыс көлемін төмендетеді

B). жалпы табыс көлемін көтереді

C). шығынды төмендетеді

D). шығынды жоғарлатады

E). таза табыстың көлемін төмендетеді

32. Көтерме тауар айналымының құрамдық бөлігі болып табылады:

A). амбулаторлық рецептура бойынша босату көлемі

B). стационарлық рецептура бойынша босату көлемі

C). ұсақ көтермеде жіберілетін босату көлемі

D). рецептсіз жіберілетін босату көлемі

E). экстемпоралдық рецепт бойынша босату көлемі

33. Бөлшектік тауар айналымының құрамдас бөлігі болып табылады:

A). амбулаторлық рецептура бойынша босату көлемі

B). стационарлық рецептура бойынша босату көлемі

C). дәріханалық қойманың босату көлемі

D). ЕПМ бойынша босату көлемі

E). дәріханалық мекеме бойынша босату көлемі

34. Улы дәрілік заттары бар штангластарда жазулар безеңдіріледі:

A). қара фонда ақ түспен

B). қара түспен ақ фонда

C). қызыл түспен ақ фонда

D). ақ түспен қызыл фонда

E). қызыл түспен қара фонда

35. Рецептуралы - өндірістік бөлімнің міндеттеріне жатады:

A). тауарды дәріханаға әкелушіден қабылдау

B). таблеттелген препараттар өндірісі

C). титрленген ерітінділер дайындау

D). дайындалған дәрәләк түрлерге бактериологиялық бақылау

E). рецепттер бойынша дәрілік түрлер дайындау

36. Дәрігер рецепте дәрілік заттың дозасын сөзбен жазып, леп белгісін қоюға міндетті, егер жоғарылатылса:

A). жоғарғы реттік дозасы

B). жоғарғы тәуліктік дозасы

C). дәрілік препараттардың орам саны

D). штрих коды болмаса

E). бір уақытта босату нормасы

37. Ресептсіз босату бойынша сауда көлемдері жайында мәліметтер бекітіледі:

A). чектермен

B). рецепттермен

C). ингредиенттердің бағасын қосу арқылы

D). жеке дайындалатын дәрілерге тапсырыс санымен

E). чектермен және ингредиенттер бағасын қосу арқылы

38. Рецептпен босатылатын дәрілік заттар сатылмайды:

A). дайын дәрілік түрлер дәріханасы

B). І категориялы дәріхана пункттерінде

C). өндірістік дәріханаларда

D). ІІ дәрежелі дәріхана пункттерінде

E). дәріхана дүмбешектерінде

39. Рецепттің фармацевтік экспертизасын жүргізеді:

A). дәрігер

B). провизор

C). тіс дәрігері

D). фельдшер

E). акушерка

40. Құрамында улы заты бар дәрілік түрді безендіруге қандай қосымша этикетка қажет:

A). Қорғалған жерде сақтау

B). Балалардан сақтау

C). Салқын жерде сақтау

D). Абайлаңыз! От қауіпті!

E). Абайлап қолданыңыз! У!

41. Үздіксіз жұмыс істейтін дәріхана бұл:

A). дәріханалық киоск

B). ауруханалық дәріхана

C). ауруханааралық дәріхана

D). 2 сменге жұмыс істейтін дәріхана

E). кезекші дәріхана

42. Бөлшектік дәріхана функциясы бұл:

A). Дәрілерді бір реттен беру

B). ЕПМ дәрілер дайындау

C). Медициналық қызмет көрсету

D). Майда көтерме ұйымдарға қызмет көрсету

E). Амбулаторлық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету

43. Наркотикалық дәрілік заттар дәріханада есептеледі:

A). зертхана журналында

B). рецептуралық журналында

C). орамдау журналында

D). дефектуралық журналында

E). заттық-сандық есеп кітабында

44. Дәріхана ұйымында қосымша материалдары (этикеткалар, сигнатуралар, тығын, жіп, сүргі және т.б.) жатады:

A). негізгі заттарға

B). айналым заттарына

C). айналым заттарына жатпайтын заттарға

D). материальды емес активтерге

E). тез ескіретін заттарға

45. ЕПМ қызметкері дәріханадан жалпы тізімдегі дәрілік препараттарды дәріханадан алу үшін сенім хат жарамды:

A). жыл

B). ай

C). 5 күн

D). квартал

E). 10 күн

46. ЕПМ қызметкері дәріханадан наркотикалық дәрілік препараттарды дәріханадан алу үшін сенім хат жарамды:

A). жыл

B). ай

C). 5 күн

D). квартал

E). 10 күн

47. Дайын дәрілік түрлер дәріханасы-бұл:

A). дәрілік түрлер дайындайтын дәріхана

B). стационарлық дәріхана

C). өндірістік дәріхана

D). дәрілік заттарды және өндірістен өндірілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарататын бөлшектік дәріхана

