Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың нег...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы қатынас қайта қалпына келді. Ким Чен Ирдың екі сапары (2000 және 2001 жылдың мамыры) ҚХДР-ға қытайлық ықпалдың іс жүзінде қалпына келуіне жол ашты. Қытай Солтүстік Кореяның оңтүстікпен екі арада болған келіссөздері барысында солтүстікті қолдады. Осы Орайда Ким Чен Ирдің 2000 жылғы мамырдағы Қытайға сапарының Пхеньяндағы Солтүстік пен Оңтүстіктің тарихи саммитіне үш апта қалғанда болуы да бекер еместігін ескерген жөн.

2002 жылдың қыркүйегінде ҚХР төрағасы Цзянь Цземин Пхеньянға сапармен келді. Келіссөздер барысында негізінен өзекті тақырыптар, бірінші кезекте Солтүстік пен Оңтүстік саммитінің қорытындылары талқыланды. Әскери ынтымақтастық жайында әңгіме қозғалды. Екі ел арасындағы әскери-техникалық байланыстардың дамуы Солтүстік Кореяның төлем қабілетіндігінің төмендегінен тұйыққа тірелетін. 2002 жылға қарай ҚХР мен ҚХДР арасындағы сауда-саттықтың жылдық айналымы 490 млн. доллар болса, оның 450 млн. долларын Қытайдың Солтүстік Кореяға экспорты құрайтын. ҚХДР-дың 4,5 млрд. долларды құрайтын Қытайға қарызын Пекин іс жүзінде есептен шығарып тастаған еді. Соңғы жылдары нақты мөлшерлермен шектелетін қайтарымсыз көмек те жасалынған[24].

Қытайдың КХДР-ға аса үлкен экономикалық әсері көзге көрініп тұрғанымен, екі ел де бұл туралы жариялауға құлықты емес. Қытай үлгі көрсету арқылы солтүстікорейлік режимді халықаралық экономикалық ынтымақтастық пен нарықтық экономика элементтерін енгізуге ынтыландырады. 2002 жылдың мамырында Кореяның Еңбек партиясының Бас хатшысы, Қорғаныс жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Ким Чен Ир Қытайда табысты сапармен болып қайтты. Дәстүрлі қытайлық-корейлік достық одан ары нығайып, дами түсті.

Екі жақты сауданың екі миллиард доларға жуықтайтын жылдық айналымы менг Қытайдың Солтүстік Кореяға салып жатқан инвестициялары ядролық мәселе бойынша келіссөздерді жеделдету және тұйықтан шығаруға қатысты нақты әсер етудің (КХДР-ға) көрінісі екені анық. Алайда, Солтүстік Кореяның ядролық мәселе бойынша келімісге келуіне қол жеткізу үшін Қытай сөзсіз бара алады дейтіндей нұсқалар іс жүзінде жоқ. Тіпті Макао секторындағы банк істеріндегі Солтүстік Кореяның әрекеттеріне шектеудің қойылуы да Қытайдың өз көршісінінің нашар көзқарасын жөнге салуға бағытталған сыртқы қысым жасауға да толық мүмкіндігін жоқтығын көрсетті. Ал Пекин КХДР мекмелерінің банкттік қызметтерінің өз елінде қалған қалдығын жауып тастауға бармасы тағы анық.

Қытай Солтүстік Корея қатынасына санкциялар қоюға қарсы. Өйткені оның ойынша, бұл тұрақсыздыққа жол ашып, режимнің өзгеруіне әкеліп соқтырмағанымен, ең өзекті тұстарға зиянын тигізіп, енді-енді қалыптасып келе жатқан нарықтық реформаларға тосқауыл болады. Қытайдың Солтүстік Кореяда статус-квоның сақталуына бас ангазар аударуына ықпал ететін факторлдардың бірі – елді екі миллионан астам этникалық кәрістердің тұратындығына және кез келген уақытта Қытайда бола алатын алдын ала божаулар бойынша 10 000-нан 100000-ға дейінегі босқындар мен келімсектерге байланысты. Солтүстік Кореяда саяси немесе экономикалық апатты жағдай бола қалғанда босқындардың ағылуы қытай үшін аса үлкен қауіп болып табылады[25].

