Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAJYN_OTChET_3_KURS АСЕМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау

Тәуекелділік топтастырылуы бойынша шығу тегі бойынша, функционалдық түрлері мен кәсіпкерліктің салалары бойынша, сақтандыру деңгейі бойынша, жіберілу деңгейіне байланысты және т.б жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты топтастыру түрі таңдалады. Көрнектілік үшін кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлерін бірінші кесте түрінде бейнелеуге болады .

Сонымен қатар, кәсіпкерлік фирмалар өзінің қызметі барысында кездесетін тәуекелділіктің нақты түрлері бар:

• құқықтық тәуекел - заңдық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы қажетті өзгерістермен байланысты;

• инвестициялық тәуекел техника- экономикалық көрсеткіштердің сапасыз талдауларымен, жоба құнының көзделмеген өсуі, қоршаған орта туралы заңдардың қатаңдығымен байланысты;

• сақтандырушы тәуекел сақтандыру қорын құрумен және оны басқарумен,

және де жеке мүлікпен, ақшалай қаражатпен, персоналмен байланысты;

• инновациялық тәуекел осы сферадағы белгісіздіктерден пайда болады (идеяларды ойлап табудан бастап, оны тауарлар, қызметтер және жұиыстар түрінде немесе технологиялар сапында жүзеге асырып, соңында сәйкес өнімді нарыққа өткізуге дейін).

Көлеміне байланысты кәсіпкерлік тәуекелдер үш түрге бөлінеді:

• локальды тәуекел–жеке фирманың тәуекелі (компаниялар, бірлестіктер, олардың бөлімшелері);

• салалық тәуекел – саланың мамандануына байланысты тәуекел;

• мемлекеттік тәуекел – мемлекеттегі әлеуметтік саяси жағдайлардың нашарлауымен, инфляцияның өсуімен, төлемсіздік мәселесімен, заңнамалардың орындалмауымен байланысты болады.

1 кесте « DDA CARGO»ЖШС-нің кәсіпкерлік тәуекелдің түрлері

Топтастыру белгісіне қарай

Тәуекелдің түрлері

пайда болу сферасы бойынша

сыртқы, ішкі

шешім қабылдау деңгейі бойынша

кәсіпорын деңгейінде, салалық, мемлекеттік

кәсіпкерлік қызметтің түрлері

бойынша

өндірістік, инновациялық, қаржылық коммерциялық, ақпараттық, әлеуметтік, экологиялық, саяси

уақыттың әсер ету ұзақтығына байланысты

қысқа мерзімді тәуекелдер,

тұрақты тәуекелдер

шарлардың деңгейіне қарай

өтелетін тәуекелдер, өтелмейтін тәуекелдер

тәуекелдердің әсер ету объектілері бойынша

тұрғындардың өмірі мен денсаулығына келтірілген тәуекелдер, мүліктік тәуекелдер

тәуекелдердің әсер ету нәтижесінде пайда болатын жоғалтулар бойынша

уақытты жоғалту бойынша тәуекелдер, қаражаттарды жоғалту бойынша тәуекелдер

сақтандыру мүмкіндіктері бойынша

сақтандырылатын, сақтандырылмайтын

Кәсіпороында пайда болу табиғатына байланысты тәуекелдердің келесі түрлері бар:

• субъективті тәуекел- кәсіпкердің жеке тұлғасымен байланысты болады.

Мұндай тәуекелдің пайда болуына тәуекелділікке дұрыс дамымаған қабілеттілігі себеп, соның ішінде тәжірибесінің, білімінің, кәсібилілігінің жетіспеушілігі, нарықтағы тәртіпті бұзуы және т.б.

• объективті тәуекел ақпараттың жеткіліксіздігі, нарықтық конъюнктураның, заңдылықтардың, несиелеу жағдайларының, салық салудың, инвестициялаудың және т.б. күтпеген кезде өзгеруімен байланысты болады.

Пайда болу саласы бойынша тәуекелдер келесідей болады :

• сыртқы тәуекел саясаттағы күтпеген өзгерістермен, өндірістің макро жағдайындағы үлкен аймақтардағы апаттық жағдайларымен, валюталық тәуекелмен және т.б. байланысты;

• ішкі тәуекел кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдер, өндірістік, қаржылық, сақтандыру және т.б.

Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша тәуекелдің келесі түрлері бар:

• сақтандырылатын тәуекелдер сандық анықтама беруге жататын және сақтандыру қаупін өз мойнына алатын ұйымдарды сақтандырумен байланысты;

• сақтандырылмайтын тәуекелдер деңгейін бағалау мүмкін емес форс -мажорлық тәуекелдер жатады. Сонымен қатар, сақтандыру қаупін өз мойындарына алуға даяр емес жағдайдағы кең көлемді тәуекелдер.

