Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
raspechatka.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.98 Mб
Скачать

1. Қазақстан қалалары алматы – астана – бурабай – көкшетау – бурабай – астана – қарағанды – алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған оқу практикасы

Қазақстан қалалары бойынша шығу тәжірибесі 26.05.2014-4.06.2014 аралығында Алматы-Астана-Бурабай-Көкшетау-Бурабай-Астана-Қарағанды-Алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылды.

26 мамыр - Алматы қаласынан Астана қаласына шықтық.

27 мамыр - Астана қаласына келдік. “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы болды. Экскурсиядан соң Бурабай елді-мекені Звездный лагеріне келдік.

28 мамыр - Бурабай МҰТП туристік-рекреациялық ресурстарымен танысу. Абылай хан мұражайы Абылай хан алаңы т.б. туристік нысандарға бардық.

29 мамыр - Көкшетау қаласының туристік-рекреациялық нысандарымен таныстық.

30 мамыр - Бурабай МҰТП басқару әкімшілігімен кездесіп дөңгелек үстелге қатыстық.

31 мамыр - Қатаркөлге бағытталған оқу тәжірибелік жорық болды.

1 маусым - Бурабай-Щучинск курорты зонасына бағытталған экскурсия болды.

2 маусым - Астана қаласында кешкі экскурсия болды.

3 маусым - Қала сыртына тақырыптық экскурсиясына шықтық.Алжир саяси қуғындалғандар лагерь мұражайымен таныстық.

4 маусым - Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясына қатыстық.Алматы қаласына осы күні жолға шықтық.

5-9 маусымда практика есепті дайындық жұмыстарын жүргіздік.

27 мамыр “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы

Астана - Қазақстан Республикасыны елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Экскурсия бойынша жүріп өткен қаланың назар аударарлық орындары:

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

Металдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар.

Сурет 10. Бәйтеректің ішінде

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Сурет 11. Астана қаласының көрікті ғимараттарының бірі

Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Сурет 12. Тәуелсіздік монументінің алдында

Экскурсиядан соң, Бурабай елді-мекені “Звездный” лагеріне келдік.

“Звездный” жазғы лингвистикалық баларлар лагері Щучинск-Бурабай курортты зонасында, Қатаркөлге жақын қарағайлы орманда орналасқан. Мұнда балалар демалумен қатар, өздерінің дүнетанымын кеңейту үшін, мемлекеттік және өзге де тілдерді үйрену үшін келеді. Жайлы ғимарат кешені асханадан, оқу бөлмелерінен, ойын және спорт алаңдарынан тұрады. Мұнда тек Ақмола облысының балалары ғана емес, басқа аймақтан да балалар келеді. Лагердегі ауысым ұзақтығы-15 күн.

Сурет 13. “Звездный” лагері

28 мамыр - Бурабай МҰТП туристік-рекреациялық ресурстарымен танысу. Абылай хан мұражайы Абылай хан алаңы т.б. туристік нысандарға бардық.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы ,әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді.Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды. Бұл үйдің тұрғын орны туралы әртүрлі пікірлер бар. Шамаммен ол бекіністен төрт шақырым жерде Есіл өзенінің жоғары жағында тау етегінде ( жердің төменірек жері туралы айтылады) орналасқан деп айтылады, кейін қаланың сыртында болып шыққан. Бір жағынан бекіністен 15 шақырымнан астам жерде Ресей империясының бөгде адамдарына жер үзілді-кесілді берілмегені белгілі. Кейінірек,аңыз бойынша үй сол кезде жиі болатын өрттен күйіп кеткен дейді, ал оның орнына тастан үй салынған (Поляков диірменінің ғимараты) Ел аузынан түспейтін аңыз бойынша патша үкіметінің бекітуімен 1821 жылы Орта жүздің ханы - Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары форштадында екі қабатты тас үй салынды. Содан бері Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы бірінші құрылыс болған. 21.08.2008 ж. резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ашылды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.

Сурет 14. “Абылай хан” мұражайы

29 мамыр – Көкшетау қаласының туристік-рекреациялық нысандарымен таныстық.

Көкшетау – Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған).

Тарихы

Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.

6-8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан

кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды.

13-15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты.

17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті.

18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды.

1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай'' тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды.

1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен К. бекінісі ресми тізімге енгізілді.

1839 ж. Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды.

1868 ж. Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды.

1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 – 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу...”.

