- •2. Жшс «dhl» фирмасының жалпы сипаттамасы
- •2.1 Фирма туралы мәлiметтер
- •2.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
- •2.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі
- •2.2 Компанияда жұмыс істеуші жүйелер
- •2.6 Маркетинг қызметiнiң ұйымдастыру жүйесi
- •1. Қазақстан қалалары алматы – астана – бурабай – көкшетау – бурабай – астана – қарағанды – алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған оқу практикасы
- •21 Маусым – жолға дайындалу, қайта елге оралу.
2.2 Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы
Кәсiпорынның ұйымдастырылуы заңға сүйенген формасы – ЖШС «DHL» фирмасы (Жауапкершілігі шектеулі серіктестік).
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері және залалдар бойынша өздері қосқан салымдарының құны шеңберінде жауап беретін серіктестікті айтамыз.
Сурет 3. DHL -дегі алғашқы күн
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктестіктері, сондай-ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық нысаны байқалады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің көптеген артықшылықтары бар:
- бұл нысан, бірнеше қатысушы бар бизнес жүргізу барысында жеке тұлғалық және материалды мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәртебесін құқықтық реттеу кезінде көптеген диспозитивті нормаларды қолданады, бұл қатысушыларға көптеген шарттарды өздері белгілеуге мүмкіндік береді;
- қоғам алдында есеп беру міндеттілігінің жоқтығы; қатысушыларды тіркеу кезінде 25 % жарғыны төлеп, қалғанын бөлшектеп төлеуге мүмкіндігі бар.
Серіктестіктің құрылтай құжаты болып, құрылтай шарты табылады. құрылтайшылардың қол қойған жарғысы болады. Бұл серіктестік бір ғана тұлғадан құрылады, оның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Серіктестік жарғылық қоры құрылтайшыларының салымдарынан құралып, өз несие берушілердің мүддесін есепке алатын минималды мөлшерін белгілейді. Артықшылықтары: ірі қаржы сомасының тез арада жиналуы, бір тұлғамен де құрылу мүмкіндігі, серіктес мүшелері, серіктестік міндеттемелері үшін шектеулі жауапкершілікке ие.
Сурет 4. Тәжірибеден өткен орын
Туристiк фирма қызметкерлерi жұмыстарының негiзгi бағыттары: клиенттерге мәлiмет беру, клиенттермен жұмыс, билеттердi брондау және рәсiмдеу, турды сату, маркетинг және жарнама, әкiмшілік мiндеттердi орындау. Кәсiпорын басқарудың ұйымдық құрылымы 3 суретте көрсетілген.
Сурет 5. Басқарудың ұйымдық құрылымы
Әр туристiк фирманың өз маманданған саласы болады, бiрақ көбісі түрлi бағыттарда бірдей жұмыс жасай алмайды. «DHL» фирмасында олар төртеу:
- шетелдiк туризмнiң бөлiмi және VIP - қызмет көрсету
- Алматы қаласының туризм және қызмет көрсету
- қабылдау бөлiмi және экскурсиялық қызмет көрсету
Фирманың барлық қызметi фирма бөлiмдерiнiң табысты жұмысына тәуелдi болады. Негiзгi бөлiмдерден басқа тағы 2 бөлiмдер жұмыс iстейдi: виза және бухгалтерлiк.
2.3 Бөлiмдердiң функциясы және штаттық кестесі
Фирмада қажылық туризмін дамыту мақсатындағы шаралар: діни бағытта білім беру, ифтикаф, танымдық экскурсиялар.
