Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAJYN_OTChET_3_KURS АСЕМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

1. 2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы

“Звездный” жазғы лингвистикалық баларлар лагері Щучинск-Бурабай курортты зонасында, Қатаркөлге жақын қарағайлы орманда орналасқан. Мұнда балалар демалумен қатар, өздерінің дүнетанымын кеңейту үшін, мемлекеттік және өзге де тілдерді үйрену үшін келеді. Жайлы ғимарат кешені асханадан, оқу бөлмелерінен, ойын және спорт алаңдарынан тұрады. Мұнда тек Ақмола облысының балалары ғана емес, басқа аймақтан да балалар келеді. Лагердегі ауысым ұзақтығы-15 күн. Төменде осы лагерьдің бейнесі сурет -2 көрсетілген.

Cурет - 2. “Звездный” лагері (сурет автордыкі)

28 мамыр - Бурабай МҰТП туристік-рекреациялық ресурстарымен танысу. Абылай хан мұражайы Абылай хан алаңы т.б. туристік нысандарға бардық. «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені - Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы ,әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді.Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды. Бұл үйдің тұрғын орны туралы әртүрлі пікірлер бар. Шамаммен ол бекіністен төрт шақырым жерде Есіл өзенінің жоғары жағында тау етегінде ( жердің төменірек жері туралы айтылады) орналасқан деп айтылады, кейін қаланың сыртында болып шыққан. Бір жағынан бекіністен 15 шақырымнан астам жерде Ресей империясының бөгде адамдарына жер үзілді-кесілді берілмегені белгілі. Кейінірек,аңыз бойынша үй сол кезде жиі болатын өрттен күйіп кеткен дейді, ал оның орнына тастан үй салынған (Поляков диірменінің ғимараты) Ел аузынан түспейтін аңыз бойынша патша үкіметінің бекітуімен 1821 жылы Орта жүздің ханы - Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары форштадында екі қабатты тас үй салынды. Содан бері Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы бірінші құрылыс болған. 21.08.2008 ж. резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ашылды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді. Сурет –3 де Абылайхан мұражайы бейнеленген.

Cурет - 3. “Абылай хан” мұражайы (сурет автордыкі)

29 мамыр - Көкшетау қаласының туристік-рекреациялық нысандарымен таныстық. Көкшетау – Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған). Тарихы - Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.

6-8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды.

13-15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты.

17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті.

18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды. Сурет -4 те Көкшетау қаласындағы Жұмбақ тас бейнесі көрсетілген.

Сурет – 4. Көкшетау қаласының әйгілі орны (сурет автордыкі)

1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай'' тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды.

1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен К. бекінісі ресми тізімге енгізілді.

1839 ж. Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды.

1868 ж. Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды.

1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 – 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу...”.

1887 ж. Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5 – 10 жұмысшы, маусымдық 15 – 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді.

1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты Көкшетауды кезінде “ағаш қала” деп те атаған.

1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті. 1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді. 1916 ж. Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станыиясы жұмыс істей бастады.

19 ғ-дың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді. * 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уез

дік кеңесі Бурабай консерві зауытын, Харламовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт з-тын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.

1921 ж. 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.

1922 ж. Көкшетау – Қызылжар (Петропавловск) темір-жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.

1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады. * Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше зауыттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған)

1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау механикалық зауыты болып аталды.

1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы Көкшетау қаласы болды. 1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, темір-жолдар және автовокзалдар салынды. 1989 ж. Көкшетау қаласы АҚШ-тың Уокешо қаласымен бауырлас қала атанды. 1997 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкшетау облысы таратылып, оның аумағы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосылды. 1999 жылдың 8 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. Демалыс орындары - Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.

Ұлттық саябағы - Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан 60 км жерде орналасқан қорықтық аймақ.

1996 ж. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында құрылған. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқысы кіреді. Жерінің аумағы 586,8 мың гектар, оның 97,7 мың гектары орманды алқап, 166 мың гектары – жайылым, 7 мың гектары шабындық, 289 мың гектары – жыртылған, 25 мың гектарын сулы-батпақты жерлер алып жатыр.

Климаты – тым континенттік, қысы суық, қарлы, жазы қоңыржай. Орман арасындағы көгалдар мен өзен алқаптарын астық тұқымдас өсімдіктер басқан.

Саябақта 200-ге жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының маңында 19-ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Онда ұлы ғалым Шоқан Уәлихановқа тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылған.

Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарлардан: бұлан, елік, борсық, түлкі, орман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады.

Cурет – 5. Көкшетау қаласының туристік орталықтары (сурет автордыкі)

30 мамыр - Бурабай МҰТП басқару әкімшілігімен кездесіп дөңгелек үстелге қатыстық.Көкшетаудың туризм жағдайы талқыла салынды. Әр түрлі сұрақтар қойылып,түрлі мәселелер қаралды.

31 мамыр - Қатаркөлге бағытталған оқу тәжірибелік жорық болды.

Қатаркөл, Қотыркөл – Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Щучинск қалысының шығысында 16 км, “Бурабай” курорты темір жол станциясынан 23 км қашықтықта, Қотыркөл көлі жағасында орналасқан. Тұрғыны 2,8 мың адам (2003). Іргесі 1849 ж. қаланған. 1930 ж. мұнда Буденный атындағы ұжымшар ұйымдастырылған. Оның негізінде 1996 ж. бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Қотыркөлде кірпіш зауыты, малдәрігерлік-зоотехника колледжі, т.б. бар. Төменде 6 суретте Қатаркөл көлі бейнеленген.

Сурет – 6. Қатаркөл көлі (сурет автордыкі)

1 маусым - Бурабай-Щучинск курорты зонасына бағытталған экскурсия болды.

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км².

Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]