1887 ж. Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5 – 10 жұмысшы, маусымдық 15 – 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді.

1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты Көкшетауды кезінде “ағаш қала” деп те атаған.

1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті.

1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді.

1916 ж. Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станыиясы жұмыс істей бастады.

19 ғ-дың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді. * 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві зауытын, Харламовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт з-тын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.

1921 ж. 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.

1922 ж. Көкшетау – Қызылжар (Петропавловск) темір-жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.

1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше зауыттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған).

1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау механикалық зауыты болып аталды.

1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы Көкшетау қаласы болды.

1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, темір-жолдар және автовокзалдар салынды.

1989 ж. Көкшетау қаласы АҚШ-тың Уокешо қаласымен бауырлас қала атанды.

1997 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкшетау облысы таратылып, оның аумағы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосылды.

1999 жылдың 8 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды.

Демалыс орындары

Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.

Ұлттық саябағы

Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан 60 км жерде орналасқан қорықтық аймақ.

1996 ж. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында құрылған. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқысы кіреді.

Жерінің аумағы 586,8 мың гектар, оның 97,7 мың гектары орманды алқап, 166 мың гектары – жайылым, 7 мың гектары шабындық, 289 мың гектары – жыртылған, 25 мың гектарын сулы-батпақты жерлер алып жатыр.

Климаты – тым континенттік, қысы суық, қарлы, жазы қоңыржай. Орман арасындағы көгалдар мен өзен алқаптарын астық тұқымдас өсімдіктер басқан.

Саябақта 200-ге жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының маңында 19-ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Онда ұлы ғалым Шоқан Уәлихановқа тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылған.

Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарлардан: бұлан, елік, борсық, түлкі, орман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады.

Сурет 15. Көкшетау қаласының туристік орталықтары

30 мамыр - Бурабай МҰТП басқару әкімшілігімен кездесіп дөңгелек үстелге қатыстық.Көкшетаудың туризм жағдайы талқыла салынды. Әр түрлі сұрақтар қойылып,түрлі мәселелер қаралды.

31 мамыр - Қатаркөлге бағытталған оқу тәжірибелік жорық болды.

Қатаркөл, Қотыркөл – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Щучинск қалысының шығысында 16 км, “Бурабай” курорты темір жол станциясынан 23 км қашықтықта, Қотыркөл көлі жағасында орналасқан. Тұрғыны 2,8 мың адам (2003). Іргесі 1849 ж. қаланған. 1930 ж. мұнда Буденный атындағы ұжымшар ұйымдастырылған. Оның негізінде 1996 ж. бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Қотыркөлде кірпіш зауыты, малдәрігерлік-зоотехника колледжі, т.б. бар.

Сурет 16. Қатаркөл көлі

1 маусым - Бурабай-Щучинск курорты зонасына бағытталған экскурсия болды.

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км².

Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

Сурет 17. Бурабай көлі

2 маусым - Астана қаласында кешкі экскурсия болды.

Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған. Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып белгілі дінтанушы, Мысырдағы Әл-Азхар университетінің түлегі Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Қайрат Жолдыбайұлы өз еркімен және ғылыммен айналысуына байланысты ҚМБД-ның аппарат жетекшісі қызметінен босатуын өтінген Хазрет Сұлтан мешітің құрылысы 2009 маусым айында басталған болатын. 2012 жылдың 15 қаңтар күні мешітте өрт болуына байланысты көктемде ашылуы керек мешіт құрылысы кейінге шегерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамытуға арналған жиналыста Хазрет Сұлтан мешітін салып жатқан құрылыс компаниясына құрылысты 6 шілде күні аяқтауды бұйырды. 2012 жылдың 6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Әр қабатта ғибадатхана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан.Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған.Мешіттің алдыңғы жағының қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір-бетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген.Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған.Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті элементтер қосындысы ретінде құрастырылған. Жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды.

Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.

Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.

Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.

Хан Шатыр - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.

Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Лорд Норман Фостердің қия­лынан шыққан сәулет ға­жайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғи­ма­раты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архи­тек­ту­ра­лық жоба болып табылады. Тұ­ғыр­лы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаң­қасы фторполимермен қап­талған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.

“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері - Норман Фостер.

Бас мердігер Түркияның Сембол Констракшн (Sembol Constractoin) құрылыс серіктестігі.

