- •«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
- •1.2 Корея Республикасы мен қхр арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуы
- •1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
- •1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
- •2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
- •2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.2. Қытайдағы корей диаспорасы
- •3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
- •Қорытынды
2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
Соңғы кездері Корея Республикасы Солтүстік-Шығыс Азиядағы өзіндік орны бар мемлекеттердің бірі ретінде алдан көрінуге күш салуда. Және бұнысы кездейсоқтық емес: Корей түбегіндегі жағдай оның төңірегіндегі мемлекеттердің мүдделері мен саяси бағыттарына ғана байланысты емес, сонымен бірге көп жағдайда тұтас алғандағы Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтағы және аталған жанама аймақтағы жағдайды реттейді, нақтылайды. АҚШ пен Жапонияны Солтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастардың бас субъектісі деп тани отырып, біздер аймақтағы саяси және экономикалық үдерістерге тең жағдайдағы қатынасушы болуға ұмтылып отырған және дайын тұрған Корея Республикасының да күшейіп келе жатқанын естен шығармауымыз керек. Бұл Корея Республикасының Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ пен Солтүстік Шығыс Азиядағы елдердің түрлі айырбастары мен ынтымақтастығына белсене қатысуымен, тауарлық және инвестициялық нарықтың. Қаржылық және адамдық ресурстардың көлемімен ғана шарттаспайды. Сондай-ақ оңтүстіккореялық биліктің Кореяның «халықаралық және аймақтық қатынастар жүйесінде «лайықты әрі тиісті жағдайын» қамтамасыз ету жөніндегі 1980 жылдан бері бірнеше рет бекітілген бағытымен де анықталады.
Осы заманғы Корея Республикасы Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтағы басқа мемлекеттермен бірге әлемнің жедел дамып отырған және стратегиялық аудандарының бірі болып табылады. Солтүстік-Шығыс Азияда қалыптасып отырған тұрақтылықты қамтамасыз етудің аймақтық жүйесі тұтас қатар күштердің өзара әрекеттестігімен нақтыланады және мұнда Корея Республикасының өзіндік алатын орны бар[20].
Қытай аумағында корейлік кәсіпорындардың кеңінен тарағанын да естен шығармау керек. Өйткені, 1990 жылдардың басында корейлік кәсіпкерлер аса өзекті мәселелерге тап болған еді. Содан кейінгі онжылдықта оңтүстіккореялық экономика негізінен елде арзан әрі аса тәртіпті жұмыс күшінен артығымен болғандығының арқасында дамыды. Корейлік жұмысшылар мардымсыз жалақы үшін еңбек етуге дайын болатын. Бұл өз кезегінде корейлік өнімдерді өте төмен бағалармен сатуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде Корея арзан әрі аса сапалы тауарлар шығарушы ретінде әлемдік нарықта өзінің экологиялық орнына ие болды. Алайда, тоқсаныншы жылдардың басында жағдай шұғыл өзгерді: Кореяның өзіндегі жалақы өсе бастады, соған сай жаңа жағдайларға байланысты корейлік фирмаларға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі бәсекелестерімен жарысқа түсу қиындайп кетті. Күрделі жағдайдың күрмеуін тарқатудың екі жолы бар еді: не жоғары технологиялы салаларды дамыту арқылы қымбат әрі сапалы өнімдер нарағына шығу, не өндерісті шекарадан асырып, арзан жұмыс күші бар елдерге ауыстыру. Фирмалардың басым бөлігі осы екі жолмен де жүріп көруді құп алды[4].
