
- •Полиневропатия. Классификациясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагостикасы, емі.
- •2. Жүйке жүйесінің вегетативті аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •Вегетативті тамырлық дистония
- •Меньер ауруы
- •Эритромелалгия
- •3.Цереброваскулярлық аурулардың алдын алу. Бірінші және екінші алдын алудың ерекшеліктері.
- •4.Обсессивті-компульсивті бұзылыстар (клиникасы, ахж-10 бойынша диагностикалық критериі, емі)
- •Больная днем в присутствии родственников после конфликта упала на диван, закатила глаза.
№10 билет
Полиневропатия. Классификациясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагостикасы, емі.
Полиневропатия – баяу салданулар н/е парездер мен сезімталдық, вегетатаивтік ж/е трофикалық бұзылыстардың аяқ-қолдаң төменгі бөлшектерінде басым байқалуымен сипатталатын шеткі нервтердің көптеп зақымдалуы. Эти. Біріншілік ж/е екіншілік инфекциялар (тұмау,эпид.паротит),уыттанулар(алкоголь, мышьяк, қорғасын, сынап), бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары,коллогеноздар,генетикалық ферменттердің ақаулары,т.б.зат алмасу бұзылыстары әсерінен п.б.эметин,висмут,алтын тұздары,сульфаниламидтер,изониазид,антибиотиктерді т.б. дәрілерді ұзақ қолданғанда медикаментозды полиневропатия п.б. сонымен қатар иммундық,аллергиялық реакциялар да әсерін тигізеді. Классиф. 2 топқа бөлінеді:аксонопатиялар (аксондардың осьтік цилиндрлері зардап шеккенде),демиелинзирленген полиневропатия (миелинді қабық зақымданғанда). Аксонопатия – әдетте токсикалық ж/е метаболитикалық зақымдану н/е генетикалық ақау болғанда дамиды. Демиелинзирленген полиневропатия – жиі аутоиммунды н/е тұқымқуалау салдарынан дамиды. Клин. Демиелинзирленген полиневропатия кезінде ірі миелинизирленген қозғалыс ж/е сезімтал проприоцептивті талшықтар зақымдалады,миелинзирленбеген вегетативті беткей сезімтал талшықтар зақымдалмайды. Бұл кезде сенситивті атаксия,вибрациялық сезімнің жоғалуы болады. Беткей сезімталдық салыстырмалы сақталады. Аяқтың дистальды бөлігінде, кейде проксимальды бөлігінде парездер болады. Бұлшықет атрофиясы,жалпы әлсіздік болады. Этиологиясын жойғаннан кейін 6-10 аптада миелин қабығы қалпына келеді. Аксонопатия кезінде көбіне ауырсыну ж/е температураны сезіну бұзылады,амиотрофия жылдам дамиды. Алғашқы кезеңінде терең сезімталдық сақталады. Емі. Этиологиялық (м-ы, инфекциядан дамыса-антибиотик). Ауыр кезінде өмірге қажетті мүшелерді сақтауға арналған емдік шаралар жүргізіледі ж/е дезинтоксикациялайтын препараттар тағ. Полиневропатияның түріне қарамастан В тобындағы витаминдер,аскорбин қышқылы қолд. Ауырсну аса айқын байқалса новокаин электрофарезі,УЖЖ,индуктотермия,ультрадыбыс қолд. Бірінші күннен бастап дибазол қолд. Неврологиялық симптомдардың үдеуі тоқтағанда антихолинэстераздық преп.тағ. 4 бөлімді ванналар тағайындалады.
2. Жүйке жүйесінің вегетативті аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
Вегетативті бұзылыстар - тұрақты және пароксизмальды симптомдармен көрінеді.
Этиологиясы- жедел және созылмалы инфекциялар, интоксикация, бас –ми травмасы, ми ісіктері, ми қанайналымының жеткіліксіздігі, созылмал психикалық травма, эндокринді бұзылыстар, ішкі мүшелердің жедел созылмалы аурулары.
