
- •1 Қазақстан қалалары алматы-астана-бурабай-көкшетау-бурабай-астана-қарағанды-алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы
- •1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы
- •1. 2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы
- •1. 3 Астана қаласына кешкі экскурсия
- •1.4 Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясы
- •2 Жшс « dda cargo»туристік компаниясы
- •2.1 « Dda cargo»жшс-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны
- •2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау
- •2.4 Кәсіпорынның маркетинг қызметінің тиімділігін талдау
- •Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.
- •2 Кесте « dda cargo»жшс-нiң технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвесторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні белгілі.
- •Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:
- •Кәсіпорыннің қаржылық жағдайының әлеуеті
- •3 Екі ел арасынағы практикаға талдау жасау (өзбекстан мен қазақстан мысалында)
3 Екі ел арасынағы практикаға талдау жасау (өзбекстан мен қазақстан мысалында)
Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Ұлттық валютасы — теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.
Өзбекстан – Орта Азиядағы дамушы елдердің бірі. Өзбекстан Республикасы – Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қазақстанмен, шығысы мен солтүстік-шығысында Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, оңтүстік-батысында Түрікменстанмен, оңтүстігінде Амудария өзен арқылы Ауғанстанмен шектеседі. Солтүстік жағы Арал теңізімен шайылады. Өзбекстан 1924 жылдың 27 қазан айында құрылды. Жері – 447,4 мың км2. Астанасы — Ташкент қаласы. Табиғат өңірі жер бедері жөнінен — солтүстік-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Амудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан т. б. жоталардан құралады; бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрен, Қашқадария, Сурхандария т. б. аңғарлар орналасқан.
Осы екі ел арасындағы парктикаға талдау жасайтын болсақ. Парктика барысында бұл екі елдің өзіндік ерекшелігі, екі ел арасында өзіне тән қызмет көрсету сапасы бар екенің, әр ұлттың әдет ғұрпымен және т.б. таныстық. Біздің алған білімімізді іс жүзінде қалай іске астының көріп яғни, іс жүзінде көре алдық. Ал енді екі ел арасындағы практикаға талдау жасасақ:
- Қазақстан: экскурсия сапасы Өзбекстанмен салыстырғанда төмен, сондай ақ орналастыру орындарының сапасы да мәз емес. Бурабай курортты аймағындағы өзге қонақ үйлермен орналасу орындарының бағасы қымбат, және бұл құбылыс туристік ағым санының артуына кері әсер етіп отыр.
- Өзбекстан елінің туристік әлеуеті мәдени тарихи, танымдық туризмге бағытталса, Астана Бурабай өлкесі экологиялық туризмммен айналысуға тиімді.
- Қазақстан практикасындағы гид экскурсоводтармен, тасмалдаушы транспорттың сапасы Өзбекстан елінде өткен оқу практикасына қарағанда төменірік.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының қалалыры бойынша оқу өндірістік практикасы барысында алған біліміміз жоғары деңгейде болды. Практика барысында өткен теориялық білімімізді іс жүзінде іске асқаның көре алдық. Қазақстан қалалары Алматы Астана Бурабай Көкшетау Бурабай Астана Қарағанды Алматы бағыттары бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы бойынша бағдарлама он күнге созылды және өте қызық естен кетпес күндер өтті. Біз мұнда ел ордамыз Астананың көрікті орындарымен, әсем ғимараттарымен, мұражайларымен таныстық. Бүгінде қонақ үй индустриясы жоғары деңгейлі бәсекелестігі бар сала болып табылады. Күн өткен сайын жаңа бір мейрамхана немесе қонақ үй ашылып жатқанының куәсі болып жатамыз. Жаңа концепциялар белгілі бір тұтынушылар тобының талғамын қанағаттандыру мақсатымен жасалады. Мекеме құрылғаннан аз уақыттан кейін олардың бір бөлігі бәсекелестікті көтере алмай, бизнестен шығып жатады. Қонақ үй шаруашылығында «сервис» сөзіыңғайлылықтың жоғары деңгейін, қонақтардың түрлі тұрмыстық, шаруашылық және мәдени талаптарын қанағаттандыруды білдіреді. Және де жыл сайын қызметке деген қойылатын талаптар күшейе түседі. Қонақтарға көрсетілген қызмет сапасы мен мәдениеті жоғарылаған сайын, қонақ үйдің бедел-бейнесі де жоғарылай түседі, клиенттерге тартымдырық болып, қонақ үйдің материалдық өркендеуі де арта түседі. Қонақ үй үшін маңызды мәселе ретінде жоғары сапалы қызмет көрсететін мекеме атағын алу болып табылады. Қонақтарға жоғары сапалы қызмет көрсету қонақ үйдің барлық қызметшілері жұмысының ұжымдық күш-жігерімен, тұрақты да тиімді бақылаумен, қызмет көрсетудің әдістерін жетілдіру жұмыстарын өткізумен, алдыңғы қатарлы тәжірибе, жаңа техника мен технологияларды зерделеу мен енгізуарқылы, ассортиментті кеңейтумен және көрсетілетін қызмет сапасын үнемі жетілдірумен қамтамасыз етіледі. Қонақжайлық индустриясы мекемелерінің бүгінгі бәсекелестік жағдайында, әрі қарай жұмыс істеймін дегендері, бұдан әрі әдеттегі тиімсіз, консервативті өндіріс мәдениетінің формаларына сүйене алмайды. Өтіп жатқан нарық экономикасына көшу үрдісі қонақ үй қызмет сапасын жақсарту мақсатында ерекше басқару шешімдерін іздеу қонақ үй жоғары менеджментінің сапаны талдау мәселесіне жүгінуін талап етеді, ал бұл біздің зерттеуіміздің өзектілігін баса көрсетеді. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі мәселелер шешілді:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ. 2008
|