ТМД елдерінде өз филиалдарын құруға жасалған ұмтылыстары сәтсіздікке ұшырады. Бұл сәтсіздіктердегі басты рөлді корейлік менеджерлер мен жергілікті жұмысшылар арасындағы мәдени-психологиялық тұрғыдағы айырмашылықтар және заңдағы түсінбестіктер мен бірінше кезекте жемқорлық атқарды. ТМД елдеріне қарағанда Въетнамдағы ұмтылыстар дұрыс жүрді. Ал Қытай болса кейінгі жылдары корейлік инвесторлар үшін кәдімгі Мекеге айналды. Мұндағы басты рөлді дәстүрлі мәдениеттердің бір-бірі жақындығы, жағрафиялық орналасудағы тату көршілік және елдегі салыстырмалы түрдегі тұрақтылықтың атқарғаны анық. Сонымен бірге Қытайда екі миллиондық корейлік диаспараның барлығы мен олардың барлығына жуығы кәріс тілін өте жақсы білетіндігі де оң ықпал еткені сөзсіз. Корейлік жобалардың басым бөлігі қытайдың Солтүстік шығысындағы, тарихта Маньчжурия деп аталатын (қазіргі кезде бұл атау сирек қолданылады) үш провинцияда жүзеге асырылды. Бұл шоғырландырудың себебі де түсінікті. Өйткені негізінен жергілікті оңтүстіккореялық фирмаларды жұмыс істейтін қытайлық кәрістердің басым бөлігі осы жерлерде қоныстанған. Сондай-ақ, Маньчжурияның жағрафиялық орналасу жағынан Кореяға жақындығы да өзінің әсерін тигізді. Бұл материалдарды және жабдықтарды арзанға әрі жедел жеткізуге мүмкіндік беретін. Корейлік-қытайлық байланыстардың тағы бір ерекшелігі – Оңтүстік Кореяның өзіндегі кәсіпорындарда екбекпен қамтылған қытайлық жұмысшылар. Аталған жұмысшылардың басым бөлігін де Маньчжуриядан келген этникалық кәрістер құрайды. Тілдік проблеманың болмауы арқасында олар Сеулде жұмысқа тез орналаса алады. Олардың белгілі бір бөлігі Оңтүстік Кореяда арнайы виза бойынша заңды негізді тұрып жатса, басым бөлігін жасырын келгендер құрайды[4].
Барлығымыз білетіндей, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында Солтүстік-Шығыс Азиядағы қарастырылып отырған аймақта мәні бұрындары бір-бірімен күресіп келген лагерьлерге жатқан елдер арасында дипломатиялық қатынас орнату болып табылған және «қиылысқан мойындау» деген атауға ие болған үдеріс жүрді. Мәселен, 1990 жылдың 30 қыркүйегінде КСРО мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қатынас орнады. Содан соң іле-шала Советтер Одағы. Одан кейін Ресей Солтүстік Кореяға көмектесуді тоқтатты. Бұл жағдай ресейлік-солтүстіккореялық қатынастардың барынша төмендеуіне әкеліп соқтырды. Ал Қытай болса, өз кезегінде Корея Республикасын тануға қадам басты және мұнысын Корей түбегіндегі жағдайға өзінің ықпалын сақтап қалу үшін асықпастан, жүз ойланып, мың толғанып барып істеді. ҚХР мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 24 тамызында орнады.
Қытайдың оңтүстіккореялық республикамен өзара қарым-қатынасы аспан асты елінің КХДР мен қатынасына қарағанда тым жақын емес. Соған сай негізінен іскерлік әріптестікке құрылғандай сипатта әсер қалдырады. Дипломатиялық қатынас орнағаннан кейін екі жақты байланыс қарқынды дамуға ие болды. 1998 жылдан бастап ХХІ ғасырға бағытталған ынтымақтастықтың қытайлық-оңтүстіккорейлік әріптестігін құру туралы хабарлама жарияланды. Қазіргі кезде елдер арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде сақталып, жалғасуда, экономика, сауда, ғылым, техника, мәдениет пен тағы басқа салаларда тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық тереңдей түскен. Дипломатиялық байланыс орнатылғаннан кейін сегіз жылдан соң Оңтүстік Кореяның статистикалық деректеріне сүйенсек екі жақты сауда айналымы 314 000 0000 АҚШ долларын құрайды.
Қосымша-2 де көрсетілгендей, 1992 жыл бойынша екі жақты сауда айналымы 64 000 0000 АҚШ долларын құраса, бұл көрсеткіш 2004 жылы 793 000 0000 АҚШ долларына өскен. Оңтүстік Кореяның Қытайға жіберген экспортының көлесі 1992 жылы 27 доллар болса, 2004 жылы 498 000 0000 АҚШ долларын құраған. Ал 1992 жылғы деректер бойынша Оңтүстік Кореяға Қытай Халық Республикасынан 37 000 0000 доллар көлемінде импорт жеткізілсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 296 000 0000 АҚШ долларына өседі[9,330].
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қарап, екі жақтың димломатиялық жақындасуының арқасында екі мемлекетте де пайдалы өзгерістер болғанын байқауға болады. 1992 жылдағы азғантай мөлшерді ғана құраған екі жақтық сауда айналымының 2004 жылғы көрсеткіштер бойынша 10 есеге өскенін байқап отырмыз.
Корея Республикасының Президенті Но Му Хен 2005 жылдың 16 қарашасында Корея Республикасының Қытайды толықтай нарықтық экономикаға көшкен ел деп танитындығы және Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылатындығы жайында жариялады. Мұндай мойындаудың қытай тарапынан жағымды пікірлердің туғызғаны айтпаса да түсінікті. 17 қарашада ҚХР Коммерция министрлігінің өкілі, Корея Республикасы Қытайдың аса маңызды сауда серіктестігі және Азиядағы мәртебелі ел болып табылады деп мәлімдеді[22].
