
- •1 Қазақстан қалалары алматы-астана-бурабай-көкшетау-бурабай-астана-қарағанды-алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы
- •1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы
- •1. 2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы
- •1. 3 Астана қаласына кешкі экскурсия
- •1.4 Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясы
- •2 Жшс « dda cargo»туристік компаниясы
- •2.1 « Dda cargo»жшс-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны
- •2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау
- •2.4 Кәсіпорынның маркетинг қызметінің тиімділігін талдау
- •Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.
- •2 Кесте « dda cargo»жшс-нiң технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвесторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні белгілі.
- •Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:
- •Кәсіпорыннің қаржылық жағдайының әлеуеті
- •3 Екі ел арасынағы практикаға талдау жасау (өзбекстан мен қазақстан мысалында)
2 Жшс « dda cargo»туристік компаниясы
2.1 « Dda cargo»жшс-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны
Мұсылман бауырларымыздың кіші қажылыққа деген қызығушылығының арта түскенін ескере отырып, « DDA CARGO» компаниясы ай сайын жаңа Ұмра бағдарламаларын 2006 жылдан бастау алып, ұйымдастыра бастады. Кәсіпорынның қазіргі жағдайда экономикалық мүмкіншігі барынша жан-жақты қарастырылуда. Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. ДСҰ жылма-жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет.
Қазақстандық жол-сапаршыларға халықаралық сапа стандарттарының қатардағы жүйесімен қатар VIP класстағы қол жетімді жүйе ұсына отырып, Мекке және Мәдина қалаларында қонақ үй бөлмелерінің ең жақсыларын ұсынатын отандық бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Ұмраның ерекшелігі, сіз, отбасыңызбен және жақын адамдарыңызбен қажылық сапарын бірге атқаруыңызға болады. Бұл кәсіпорынның сыртқы және ішкі экономикалық туризмдегі орнын белгілейді.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуге алынған мерзімнен бастап Қазақстан Республикасының заңы бойынша заңды тұлға болып табылады, құқы бойынша оқшауланған мүлкі, банкілерде есеп шоты, атауы, жазылған мөрі, фирмалық белгісі, бланкі және басқа да реквизиттері бар.
Серіктестікте жарғы капиталы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін қатысушылар арасындағы үлестерге бөлінген және өздері салған салымдарының мөлшерінде серіктестік қызметімен байланысты шығынға қатерлі. Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылар 500 000 теңге мөлшерінде жарғы капиталын құрады. Серіктестіктің жарғы капиталы шаруашылық-коммерциялық қызмет табысы есебінен, қажет болған жағдайда – қатысушылардың қосымша жарналары есебінен толықтырылуы мүмкін. Шетел және отандық бәсекелестіктеріне орын бермейтін сапалы құрылыс қызметтерін көрсету және өткізу арқылы табыс табу. Табыс табу негізінде кәсіпорын қызметіне қатысушылардың экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Сауд Араб Королдігіне басқа мемлекеттер арқылы ұшқан кезде, сіздің қалауыңыз бойынша сол елде сізге қосымша тур ұйымдатастырамыз. Тек қасиетті жерлерге сапар шегіп қоймай, сонымен бірге Стамбул, Дубай, Иерусалим секілді елдердің қонақ жай жерлерін тамашалап көруіңізге зор мүмкіндік бар.
Біздің, жоғары білікті мамандардан құралған ұжыммен, сіз қасиетті жерлердің құндылығын терең түсіне аласыз.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктегі серіктестіктер туралы» заңына сай жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады.
« DDA CARGO»ЖШС-ң есеп саясатына сәйкес өңделген:
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржысына байланысты есеп беру» туралы заңы 28.02.2010 жылдан №234-ΙΙΙ
«Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары» №2, Қ.Р Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 21.06.2010 жылдан №217
Бухгалтерлік есеп ережесін жүргізу, Қ.Р-ң Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 22.06.2010 жылдан №221
Бухгалтерлік есептің регистр формасы (тізім түрлері) Қ.Р Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 21.06.2010 жылдан №215
Типтік формалары бар бірінші құжаттар. Қ.Р Қаржы Министрлігінің қабылдаған бұйрығы бойынша 23.05.2010 жылдан №185
Есеп саясатына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, болашақта қолданылатын артықшылықтар көрсетіледі. Жаңа есеп саясатына тек өзгертілген күннен бастап, өзгертулер немесе толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
Әрбір қаржылық жылын « DDA CARGO»ЖШС-гі 1 қаңтардан бастайды, 31 желтоқсанда аяқтайды.