Нарықтық экономикаға тән тәуекелдің факторлары:

  1. Дайын өнім бағасы;

  2. Сатып алынатын шикізат бағасы.

Дайын өнімге деген бағаның тұрақты бола бермейтіндігіне байланысты, өнімді өткізуден түскен табыстың алдын ала анықтай алмау тәуекелділікті туғызады. Баға тәуекелінен болатын зиянды келесі шаралармен төмендетуге болады:

  • тұрақтандыру қорын құру арқылы баға тәуекелінің өзін-өзі сақтандыруы арқылы (компанияның ішкі ресурстарын тұрақтандыру фондын құру және шикізат пен дайын өнімді басқару арқылы);

  • фьючерлік және опциондық келісім-шарттармен тәуекелді хиджерлеу (Яғни бұл сатылып алынатын шикізат бағасына алдын ала келесім-шарт жасап қою)

Тәуекелдің ішкі факторларына келесілер жатады:

  1. Персоналдың біліктілік деңгейі. Осы тәуекелділікті жою немесе оның әсерінен болатын зиянды келесі шаралар арқылы азайтуға болады:

- әрдайым жүйелі түрде басқарушыны және техника-инженерлік персоналды оқыту, олардың біліктілік деңгейін арттыру.

2 Өндірістік факторларға байланысты тәуекелдік. Жою шаралары:

- күмәнді техникалық шаралардан, құрылғылардан, технологиядан бас тарту;

- өндірістік және технологиялық тәртіпті қатаң ұстану, мониторинг, бақылаулар жүргізіп отыру;

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану, жаңа технологияларды енгізу.

3. Компанияның қаржылық жағдайына байланысты тәуекелдік. Оларды жою шаралары:

- көзделмеген шығындар мен зияндарды жабу мақсатында резервті капитал құру;

- қаржы менеджментінің біліктілік деңгейін көтеру, қаржы менеджерлерінің квалификациялық деңгейін жоғарылату және т.б

Кәсіпорын ұсынған өнімдер Қазақстан Республикасының барлық нормативтік талаптарына жауап береді және қоршаған ортаға үйлесімді сәйкес келеді.

Кәсіпорын қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері «экономикалық тиімділік» түсінігінің нақты мәнін ашуды талап етеді. Экономикалық тиімділік кешенді түсінікпен анықталады, атап айтқанда:

  • берілген көлемдегі шығындар мен өнім шығарудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, ресурстар үйлесімділігін білдіретін, өндіріс тиімділігі. Бұл инженер - технолог түсінігіндегі тиімділік. Мысалы, берілген стандарттарға сәйкес, материал жоғалтулармен және тұрып қалудың ең төменгі деңгейін, ресурстарға бағаның тағайындалған мөлшері мен өндірістік технологияны таңдап, тиімділікті қарастыруды қажет етеді.

  • өнім қүрылымының тиімділігі, яғни оптималды үйлесімділікпен тауар өндіру;

  • тұтыну тиімділігі. Бұл - тұгынушының өз табысын қалауынша қанағаттануға жүмсап, табыс деңгейін тауар бағасымен сәйкестендіруді сипаттайды.

Жоғарыда көрсетілгендердің бәрі осы уақыттағы ресурстарды пайдалану тиімділігі мен тәуекелдікті қамтамасыз етеді. Динамикалық тиімділік өндірістің немесе тұтыну өсімінің оңтайландырылуын талап етеді. Динамикалық тиімділікке ұмтылу (статистикалықтан айырмашылығы) қиындықтар туғызады -қаржы құралдарын ағымдағы тұтынушылар және инвестициялау арасындағы бөлуді жатқызуға болады.

Аталған ерекшеліктер кәсіпкерлік тәуекелдік жағдайын реттеу және алдын алуда маңызды, өйткені бұл процесте маңызды орынды, жақындап қалған қажетсіз қиын қыстау жағдайды қарастыратын стратегия алады; бұндай жағдайлардың туындау себептерін айқындау және оның құрамын бағыттау; мүмкін болатын зиянды санды және сапалы бағалау; кәсіпорынның келеңсіз жағдай кезіндегі қызметінің тактикалық нүсқаларын жасау және одан шығу.