Вегетативті тамырлық дистония
Кл.жалпы әлсіздік, шаршағыштық, физикалық және психикалық жүдеу, жүрек аймағында ауырсыну, жүрек соғысы, ауа жетіспеушілік сезімі, дем алуына қанағаттанбаушылық, тұрақсыз нәжіспен көрінеді.Тексергенде терең рефлекстердің жоғарылауы, АҚ ассиметриясы, тахикардия,пульс лабильділігі, тершеңдіктің жоғарылауы, дермографизм айқын өзгерістері, саусақ пен қабақтың треморы. Эмоциональды бұзылыстар үрей, қорқыныш(паника)- ұйқы бұзылысы.
Вегетативті ығысулар симпатикоадренальді кризбен көрінеді.Оған эмоциональды күштеме, ауа райының өзгерісі, менструация, ауырсыну факторлары әсер етеді.Ұстамалар алдын ала белгілерінсіз екінші күні немесе түнде пайда болады. Кейде бұл ұстамаға көңіл-күй өзгерісі , бас ауру, жүрек аймағында жағымсыз сезім, әлсіздік қосарланады. Пароксизм кезінде денеде қалтырау тәрізді діріл, бас ауру , аяқтың ұюы немесе суықтауы, АҚ-ның 150-180ге көтерілуі, жүрек аймағында жағымсыыз сезім және «қаз терісі».Кейбір науқастарда температура 38-39-га жоғарылайды, қозу, өлім қорқынышы пайда болады. Ұстаманың ұзақтығы 15-20мин -2-3сағ және жоғары. Ұстамадан кейін жалпы әлсіздік және осындай пароксизмнің пайда болуына қорқыныш үрей сақталынады. Баста,бетте ыстық сезім пайда болады, біреу қылғындырып жатқандай сезімдеболады, бас айналу ,кейде эпигастральды аймақта жағымсыз сезім, лоқсу, тершеңдік, панос пен зәр шығарудың күшеюі, Квинке ісігі немесе крапевница тәрізді аллергиялық көріністер болуы мүмкін.
Аралас криз симпатикоадренальды және вагоинсулярлы криздің қосарлануымен немесе олардың кезектесіп өтуімен сипатталады. Вегетативтік пароксизмдер гипоталамикалық аймақтың зақымдалуымен ғана емес, лимбикалық қыртыс (паникалық бұзылыстар), самай аймағы(самайлық эпилепсия белгілері: іштің ауырсыну сезімімен бірге аура 1-3мин, лоқсу, перистальтиканың күшеюі, жүрек аймағы ауырсынуы, аритмия, тыныс қиындауы, гиперсаливация, еріксіз шайнау, жұту, тершеңдік, сананың өшуі,және тоникалық,клоникалық тырысу),ми бағаны (қарашықтың кеңеюі, ретикулярлы формация функциясының бұзылысы, катаплексия, ұйқы бұзылысы).
Терморегуляцияның бұзылысы ұзақ субфебрильді температураның гипертермиялық криз, 38-40-ка дейін жоғарылаумен сипатталады. Вегетативтік тамырлық дистонияның көріністері байқалады, температура көтеріледі де,кешке төмендейді. Қабынулық өзгерістер қан мен зәрде анықталынбайды. Амидопирин бергенде температуранын төмендеуі болмайды, осыдан білуге болады. Терморегуляцияның бұзылысы түрінде қалтырау синдромы ретінде көрініс табады, мұндай науқастар пагоданың тез өзгерісін, төмен температураны нашар қабылдайды. Температура бұл адамдарда қалыпты немесе аз ғана жоғары болады. Олар үнемі жылы киінеді, ішкі температура жоғары болсада, олар әрдайым терезелерді жауып жүреді және ванна қабылдаудан қорқады. АҚ-ның тербелісі, тершеңдік байқалады. Эмоциональды тұлғалық бұзылыстар, соның ішінде әртүрлі фобиялармен қосарланған ипохондриялық тип, мотивация және әуестік бұзылысы. Қоршаған орта өзгерісіне организмнің адаптациясы бұзылған.
Нейроэндокринді алмасу бұзылысы май,көмірсу, ақуыз, су-тұз алмасуы бұзылады, шөлдеу, тәбет булемия немесе анорексия түрінде және сексуальді бұзылыстар, Иценко-Кушинг, Фрелих- Бабинскийдің адипозогенитальді дистрофиясы, Симмондс, қантсыз диабет (полиурия, полидипсия,зәр салыстырмалы тығыздығы төмендеуі) дамуы мүмкін. Жас әйелдерде климакс ерте байқалуы мүмкін.
Нейродистрофиялық форма терінің трофикалық бұзылыстары (қышу,құрғау, нейродермит, жаралар) бұлшық ет, сүйек бұзылысы, асқазанның кілегейлі қабықшасы, өңеш, асқазан, он екі елі ішек перфорациясы.
Ұйқысының бұзылысы қиындықпен ұйықтау, түнгі уақытта үрейлі беткей ұйқы, күндіз ұйқышылдық, кейде гиперсомния симптомокомплекстермен көрінеді:нарколепсия, клейн-левин синдромы,пиквик синдромы.
Емі:
1.симпатикалық немесе парасимпатикалық тонусқа әсер ететін препараттар –пироксан, грандаксин, эглонил, беллотаминал.
2.дегидротационды препараттар
3.қабынуға қарсы препараттар
4.негізгі ауруды емдеу, егер гипоталамикалық синдром екіншілік болып табылса, мұндай жағдайда дезинтоксикационды терапия, витамин В,С,Са препараттары, аминоқышқылдар,антидепрессанттар,симпатикалық тонусты төмендету үшін белок пен май, жылы ванна ,теңіз климатын шектеу.
Рейно ауруы.
Этиологиясы- инфекция, эндокринді бұзылыстар, жұлынның бүйір мүйізінің тума жеткіліксіздігі.
Клиникалық көрінісі 3 стадиядан тұрады.
1-стадия бұл белгілі бір аймақтағы капилляр және артериялардың кенеттен спазмының болуымен сипатталады,осы аймақтар бозғылт, сипағанда суық, кейін сезімталдық төмендейді. Ұстама ұзақтығы бірнеше мин- 1сағ және жоғары, осы ұстама біткесін, спазм қалпына келеді, ұстамалар әр түрлі уақытта қайталануы мүмкін.
2-стадия бұл асфиксия көріністерімен қосарланған, мұнда спазм көк-фиолетовый түсте көрінеді, қатты ауырсыну пайда болады, асфиксияның орнында сезімталдық жоғалады.Осы стадияның басты механизмі вена парезі. Бірнеші уақыттан кейін бұл көріністер жоғалады.
3-стадия ұзақ асфиксияның әсерінен дамиды. Бұл кезде аяқтарында ісіну, көк-күлгін түсті,қанды құрамды көпіршіктер пайда болады. Осы көпіршікті жарған кезде тіннің некрозы пайда болады, ауыр жағдайларда сүйекке дейінгі барлық тіннің некрозы пайда болады.Бұл процесс тыртық қалыптасумен аяқталады.Клиникалық көріністері жиі саусақтарда,сирек аяқта ,құлақта, мұрын ұшында пайда болады. Осы ауру ерекшелігі осы көріністердің симметриялы болуы,бұл ауру созылмалы, 10-жылға дейін созылуы мүмкін, гангрена сирек болады. Бұл кезде саусақ немесе оның бөліктерінің жансыздануы мүмкін.
Диагностикасы. Бозару ұстамасы немесе саусақтардың ұстамасы, әсіресе 2-ші,3-ші, зақымдалудың симметриялылығы, гангренаның болмауы, ауру ұзақтығы кем дегенде екі жыл.
Емі. Адреноблокатор, ганглиоблокатор, транквилизатор, спазмалитикалық тамыр кеңейтуші препараттар, жылы ванна.Десимпатизация немесе преганглионарлы симпотэктомия.