
Билет №1
1)Цитология-грек цитос-клетка,логос-ғылым.Клетканың құрылысын.хим.құр және клетка ішіндегі түрлі құрылыстардың атқаратын қызметтерін зерттейтің биология ғылымының маңызды бір саласы. Жасуша теориясы— жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым.Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн.Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.
2)Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығынын саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің кұрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және кұрттарды жатқызды.Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды.
Билет №2
1)Табиғатта кездесетің 105хим.элем 80ге жуығы тірі ағза жасушасында болады.Жасушаның хим.құр ондағы органикалық және бейорганикалық қосылыстардың болуымен анықталады.Бейорганикалық заттар су мен минер.тұздар.Су-жасуша ушін еріткіш болып келеді.Жасушаға заттар тек еріген куйінде түседі,сондай-ақ адам тіршілік әрекетінің зиянды заттары шығарылады.Цитоплазмада шамамен 80%су болады.Бейорганикалық қосылыстар -натрии,магнии,кальциикалии тұздары құрайды.
2)Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің жаңа қолтұқымдары шығарылды.Ч.Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюциясының 3факторын анықтаған.Олар тұқым қуалайтың өзгергіштік,тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау.Осы ушеуи өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасынан бейімделіп,өзгеріп отырады.Міне бұл Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары.
3)Қоршаған ортаның ластануына зиянын келтиретин қазіргі кезде көліктердің,ұшаұтардың,завоттардың көп болуы.Мысал келтірер болсақ Теміртау қаласында Жезқазған қаласынды завоттар коп болғандықтан тутинде көп болады соған байланысты ауа яғни қоршаған орта ластанып жатыр деген сөз.