Сурет 18. Астананың әсем ғимараттары

3 маусым - Қала сыртына тақырыптық экскурсиясына шықтық. Алжир саяси қуғындалғандар лагерь мұражайымен таныстық.

А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.

2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені.

Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.

.

Сурет 19. Алжир мемориалды-мұражай кешені

Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына 1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді

4 маусым - Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясына қатыстық.Алматы қаласына осы күні жолға шықтық.

Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.

Қарағанды қаласының ескерткіштері. Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.

Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған,өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Сурет 20. Қарағанды қаласында

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.

Сурет 21. Қарағанды қаласының ескерткіштері

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.

ІІІ БӨЛІМ

ШЕТЕЛДЕ АЛМАТЫ – ДУБАЙ – АЛМАТЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ӨТІЛГЕН ОҚУ ПРАКТИКАСЫ

БАӘ-де орналасқан Дубай қаласы бойынша 11.06.2014 – 21.06.2014 аралығында ұйымдастырылған оқу практикамыздың бағдарламасы:

11 маусым – Алматы әуежайынан Алматы – Шарджа бағыты бойынша аттану, Шарджа қаласынан Дубай қаласына трансфермен қонақ үйге келу, орналасу;

12 маусым – Дубай қаласы бойынша жалпы шолу экскурсиясы;

13 маусым – әйгілі Wyndham қонақ үйлер торының құрамына кіретін 4* Hawthorn отелімен танысу және мейманхана бизнесінің ең негізгі теориялық түсіктері жайлы ағылшын тіліндегі конференцияға қатысу;

14 маусым – Сафариге экскурсия;

15 маусым – Дубайдағы Sarv Travel туристік компаниясының әлі ашылмаған отелімен танысу;

16 маусым – Шейх Мухаммед бин Рашид Аль Мактумның мәдени өзара түсіністік орталығына бару;

17 маусым – Насыр Скверде орын тепкен отельмен танысу және Дубайдағы мейманхана бизнесі туралы жиналысқа қатысу;

18 маусым – бос уақыт;

19 маусым – Абу-Даби қаласына экскурсия;

20 маусым – әлемдегі ең ірі ойын-сауда орталығының бірі Дубай моллға экскурсия;

21 маусым – жолға дайындалу, қайта елге оралу.

Дубай қаласы жайлы қысқаша ақпарат:

Дубай (араб.: دبيّ‎) – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең үлкен қала, Дубай әмірлігінің әкімшілік орталығы. Таяу Шығыс елінің іскери орталығы, үнемі кеңею үстіндегі Парсы шығанағына Иран, Үндістан, Шығыс Африка, тіпті шеткері Шығыс елдері үшін “ену қақпасы” болып табылады. Эмираттың астанасы – Дубай қаласы. Ол қаланы екі бөлікке бөлетін Хор-Дубай шығанағымен қиылысып жатыр. Көлемі бойынша 3885 км-ді құрайтын екінші Эмират, халқының саны – 600 мың адам. Бар-Дубай – оңтүстік бөлігінде әр түрлі компаниялар мен банктер және басқа да мекемелердің басқару іскери көшелері орналасқан. Туристер үшін ең қызықтысы сауда орталығы, жануарлар саябағы және теңіз жағалауындағы Аль-Джумейра саябағы болып табылады.

Дейра – солтүстік бөлігі – бұл бизнес пен туризмнің орталығы. Мұнда көптеген дүкендер, базарлар, мектептер, қонақүйлер, клубтар және халықаралық Дубай әуежайы бар. Бұл екі бөлік Аль-Хор шығанағымен өтетін Аль-Мактум және Аль-Гархуд көпірімен, сонымен қатар Аль-Шандага үңгіртауымен байланысқан.

Джебель Али ауданы бүкіл ел үшін өндірістік және сауда-саттық аймағы болып есептеледі. Бұл жалпы Парсы шығанағындағы ең ірі тәуелсіз экономикалық аймақ. Парсы шығанағының жағалауында орналасқан Дубай Таяу Шығыстағы басты саяхат орталығы болып табылады. Жыл бойы ашық күн, ертегідей жағажайлар, демалыс үшін мүмкіндіктің молдығы, спортпен шұғылдану – мұның бәрі демалысыңызды Дубайда өткізуге қолайлы жағдай жасайды.