Бөлiмнiң жұмыс технологиясы келесi кезеңдерден тұрады. "DHL " көп салалы турагенттік ретінде авиациялық жолаушылар тасымалын сату, әлем бойынша қонақ үйлерді брондау, медициналық сақтандыру салаларында қызметтерін пайдалануды ұсынады. Қазақстанның барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату: - Эйр Астана;
- Скат;
- Семей-авиа;
- Джезказган авиа;
Ресейдің барлық авиакомпанияларына авиабилеттерді брондау мен сату: - Трансаэро;
- Аэрофлот;
- Россия;
- Сибирь авиа;
- ресейлік басқа әуе жолдары;
- таяу шетел авиакомпаниялары;
- Georgian Airways;
- Узбекистон хаво йуллари;
- Донбассаэро;
- Алыс шетел авиакомпаниялары;
- Kam Air;
- KLM;
- Lufthansa;
- British airways;
- Turkish airlines;
- Asiana airlines;
- Star alliance;
«DHL» 25 авиакомпанияның авиабилеттерін сатуды жүзеге асырады: - KLM;
- Turkish Airlines;
- BMI;
- Lufthansa;
- Transaero;
- Aeroflot;
- Air Astana;
- Air Arabia;
- Скат;
- басқа авиакомпаниялар;
Барлық авиакомпанияларға авиациялық билеттерді брондау мен рәсімдеу: - Қазақстандық;
- Ресейлік;
- Халықаралық;
- Офистарға билеттерді тегін жеткізу;
- Визалық қолдау;
- Сақтандыру;
- VIP – қызметтер;
- Алматыда қонақ үй-аэропорт-қонақ үй трансферын ұсыну;
Авиакомпаниялардың өз рейстарына арнайы және жеңілдігі бар тарифтері болса, операторлар брондау кезінде клиенттеріне бағалары әдеттегіден төмен арнайы тарифтерді ұсынады:
- жастарға және балаларға;
- егде жастағы адамдарға;
- топтық;
- халықаралық туризм (лицензия ТО- 481 от11.07.2007. сертификат соответствия КСYN 0012195 от 11.07.2007);
- клиенттерге ыңғайлы төлем: ақшалай, кредиттік карталар;
- әуежайда VIP қызмет көрсету;
Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында отелдерді брондау «DHL» фирмасы тарихи орындарын жақсы білетін кәсіби жолбасшылар қызметін ұсынады. "DHL" командасы - бұл туризм саласында және әуе, теміржол билеттерін сату саласында көпжылдық тәжірибелері бар, IATA халықаралық диплом иегерлері, үнемі кәсіби деңгейлерн арттырып отыратын мамандар. Компания жұмысының басты принципі - клиентпен жұмыс кезінде жоғары дәрежеде қызмет көрсету. «DHL» өз клиенттері мен серіктестері алдында алған жауапкершілігін әрқашан орындайды. Бұл компания жетістігінің кепілі. Компания өз жұмысын әрқашан жетілдіріп отырады, ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтіп, сапасын жақсартады.
2.4 Қызмет көрсету ерекшеліктері
Шетелдік туризмнің және VIP - бөлімінің жұмысының технологиясының кезеңдерінің бірі – виза. Егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады. Клиент саяхатқа бару барысында фирманың қызметтерiн пайдаланса, онда осы жағдайларға орай құжаттар пакеті жиналады және тiркелген орынына жолданады. Фирма консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi. Сонымен қатар виза басқа елге шығатын негізгі құжат болып табылғанымен, шет елге шығу міндетті түрде емес. Виза тек қана турист құжатының мемлекеттік консулдық мекемеде тіркелетіндігін білдіреді. Виза төлқұжаттағы арнайы құжат, ол шет елге шығуға немесе сол елдің территориясы арқылы өтуге мүмкіндік береді.
Визалық бөлім. Шетелдiк туризм бойынша бөлiмнiң бөлiмшесi болып табылады, егер тур визалы елге iске асса, былайша визалы бөлiм өз алдына жұмыс iстей алады, Егер клиент саяхатқа жолданады осы фирманың қызметтерiмен пайдаланбаса, немесе ол шақырумен жүредi. Екi жағдайларға құжаттар пакет жиналады және тiркелген (бұрыштамалар пiсiп жететiн елдерi елшiлiк қайда барып тұр қала қайда барып тұр) қалаларда жолданады, бұл жауап фирманы турға жөнелтедi, консул шығу мүмкiндiгін қарайды және оң немесе терiс жауап бередi.
Бұрыштамалар екi түрлерде болады: бекiтiлген және бекiтілмеген. Егер бекiтілмелген бұрыштамалар пiсiп жетсе, егер бекiтiлген бұрыштамалар пiсiп жетсе, онда (ай ) коридормен анықталады, осы елдi қай уақытта адам iшiнде кiрiп-шыға алады, онда елдегi нақты сан бейнеленген болулары керек, мерзiмдердi бекiтедi. Пiсiп жететiн бұрыштамалары өзi елмен бекiтiледi. Бұрыштаманың елiнiң баруының мақсаттарына байланысты болады: (шақыру бойынша) қонақ, туристтiк және (жарыстарға, фестиваль және тағы басқалар, көрме) кәсiпкерлiк-бұрыштама
Сақтандыру. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңының 4-тарау, 27-ші бабында көрсетілген [1].
Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру :
1. Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
2. Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
Бухгалтерлiк бөлiм. Фирмада үш бөлiмдердiң функциясын бірден орындайды: қаржы, экономикалық, бухгалтерлiк. Барлық кассалық операцияларды жасайды, есеп беру құжаттарын толтырылады, кiрiс пен шығыс есебін есептейді. Дәл осылай еңбек және еңбекақының есепке алуын қарастырады, салықтардың түрлерiн анықтап, олар салық салынатын базасының төлемдерін, салықты есептеудi орындайды[2].
Жоғарғы басқару. Жоғарғы басқару бас директорлардан тұрады. Оның мiндетiнде кiредi:
фирманың туристтiк қызметiмен басшылық ету;
ҚР нормативтiк, экономикалық заңдарын дұрыс орындауын тексеру;
қызметтер мен бағыттардың жаңа түрлерiн қарастыру;
еңбек тәртiбi және фирманың жұмыс тәртiбiнiң орындалуы;
фирманың қызметiне бақылау;
халықаралық және iшкi туризмнiң дамытуын қарастыру.
Фирма мекемесінде барлығы автоматтандырылған. Бұл қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және оның тез, арзан орындалуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі заман талабына сай жаңартылған компьютерлер, факс, телефон, сканер, принтерлер орнатылган.
Көлiк желiсі. Агенттiк Алматы қаласында орналасады. Көпшiлiк пайданалатын көлiктің барлық түрлерiмен және машинамен де кез-келген нүктеден турагенттікке жету мүмкіндігі бар. Қасында ыңғайлы автомобилдiк тұрақ орналасқан.
Тұтынушылармен жұмыс жасау. Фирма және клиент туристтiк қызмет көрсету туралы келiсiм шарттарын туристтiк жолдаманы рәсiмдей отырып нақ сол өзара тұжырымдайды. Авиа тасымалдауларды бронь жасау бойынша мiндеттемені, мейманханалық, көлiк және экскурсиялық қызметтер және тиiстi тасымал құжаттармен қатар клиент тур тапсырыс берген броньді жасау және тапсырыс берiлген туристтiк қызметтердiң төлеу растайтын құжаттардың рәсiмдеуi бойынша міндеттерді фирма өзiне алады. Ал жалпы, туристерге қызмет көрсету сұлбасын сурет 4 көрсетілген. Онда ең алдымен, турды тұтынушы сауалнама бергеннен кейін, клиент анкетасы толтырылып, құжаттар жинастырылады. Турды толық тұтынғаға дейін, алдын –ала 30 пайыз мөлшерде төлем алынады, содан кейін ғана барып, виза рәсімдеу жұмыстары (егер баратын мемлекетке виза рәсімдеу керек болған жағдайда ғана) басталады. Виза рәсімделіп болғаннан кейін, турдың толық құны төленіп, турды тұтынушы, яғни турист сапарға аттануға дайындалады [3].
Сурет 6. Туристерге қызмет көрсету схемасы
Қажетті құжаттар:
паспорт (жарамдылық мерзімі кем дегенде 6 ай болу керек);
фото 4х6 (4дана) фоны ақ, әйелдер орамалмен;
менинигитке қарсы егілген вакцина сертификаты;
45 жасқа толмаған жұбайлар баратын жағдайда неке қию туралы куәлік.
Клиент, өз жағынан, туристтiк жолдаманың толық құнының төлеуi бойынша турдың бас тартуына болуы мүмкiн айыппұлдарды қоса мiндеттеме өзiне алады. Компания тұтынушыға келісім шартта және жолдамада көрcетiлген өз типтi программалары және жеке мәлiмдемелерiне сәйкес туристтiк қызметтердi көрсетеді. Автобуспен экскурсия турлары ең әйгiлi және өте арзан болып табылады, бiр сапарға өйткенi бiрнеше елдермен бiрден таныстыруға болады [4].