Барлығымыз білетіндей, Қытай Коммунистік партиясы өзінің жетекшілік рөлін жоғалтпастан экономикалық реформаны табысты жүзеге асыра білді. КХДР-да өзінің құлдырап кеткен экономикасын қайта құруға ұмтылуда. Дегенмен, Ким Чен Ирдің ішкі треформаға бара алар емес, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік тәртіпсіздіктерге жол ашуы мүмкін. Осы тұста ҚХР тәжірибесі аса маңызды екені айтпаса да түсінікті. Корей түбегіндегі қазіргі дағдарыс қытайдың алдына екі аса өзекті проблеманы көлденең тартты. Біріншіден, ҚХР стратегиялық мүдделері мен Корей түбегіндегі тұрақтылық өзара тығыз байланысты. Екіншіден, Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық қарым-қатынастың өте қарқынды түрде өсып отырғанын назарға алсақ, Корей түбегінде туындауы мүмкін түсінбестіктердің Қытайға пайдалы болмасы анық.

Пекин 1953 жылғы татулық туралы келісімге қол қоюшы болып табылатындықтан шетін жағдайда қалып отыр. Алайда, ол Пхеньянға Кореяда әскери қақтығыс бола қалған жағдайда Қытайдың әскери көмегіне үміт артпауы қажеттігін ашықтан-ашық мәлімдеді. Пекин Пхеньянды соғыс барысында қолдай алмайды. Өйткені мұндай жағдай Қытайдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық пен қытайлық экономика үшін ғаламдық қауіп төндіретін қытайлық-америкалық қатынастарды күрт ушықтырып жібереді. Десек те, Пекин осындай жағдайға тап болып, қолдаудан бас тарта қалса, ол өзінің «тұлғалық бет-бейнесінен» айрылып қалар еді. Қытай солтүстіккореялық режим жаппай күйреуге ұшыраған жағдайда өзінің солтүстік-шығыс шекараларында аса ауқымты гуманитарлық апатпен тап келемін бе қауіптенеді. Осыдан барып, Қытайдың КХДР-ды бүгінгі ядролық дағдарысты халықаралық келіссөздер және оның ішінде нарықтық қайта құрулар арқылы шешуге итермелеуін түсінуге болады. [27].

Қытайлық тәжірибенің Солтүстік Кореяға экспортталуының мүмкіндігі туралы сарапшылар өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасыннан бері айтып келеді. Бірқатар ақпарат көздерінің деректері бойынша КХДР-ның солтүстік аудандары тұрғындарының төрттен бірін ажалға душар еткен 1996-1997 жылдардағы аштықтан соң Қытай іс жүзінде алаңдай бастады – көрші елдегі жағдайдың тұрақсыздануы Қытайдың солтүстік шығысын экономикалық дағдарысқа әкелуі әбден мүмкін еді. Мәселен, 1997 жылы корейлердің Қытаймен арадағы сауда келісімшарттары талаптарын орындамауына байланысты (солтүстіккорейліктер жеткізілген тауарларды төлемеді) мұнда бірнеше ірі кәсіпорындар банкротқа ұшырады. [26].

Солтүстіккорейлік көшбасшы Ким Чен Ир 2002 жылдың шілдесінде ұзық жылдарға созылған сталиндік экономиканың күні біткені туралы белгі беріп, нарықтық бағыттағы экономикалық реформалар пакетін орындау жайында жариялады. Аталған реформаларға жеке меншік сектор құруға рұқсат ету және біртіндеп еркін бағаның қалыптасуын қамтамасыз етуді енгізу жатады. Бұл шаралар толық экономикалық еркіндік берумен бірге инфляциының өсуіне жол ашуы арқылы қарама-қайшылықты әсер қалдырды. Дегенмен, осы қадамдар Солтүстіктің экономикасын батыстағы және оңтүстіктегі көршілермен тығыз байланыстырды. Бұл өз кезегінде көршілердің Пхеньянға әсер етуге қатысты қосымша тұтқаларға қол жеткізуіне мүмкіндік берді және сонымен бірге оларды пайдаланудың негізін жоққа шығарды.