Көптеген саяхатшылар мұнда атақта Дубай сауда орталықтарын, көз алмастыруға мүмкін емес тастар мен металлдарға толы Алтын базарды, Джумейра мешітін, Сайд патшасының сарайын тамашалау үшін дәне қаланы екі бөлікке бөлетін арналан дәстүрлі “доу” кемесімен немесе “арба” таксиімен аралау, сонымен қатар, паба, бар, түнгі клуб, дискотека секілді Дубайдың түнгі өміріне орану үшін ат терлетіп келеді.

Жалпы Дубайға барудың мезгілін қазаннан-сәуірге дейін деп жатады. Сол себепті осы мезгілдері, әсіресе жаңа жыл, ақпандағы дәстүрлі шоппинг фестиваліне қарсы бағалар жоғарылайды. Ал жазда, керісінше. Алайда жазда температураның +40-қа дейін баратынын ескерсек, туристердің басым бөлігі қай мезгілде ағылатыны онсыз да белгілі болады. 

Дубайда тамсандыратын, таң қалдыратын жерлер баршылық. Әсіресе жаңа Дубай аталынатын қала бөлігіндегі Дубай Марина, Пальм Джумейра аудандары, ондағы Бурдж Халифа (әлемдегі ең биік ғимарат 828 м), желкен тәрізді әйгілі 7* Бурдж аль-Араб қонақүйі, қолдан салынған пальма аралдары, Мадинат Джумейра т.б. Гидтің айтуы бойынша, Дубайда "Гиннестің рекордтар кітабына" еніп жатқан түрлі рекордтардың жиі жасалына беруі соншалық, қаланың өзінде сол "Гиннес рекордтар кітабының" штабы ашылмақшы.

Расында да арабтар әр нәрседе бірінші болуды, таң қалдыруды жақсы көреді екен. Осыдан 70 жылдан аса уақытта ғимараттары аспанмен таласып жатқан қала орнында түйе мінгесіп көшіп жүрген шөл дала арабтары болғандығын елестету қиын. Тақыр шөл далада осындай алыптардың тұрғызылғандығына және олардың кейбірі жай ғана биік ғимарат емес, біреуі ирелеңдеген, біреуі раушан гүл тәрізді, енді біреуі желкен, тақ тектес архитектуралық шедеврларды көріп адам ойының, қиялының шексіздігіне, қолының мүмкіндігіне тамсана таң қаласың. Әрине, оларды салған архитекторлар арабтар емес, Англия, Америка сынды елдерден шақырылған ең танымал құрылыс шеберлері. Алайда соларды шақырып, Дубайды туристер үшін одан сайын қызықты қылып жатқан реформаларды қабылдаған ел басшысы Мохаммед ибн Рашид аль-Мактумның үлесі зор. Оны жалпы білім деңгейі әлі де орташадан төмен халық жақсы түсініп, әмірлерін көкке көтереді.

Архитектуралық ләззаттан өзге, әлемдегі ең ірі сауда-ойын-сауық кешені (1,2 млн.м²) Дубай Моллды, сондай-ақ ең ірі жабық тау шаңғы курорты бар Эмираттар Моллын аралап шығуларыңызға болады. Көріп отырғанымыздай, бұл кешендер жай ғана сауда үшін емес, күні бойы аралап, қыдыру үшін де қызықтайтын орын. Ал кешке жақын Дубай Моллдың алдында орналасқан музыкалық фонтанды тамашалай аласыздар. Тағы да "ең" деген сөзді қолдануға тура келеді: бұл фонтан әлемдегі ең үлкен әрі ең биік фонтан болып саналады. Шапшып аққан су биіктігі 150 метрге дейін көтеріледі.

Қала қызықтарынан өзге, әр қонақүйде түрлі экскурсияларды ұсынатын арнайы гидтер отырады. Сафариге, Абу-Дабиге, Жаңа Дубайды аралауға экскурсиялар алсаңыздар болады.

Ал жалпы экскурсияларсыз-ақ қаланы өзім аралаймын десеңіз, онда алдын ала жүру жоспарыңызды құрып, өте ыңғайлы метро арқылы немесе қолыңды көтере қалсаң, жетіп келетін арнайы таксилермен жылжып отырсаңыз болады. Таксиде санағыш құралдары тұратындықтан, алыс бағыттарға шамамен қанша дирхам кететіндігін алдын ала сұрап алғаныңыз жөн.