Қалай дегенмен, ҚХР-ның соңғы он жылда Оңтүстік Корея экономикасына әсерінің барынша артып бара жатқаны анық байқалады. Бұл ықпалдың өзі бір жақты емес: бір жағынан Қытай Корея Республикасының мүдделеріне бәсекелес ретінді байқалса, басқа жағынан ауқымды қытайлық нарықты одан ары кеңейту оңтүстіккореялық бизнеске өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Тоқсаныншы жылдар барысында Үлкен Қытай Оңтүстік Кореяның сыртқы саудадағы жетекші әріптестерінің біріне айналды. Екі арадағы тауар айналымының көлемі 2000 жылы 43,5 миллиард долларға жетсе, аса сақтықпен жасалған болжам бойынша 2010-2011 жылдары 100 миллиард долларға дейін өсуге мүмкіндік бар. Мұнда Оңтүстік Кореяның 1994 – 2000 жылдары жиынтық мөлшері 90 миллиард долларды құраған екі жақты саудадағы тұрақты жағымды баллансты сақтап қалып отырғанын ұмытпаған абзал.
Оңтүстіккореялық телекоммуникациялық жабдықтар, электроника, сапасы аса жоғары болат шығаратын өндірісшілердің бәсекеге қабелттілігі олардың қытайлық нарықта өздерін табысты сезінуіне жол ашты. Сонымен бірге өсу қарқыны бойынша таң қалдырып отырған қытайлық экспорттың барынша кеңейуі еңбекті көп жұмсауды қажет ететін оңтүстіккореялық бұйымдардың шетелдік нарықтардан ығыстырып отырғанын да жоққа шығаруға болмайды. Соның нәтижесінде тоқсаныншы жылдардың соңынан бастап оңтүстіккореялық компаниялар ұзақ мерзім пайдаланылатын тұтынушылық тауарлар, химиялық өнімдер, тағы басқа да өнеркәсіптік бұйымдар шығаратын қытайлық өнеркәсіпшілер тарапынан жасалып отырған қысымды сезінуде. Қытайлық-оңтүстіккореялық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашағы аса ауқымды. 1992 жылы екі жақты тауар айналымы 5 миллиард АҚШ долларын құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 90 миллиард долларға жетті. Он екі жылда екі жақты тауар айналымының орташа жылдық өсу қарқыны 27 пайыз болды. Қытаймен тікелей тартылған шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Корея Республикасы 3-ші орында тұр. Қытай қазірдің өзінде Корея Республикасының аса ірі сауда әріптесі болды және оның капиталын тарту бойынша жетекші ел атанды.
2002 жылғы мәліметтер бойынша Қытай Кореяның инвестиция салушы елдер арасынан бірінші орынға ие. 2006 жылы Корея фирмаларының Қытайға құйған қаржысын айтар болсақ, мол 152,4 000 0000 АҚШ долларын құрайды. Қытайдағы арзан жұмыс күші, құйған қаржының ақталу көрсеткіші және Қытай арқылы басқа нарыққа шығу жолдарының ашылуынан Корея Республикасы Қытайға бөлінген қаржыны күн сайын көбейте бастайды. Әрине, Қытайдың өзі де бәсеке тудыратын өндірістің мемлекет болғандықтан, Корея қаржысының ақталуына біршама кедергі келтіруі мүмкін еді. Алайда Қытай нарығы арқылы әлемдік бәсекелестікті қамтамасыз етіп алуға болатындықтан Корея Республикасы бұл елге еркін қаржысын құя алды[9,333].
2006 жылдың маусым айына дейінгі мәліметтерге қарасақ, Корея Республикасының сырт елдерге салған қаржысының 54,72 пайызын Қытай құраса, бүкіл салған қаржы көлемінің 37,78 пайызын Қытай алған. Қытайға өзінің қаржысын салуға Батыс Корея аймақтарының кәсіркерлері ғана емес Каң Вон До аймағы (48 пайыз), Кең Бук аймағы (57 пайыз), Уль Сан аймағы(58 пайыз), Пусан (58 пайыз) сонымен қатар, Шығыс аймақтың кәсіркерлері де Қытайға қаржы салуға қорықпаған. Қытай Халық Республикасы 2000 жылдан бері шет ел валютасын иемденіп, шет елге қаржы құюда. 2006 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша шетелдің валюта қоры 663 000 0000 АҚШ долларын құрайды. Бұл бір жылғы бұрынғы дерекпен салыстырғанда 30 пайыз өскендігін көрсетеді. Дәл осы қаржылай қорына сүйеніп Қытай шет елге жасайтын инвестициясын арттыруда. 2004 жылы «Сан Хэ» Автомобиль группасы Санг Енг компаниясын өзіне біріктіріп, осылайша Қытай Халық Республикасы өзінің Оңтүстік Кореяға құйған қаржысын бірте-бірте ұлғайтып жатқандығын көрсетті. 2005 жылдың 3 айында Қытайдың Оңтүстік Кореяға құйған инвестициясы 11,5 000 00000 АҚШ долларына жеткендігін көрсетеді. Бұл өзге елдермен салыстырғандағы азғантай мөлшер болғанымен, болашақта бұл қаржыны көбейту мүмкіндігі мол еді[9,334].