Алайда, тәжірибиеде бұндай стратегиялар өте сирек жасалады, бұл басшылардың және менеджерлердің дәйекті стратегиялық шешімдер қабылдауға дайын еместігімен түсіндіріледі, шаруашылық құрылымда технологиялық сызба жобасының жоқтығы, стратегиялық жоспарларды іске асыру және бақылау, яғни стратегиялық басқару жүйесі.

Ұйымның қаржылық тәуекелін бағалау үшін:

  • капиталдың бар болуы мен орналастырылуы, оны пайдаланудың тиімділігі мен жиілілігі;

  • ұйым пассивтерінің құрылым оптималдылығы, оның қаржылық тәуелсіздігі мен қаржылық тәуекелдің деңгейі;

  • айналым активтерін қалыптастырудың ұйымның активтер құрылымының оңтайлылығы;

  • ұйымның төлем қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылылығы;

  • оның қаржылық тұрақтылық қоры (сатулардың залалсыз көлемнің зонасы) көрсеткіштердің жүйесі пайдаланылады.

Келістірілген жүйеде кәсіпкерлік тәуекелдікті берілген көрсеткіштерге қосымша жедел талдау шеңберінде кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын, атап айтқанда оның нарықтық және инвестициялық белсенділігін сипаттайтын бірқатар басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады.

Кәсіпкерлік тәуекелдікті талдауда кәсіпорынның қаржы жағдайын ұзақ және қысқа мерзімді даму барысы тұрғысынан бағалауға болады. 1- ші жағдайдағы қаржы жағдайын бағалау өлшемдері – кәсіпорын өтімділігі мен төлемқабілеттілігі.

Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік тәкуекелдің жіктелінуінің бірнеше нұсқалары қалыптасқан. Кәсіпкерлік тәуекелді келесі белгілері арқылы топтастыруға болады.

1 Пайда болу сферасы бойынша:

  • сыртқы тәуекел (мұндағы тәуекел, кәсіпорын ортасынан тыс қатынастар бойынша орын алады);

  • ішкі тәуекел (мұндағы тәуекел, кәсіпорынның ішкі ортасында пайда болатын көздері негізінде болады).

  1. Шешім қабылдау деңгейі бойынша:

  • макроэкономикалық тәуекелдер;

  • салалық тәуекелдер;

  • нақты кәсіпорын деңгейіндегі тәуекелдер (локальді).

  1. Уақыттың әсер ету ұзақтығына байланысты:

  • қысқа мерзімді тәуекел (мысалы, транспорттық тәуекел т.б.);

  • тұрақты тәуекел (мысалы, төлемсіздік бойынша т.б. ).

  1. Шарлардың деңгейіне қарай:

  • өтелетін тәуекел;

  • өтелмейтін тәуекел.

5 Тәуекелдердің әсер ету объектілері бойынша:

- тұрғындардың өмірі мен денсаулығына келтірілген тәуекелдер;

- мүліктік тәуекелдер.

6 Тәуекелдің әсер ету нәтижесінде пайда болатын жоғалтулар бойынша:

- уақытты жоғалту бойынша тәуекелдер;

- қаражаттарды ысыраптау бойынша тәуекелдер.

Кәсіпорын қызметінің тәуекелін жедел талдаудың әдістемесі бойынша қаржылық есепті талдау жүргізіледі. Ол үшін ең алдымен көрсеткіштерді есептеуге салыстырмалы түрде қиын емес есептеулер жүргізіледі, содан кейін олардың ішінен ең маңыздысы болып табылатын көрсеткіштерінің аздаған саны сұрыпталып алынады. Көрсеткіштерді сұрыптау субьективті және оны талдаушы жүзеге асырады. Бұл көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның салыстырмалы кеңістіктік – мерзімдік қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық потенциалы 2 жақты сипатталуы мүмкін: кәсіпорынның мүліктік жағдайы және оның қаржылық жағдайы тұрғысында. Бұл 2-і өзара байланысты, ол көрсеткіштердің өзгеру қарқынын есепке ала отырып, динамикада қарастырылуы тиіс. Кәсіпорынның қаржы жағдайы ұзақ мерзімді келешекке арналған бағытта қаражат көздерінің құрылымымен , кәсіпорынның сыртқы инвестициялармен, кредиторлардан тәуелсіздік деңгейімен сипатталады және ол туралы келесі бөлімдерде айтылады. Осы жерде айта кетейік, кәсіпорынның қаржы жағдайын жедел талдау түрліше дайындалуы, толтырылуы мүмкін: Жиынтық көрсеткіштер, қысқаша тестік есебі түрінде, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең әрі нақтылы талдау қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігі туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]