11 маусым – Алматы әуежайынан Алматы – Шарджа бағыты бойынша аттану, Шарджа қаласынан Дубай қаласына трансфермен қонақ үйге келу, орналасу;

12 маусым – Дубай қаласы бойынша жалпы шолу экскурсиясы;

Қала бойынша жасалған жалпы шолу экскурсиясында барлық туристік нысандары мен орны көрсетілді. Соларды суреттер түрінде көрсетейін:

Сурет 16. Бурж Халифа

Бурж Халифа немесе Бурж Дубай (араб.: برج خليفة‎) – Дубайда орналасқан әзірге әлемдегі ең биік ғимарат.

Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты жағдайда ашты. Салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады. Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталатын болды.

Биіктігі 828 (басқа деректерде - 825) метрге жететін бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр. Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» қонақүйі орналасатын болса, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналасатын болады.

Осыған дейін адам қолымен жасалған Тайваньдағы 508 метрлік мұнара әлемдегі ең биік мұнара деп саналып келген болатын.

Дубай мұнарасы мыңдаған жұмысшының қолымен бес жыл бойына тұрғызылып, оған 1,5 миллиард доллар қаржы жұмсалған екен. Ғимараттың жобасы " Дубай мұнара қаладағы қала сияқты жобаланды - меншiктi көгалдармен, саябақ және бақтармен. Көк тiреген үйдiң жобасы Skidmore, сонымен бiрге Чикагоға Уиллисты жобалаған Owings and Merrillдiң американдық сәулеттiк бюросы жасады, Бүкiләлемдiк Нью-Йорктегi 1-шi Бүкiләлемдiк сауда орталығы және көп басқа белгiлi ғимараттарды жобалаушы. Жоба авторы - смит американдық сәулетшi Эдриан, (ол жеке алғанда 420 моларды биiктiкпен Қытайда Цзинь мао көк тiреген үйдiң жобалауында қатысты) ұқсас ғимараттардың жобалауының болатын тәжiрибесi ендi.Құрылыс ошақтары бас мердiгер ретiнде мұнаралардың құрылысында бұрын қатысатын Samsungның оңтүстiк корея серiктестiгiнiң құрылыс бөлiмшесi таңдаған - Куала-лумпурға егiз Петронас. Бурдж – Халифа әлемдегi өзi биiк ғимаратты бастапқы сияқты жоспарланды. Көк тiреген үй қашан әлi салды, оның жобалық биiктiгi жасырын сырда ұстасты. Егер үлкенiрек биiктiктiң көк тiреген үйдi осы маңайда жобалап қойса – мұнараның жобаға сонда түзетулердi енгiзе алар ма есе бұл сол жағдайға iстелдi.

Бурж Халифа – Дубайдағы жаңа iскерлік орталықтың маңызды элементi. Мейманхана, пәтер кешеннiң iшi орналастырған, кеңсе және сауда орталықтары. Ғимарат 3 жеке кiруi болады: кеңсе бөлмелерiнде тұрғын үйлерде және кiру мейманхана, кiруге кiру. Armani және фирманың кеңселерi мейманхана 1ден (қоспағанда 17 және 18 қабаттар, бұл техникалық қабаттар) 39ға дейiн қабаттарда орналасады. Бұзаулай өзiнiң Армань Джорджосын жасалды дизайн. 900 пәтерлер 44тен 72ге дейiн қабаттарда орналасады және 77ден 108ге дейiн. Жүзiншi қабат үндi миллиардерi Б.Р.Шеттиге, жүзiншi қабатта толық жатады 3 пәтер, шамамен 500 моларды әрбiр ауқыммен орналастырған [11].

Сурет 17. Бурж әл-Араб қонақ үйі

Бурж әл-Араб (араб.: برج العرب‎, Араб мұнарасы) – Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы Дубайдағы керемет қонақ үй. 321 метрлік мұнара Джумейра жағалауынан 280 м арақашықтықта көпірмен байланысқан жасанды аралда орналасқан. Ғимараттың пішіні қайық желкеніне ұқсайды. Бурж әл-Арабты кейде «әлемдегі жалғыз Жеті жұлдызды қонақ үй» деп те атайды.

Жобасы мен құрылысы

Бурж әл-Арабты сәулетші Том Райт жобалады. Жобалау мен құрылыс жұмыстарын канадалық инженер Григория Рик басқарды. Арал құрылысы 1994 ж басталды. Ғимарат араб қайығы доудың желкеніне ұқсас түрде соғылды. Екі "қанат" V пішіндес матчта арқылы жабылды, ал оның ішінен үлкен атриум пайда болды.