Солтүстіккорейлік басшылық халықаралық «реформалар күтуіне» бейімделе және орталық биліктің халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің төмендегенін ескере отырып, олардың пікірі бойынша мұны Батыс реформаның бастауы ретінде қабылдауға және төлеуді бастауға тиіс деп жариялады. Хабарды аса сақтықпен, Жапонияда тұратын корейлердің Пхеньянды жақтайтын ұйымының Токиода басып шығарылатын «Чхонрен» баспа ұйымы арқылы жариялады. Сақтық – сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оқиғаны кері айналдуры үшін қажет еді.

КХДР-да жүзеге асырылған экономикалық өзгерістердің мәні келесілер арқылы көрініс табады:

– мемлекеттік салық бюросы құрылды және 1974 жылы елдің толық нормаланған экономикасына қажетсіз деп табылып, алып тасталынған салық жинау жүйесі қайта қалпына келтірілді;

– пәтерақы 10 – 20 есеге көтерілді;

– еңбекақы 15 – 20 есеге көтеріліп, бірқатар кәсіпорындарда жалақының жоғары шегі алынып тасталды;

– шаруаларға өздері өндірген өнімдерді сатуға рұқсат берілді;

– сәл кейін бондар 150 есеге девальвацияланды – сол кездегі «қара нарықтың» деңгейіне дейін.

Осы жағдайға қатысты аталған жаңалық «социализмнің қалдықтары» болып табылмайтындығы, қайта қолданыстағы жүйені «жетілдіру» мақсатына қызмет ететіндігі жайында хабарланды. Еркін кәсіпкерлік пен экономикалық ашықтық, тауарлар мен қызметтер, капитал, еңбек нарығы сынды нарықтық міндетті белгілер құру жайында әзірге әңгіме айтылған жоқ. Оның орнына әбден мезі еткен «шаруашылық есепті қолдану саласын кеңейту» сынды сөз тіркесі қайталанды. Сондай-ақ, реформаны дамыту жөніндегі түсінікті мемлекеттік саясат мүлде жоқ болатын. КХДР үкіметі жалақыны күрт көтеріп, экономиканы ақшамен «үрледі» және сол арқылы тарылып бара жатқан өндірістер тарапынан ұсыныстардың мардымсыздығының үстінен «ақшалы бастырма» жасады. Бұл өз кезегінде ұлттық валютаны секірмелі түрде девальвациялағанымен, іс жүзінде әлі күнге ресми түрде тыйым салынған жеке бизнеске ешқандай институциональдық негіз қаламады. Соның нәтижесінде күріш пен жүрегінің бағасы бірден 400-500 есеге, бензин мен электр қуатының бағасы 40-60 есеге қымбаттап шыға келді. «Қара» валюталық нарық гүлдеді. Ұлттық валютаның ресми курсы – 150 вон үшін 1 еуроға болғанымен, «қара базарда» 1 еуроаға 2000-2500 вон алуға болатын[28].

2002 жылғы реформадан бері Солтүстік Корея мен Қытай арасындағы сауда көлемі барынша арту үстінде. Арада бір жылы өтісімен, 2003 жылдың өзінде ғана тауар айналымы осының алдындағы жылмен салыстырғанда 39 пайызға артып, 1 миллиард долларға жуықтады. 2004 жылы өсу қарқыны 40 пайызға жетті. 2002 жылға дейін шекарадан негізінен шикізаттық тауарлар өткізіліп келді. Бартерлік айырбас аясында Қытайдан әкелінген отын, станоктар мен құрал-жабдықтар үшін коейцтер балық, киім-кешек, болат және көмірмен есеп айырысты. Корея Банкінің сараптамашысы Ли Юнг Хунның айтуына қарағанда, қазіргі қалыптасқан жағдайда солтүстіккорейлік нарықтағы қытайдың үлесін тұтынушылық тауарлардың 80 пайызы тиесілі.

