
- •1 Қазақстан қалалары алматы-астана-бурабай-көкшетау-бурабай-астана-қарағанды-алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы
- •1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы
- •1. 2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы
- •1. 3 Астана қаласына кешкі экскурсия
- •1.4 Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясы
- •2 Жшс « dda cargo»туристік компаниясы
- •2.1 « Dda cargo»жшс-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны
- •2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы
- •2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау
- •2.4 Кәсіпорынның маркетинг қызметінің тиімділігін талдау
- •Қазіргі кездегі бәсекелестік күрестерде кәсіпорындардың қайсысы қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алса, солар нарық жағдайында оң нәтижеге жететіні белгілі.
- •2 Кесте « dda cargo»жшс-нiң технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын артыруда инвесторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні белгілі.
- •Негізгі қорлардың өсуі құндық көрсеткіште:
- •Кәсіпорыннің қаржылық жағдайының әлеуеті
- •3 Екі ел арасынағы практикаға талдау жасау (өзбекстан мен қазақстан мысалында)
мазмұны
кІРІСПЕ………………………………………………………………………………3
1 ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ АЛМАТЫ-АСТАНА-БУРАБАЙ-КӨКШЕТАУ-БУРАБАЙ-АСТАНА-ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫ БОЙЫНША БЕКІТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАҒА САЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШЫҒУ ЭКСКУРСИЯСЫ…………………………………………………………………….5
1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы………..……….5
1.2 Щучинск-Бурабай курортты зонасы………………………………...…..7
1.3 Астана қаласына кешкі экскурсия …………………………………….13
1.4 Қарағанды қаласының экономикалық-әлеуметтік оқу экскурсиясы…17
2.ЖШС « DDA CARGO»ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫ……….....……….........20
2.1» DDA CARGO»ЖШС-ң құрылу тарихы және туризм саласындағы орны..........................................................................................................20
2.2 Кәсіпорынның экономикалық-ұйымдастырушылық қызметінің сипаттамасы ...............................................................................................23
2.3 Кәсіпорын бойынша тәуекел түрлерін, оның әсерінен болатын шығындарды талдау......................................................................................24
2.4 КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.....................................................................................................29
2.5» DDA CARGO»ЖШС-Ң ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ............................................33
2.6 КӘСІПОРЫННІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ............38
3 ЕКІ ЕЛ АРАСЫНАҒЫ ПРАКТИКАҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ (ӨЗБЕКСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАН МЫСАЛЫНДА)......................................................................40
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………...42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………….43
кІРІСПЕ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультетінің туризм мамандығының 3 курс бойынша оқу-өндірістік практикасы 26.05.14- 28.06.14 уақыт аралығында болып өтті.
Мақсаты: Ұйым практикалық тәжирбесін алу және Қазақстан мен қапсарлас елдерде туристік саяхаттау жүргізу, экскурсиялық қызмет көрсету, туристік ақпарат жинақтап, өңдеу болып табылады.
Міндеттері: Теориялық материалдарды практика жүзінде жетілдіру, экскурсия методикасын үйрену, танымдық экскурсия өткізудің тәсілдерін үйрену. Алматы облысы, Қарағанды және Ақмола облыстары бойынша туристік-рекреациялық ресуртармен танысу, кәсіби экскурсоводтар тәжірибелерімен танысу, жаңа мәліметтерді алу, туризм инфрақұрылымындағы орналастыру орындарының құрылымен, құрылысымен өндірістік тұрғыда танысу, білім алып, оны жетілдіру. Сонымен қатар, отандық туризмге деген қызығушылықты одан ары арттыру, құнды тарихи-мәдени объектілермен танысу, елімізге деген қамқорлықты, экологиялық тазалықтың маңызын, танымдық туризм, жаяу, ат, велотуризм, су туризмін меңгеру жатады.
Практика келесі кезеңдерден тұрады:
1. Жолға дайындық, маршрут бойынша мәліметтер жинау.