Жобаның сәулетшісі мен инженер кеңесшісі Аткинс компаниясынан болды. Құрылыс алдындағы жұмыс пен құрылыс кезіндегі жұмысты бірге атқарған бас серіктес Жаңа Зеландиялық Fletcher Construction кәсіпорны болды. Қонақ үй құрылысын Оңтүстік Африкалық мердігер компания Murray & Roberts және Al Habtoor Engineering жүргізді.

Ғимарат 1999 жылы желтоқсанда ашылды.

Қонақ үйдің ерекшеліктері

Қонақ үйдің кейбір ерекшеліктері күрделі батыл инженерлік шешімдердің табуы. Қонақ үй жағалаудан 280 метр қашықтықта жасанды аралда орналасты. Іргесі мықты болу үшін тереңдігі қырық метр құрайтын 230 қада құмға қағылды.

Инженерлер арнайы эрозиядан қорғайтын төртбұрышты араның ұясына ұқсас тастар ойлап тапты. Олар болашақ аралдың іргесі болды. Жасанды аралды жасау үшін үш жыл кетті. Қонақ үй құрылысына да осындай уақыт кетті. Ғимараттағы бетонның көлемі 70,000 м³, болаттың салмағы 9 000 тонна құрады.

Ғимарат ішіндегі атриум биікітігі 180 метрге дейін жетті.

Бурж әл-Араб биіктігі жағынан әлемде төртінші орын алады. Тағы бір Дубайда орналасқанРаушан қонақ үйі Бурж әл-Арабтан 11 м биік.

Апартаменттері мен номерлері

Қонақ үйді Jumeirah Group басқарады. Өзінің көлеміне қарамастан Бурж әл-Арабта тек 202 қонақ үй номерлері бар. Ең кіші бөлме ауданы 169 м², ал үлкені 780 м² ауданды алып жатыр. Бөлмелер қарама қарсы шығыс пен батыста орналасқан. Барлық бөлмелерде теңізге көрініс ашатын үлкен терезелері болды.

Патша бөлмесіндегі бір күндік түнеудің бағасы 18,716 долларды құрап отыр. 2012 жылғы CNN Go-дің жасаған сарабы бойынша Әлемдегі қонақ үй номерлері ең қымбат 15 мейманхананың 12 орнын алды.

Мейрамханалар

Әл-Мунтаха (арабша "ең биік") Парсы шығанағынан Дубайға тамаша көрініс ашылатын 200 метр биіктікте орналасқан мейрамхана. Ол консольды арқалық арқылы ғимараттан 27 метрге дейін шығып тұрады. Оған панорамды лифт арқылы көтерілуге болады.

Сүңгуір қайық секілді кемемен тағы Әл-Махара (устрица) мейрамханасына жетуге болады. Мұнда 990,000 л теңіз суын сыйдыра алатын аквариум бар. Судың қысымын ұстап тұру үшін бакты акрилді әйнектен жасаған. Оның қалыңдығы 18 см.

Рейтингі

Мейманхана Бес Жұлдызды Делюкс ретінде ресми түрде мойындалады. Бірақ та кейде оны "әлемдегі жалғыз Жеті Жұлдызды қонақ үй" ретінде сипаттайды. Қонақ үй басшылығы мұндай титулды өзіміз ешқашан шығарған жоқпыз дейді. Jumeirah тобының ойы бойынша алдын-ала ашылу рәсіміне қатысқан британдық журналист осы атақты қойды деп ойлайды. Ол өзінің Бурж әл-Араб мақаласында "Жоғарыда айтып өткендей мен мұндай қонақ үйді көрген емеспін және бұл Жеті Жұлдызды қонақ үй деп аталады" деп сипаттаған.

Сурет 18. Дубайдың тарихи мұражайы

13 маусым – әйгілі Wyndham қонақ үйлер торының құрамына кіретін 4* Hawthorn отелімен танысу және мейманхана бизнесінің ең негізгі теориялық түсіктері жайлы ағылшын тіліндегі конференцияға қатысу.