Қытай өзінің экономикалық көмегінің Пхеньянға белгілі бір тұрғыда әсер етуіне мүмкіндік беретінін жақсы біледі. Осыдан біраз бұрын Пекин шекарадан арлы-берлі өтіп жүрген өзінің құмарпаз ойыншыларының әрекеттерін бақылауды күшейткенде, Солтүстік Кореяда бірнеше казино жабылып қалды. Қытайдың отын жеткізуді тоқтатуға да мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде солтүстіккореялық көтпеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың тоқтауына әкеліп соқтырады[29].

Солтүстік Кореяның орталық ақпарат агенттігі 2002 жылдың 24 қыркүйегінде Қытаймен шекарада Синыйджу еркін экономикалық аймағын құру тарылы хабар таратты. Синыйджу қаласы Кореядан Қытайға апаратын жолдағы жүкті ауыстырып тиейтін бекет ретінді қызмет ететін. Сондықтан жаңа экономикалық айдан бірінші кезекте қытайлық инвестицияға есептіліп құрылғаны айтпаса да түсінікті. Бұған еркін экономикалық аймаққа аса танымал қытайлық бизнесмендердің бірі, өткен жылдар деректері бойынша жеке қаржылық жағдайы 900 млн. долларға бағаланған Ян Бинь жетекшілік ететіндігі де дәлел бола алады.

Батыстық сарапшылар аталған жобаны Солтүстік Кореяның еркін экономикалық аймақтар құру ҚХР-дағы реформаларындағы аса маңызды бөліктің бірі болып табылатын кытайлық үлгі бойынша реформаны жүзеге асыру жолындағы кезекті қадамы деп атайды. Стратегиялық жоспардағы «қытайлық үлгідегі» экономикалық аймақ құру – мүмкін болатын бірегей шешім. Дәл қазіргі кезде қытайлықтардан басқа бірде-бір ел солтүстіккореялық экономикаға қомақты инвестиция салуға ынта білдіре қоймайды[26].

Пекин бұған дейін де Пхеньянға шектеулі көлемдегі экономикалық қолдау жасап келген. Сарапшылардың бағалауы бойынша оның көлемі барлық халықаралық көмектің 30-дан 70 пайызға дейінгісін құрайды. ҚХР Оңтүстік Корея, Жапония және Солтүстік Кореямен бірегей экономикалық кеңістік құру негізінде өзінің солтүстік шығыстағы аймақтарындағы экономикалық дамуды жеделдетуге ұмтылуда. 2004 жылы Қытай мен ҚХДР арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд. долларға жетті[29].

Осы жағдайларға қарамастан Пхеньян қытайлық бауыр Солтүстік Корея онсыз да қытайға барынша тәуелді жағдайда деп есептеп, бұрынан көрсетіліп келе жатқан көмекті азайту жөнінде шешім қабылдап жатса, өзінің тылын және айналып өтетін жолдарды қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасауда. Нақтырақ айтқанда, Москвамен достық тұрғыдағы дипломатиялық қатынастар орнатуға ұмтылыстарды келтіруге болады. «Ресейлік картаны» ойнау арқылы Пхеньян бірінші кезекте Қытайдың халықаралық аренадағы саяси, оның ішінде күрделеніп кеткен америкалық-солтүстіккореялық қарама-қайшылықтарды реттеуге байланысты саяси қолдауды, сондай-ақ экономикалық жағынан демеуді күшейтуге итермелелеуді көздейді. Осы арқылы Ким Чен Ир халықаралық қоғамдастық пікірі бойынша КХДР-дың басты демеушісі болып саналатын Қытайға оның орнын баса алатын ресейлік балама барлығын байқатқысы келеді. Мұнда Ресейдің корей істеріндегі Пекиннің мәртебесіне күмәнмен қарайтынын да есте ұсаған абзал[30].

В. Михеев өзінің «Как хвост вертит собакой» атты мақаласында нақты атап өткендей: «Пхеньян өзгермейтін әрі қарапайым тактикасының көмегімен өзінің мақсаттарына жетіп қана қоймай, сонымен бір мезетте басқалардың өздері туралы олар ештеңесіз қалды деген көзқарасын тудыруға да мүмкіндік тауып отыр. Алғашында Ким Чен Ир КХДР-ға қатысты қатынасын қаталдандыра түскен және солтүстіккореялық босқындардың ағылуынан қорқып отырған Пекинге өзінің басқа «нағыз досы» – Ресей барлығын көрсетті[31].

