
- •1 Қазақстан қалалары алматы-астана-бурабай-көкшетау-бурабай-астана-қарағанды-алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы
- •1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы
- •1. 2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы
- •1. 3 Астана қаласына кешкі экскурсия
- •1.4 Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясы
- •2 Жшс « dda cargo»туристік компаниясы
- •2.1 « Dda cargo»жшс-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны
- •2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау
- •2.4 Кәсіпорынның маркетинг қызметінің тиімділігін талдау
- •Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.
- •2 Кесте « dda cargo»жшс-нiң технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвесторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні белгілі.
- •Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:
- •Кәсіпорыннің қаржылық жағдайының әлеуеті
- •3 Екі ел арасынағы практикаға талдау жасау (өзбекстан мен қазақстан мысалында)
2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
« DDA CARGO»ЖШС-гі жарғысына сай келетін бағытта қызмет көрсетеді:
Қажылық
« DDA CARGO»компаниясының басты мақсаты- Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз және оның елшілерінің сүннетіне сәйкес Қажылық және Ұмра сапарын ұйымдастыру. Сол себепті компаниямыз, Аллахтың разылығына бөлейтін құлшылық сапарына, бар жағдай жасауға ынталы.
Жыл сайын Қажылық және Ұмра бағдарламаларымен жұмыс жасағанда барлық ұсақ-түйекке дейін назар аударып, алдыңғы қажылықтарды жіберілген қателіктер болса, келесіде ондай жағдайға жол бермеуге, өз қызметімізді толықтыра және сапалы ете отырып, эконом классты пакеттен VIP классты пакетке дейін ұсынамыз.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмір жолдарын еске түсіретін, исламдағы қасиетті орындар Мекке және Мәдинаға экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсияның ерекшелігі күнделікті уағыздарда бағаланады. Сауд Араб Королдігінде болған уақыттарда қажыларымызға ерекше ыңғай танытылады.
Кәсіпорын күнделікті уағыздарға, ислам негіздерін зерттеудегі өткізілетін сабақтарға және қасиетті құран оқуды үйретуге көңіл бөледі.
Қажылардың жоғары сапалы қызмет алуы үшін, « DDA CARGO»компаниясы Қажылық және Ұмра кезінің жалғасқан уақыт аралығының бәрінде екі мезгіл тамақ, яғни таңғы және кешкі ас ұсынады. Асты сіздің үлесіңізге ыңғайлап, белді аспазшылар даярлайды. Сонымен қатар халал тағамдарды әзірлеу ұсынылады.
Ұмра
Мұсылман бауырларымыздың кіші қажылыққа деген қызығушылығының арта түскенін ескере отырып, « DDA CARGO» компаниясы ай сайын жаңа Ұмра бағдарламаларын ұйымдастыра бастады.
Біз өз клиенттерімізге стандартты эконом пакеттермен қатар VIP класстағы қол жетімді пакеттер ұсына отырып, Мекке және Мәдина қалаларында қонақ үй бөлмелерінің ең жақсыларын ұсынамыз. Ұмраның ерекшелігі, сіз, отбасыңызбен және жақын адамдарыңызбен қажылық сапарын бірге атқаруыңызға болады.
Сауд Араб Королдігіне басқа мемлекеттер арқылы ұшқан кезде, сіздің қалауыңыз бойынша сол елде сізге қосымша тур ұйымдатастырамыз. Тек қасиетті жерлерге сапар шегіп қоймай, сонымен бірге Стамбул, Дубай, Иерусалим секілді елдердің қонақ жай жерлерін тамашалап көруіңізге зор мүмкіндік бар.
Біздің, жоғары білікті мамандардан құралған ұжыммен, сіз қасиетті жерлердің құндылығын терең түсіне аласыз!
Мұсылмандарға арналған демалыс
« DDA CARGO»– Халал туризмге мамандандырылған алғашқы тур агенттіктердің бірі. Компанияның алғашқы жұмыс бастаған кезінен бастап, жұмысты сеніп тапсыруға болатын, нарыққа білікті ұжымның келгені байқалды. Клиенттеріміздің жоғары талапын қанағаттандыру мақсатында, өз қызметтерімізді жетілдіре және толықтыра отырып сапалы өнім ұсынамыз.
Біздің компания арқылы барып демалушылардың санының артуы, білікті маманмен жоғары сапалы қызметтің кепілі болып табылады.
Ислам қағидаларымен жұмыс атқаратын қонақ үйлер бүкіл отбасымен демалуға арналған. Біздің компанияның қызметі, бақытты отбасылық өмірді ең маңызды құндылық деп танитын халыққа бағытталған.
Мамандарымыздың жинаған тәжрибелерін паш ете отырып, біз сіздің отбасылық демалысыңызды ұйымдастыруды өз жауупкершілігімізге алуға сенімділік білдіреміз!
« DDA CARGO»– Қазақстанның алдыңғы қатарлы туристік агенттіктерінің бірі !
2006 ж. бері қажылық, ұмра, шет елде демалу сапарларын ұйымдастыру және авиабилет сату бойынша табысты еңбек етіп келеді. Өзінің табысты және сапалы қызметінің арқасында, аз уақыт аралығында өз тұтынушыларының тарапынан, алғыстар мен сенімге ие болды.
« DDA CARGO»компаниясының жұмыс әдісі, әр клиентті бей жай қалдырмайды. Компания қызметін қолданған тұтынушының, тағы да компания қызметіне тілек білдірері сөзсіз.
Өзіңіздің тур агентіңіз « DDA CARGO»сене отырып, сіз әрқашанда жоғары классты мамандар тарапынан бақылауда боласыз, олар сізге бүге-шүгесіне дейін қарастырып, сапалы тур ұйымтастыруға көмектеседі.
Себебі, тамаша демалысыңыздың ең әсерлі сәттерін есіңізге түсіру үшін, бастысы бұл дұрыс және сапалы таңғдалған туристік агенттік екенін есіңізден шығармаңыз !