Сурет 19. Hawthorn отелінде

14 маусым – Сафариге экскурсия;

Ал енді араб десе құмды, құм десе арабты елестетпеу мүмкін емес. Сонымен келесі саяхатымыз «Сафари» құмды шөлі болды. Белес-белес құмдардың арасында «Toyota Land Cruiser» көлігімен ойнақ салғанда, ақ тер-көк терге түсіп, иманыңды үйіріп, керемет «адреналин» аласың. Құмның арасында жүргенде дөңестеу жерге тоқтамаса, басқа жерінде мүлдем тоқтауға болмайды екен. Көлік тоқтады бітті, сол жерде көлігіңіздің дөңгелегі құмға белшесінен батады, оны да көрдік. Құмдардың арасынан арабтардың түйе қораларын көрдік, ол маған біздің еліміздегі алыс адырларда қоныстанып отырған шопандардың қорасын елестетті. Арабтар құмда тұратын тайпаны «бәдәуин» деп атаушы еді ғой. Міне, солармен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Құмды белестерді аралатып болған соң, Сафаридің кешкі асына бардық. Осы жерде бір қызықты айтайын, көлігіміз келіп тоқтаған бетте, алдымыздан қарсы алған күтушілер «квадратцикл» деген көлікті және біреулері жіпке тіркестіре байлаған үш түйені көлденеңдеп ұсынды. Арнайы дәм тататын жерге келгендіктен, жыңғыл секілді құмда өсетін ағашпен қоршалған ауланың ішіне кірдік. Көп ұзатпай ортаға бір жігіт шығып өте күрделі шығыс биін биледі, артынан қыз шығып, қосыла биледі.

15 маусым – Дубайдағы Sarv Travel туристік компаниясының әлі ашылмаған отелімен танысу

Сурет 20. Әлі ашылмаған қонақ үй

16 маусым – Шейх Мухаммед бин Рашид Аль Мактумның мәдени өзара түсіністік орталығына бару;

Сурет 21. Осы орталықта жұмыс істейтін қызметші.

17 маусым – Насыр Скверде орын тепкен отельмен танысу және Дубайдағы мейманхана бизнесі туралы жиналысқа қатысу;

Сурет 22. Жиналыста мейманхана бизнесі туралы түсіндіруде

18 маусым – бос уақыт

Сурет 23. Бос уақытты осылай өткізудеміз

19 маусым – Абу-Даби қаласына экскурсия;

Абу-Даби (араб.: ابوظبي ‎, «гәзел әкесі») – Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің Ел ордасы, 67 мың км2 ауданды алып жатқан (ол федерацияның бүкіл аумағының 86%-ы) саяси және әкімшілік орталығы.

Географиясы. Материктен ширек километр орналасқан Парсы шығанағының солтүстік-шығыс бөлігінде аралда орналасқан. Арал материкпен үш үлкен көлік көпірімен жалғасып жатыр (2010 жылдың соңындағы күйі бойынша).

Халқы. Абу-Даби БАӘ-нің құрамына кіретін әмірліктердің ең үлкені. Әмірлік Абу-Даби қаласының өзі және Аль-Айн (Абу-Дабиден 140 км жерде) мен Лива (245 км) қала шұраттарынан құралады. Соңғы есептеулер бойынша әмірлік халқының саны 1108 мың адамды құрайды, оның жартысы Абу-Даби қаласында тұрады.

Жергілікті тұрғындар (арабтар) халықтың тек 20%-ын ғана құрайды. Қалада ең көп санды шетелдік қауымдар: үнділер, пәкстандықтар, басқа араб елдерінің азаматтары, ағылшындар тұрады. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі банияз тайпасынан шыққандар.

Климаты. Мұнда климат ылғалды субтропиктік, сондықтан да жаз айларындағы ыстыққа шыдау өте қиын. Абу-Дабиде жауын өте сирек жауады, кейде қыс айларында (ақпан, наурыз) ғана жауады. Қыс мезгілдерінде ауа райы салқындау. Ең жылы уақыт - тамыз айы, орташа температура - +35,2 °C.

Мұнда жылына орта есеппен 13 мм ғана жауын-шашын түседі, бұл Еуропадағы 3-4 жауынды күнмен барабар.

Тілі. Ресми тілі — араб тілі болып табылады, астана тұрғындарының көпшілігі ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Тұрғындардың негізгі көпшілігі сүннит бағытындағы исламды ұстанады. Дінге сенушілердің 20%-ына жуығы шииттерге жатады.