Осыларға қарамастан ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның 2005 жылдың қазанында Пхеньянға сапары мен Ким Чен Ирдің 2006 жылғы қаңтардағы жауап ретіндеге сапары кеңейуі жалғасқан экономикалық қатынастар жөнінде дәлелдейді. Қытай Солтүстік Корея мен онымен шекаралас аудандарда инфрақұрылымдық жобалардың аса ауқымды түрлерін орындауды жүзеге асыруда, Қазіргі кезде КХДР-дың сырқы саудасының 40 пайызы Қытайға тиесілі.

2003 жылдан бергі кезеңде 150 қытайлық фирма Солтүстік Кореяда өздерінің қызметтерін немесе онымен сауда байланысын жүзеге асыруға кірісті. Елдегі базарлардан табуға болатын тұтынушылық тауарларының 80 пайызы Қытайда шығарылған өнімдер. Қытай өзінің алдына Солтүстік Кореяны реформалауды әрі Қытаймен ынтымықтастағы мемлекет түрінде көрсетуге қатысты ұзақ мерзімді мақсат етіп қойған, ондағы экономиканы біртіндеп қалпына келтіруді жалғастырып отыр.

Қытайдан басқа бірде-бір ел келіссөздер үдерісін жеңілдету және онда бітістіруші рөлін атқарушы ретінде көріну үшін Солтүстік Кореяға қатысты мүдделі және берік ұстанымда емес. Қытайдың Солтүстік Кореямен экономикалық қарым-қатанысының ұзақ мерзімдік келешегі осы елдегі терең әрі жүйелі қайта құрулар мен либерализациялаудың басталуына қатысты үлкен үміттерге байланыстырылады.

Жоғарыда айтылғандарға қарап отырып, Қытайдың Солтүстік Кореямен қарым-қатынасындағы басымдықтар төмендегілер болып табылады деген қорытынды шығаруға болады:

– олардың Кореяны біріктіруге қатысты ұстанымының басымдыққа ие болуына АҚШ-тың қарсылығы;

– Солтүстік Кореяны дамыту жоспарына экономикалық тұрғыда әлі әлсіз болып отырған өзінің солтүстік шығыстағы провинцияларын енгізу (олардың шаруашылық баланыстарын) арқылы олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

– Көмек көрсетуден (экономикалық демеу) сауда және инвестициялық ынтамақтастықты дамытуға өту арқылы екі жақты қатынастардағы қаржылық жүктемені қысқарту;

– Ядролық қарусыздану процессіндегі жетістіктері үшін АҚШ-та, аймақ пен өз халқының сеніміне ие болу;

– Солтүстік Кореяны Тайвань проблемасы бойынша Вашингтонмен қарым-қатынаста тетік ретінде пайдалану және екі елде де ықпалын (Қытай) ұстап тұруға мүмкіндік беретіндіктен екі Кореямен қарым-қатынасындағы осыншалықты ұзаққа созылған кезеңде өзінің статус-квосын сақтау;

– Ядролық қаруы бар Солтүстік Корея Жапония немесе Тайванның ядролық державаға айналуға ұмтылуын әкеліп соқтыратын жағдайдың алдын алу;

– Корей түбегіндегі тұрақсыздықтың экономикалық қауіпсіздігінен қашып құтылуға деген ұмтылыс[25].

Осылайша, ҚХР мен КХДР арасындағы саяси қарым-қатынас дағдарысты кезеңнен өте отырып, қазіргі кезде болашағы бар ретінде қарауға болатындай жағдайға жетті деген қорытынды шығаруға болады. Бұл тек саяси салаға ғана емес, экономикаға да қатысты. Қытайдың Солтүстік Кореяға қатысты көрсетіп отырған ықпалын бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастық мойындап отыр. Менің пайымдауымша, КХДР дәл қазіргі кездегі өзінің экономикалық және әлеуметтік жүйесі қолайсыздау жағдайына байланысты ҚХР-дың пікірі мен ұстанымына бой ұсынуға мәжбүр.