Дәл осы жағдайларда қытайдың артып отырған өнеркәсіптік қуаты мен ішкі нарығының кеңейуі және қарқынды дамуын қарастыра отырып, ақпараттың, телекоммуникацияның, биотехнология мен нәзік химияның жедел дамуы қытайлық нарықта тиімді орынға ие болуға мүмкіндік береді деп есептейді[23].
Қазіргі кезде Қытай мен Сеул арасындағы тауар айналымы 15 миллиарды құрайды. Оның экономикасына салынған оңтүстіккореялық инвестициялар көлемі 5 миллиард доллардан асты. Екі арада дипломатиялық қатынас орнаған кезден бүгінгі күнге дейінгі аралықта қос мемлекет арасындағы тауар айналымы алты есеге артты, Корея Республикасының қытайға капитал салуы 39 есеге көбейіп, 5,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Қытай Оңтүстік кореядан инвестиция тарту бойынша бірінші орынға шықты. Дербес айырбастар 24 есеге кеңейіп, 2 миллион адамға жетті. 2003 жылы Қытай (Гонконг пен Макаоны қоса алғанда) осы тұрғыда Американы артқа тастап, алғаш рет Оңтүстік Кореяның экспорттық нарығы бойынша алға шықты. Тура сол 2003 жылы оңтүстіккореялық фирмалар ҚХР-ға 1,3 миллиард доллар инвестиция салды.
2004 жылдан кейін Қытай Халық Республикасы, Тайвань, Гонконг және Макаоға қатысты экспорт Корея Республикасы экспортының 30 пайызынан асады. Бұл орайда осы уақытқа дейін Кореяның басты серіктесі болып келген Америка Құрама Штаттарын да Қытай тіпті басып озады. Ал импорт байынша осы уақытқа дейін алдыңғы қатарлы болып келген Жапониядан да Қытай алдыңғы қатарда болады. Егерде 2005 жылғы мәліметтер бойынша импорттан Америка 10 пайыз, ал Жапония 12,8 пайызныд құраса, Қытай осы уақытта 24,2 пайызды құрап, екі елден де басып озғандығын көрсетеді.
Оңтүстік Корея Гонконг және Тайваньмен серіктестігін сол бір қалыпты күйде ұстап келгенімен Қытай Халық Республикасымен сауда байланысын қарқынды дамытты. Тайвань Республикасымен дипломатиялық байланыс үзілгеніне қарамастан сауда байланыстары сол күйінде қалған болатын. 1997 жылы Гонконг Қытай Халық Республикасына қосылғаннан кейін де осы уақытқа дейін 50 жыл бойы сақталып келген сауда-экономикалық байланыс сол күйінде қалған болатын.
Қытайға жатқызуға болатын Тайвань, Гонконг және Қытай Халық Республикасы 2001 жылдан бастап экономикалық серіктестік ретінде Америкадан басып озып Кореяның сыртқы экспорты мен импортын әлемдік нарыққа алып келду десек қателеспейміз. Егер де Кореяның сыртқы инвестициясы Қытайға ғана бағытталған деп қарастырсақ, Қытай Халық Республикасын қосқандағы барлық қытайлық мемлекеттер Кореяның экономикалық дамуын бағыттап отырған деп айта аламыз.
Кореяның сыртқы инвестияциясы бойынша Қытайдың қаншалықты орын алғандығын алып қарасақ, корейліктердің Қытай нарығына қаншалықты тәуелді болғандығын байқауға болады. 2004 жылғы мәліметтер бойынша барлық шетелдің инвестициялардың ішіндегі Қытайдың орны 38,4 пайызды құраған. Ал осы орайдағы Америкаға салынған инвестиция 22,7 пайызды көрсеткен. Егер де 1999 жылғы көрсеткіш бойынша Америкаға салынған инвестиция 41,7 пайызды көрсеткенімен салыстырсақ бұл орайда Америкамен серіктестіктің біршама төмендеп кеткенін байқауға болады.