2. Алматы – Астана – Көкшетау – Бурабай – Астана – Қарағанды - Алматы
3. Өндірістік практика өтетін мекеме
4. Есеп дайындау және қорғау.
Практика кезінде студенттер экскурсия бойынша кітапханалардан, интернет көздерінен мәліметтер жинастырды және де маршрут карточкаларын, карта-схемаларды, сонымен қоса фотоматериалдар дайындады.
Соңғы кездері, қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Халықаралық туризм халықтың жұмысбастылығына қатты әсер етеді. Қазіргі кезде әрбір 15-ші қызметкер әлемде қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен 7%-ы, салық түсімдерінің 5%-ы, тұтынушы шығындарының 11%-ы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, әсіресе қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады.
Қонақ үйдің басты көзі – турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.
Бұл жерде айта кету керек, қонақ үйлердің түрлі үлгілерімен берілген қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, қонақ үй деп жиһаздармен жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі жағдайда қонақ үй дегеніміз – азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан топтарға қонақүйлік қызмет көрсету мекемесі.
Қазіргі қонақүйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық салондар қызметі мен т.б. қызмет түрлерін көрсете алады. Шындығында, қонақ үй мекемелері туризм мен қонақжайлық индустриясы құрылымының басты функцияларын орындауда, себебі, олар тұтынушыларға дайындалған құрама қонақүйлік өнімді ұсынады, бұл өнімді дайындап, алға жылжытуда туризм мен қонақжайлық индустриясының барлық элементтері мен бөлімшелері қатысады. Осыған байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Қонақжайлық – бұл келушілерді кішіпейілділікпен күтіп алу мен сыйлау, кезбелерді ақысыз қабылдау мен тамақтандыру немесе бір сөзбен айтқанда, кезбеқабылдау. Қонақжай болу дегеніміз – келушілерге жылы қабылдау ұсынып, олар үшін тыныш, қолайлы және жылы шырайлы жағдай ұсына білу.
Өндірістік практиканың мақсаты: студенттердiң өндiрiстiк практикасы оқу кезінде алған теориялық білімдерін жетілдіру мен бекіту, практика өтетін ұйымдар мен мекеме жұмыстарын терең зерттеу негізінде аналитикалық және басқару дағдыларына ие болу мақсатында жүргізіледі.
Өндірістік практика міндеті:
ұйымдастырушы, басқарушы жұмыс тәжiрибесін жинау;
ұйым немесе кәсіпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымстырушылық құрылымын зерттеу;
ұйым немесе кәсіпорынң стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс-әрекетін сипаттайтын материалдарға талдау жасау;
ұйым немесе кәсіпорын материалдық-техникалық базасын, капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын,еңбек тиiмдiлiгін және өнiмдiлiгін анықтайтын шараларды талқылау;
жаңа бағдарламалармен, технологияларымен, компьютерлік қызмет көрсетумен танысу;
келісімшарт, шарт, әріптестердің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау;
Практиканың өту орны, мекен-жайы, тәжірибе өткізілген мерзім Тәжірибе Жамбыл облысы Тараз қаласы, әл-Фараби көшесі, 1а мекен-жайында орналасқан ЖШС «ArkMC қонақ үйі» қонақ үйінде 09.06.2014 ж. – 28.06.2014 ж. аралығында өткізілді. Тәжірибе өту барысында нәтижесінде есеп жасалынды.
1 Қазақстан қалалары алматы-астана-бурабай-көкшетау-бурабай-астана-қарағанды-алматы бағыты бойынша бекітілген бағдарламаға сай ұйымдастырылған шығу экскурсиясы
1.1 “Мәңгілік ел Астана” тақырыбына оқу экскурсиясы
Астана - Қазақстан Республикасыны елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Тарихы - Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Экскурсия бойынша жүріп өткен қаланың назар аударарлық орындары:
Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Бәйтерек бейнесі сурет – 1 көрсетілген.
Сурет - 1. Астана қаласының көрікті ғимараттары (сурет автордыкі)
Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар. Экскурсиядан соң, Бурабай елді-мекені “Звездный” лагеріне келдік.