Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биология 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.68 Кб
Скачать

3.Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің типтері(комплементарлық,эпистаз,полимерия)

Комплементарлық дегеніміз аллельді емес доминантты гендердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде жаңа белгінің қалыптасуына әкеледі.

Эпистаз кезінде бір ген басққа аллельді емес геннің белгісін жойып жібереді.Басымдылық көрсететін ген супрессор деп аталады.Ол доминантты да,рецессивті де болуы мүмкін.

Полимерия жағдайында бірнеше аллельді емес доминантты гендер бір белгінің қалыптасуына ұқсас әсер етеді.Мұндай гендердің саны генотипте неғұрлым көп болса белгі де соғұрлым қанық болады.Полимерия тері түсі,дене салмағы сияқты сандық белгілерде кездеседі.

Билет№25

1.Тірі ағзалардың химиялық құрылысы.

2Адам генетикасы және оларды зерттеу әдістері

3.Генетика есептерін шығару алгоритімі.Пеннет торы.

1.Тірі организмдердің химиялық құрамы.Тірі организмдердің құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады.Тірі организмдер мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі.Мысалы,өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний,темір,магний,алюминий,т.б. элементтер көбірек кездеседі.Тірі организмдердің химиялық құрамының 98%-ын,негізінен,4 химиялық элемент құрайды.Ондай элементтерге көміртек,оттек,азот,сутек жатады.Тірі организмдерде бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады.Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады.Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар,негізінен,тірі организмдердің тіршілік әрекеттерінен пайда болған.Тірі организмдер құрамындағы оргникалық молкулалардың өздеріне тән ерекшкліктері бар және олар тірі организмдерде белгілі бір қызмет атқарады.Тірі организмдердегі ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына нуклеин қышқылдары ДНК,РНК жатады.Бұл қосылыстар тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгеріштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп,тірі организдер тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.Тірі организмдер құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді биологиялық өршіткі қызметін атқарады.Органикалық қосылыстардың үшінші тобына көмірсулар мен майлар жатады.Олар организмдерді қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзугеде қатысады.

2.Екі жыныстада біркелкі ұқсас болып келетін хромосомалар аутосомдар деп аталады.Ал аталық және аналық жыныста екі түрлі болып келетін және ағзаның жынысын белгілейтін хромосомаларды жыныс хромосомалар деп атайды.

Адам жасушасында барлығы 46 хромосома немесе 23 жұп хромосома бар: 22 жұп хромосомалар аутосомалар және 1 жұп жыныс хромосомалары.Жыныс хромосомаларын Х және У ретінде белгілейді.Аналық дараларда екі Х хромосома ,ал аталық дараларда бір Х және бір У хромосома болады.

Томас Морган және оның шәкірттері тіркес тұқым қуалауды зерттеу бағытында жүргізген тәжірбиелерінің нәтижесін қорытындай келіп тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын жариялады.Теорияның негізгі қағидалары:

Тұқым қуалауда негізгі рөлді хромосомалар атқарады.

Гендер хромосомалар бойымен белгілі кезекпен тізбектеле орналасады.

Әр геннің хромосомада нақты белгілі орында орналасады,аллельді гендер гомологтық хромосомаларда бірдей локустарда орналасады.

Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды.

Гомологтық хромосомалардың арасында гендермен алмасуы болуы мүмкін

Кросинговер жиілігі гендердің арақашықтығына тура пропорционалды.