E). аурухана аралық дәріхана

48. Дәріхананың қойма бөлімінің міндеттері:

A). рецепт бойынша дәрілік түрді дайындау

B). рецептерді қабылдау

C). дәрілік өсімдік шикізатын дайындау

D). тапсырысты құрастыру үшін дәрілік заттардың қажеттілігін және ұсынысын талдау

E). дайындалған дәрілік заттардың сапасына бақылау

49. Дайындалған дәрілік түрлердің сапасын бақылау түрлеріне жатады:

A). ауызша

B). ДЗ өзі екендігіне

C). физикалық

D). толық химиялық

E). органолептикалық

50. Ішке қолдануға арналған дәрілік түрлерді келесі этикеткалармен безендіреді:

A). күлгін

B). сарғылт

C). қызғылт

D). көк

E). жасыл

51. Дәрігер рецепті бойынша дәрілік түр дайындайтын дәріхананы анықтау:

A). дайын дәрілік түр дәріханасы

B). арнайы дәріхана

C). дәріханалық дүкен

D). өндірістік дәріхана

E). дәріханалық пункт

52. Дұрыс жазылмаған рецептер дәріханада қалдырылады және тіркеледі:

A). рецептуралық журналда

B). орамдаушы журналда

C). дәріханаішілік бақылау журналда

D). зертхана журналда

E). дұрыс жазылмаған рецептер журналына тіркеу

53. Дәріханаішілік дайындама- бұл:

A). тұтынушыға босатуға жарамды дәрі дозасы

B). алдын-ала дайындалған сәл жоғары концентрациялы дәрілік заттар ерітінділері

C). басқа ингредиенттермен қоспа түрінде қолданылатын дозаланбаған дайындама түрі

D). концентраттар

E). жиі кездесетін жазылым бойынша алдын-ала дайындалған дәрілік түр

54. Улы және күшті әсер ететін дәрілік заттардың жоғарғы реттік дозасын артырып жазуға құқылы:

A). дәрігер

B). провизор

C). тіс дәрігері

D). фельдшер

E). акушерка

55. Созылмалы науқастарға ұзақ әсерлі рецепт бойынша дәрілерді босатуда,рецепт:

A). дәріханада қалдырады

B). науқастарға қайтарылады

C). жойып жібереді

D). заттық-сандық есепке алынады

E). артқы бетіне белгі қойып, науқасқа қайтарылады

56. Рецепті қабылдауда провизор-технологқа келесі міндеттер жүктеледі:

А). ауру диагнозын білу

В). дәрі дайындалуын

С). дәрі сапасын тексеру

D). науқастың тұлғалығын анықтайтын құжаттарының болуын

Е). рецепттерді қабылдау және дайындалған түрлерді босату

57. Дәріханалық киоскте келесі дәрілік заттар мен ММБ босатылады:

А). сульфаниламидты препараттар

В). гормоналды препараттар

С). прекурсорлар

D). дәрігердің рецептсіз босатылатын дәрілік заттар

Е). антибиотиктер

58. Дәріханалық қоймада дәрілік заттардың сақтау мерзімін есептеу болып табылады:

А). есеп карточкасы

Б). ведомостты таңдау

С). стеллажды карточкасы

D). инвентарь карточкасы

Е). экспедиционды карточкасы

59. Егер дәрігер дәрілік заттың жоғарғы реттік дозасын сәйкес безендірусіз арттырып жазса, провизор оны қанша мөлшерде босатуы керек:

А). жоғарғы реттік дозада

Б). жоғарғы тәуліктік дозада

С). жоғарғы тәуліктік реттік дозаның 1/2

D). жоғарғы реттік дозаның 1/2

Е). мүлде босатуға құқығы жоқ

60. Органолептикалық бақылау кезінде тексеріледі:

А). жалпы көлем

Б). жалпы масса

С). доза

D). механикалық қосылыстар

Е). түс, иіс, дәм

Жауаптар эталондары:

1 – B

2 – C

3 – B

4 – A

5 – D

6 – C

7 – E

8 – B

9 – A

10 – E

11 – A

12 – B

13 – E

14 – C

15 – D

16 – C

17 – C

18 – B

19 – B

20 – A

21 – C

22 – A

23 – A

24 – C

25 – A

26 – D

27 – C

28 – B

29 – E

30 – E

31 – B

32 – B

33 – A

34 – A

35 – E

36 – A

37 – A

38 – E

39 – B

40 – E

41 – E

42 – E

43 – E

44 – B

45 – D

46 – B

47 – D

48 – D

49 – E

50 – E

51 – D

52 – E

53 – E

54 – A

55 - Е

56 - Е

57 - D

58 - C

59 - D

60 - E