Транспорты. Көліктің негізгі түрі таксиболып табылады. Автобус жүйесі де бар, кейбір аялдамалар салқындатылған. Ориталық автовокзалдан Әбу-Дабиге кіретін қалаларға (Аль-Айн, Медина Заед), сол сияқты басқа да әмірліктерге жүреді. 2015 жылы қолдануға берілуді жоспарлаған метро құрылысы жүргізілуде. Қалада заманауи жол төсемдерімен және әр бағытқа қарай үш жолақты қозғалыс орындарымен жабдықталған кең көшелері бар. Әдетте, оңтүстіктен солтүстікке қарай Жол созылып жатса, батыстан шығысқа қарай көше орын алған. Көшенің ортасында пальма отырғызылған бөлінген жолақ жатыр.

Экономикасы. Қаланың негізгі іскерлік өмірі Әбу-дабидің солтүстік бөлігіндегі бернеше орамнан кейін әдемі жағалауға жапсарласа орналасқан қала Корниште топтастырылған. Қаланың бұл бөлігі Әбу-Дабиді "Таяу Шығыстың Манхеттені" деген атауға іліктірген заманауи биік ғимараттар мен зеңгір үйлерімен ерекшеленеді. Қаланың қалған бөлігі - бұлар қамтамасыз етілген қалалықтаға арналған виллалар мен тауанхаустар. Қала өзінің заманауи келбетін ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында сәулеттілігі мен құрылысы жағынан қуып жетіп оза түскен Дубайдан бұрын алған болатын.

Тарихы. Абу-Дабидің негізі 1761 жылы қаланды. Осы жерде б.з.д. 3 мың жыл бұрын болғандығы туралы археологиялық деректер бар. Жергілікті тұрғындардың арасында қаланың құрылу тарихы жөнінде әдемі бір аңыз тараған. Шұраттардың біріндегі аңшы арабтар қарақұйрықтың соңына түседі. Жануар шөл даламен ұзақ шиырлап, аңшыларды Парсы шығанағы жағалауына шығарады. Сол жерде суға секіріп, аралға жүзіп өтеді. Аңшылар қарақұйрықты қуа береді. Қарақұйрық оларды тұщы судың тамаша бұлағына алып келеді.

Аңшылар алғыс ретінде негізі салынған қонысты "қарақұйрық атасы" деп атады, ол арабша Абу-Даби дегенді білдіреді.

Абу Даби ұзақ уақыт бойы қамал бекінісі мен теңіз арасында орналасқан лашық үйлердің шағын шоғыры болып келеді.

Халықтың негізгі күнкөріс көзі балық ау лау мен маржан теру болды.

1950 жылы Рас Садр деген жерден мұнайдың бірінші ірі кен орны табылды.

Бүгінгі қала. Абу-Дабидің кішкентай қоныстан аспанмен тілдескен көп қабатты үйлері, ұшқыр магистралі, гүлденген бақтары мен тамаша бұрқақтары бар ең қазіргі заманғы мегаполиске айналауына бар жоғы үш онжылдық қажет болды. Абу-Дабиді Таяу шығыстың Манхэттені деп атайды. Абу-Дабидің ерекшелік белгісі астана орталығын безендіріп тұрған мешіттердің көптігі екендігін батыл мойындауға болады. Қаланың кез келген нүктесінен бірден бірнеше ғажап безендірілген мұнараларды көруге болады. Сырттан келгендердің көпшілігі 10 км-ге созылып жатқан Корнич Роуд жағалауында болғанды ұнатады. Мұнда астанадағы 90 бұрқақтың арасында бірегей архитектура қолданылып жасалған: "Кофе ыдысы", "Аққу", "Жанартау", "Маржан" сияқты ең әйгілілері бар көпшілік бөлігі орналасқан. Абу-Даби — дүние жүзіндегі ең сән-салтанатты қалалардың бірі. Бұл мегаполисте ең қазіргі заманғы қала белгілері мен шығыстың бет-бейнесі таңғаларлықтай үйлесім тапқан. Орасан зор мұнаралар — көп қабатты ғимараттар, ұшқыр магистральдар жағалауда орналасқан гүлденген бақтар мен тамаша бұрқақтар мұнда мыңдаған туристерді тартады. Қалалық жеміс базары Аль-Итихад орталық алаңында, ал балық базары порттан алыс емес жерде орналасқан. Халида мен Хамдан сауда көшелері шығыстың шағын дүкендерін аралауды ұнататындар үшін жұмақ болып табылады.

Сурет 24. Әлемдегі ең әдемі әл-Заед атындағы мешіті

20 маусым – әлемдегі ең ірі ойын-сауда орталығының бірі Дубай моллға экскурсия;

Сурет 25. Дубай молл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]