Есеп саясатын қабылдау кәсіпорын басшысы Ибрагимов Кудрат жүргізсе, есеп саясатын жүзеге асыру және қадағалау кәсіпорынның бас бухгалтеріне жүктелген.
Ұйымдастырушылық бөлім
« DDA CARGO»ЖШС-ң ұйымдастырушылық-құқықтық заңы:
Кәсіпорынның Бас офисі Абай даңғылы 150/230 «Гаухартас» тұрғын үй кешені бойынша орналасқан.
Заңды құқығы бар мекемеге мемлекеттік қайта тіркеу куәлігін №45701919 ЖШС, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі берді.
БИН 980940000044, меншік түрі жеке болып табылады.
Кәсіпорынға РНН 211500088207 берілген, жеке салық төлеу куәлігі №0053245 берілген.
Кәсіпорын қосымша құнға салық төлеуші болып табылады, куәлік бойынша есеп жүргізу ҚҚС 25.02.2010 жылдан, серия 21305, №0015159.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы, құрылтай құжаттарына сәйкес
500000 тг құрайды. Жарғылық капиталдың қалыптасу көзінің қатысушы, салымшы ретінде Ахметов М.С. және Жамбыл металл конструкцияларын өндіретін зауыт «Имсталькон» болып табылады.
« DDA CARGO»ЖШС-ң Алматы қаласында «Цесна Банк» АҚ-ң филиалында (бөлімінде) есеп айырысу шоты бар. Есеп айырысу шотының нөмірі: 000467911, БИК 191401604;
Туризм өзіндік ресурстық бағыт- бағдары бар салалардың қатарына жатады. Туризм белгілі бір территориялық аймақты тұтынушы ретінде ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығына ғана жол береді. Яғни, әлі қаймағы бұзылмаған тұма табиғатқа сұранысын артыра отырып, өзінің дамуына орасан зор мүмкіндік алады.
Демалыс орнын немесе рекреацияны таңдаған кезде турист сол аймақтың тартымдылығын басты назарда ұстайды. Бұл кезде мәдени, тарихи нысандар мен өнер ескерткіштерінің мәні аса маңызды бола қоймайды. Туристер сол елдің болмаса сол аймақтың саяси жағдайы ерекше ескереді. Бірақ, оларды сол ауданның табиғи жағдайынан басқа ешнәрсе алаңдатпайды. Туристердің саяхаттауға немесе демалуға жайлы деп бағалауы бойынша келесідегідей критериилерді бөліп қарастыруға болады:
демалыс белгіленген елдің немесе аймақтың геграфиялық жағдайы;
аймақтың рельфі;
климаттық жағдайлары;
сол табиғи ортаның ландштафтық факторлары;
су көздерінің, өзендер мен көлдердің, болуы;
сол аймақтың жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлемінің болуы мүмкін.
Қызмет көрсету сферасының маркетингі сртатегия қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.
Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ қағидаларына келесілер жатады:
не өткізе аламыз, соны өндіру;
жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;
тиімділік пен табыстылық қағидасы;
маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.
Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Бәсекелестер туралы ақпарат жиналып, талданып есеп түрінде туристік фирма басшылығына беріледі. Өйткені, туристік фирмалардың мақсаты бәсекелестерге қарағанда жақсырақ жұмыс жасау болып табылады, олар бәсекелестерінің кемшіліктерін табу арқылы өзінің жүмысында оларды болдырмауға тырысуы қажет. Бәсекелестерге қатысты тур фирмалардың белгілі бір стратегия, бағалық саясат және маркетинг кешенінің бір қүралы қолданылады. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет.