Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биология 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.68 Кб
Скачать

3.Генетика есептерін шығару алгоритімі.Пеннет торы.

Пеннет торы

Әр түрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау үшін ағылшын генетигі Р.Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейіннен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық және аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар жазылады. Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.

Ғ9 ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы мынадай 9:3:3:1 сандар қатынасында болған. Сонда 9 өсімдіктің тұқымы сары, тегіс; 3 өсімдіктің тұқымы сары, бұдыр; 3 өсімдіктің тұқымы жасыл, тегіс; 1 өсімдіктің тұқымы жасыл, бұдыр болған. Дигибридті будандастыруда Ғ2 кезінде генотип бойынша ажырауы (1:2:1:2:4:2:1:2:1) белгілердің екі жұбының әрқайсысының 1:2:1 қатынасында ажырауын көрсетеді.

Билет №26

1.Нуклейн қышқылдары:днк,рнк олардың құрылымы,қасиеттері биологиялық маңызы.

2.Биотикалық фактор оның жүйеленуі бәсекесушілік,жыртқыштық,антибиоз,симбиоз,паразитизм.

3.Гендік мутацияға мысал келтіре отырып мысал келтір

Нуклейн қышқылының екі түрі бар:ДНК және РНК монометрі нуклеотид болатын биополимерлер.

Нуклеотидтің құрамы:

1.Рибоза немесе дезоксирибоза

2.Азотты негіз-аденин,гуанин,цитозин,тимин,урацил

3.Фосфор қышқылының (H3PO4)қалдығы.Азоттық негіздің комплементарлары А-T(ДНК),А-У(РНК)Г-Ц.

ДНК(дезоксирибоза қыщқылы молекуласы) бір бірімен кезектесіп тізілген дезоксирибоза қанты мен фосфор қышқылының қалдықтары бар қос орамды екі полимерлі жіпше түрінде болады.Полимерлік жіпшенің әрбір қант қалдықтарына түзу бұрыш бойында азоттық негіздердің біреуі(А,Т,Ц,Г)байланысады.Екі полимерлік жіпше өзара бір бірімен екі жіпшедегі азоттық негіздердің арасында(А-Т ,Г-Ц)сутектік байланыстың түзілуі нәтижеінже байланысады.Яғни бір жіпшедегі А екінші жіпшедегі Т мен сутектік байланыс түзеді.Аденин мен тимин арасында екі,ал цитозин мен гуанин арасында үш сутектік байланыс түзіледі,осыны азоттық негіздердің комплементарлығы деп атайды.

ДНК қызметтері-тұқым қуалаушылық ақпараты мен генетикалық кодты сақтап,ұрпақтан ұрпаққа беру,сонымен қатар белоктың бисинтезіне қатысу.

РНК(рибонуклеин қышқылы)бір тізбекті полимер,оның полимерлі жіпшесі рибоза қант қалығы мен фосфор қышқылы қалдығының кезектесіп орналасуынан тұрады.Жіпшедегі әр қант қалдығына азоттыұ негіздер(А,Г,Ц,У)жалғасқан.

РНК түрлері:

1.Ақпараттық РНК немесе матрициалық РНК(аРНК)ДНК дағы нәруыздар туралы генетикалық ақпаратты көшіру және протеин синтезі жайлы ақпаратты цитоплазмаға жеткізу.

2.Тасымалдаушы РНК(тРНК)амнқышқылдарын рибосомаға.

3.Рибосомалық РНК(рРНК)рибосоманың құрылымдық деңгейін түзеді,осында белок биосинтезі жүреді.РНК белок биосинтезіне қатысады.

3.Гендік мутация.Мутацияның мұндай түрі жекеленген гендерде болады және жиі кездеседі.Гендік мутация ДНК молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретінің өзгеруіне байланысты болады.Мысалы,ДНК құрамындағы қатар тұрған екі нуклеотидтің орын алмастыруға немесе бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін.Соның салдарын генетикалық код өзгереді де,тиісті белок синтезделмей қалады немесе синтезделген белоктың қасиеті өзгереді.Ол аяғында келіп,организм белгісінің өзгеруіне апарып соғады.Гендік мутацияның нәтижесінде жаңа аллельдер пайда болады.Мұндай мутацияны селекцияда ,өсімдіктердің жаңа сорттарын,жануарлардың тұқымдарын және микроорганизмдердің жаңа түрлерін алу үшін қажетті материал ретінде пайдаланылады.

2.Симбиоз (селбесу) дегеніміз — әр түрге жата даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде. пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола ал; Олардың ас ңорыту жолдарында талшықтылар кендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректен қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар ж ге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.  Өсімдіктердің арасындағы  симбиозға  жақсы  мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар   мен   саңырауқұлақтар - селбесіп  тіршілік  етуі  нәтижесінде  түзіледі.  Әріптестік  бірігіп   тіршілік   ету.    Екі   популяция бірлестік   түзеді.   Бірақ   бұл   бірлестік   міндетті   емес.   Әр бөлек   тіршілік   ете   алады,   бірақ   бірігіп   тіршілік ету   екеуіне   де   пайдалы.   Мысалы,   құстардың   бірнеше түрінің   бірігіп   ұя   салуы,   тырна   мен   крачка,   олардың бірігіп  өмір сүруі жауларынан  қорғануды  жеңілдетеді.

Жыртқыштық. Популяциялардың  біреуі  екіншісіне қолайсыз  әсер  ете  отырып,  пайда  алады.  Әдетте  жемтігін жыртқьш  өлтірп, онымен  қоректенеді. «Жыртқыш - жемтік»     қатынасының     негізінде     қоректену     тізбегі жатыр.   Жыртқыштарды   зиянды   жануарлар   деп   бір жақты   қарастыруға   болмайды.   Себебі,   әдетте   жыртқыштың аузына  ауру   және  әлсіреген   даралар   түседі де, аурудың   таралуының   алдын   алып,   популяцияны сауықтырады.    Мысалы,    қасқырлар    орманды    тундра мен     тундрада     солтүстік     бұғыларының     интенсивті көбеюі мен тіршілік қабілеттілігін арттырады.

Паразитизм   (грек   тілінен   аударғанда   parasitus – арамтамақ). Бір     түр     (паразит)     екіншісінің  (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түрарлық қарым-қатынастарды паразитзм деп атайды. Адам тамаққа шикі немесе шала піскен етті пайдалану нәтижесінде сиырдың таспа құрттарын жұқтырады. Адамның   ас   қорыту   жолына түскен   құрттар  ересек  таспа   құртына  айналып,  сорғыштарымен   ішек   қабырғасына   бекінеді.   Адамның   ішектері    құртты    сумен,   қорекпен   және   жылы    ортамен қамтамасыз  етеді. Биотикальщ   қатынастардьщ    түрлердің    санын реттеудегі маңызы.   Түраралық   қарым-қатынастар ценоздардағы    ағзалар    санының    динамикасында рөл   атқарады.   Жыртқыштар   жемтіктерін   жоя   отырып, олардың   санына   әсер   етеді.   Паразиттердің   де осындай,    иесін    әлсірете    отырып,    олардың    көбеюін тежейді,  тіпті  өліміне  де  әкеліп  соқтыруы   мүмкін.  Бәсекелестік   қатынастарда,   жыртқыштық   пен паразитизм   құбылыстарына  ертеден   экологтар  назар аударып   келген.   Солардың   ішінен   А.   Лотканың   ( 1923, 1925  ж.ж.)  жұмыстары   ерекше  орын   алады.  Ол   алғаш рет   жануарлардың   паразит - иесі   жүйесіндегі өзара қатынастардың  математикалық  үлгісін  (модель)  ұсынады. А.   Лотканың   жасаған   тұжырымы:   паразиттердің өздерінің  иелерін   жоюы  тек   паразиттердің  санына емес,  иесінің  санына  да   тәуелді  болады.  Иесінің белгілі   бір   санына   сәйкес   келеді   және   иесінің   популяциясының тығыздығының артуына байланысты  паразит популяциясының   тығыздығы   артады.   Паразит   санының  артуы  иесінің  санының  кемуіне  әкеледі  де,  соңғысы  қайтадан  паразиттер  санының  кемуіне  әкеледі. Осылайша толқынды түрде иесі мен паразиттің популяцияларының саны периодты түрде ауытқып отырады. Мұнда динамикалық өзін - өзі реттеуші жүйе жұмыс істейді. Паразитті санының арту толқынынан соң, иесінің санының арту толқыны кезектесіп келіп отырады. Паразит  - иесі жүйесінжегі популяциялардың өзара әсеріне толық сәйкес келеді. Өзінің зерттеулері негізінде В. Вольтерр үш заңды тұжырымдайды: 1)      периодтық   цикл   заңы.   Екі   түрдің   санының ауытқулары     периодты     болады.     Жыртқыш пен   жемтігінің   популяцияларының   өсу   коэффициенті   мен   бастапқы   салыстырмалы   санына байланысты   болады; 2)      орташа   шамалардың   сақталу   заңы.   Екі   түрдің   популяцияларының   орташа   саны   бастапқы    санына    тәуелсіз,    популяцияның    үлкеюі мен   кішіреюі,   жыртқыштардың   көбею   интенсивтілігі    тұрақты    болғанда,    тұрақты    болып қалады; 3)      орташа   шамалардың   бұзылу   заңы.   Егер   екі түрдің даралары   олардың   популяцияларының тығыздығына   пропорционалды   түрде   жойылса,   онда   жемтігінің   популяциясының   орташа саны   артады,   ал   жыртқыш    популяциясында кемиді.

Бәсекелестік

Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы, түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Тікелей бәсекелестік даралардың бір-бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасы тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено түрлі жануарлардын, бір ресурспен қоректенуі, ал ресурс шектеуіні фактор болуы арқылы жүзеге асады.Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Белгілі бір биологиялық белсенділігі бар бұл заттар басқа ағзаларға әсер етеді. 1937 жылы неміс ботанигі X. Молиш оған аллелопатия деген атау берді (грек тілінен аударғанда allelon — өзара, pathos — әсер ету). Аллелопатия дегеніміз — зат алмасудың арнаулы химиялық өнімдері арқылы ағзалардың өзара әсері.Көбінесе аллелопатия бір түрдің екіншісін басуы арқылы көрінеді. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді

Билет№27

1.Алкоголь мен шылым шегудің ұрпаққа әсері.Салауатты өмір салты.

2.Табиғатты қорғау жұмыстары.Қызыл кітап.

3.Екі белгісі бойынша да гомозиготалы сабалақ жүнді қара қоянды тегіс ақ жүнді қоянмен шағылыстырылған.Егер жүннің сабалақ қара жүнді доминатты қасиет көрсетсе,бірінші ұрпақтағы будандардың генотиптері мен фенотиптері қандай болуы мүмкін?(бұл аталған екі жұп белгінің гендері гомологтық емес әртүрлі жұп хромосомаларға орналасқан).

1.Алкоголь мен шылым шегудің ұрпаққа әсері.Салауатты өмір салты.

Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі. Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен. Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді. Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады. Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді. Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен. Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді. Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе. Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен. Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

 Алкоголь -  арақ  адам  организміне  өте  зиянды  зат.  Арақ  ішкен  адамның  отбасында  береке-бірлік  болмайды.  Қоғамға  да,  елімізге  де  зияны  көп. Қарындағы  алкаголь  2  минуттан  соң  қанға  өтеді. Қан  оны  организмнің  барлық  клеткаларына  таратады. Бұдан  ең  алдымен  үлкен  ми  сыңарларының  клеткалары  зардап  шегеді . Арақтың  әсерінен  адамның  еркін  қимылы  бұзылып,  өзін- өзі  ұстай  алмайтын  болады.  Алкоголь  ми  қыртысының  маңдай  бөлігіндегі   клеткаларға  сіңгенде  адам  эмоциядан « ада  болып»  жөні  жоқ  қуанады,  орынсыз  күледі,  ұстамдықтан, ұяттан  айрылып,  ол  сау  күйінде  айтпайтын  сөзді  айтып,  істемейтін  істі  істейді.  Спиртті  ішімдіктің  келесі  жаңа  үлгісі  жоғары  дәрежелі  нерв  орталықтарын  жансыздандыра   түседі, бейне  күрмеп  тастағандай  оларға  мидың  төменгі  бөліктерінің  қызметіне  қатысуға  мүмкіндік  бермейді,  қимылдың,  мысалы  көз  қимылының,  үйлесімі  бұзылады,  аяқ  алысы  ебедейсізденіп,  қисалаңдайды,  тілі  күрмеледі.  Ақылмен  ойлану  қабілетінен  айрылады.