Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DAJYN_OTChET_3_KURS АСЕМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.48 Mб
Скачать

Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:

  • негізгі қорлар объектілерінің іске жаңадан қосудан;

  • бұрын пайдалануда болған негізгі қорларды сатып алудан;

  • заңды және жеке тұлғалардан негізгі қорларды қайтарымсыз негізде

  • жалдан;

  • қайта бағалаудың есебінен жүреді.

Негізгі құралдардың жағдайымен оларды пайдалану дәрежесі – сараптау қызметінің маңызды белестерінің бірі. Себебі өндіріс тиімділігін арттырудың басты факторы негізгі қорлары екені белгілі

Негізгі қорлардың шаруашылық жүргізуші жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдағы мөлшері жоғары деңгейде болуы заңды құбылыс. Негізгі қорлардың сандық, сапалық жағдайы және оларды тиімді пайдалану кәсіпорының соңғы нәтижесін анықтауда айтарлықтай әсер береді.Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің өсуі кәсіпорынның алдағы стратегиялық жоспарларына үлкен көмегін тигізуі мүмкін. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі кәсіпорынның қуаттылығымен қоса техникамен қаруланғандығын білдіреді, бұл өз кезегінде қор қайтарымдылығының өсуіне әсерін береді.

    1. Кәсіпорыннің қаржылық жағдайының әлеуеті

Нарық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнге ие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.

Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып саналады.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:

  • ішкі және сыртқы ортаға байланысты;

  • маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;

  • қарапайым (жәй) және күрделі;

  • тұрақты және уақытша.

Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.

Инвестициялық тартымдылықтың маңызды факторларының бірі – кәсіпорындағы қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық бағыт, оны ұйымдастыру мен басқару стратегиясы және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына қарыздық міндеттемелер нарығының үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да « DDA CARGO»ЖШС-ң активтерінің қорлану көздерін талдау негізінде оларды бағалау қажет. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының бар екендігін көрсетеді.

Тәуелсіздік коэффиценттің мәні – кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Батыс экономистері тәуелсіздік коэфицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздрінің тұрақты құрылымын сақтау мүмкіндік береді. Ивесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды бақылайды. Себебі, осы жағдайларды кәсіпорынның қоржындық пайын иемденуге болады деп есептейді.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және кәсіпорынның атағына үлкен мән берілетін нарықтық экономкасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэфицентіне жоғары талап қойылмайды. Мәселен, тәжірибеде оны 0,2 дейін төмендетуге дейін болады.

Тәуелсіздік коэффиценттін мешікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықталады.

Ктәуелсіздік кв ;

КТ (2010 ж) = - 1094 / 1761 = - 0,62

КТ (2011 ж) = - 848 /3287 = - 0,25

Бұл деректерден, кәсіпорынның меншікті капиталының шоғырлануы 0,37 позицияға өскенін көруге болады. Дегенмен, кәсіпорын сырттан қаржы тартуға мүмкіншілігі бар екенін көрсетеді.

Материалдық айналым капиталының айналымдылығының жоғарғы көрсеткіштері және дебиторлық борыштардың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффиценттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестілігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Қаржыландыру коэффиценті < 1болатын жағдай (кәсіпорынның меншікті капитал бөлігі қарыз қаражаттармен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің кауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындататын көрсетеді. « DDA CARGO» ЖШС -нің бұл көрсеткіші 2011 жылы төмендеген, сондықтан кәсіпорын басшылығы осы бағытта белсенді жұмыс жасау керектігі алға шығады.

Әдетте кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, өтімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізеді. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелер мен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіп пен топталады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді: абсалютті өтімділік коэффиценті, аралық өтеу коэффиценті, ағымдағы өтімділік коэффиценті. « DDA CARGO» ЖШС-нің өтімділігін талдау барысы:

Абсалютті өтімділік коэффициенті:

Кабс = ақша қаражаты / ағымдағы міндеттемелер

Кабс 2010 = 263 / 2846 = 0,09

Кабс 2011 = 1191 / 3278 = 0,36

Кәсіпорынның абсалютті өтімділігі 2011 жылы 0,27-ге өскен. Бұл мәннің ұсынылатын мәні 0,2 болғанымен, мөлшерін белгілеу көбіне дұрыс болмайды. Себебі әр кәсіпорын банктегі шоттары мен кассадағы ақша көлемін өз көзқарастарымен шектеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]