- •1 Қазақстан қалалары алматы-астана-бурабай-көкшетау-бурабай-астана-қарағанды-алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы
- •1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы
- •1. 2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы
- •1. 3 Астана қаласына кешкі экскурсия
- •1.4 Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясы
- •2 Жшс « dda cargo»туристік компаниясы
- •2.1 « Dda cargo»жшс-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны
- •2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау
- •2.4 Кәсіпорынның маркетинг қызметінің тиімділігін талдау
- •Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.
- •2 Кесте « dda cargo»жшс-нiң технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвесторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні белгілі.
- •Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:
- •Кәсіпорыннің қаржылық жағдайының әлеуеті
- •3 Екі ел арасынағы практикаға талдау жасау (өзбекстан мен қазақстан мысалында)
1. 3 Астана қаласына кешкі экскурсия
Астана —Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. 2 маусым - Астана қаласында кешкі экскурсия болды.
Сурет – 7. Түнгі қала көрінісі (сурет автордыкі)
Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған. Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып белгілі дінтанушы, Мысырдағы Әл-Азхар университетінің түлегі Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Қайрат Жолдыбайұлы өз еркімен және ғылыммен айналысуына байланысты ҚМБД-ның аппарат жетекшісі қызметінен босатуын өтінген Хазрет Сұлтан мешітің құрылысы 2009 маусым айында басталған болатын. 2012 жылдың 15 қаңтар күні мешітте өрт болуына байланысты көктемде ашылуы керек мешіт құрылысы кейінге шегерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамытуға арналған жиналыста Хазрет Сұлтан мешітін салып жатқан құрылыс компаниясына құрылысты 6 шілде күні аяқтауды бұйырды. 2012 жылдың 6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.Имандылық ордасы үш қабаттан тұрады. Әр қабатта ғибадатхана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құран оқуға және оқу ағартушылық топтың сабақ оқуына арналған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан.Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған.Мешіттің алдыңғы жағының қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір-бетонды күмбездері металмен көмкеріле өрілген.Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған.Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті элементтер қосындысы ретінде құрастырылған. Жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды.
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды. Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған. Бейбітшілік пен келісім сарайы сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан.
Сурет -8. Астана қаласының көрікті орындары (сурет автордыкі)
Хан Шатыр - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.
Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.
“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған. Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері - Норман Фостер. Бас мердігер Түркияның Сембол Констракшн (Sembol Constractoin) құрылыс серіктестігі.
Сурет -9. Астананың әсем ғимараттары (сурет автордыкі)
3 маусым - Қала сыртына тақырыптық экскурсиясына шықтық.Алжир саяси қуғындалғандар лагерь мұражайымен таныстық.
А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. 2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені.
Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.
.
Сурет - 10. Алжир мемориалды-мұражай кешені (сурет автордыкі)
Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына 1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді
