
- •«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
- •1.2 Корея Республикасы мен қхр арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуы
- •1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
- •1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
- •2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
- •2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.2. Қытайдағы корей диаспорасы
- •3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
- •Қорытынды
2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
Алып жер, мол қазба-байлық пен халқының санының көптігімен ерекшеленетін Қытай экономикалық байланысты орнатуға қызықтыратын Азия елдерінің біріне жатады. Бұл тұста Қытай тек халық саны мен қазба-байлығын негізге алмаған. Қытайға тән ой-сана, саяси жүйе және әдет-ғұрыптың мәдениетін орнатып, бай өркениетке қол жеткізіп, осы арқылы экономикалық дамуда қытай халқы өзге азия елдерінен үнемі бір саты жоғары тұрған. Ал Корея сияқты көршілес елдерге осындай алпауыт ел әрине өз әсерін тигізбей қоймады. Орталықтандырну принципімен келе жатқан Қытай Шығыс Азия елдерімен халықаралық байланысты орнатуда жетекші рөл атқару үшін осы алып жері мен экономикалық күшін пайдаланып келген деп ғалымдар айтады. Қазіргі заманға дейінгі Корей елін алып қосқандағы көршілес елдер мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс бір-бірін толықтыру жүйесі бойынша емес, алдыңғы қатарлы өркениетпен алыс-беріс жүйесі бойынша жүргізіліп келген.
Корей түбегі мен Қытай елі арасындағы көне заманнан бері келе жатқан алғашқы экономикалық байланыстарға сипаттама берер болсақ, қарым-қатынасты орнатып жалғастырған бастапқына тек саудагерлер болатын. Мысалы, саудасы теңіз арқылы жүзеге асқан Силла мемлекетінде де Қытай елімен байланысты осы саудагерлер орнатқан. Ал Коре мемлекеті тұсында Сун империясымен мәдениет-экономикалық алмасулар белсенді жүргізіліп, солтүстіктегі көршілес елдермен де сауда орнап, тіпті Жапон аралдарымен байланыс орнатылған. Дәл Коре мемлекеті тұсында Корей түбегіне араб саудагерлері келіп, Коре жерін «Корея» яғни «Ауыспалы жер» деп атап, Корея осы атпен алыс шет елге алғаш танытқан[9,316].
11 ғасырдың басында Сун империясының саудагерлері Коре елімен алыс-беріс сауданы жаңғырта түседі. Дәл осы арада Солтүстікте құрылған Ляо мен Е Жин мемлекеті әскери күштерін біріктіріп, Коре еліне өздеріне бағынуды талап етеді. Бірақ бұл одаққа қарсы тұруға шамасы келмеген Коре елі алым-салық төлеп, тәуелді болуға мәжбүр болады. Осы арада Коре мемлекеті енді ғана жанданып келе жатқан Сун елімен сауда байланысын тоқтата тұруға мәжбүр болады[9,316].
Коре елі саяси экономикалық оқшаулану принципіне сәйкес Ляо және Ежин елдерімен ресми байланысты ұстап, алым-салық төлеп келсе де Сун елімен осыған дейін ұстанып келген мәдени -экономикалық байланысын барынша сақтап қалуға тырысқан. Сун елімен екі жақты байланыс негізінен теңіз жолы арқылы жүргізілген болатын. Солтүстік Сун елі кезінде Коре еліне Сун елінен 103 елшілер керуені, оның ішінде 3 169 саудагер келіп кеткен деген деректер бар. Ал Оңтүстік Сун елінің тұсында 32 сауда керуенінің құрамындағы 1 771 саудагер Коре еліне келген деген мәліметтер бар. Әрине, саудагерлер санына қарап, екі ел арасындағы байланыстың деңгейін болжау мүмкін емес. Алайда, әдебиеттерге сүйенсек, дәл Коре елі мен Сун мемлекеті тұсында корей қытай сауда байланысы белсенді болған деп айтылады.
Чосон елі тұсында Қытайда билік басында болған Мин династиясы өз елінің сыртқы байланысын қатаң бақылауға алады. Бұл корей қытай байланысының өзінің әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде екі жақты байланыс нашарлай түседі[9,317].
Қытай жеріндегі Мин әулетінің билігі тұсында елдің сыртқы байланыстары қатаң бақылауға алынады. Бұл Чосон елімен қарым-қатынасқа өз әсерін тигізіп, экономикалық байланыстардардың бұрынғы қарқыны жоғалады. Мин әулетінен кейін тарихи сахнада өз үстемдігін орнатқан Цин әулеті тұсында жекелей сауда жүргізу тұрмақ елден шығуға тыйым салынып, бұл елде қатаң оқшаулану саясаты орын алады. Дәл осындай саясат келесі Тан әулеті тұсында да сақталынып, батыс елдерін өзіне жолатпау саясатын Қытай 19 ғасырдың орта шеніне дейін ұстанып келген болатын. Осы орайда, Чосон елінде де Тэвонгун ван да дәл осылай өзге елдерден оқшауланы саясатын ұстануды жөн көреді[21].
Осындай ел мүддесін сақтап қалу үшін өзге елдермен байланыстан оқшаулану саясаты осыған дейін біршама гүлденіп келген корей-қытай экономикалық байланысына кері әсерін тигізбей қоймайды. Дегенмен, бұл байланыстар мүлдем тоқтап қалды деп те айт алмаймыз. Екі ел арасындағы шекарасында белгіленген уақытта жұмыс істейтін уақытша қалашықтар ашылады. Бұл қалашықтар өз саудасын жылына бір рет, немесе кей-кездері тіпті екі жылда бір рет ашылып отырған.
Мысалы, 1637 жылы Цин үкіметі қабылдаған ережеге сүйенсек, Боң Хуаң Соң мен Ый Джу аймақтары арасында әр жылдың наурыз бен тамыз айларында, Ең Го Тап пен Хуе Рен аймақтары арасында жылына бір рет, Ко И Кэк пен Кең Уон аймақтары аралығында жылына екі рет 20 күннен аспайтын сауда-саттық базарлары ашылып отырған. Өзге елдермен байланысына шектеу қойын отырған Цин үкіметі, Корей түбегімен де осындай шектеулі байланыстар ұстанып отыруға шешім қабылдайды. Әрине өзінің бас серіктесі мен ең жақын көршісінің осындай ұстанымынан кейін Чосон елінің сытқы саясатынаның белсенділігіне айтарлықтай нұқсат келді деп айтуға болады[9,318].
Сонымен қатар, Чосон елінің өз ішінде осы кезеңде сауда-саттыққа деген көзқарас мүлдем төмен болған еді. Өйткені, сауда-саттықпен айналысатын адамдар әлеуметтік бөлініс бойынша ең төмен болып саналған. Конфуций жолындағы әдет-ғұрыпқа ерекше мән беріп келген чжусиандық философия бойынша елдегі әлеуметтін тапты төрт деңгейгі бөлген: «Саноңгоңса» - («Са» - білімді ғалымдар, «Ноң» -ауылшаруашылықпен айналысатын шаруалар, «гоң» -қызметшілер, «Са» -саудагерлер). Көріп тұрғандай, саудагерлер әлеуметтік таптық ең соңғысы болып есептелінген. Бұл әрине Чосон елінің өз ішіндегі сауда-саттықтың дамуына шектеу қойып, Қытай елімен экономикалық байланысына да әсерін тигізеді. Үкімет тарапынан сауда-саттықпен айналысу қолдау таппағандықтан заңсыз саудамен айналысу да көбейіп кетеді[9,318].
Сырт елмен байланысқа шектеу қойылып, саудагерлерге қолдау көрсетілмейтін қоғамда Қытайда да, Кореяда да осы кездері батыс елдерінде дамып келе жатқан нарықтық капитализмның экономикалық жүйесіның дамуы өте шектеулі болып, батыс елдеріне де осындай экономикалық жүйені екі елге де енгізу мүмкін емес болды.
Осы уақытқа дейін Қытаймен салық борышын өтеу арқылы ғана экномикалық байланысты ұстанып келген Корей түбегінің Қытаймен экономикалық және сауда-саттық байланысының дамыған шегі тек мерзімді сауда-саттық базар ашумен ғана тоқталып қалғандай болады. Бұл байланыстар ары қарай өз дамуын табайын десе, бұған батыс елдердің отаршылдық саясатына үрей кедергі болды деп айтсақ та болады.
Қытай да, корей түбегі де батыс елдерден қанша сақтанып, оқшаулану сйасатын ұстанса да теңсіз келісімдерге қол қоюден ешқайда қашып кете алмайды. Бірақ та корей түбегін батыс елдері сауда-саттық байланысын орнатуға қанша үгіттесе де 19 ғасырдың аяғына дейін Чосон елі барынша қарсыластық көрсетіп келген болатын. Әрине, біріншіден Тэвонгун ванның әуел баста бастаған жабық есік саясатын әрі қарай жалғастыруға тысырты. Ал екіншіден 1840 жылы Апиын соғысынан кейін Қытайда батыс елдер бірте-бірте жаулай бастағанына куәгер болған Чосон елі өзінің қауіпсіздігі үшін одан сайын алған бетінен қайтпауға тырысады. Дәл осы кезде ел арасында «Батыс елдерден қорғанайық!» деген үндеулер көптеп тарап кетеді [21].
Бірақ та қанша оқшаулануға тырысқанымен батыс отаршыл елдеріне төтеп бере алмайды. 1816 жылы ағылшын кемесі корей түбегінің батыс жағалауына жақындап келеді. Ал 1832 жылы «Лорд Амхерст» ағылшын кемесі Хванхэ аймағының Монгымпхо айлағына келеді. Кеме капитаны Линдсей Чосон елінің ванына сауда-саттық байланысын орнату туралы хабар жібереді. Бірақ та үкімет бұл хабарды қабылдамайды. 1840 және 1845 жылдары ағылшын әскери кемелері Чэджуда аралына өз еріктерімен жақындайды, нәтижесінде жергілікті үкіметпен әскері қақтығыстар да болады. 1846 жылы үш француз кемелері Чхунчхон аймағындағы батыс жағалауға келеді. Олар өз елінің мисиионерлерін өлтірген себепті түсіндіруді талап етеді. 1866 жылы Корей жағалауларына келген американдық «Генерал Шерман» кемесінің де, француздардың да сауда байланысын орнату талпысынтары еш нәтижесін болады. Осы жылдары Тэвонгун «жабық есік» саясатынан бас тартпайтындығын және батыс елдерімен сауда байланысын орнатуға үзілді-кесілді қарсы екендігін бірнеше рет дәлелдеп көрсеткен болатын [21].
19 ғасырдың орта шеніне дейін Корей түбегіне Индияны отарлап, Қытаймен сауда байланысын орнатқан Англия, Оңтүстік-Шығыс Азияны өзіне бағындырған Франция және АҚШ бірнеше рет қауіп төндірген болатын. 1842 жылдан кейін Қытай батыс державаларымен бірнеше теңсіз келісімге қол қойғаннан кейін көршілес Жапония мен Ресей жаңа күш жинап, Корей түбегіне қызығушылығы арта түседі. 1875 жылдың жазында Жапондықтартың әскери экспедициясы Канхва аралына келеді. Корей үкіметі әскері қарсылық көрсетіп, жапондықтарды өзіне жақытдатпауға қанша талпынғанымен 1876 жылы келіссөздер жүргізуге мәжбүр болады. Осы келіссөздердің нәтижесінде 1876 жылдың ақпан айында Корея Жапонияның ең алғашқы теңсіз келісімге қол қояды. Осымен Кореяның жабық есік саясаты аяқталады. Осы арада Қытай екі жақты теңсіз келісімде өзінің пайдасын жіберіп алмас үшін Кореяны басқа батыс державаларымен сауда және экономикалық келісімге қол қоюға итермелеген болатын. Ал Корея мен Қытай арасында сол әуел бастағы үкімет аралық салық төлемі, шекара арасындағы уақытша базар аралық сауда сол күйінде қалған болатын [21]..
Осындай тұста Чосон мен Цин әулетінің экономикалық байланысында Цин әулеті Чосонға қатысты жаңа экономикалық байланысты дамытайық деп талабына өзгеріс енгізуге кірісті. 1882 жылы Цин әулеті Чосон елінің әскери жағдайын зерттеп білу үшін әскери тінтулер жүргізіп, ал кейіннен осы жылдың тамыз айында екі ал арасында «Теңіз және құқық» ережесіне қол қойылады. Бұл келісім бойынша екі ел арасында бұрынғы ережелердің бәрі бұзылып, теңіз саудасы жүргізіле бастайды. Қытай жағынан Бенген қаласы, мен Хон Чун қаласы, ал Чосон мемлекеті жағынан Хуэрон және Сеул қалалары өзара сауда-саттық жүргізу үшін ашылады. Келесіде, 1883 жылы Чосон мен Цин әулеті «Шэньцзин провинциясы және Корея арасындағы шекара саудасының 24 ережесі» деп аталатын келісімге қол қойып, өзара еркін сауданы дамытуға келіседі[9,320].
Бірақ та Чосон мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты белгілеген осы келісім-шарттар Цин әулеті саудагерлерінің әрекеттерін қорғап екі ел арасындағы сауданы жаңартуға бағытталған деп жарияланса да, шын мәнінде Қытай елі өзінің көп жылдар бойы ашса алақанында, жұмса жұдырығында болып келген Чосон еліне қатысты өзінің талап қоюшы ел ретіндегі мүддесін сақтап қалу мақсаты бар болған. Осы уақытқа дейінгі жүргізген үстемдігін өзге елдер алып қоймас үшін Қытай барын салып, Корей түбегіндегі басымдығын сақтап қалғысы келеді. Алайда екі ел арасында іске асқан келісім-шарттар арқылы олардың саудасының әлі де алым-салық өтеу деңгейінен аса алмай, халықтың экономикалық алмасуы сол ережелі алмасу күйінде қала береді.
«Шэньцзин провинциясы және Корея арасындағы шекара саудасының 24 ережесі» келісіміне сәйкес тыйым салынған ережелер алынып, халыққа теңіз арқылы саудасын жүргізуге рұқсат беріліп, 1888 жылы Қытайдың Ен Тэ мен Чосонның Инчхон аралығында уақытша айлақтық жол да бекітіледі. Бұдан кейін Қытай өз тарапынан зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін Инчхон, Пусан, Ульсан және Хансоң қалаларында сауда бекеттерін құрады. Бұл Чосон жеріндегі қытайлық саудагерлердің экономикалық белсенділіктерін қолдау үшін жасалған қадам болатын. Чосон елі де Қытайдың Тяньзцин қаласына өзінің елшілерін жіберіп, Қытайдың бірнеше қалаларында сауда бекеттерін орнатты. Осының нәтижсінде 1883 жылы 13,922 вонды құраған сауда көлемі 1894 жылы 1 332 226 вонға өседі. Алғашында тек барып-келіп сауда жасап жүрген қытайлықтар енді тіпті Чосон елінде тұру құқығына ие болады. Міне, оссындай теңсіз келісіммен басталған экономикалық алыс беріс, өзінің ең алғашқы жесімтерін әкелді десек те болады. Әрине бастапқыда бұл экономикалық среіктестік Чосон еліне көп пайда әкелмеді. Өйткені Чосон елі тек өзге елдердің айтқанын істеп, өзінің бас пайдасын жүзеге асыра алмады. Дегенмен дәл осы кезеңде Қытай мен Корея арасында нағыз экономикалық байланыстар байқалды деп айтуға болады[9,321].
Қытайдың баса көктеп кіріп, Корей түбегінде өз дегенін орындатып жатқанын байқаған Жапонияда күш-қуат пайда болғаннан кейін жапон саудагерлері жапон үкіметінің қолдауына ие болып, Чосон еліне көше бастайды. Осыны байқаған Қытай елі де Чосон еліне қытайлық саудагерлерге көшіп келу рұқсатын беруді талап етеді. Осылайша 1884 жылдың сәуір айында екі жақ «Инчхон қаласындағы қытайлық саудагерлерге қоныс аударып келу» келісіміне қол қояды. Бұл әрекетті Қытай әрине өзінің саудагерлері Чосон еліне емін-еркін келіп-кетуі үшін жасаған болатын. Көп созбай 1891 жылы Вонсан, Пусан қаласына да қытайлық саудагерлер көшіп келу құқығына ие болады. Осы жоғарыда аталып өткен келісім-шарттар күшіне енгеннен кейін Чосон еліне қоныс аударған қытайлық саудагерлердің саны күрт өседі. Бірақ та 1894-1895 жылдары болған қытай-жапон соғысында Цин әулеті жеңіліс тапқаннан кейін екі ел арасында осы уақытқа дейін болап келген Қытайдың ұстанымы мен өзінің мәртебесі төмендей түсіп, Чосон еліне көшіп келген қытайлық саудагерлер өзінің саудадағы үстемдігін жүргізе алмай қалады[9,321].
Жапония Чосон еліне қысым көрсетіп, 1894 жылдың маусым айында қытай саудагерлері Чосон елінде өзінің сауда құқығын кеңейту үшін «Цин әулеті саудасынан қорғану ережесін» енгізеді. Бұл ереже бойынша қытай саудагерлеріне Чосон еліндегі Сеул қаласына қоныс аударуына тыйым салынып, ал Инчхон, Вонсан, Пусан қалаларына қоныс аударған саудагерлердің әрбір әрекеттері қатаң бақылауға алынады. Жаңа қоныс аударуға тыйым салынып, өзге аудандарға баруға да тыйым салынады. Жапондықтар осындай әрекеттері арқылы Қытайдың осы уақытқа дейін жүргізген үстемдігін жойын, өзінің басымдығын орнатпақ болды.
Алайда 1899 жылдың қыркүйек айында Чосон елі мен Цин әулеті жаңа сауда байланысын бекітетін «Қытай саудагерлерінің құқығын қорғау» келісімін жасай отыра , бұл келісім арқылы сауда жүргізу үшін Чосон еліне қоныс аударған саудагерлердің құқығын қорғай бастайды. 1905 жылы «Ыльса қорғау» келісімі бойынша Чосон елінің ішкі және сыртқы саяаттын жайламақ болған Жапония 1910 жылдың наурыз айында арада жасалған келісім бойынша қытайлық саудагерлер мен қоныс аударғандардың әрекетін қорғайтын жағдай жасайды. Жапонияның қорғаймын деп жариялай отырып қоныс аударған қытайлық саудагерлердің әрекеттері мен сауда құқығын бекітілген түрде шектегісі келетін де ниеті болған еді. Осылайша тамыз айында Жапония Чосон елін біріктіріп өз одағына қосып Корей аннексиясын жариялағаннан кейін Корей түбегіндегі қытайлық саудагерлердің әрекеттерін одан әрі шектей түседі[9,322].
Қосымша-1 де байқағанымыздай, Жапон отары болған кездері Кореяның экономикасындағы әрекеттер корейліктермен емес, жапондықтар мен қытайлық саудагерлер арасында жүргізілген болатын. Тек кейбір қытайда саудамен айналысып жүрген корейлік саудагерлер ғана қытаймен сауда жасай алған еді, ал қалғандарына үлкен шектеу қойылады. Осылайша корей-қытай саудасы қытайлықтар мен корейдағы тұрғылықты қытайлықтардың Кореяның ішіндегі әрекетіне байланысты үлкен әсерге тап болады. Бұл арада тұрғылықты қытайлардың басым бөлігі саудамен ғана айналысқандықтан. Кестеде байқап отырғанымыздай Кореяға қытайлықтардың қоныс аудару саны өскен сайын сауда айалысы да өсіп отырған[9,321].
Қытай-жапон соғысы кезінде теңселіп тұрған Чосон мен Қытайдың қарым-қатынасындағы сауда соғыстан кейін үздіксіз өсе түседі. 1900 жылы 1 992 598 құраса, 1910 жылы 5 011 564 құрайды. Ал 1913 жылы 10 339 849 жетеді. Осындай ағым жалғаса келе 1918 жылы 24 142 623ке жетіп жығылып, 1925 жылы 44 814 925 болып, 1927 жылы 75 573 056 болып ең жоғарғы көрсеткішті көрсетеді[9,321].
Осындай Қытай мен Кореяның сауда айналымының өсуі Кореяға келіп қоныстанған қытайлықтардың санының артуымен сәйкес келеді. 1910 жылы 11 818 болған қытайлық 1913 жылы 16 222 –ге өседі. Ал 1918 жылы 21 894-ты құраған қытайлықтың саны 1925 жылы 46 196 адамға жетіп жығылады. 1927 жылы 50 056 қытайлық болады. Сонымен қатар жапон үкіметінің қытайлықтарға қарсы қолданған қудалау саясаты Кореяның ішіндегі қытайлықтарғы қысым көрсетуге әкеліп соқтырады. Осылайша 1930 жылы Кореядағы қытайлықтардың саны 69 109-ға өскенімен екі жақтың сауда айналымы 58 209 020ға азайа түседі. Осыдан кейін жапондықтардың Қытайды жаулап алуы басталып 1934 жылы Кореядағы қытайлықтардың саны 49 334 кеми түседі. Осы арада екі жақтың сауда айналымы 1934 жылы 11 631 425 жоғарлап кетеді[9,322].
Бірақ та Корейлік қытайлар корей-қытай сауда байланысындағы маңызды рөлді 1940 жылдың аяғына дейін ғана атқарып келеді. 1945 жылдың тамыз айында Жапония өзінің капитуляциясын жариялағаннан кейін 1946 жылы Кореяның сыртқы саудасындағы экспортының 81,4 пайызын және импортының 91,5 пайызын қамтыған Қытай болады. Бұл Корея негізінен сауда-саттықтың басым бөлігін Қытаймен атқарған дегенді білдіреді. Әрине бұл арада Кореяға қоныс аударған қытайлық саудагерлердің атқарған еңбегі де аз емес болған еді.
Қытайдан Тайвань бөлініп шығып, өзінің жеке мемлекетін құрып, дегенмен Қытай Халық Респібликасы өзін жалғыз Қытай елі деп жариялаған кез де корей-қытай экономикалық байланысына өз әсерін тигізбей қоймайды. 1949 жылы Корей түбегі мен Қытай арасындағы сауда тоқтап қалды. Ал 1950 жылдан бастап Корей үкіметі Кореяда тұрып жатқан қытайлықтардың саудасына көп шектеу қойын, олардың экономикалық әрекеттері біршама азайып қалды. 1950 жылдардан кейін корей-қытай экономикалық байланысы Корея мен Тайвань немесе Гонконг аймағымен шектелген еді. Ал Корея мен Қытай Халық Республика арасындағы өзара тоқтап қалған байланыс 1970 жылға дейін жалғасып келді [9,323].
Әрине, 1948 жылы Корей түбегінде Солтүстік Корея мемлекеті пайда болып, Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы социалистік ұстанымдар екі ел арасында ерекше экономикалық байланыстар орнатуға мүмкіндік туғызды. Осылайша, 1970 жылға дейін Оңтүстік Корея Тайвань және Гонконкпен, ал Солтүстік Корея Қытай Халық Республикасымен белсенді байланыс орнатып келген болатын.
1945 жылы тарихи сахнада екі корей мемлекетінің пайда болуы, Қытайдың екіге бөлінуі және халықаралық жағдайда қалыптасқан қырғи-қабақ соғыс Оңтүстік Корея мен Қытай Халық Республикасының өзара байланысын саяси тұрғыдан тоқтатып қана қоймай экономикалық байланысты мүлдем жоғалтып жіберді деп айтсақ та болады.Алайда бір-біріне ұқсас социализмді ұстанған Солтүстік Корея мен Қытай Халық Республикасы саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да өз жалғасын табады. Либерализмді ұстанған Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконгтың өзара түсіністігі серпінді экономикалық байланыстың жандануына әкеледі. Ал керісінше Тайвань мен Солтүстік Кореяның байланысы осы кезеңде мүлдем тоқтап қалды десе де болады[9,324].
Оңтүстік Корея мен Тайваньның сауда-экономикалық байланысы
1945 жылдың тамыз айында Жапония өзінің капитуляциясын жариялағаннан кейін Кореяның сыртқы экономикалық байланысы негізінен Қытай құрлығымен, яғни дәлірек айтқанда сол кездері Қытай Республикасы аталған Тайваньмен жүзеге асырылады. Мысалы, 1946 жылы Корей экспортының 81,4 пайызын, импортының 91,5 пайызын қамтыған дәл осы Қытай Республикасы болған еді. Кореядағы тұрғылықты қытай халқының басым көпшілікі осы саудамен айналысқандықтан әрине Қытаймен сауда гүлдене түседі. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 35 жыл бойы Корей түбегінде өзінің үстемдігін жүргізіп келген Жапония жеңіліс тапқаннан кейін Корея бастапқыда аймақ бойынша жақын Қытаймен ғана экономикалық байланысты қайта бастайды. Осындай сауда тәжірибесіне сүйене отырып 1949 жылдың соңында Қытай Республикасы Тайванға ауысқаннан кейін Корея мен Қытай арасында жаңа сауда-экономикалық байланыс басталады[9,323].
Қытай Республикасы Қытай құрлығынан шығып, Тайвань аралына ауысуы Қытайдың өз ішінде үлкен дау-дамай туғызғаны бәрімізге мәлім. Осы арада көп ұзамай Корей түбегінде тарихта аты шулы болып қалған үш жылға созылған корей соғысы басталады. Осы мерзімде корей-қытай байланысы ұзақ уақытқа тоқтап қалды деп айтсақ та болады. Бұдан кейін Корей түбегіне өзінің жәрдемін бергісі келетін мемлекеттердің саны артып, сыртқы Қытайдан басқа да елдер, яғни Жапония мен Америка Құрама Штаттары пайда боалды. Оңтүстік Корея мен Тайвань арасындағы экономикалық байланыс сол бұрынғы қалпында болып келгенімен Тайвань да, Корея да бастапқы экономикалық жағдайы өте қиын болғандықтан толықтай екі жақтың экономикалық байланысын дамытуға көп бөгеттер болған еді. Сонымен қатар, Кореядағы тұрғылықты қытай диаспорасының экономикалық әрекеттерін басып тастайтын әртүрлі шектеулі шаралар орындалғандықтан корейлік қытайлардың бұрынғы құқықтары бұзылып бұл Корей мен Тайванның сауда-экономикалық байланысына өз әсерін тигізеді.
1970 жылға дейін Оңтүстік Корея мен Тайванның экономикалық байланысы бірдей саяси ұстаным мен тарихи байланыс негізінде сақталып келген болатын. Бірақ уақыт өте келе екі жақтың саяси ұқсастығы мен достыққа негізделген экономикалық байланысы бірте-бірте әлемдік нарықтағы еркін бәсеке ережесіне сүйеніп бәсекелестік қарым-қатынасқа ұласады. Оңтүстік Корея мен Тайвань экономикалық даму үдерісі мен экспорт жүйеснен құралған экономикасындағы жүйесінің ұқсастығы, АҚШ пен Жапонияның негізінде құралған сыртқы экономикалық қарым-қатынастың ерекже жүйесінің ұқсастығы арқылы екеуі бер бірте-бірте әлемдік нарықта бәсекелес елге айналады. Бұл екі елдің экономикалық серіктестігі мен сауданы дамытуына өз нұқсанын келтіреді[9,323].
Екі елдің негізінен экономикалық дамуының бағыты, экономикалық жүйесі мен индустриализация үдерісінде біршама ерекшеліктер болғанымен қазба-байлықтардың жетіспеушілігі, ішкі нарығының аздығы жағынан ұқсастығы көп еді. Осындай өз еліндегі кемшіліктерді жою үшін екі ел де арнайы экспорттық саясатты қабылдауға мәжбүр болып, нәтижесінде екеуі де әлемдік нарықта бәсекелес елге айналады. 1970 жылға дейін сыртқы экономикалық байланысқа осы кезеңдегі қырғиқабақ соғыс салдары өз әсерін тигізбей қоймайды. Либерализм мен социалим лагерінен құтылғысы келетін өзара серіктестік көп нәтижесін бермейді. Оңтүстік Корея мен Тайванның басты серіктестері өзінің саясаттағы басты серіктестері Жапония мен Америка Құрама Штаттарымен ғана шектеліп қалады. Екі елдің де басты серіктестері сол Жапония мен АҚШ қана болғандықтан Тайвань мен Оңтүстік Корея арасындағы бәсеке одан сайын күшейе түседі. Мысалы, 1975 жылғы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарлы он экспорты көп шығаратын елдердің қатарында Тайвань мен Оңтүстік Корея алғашқы жетілікке кіреді. 1980 жылдардағы көрсеткіш те осыған ұқсас еді. Алғашқы ондыққа кіру жағынан да ұқсастық байқалса, сыртқа шығарылатын тауарларынан да көп ұқсастық байқалады. Мысалы, 1975 жылғы көрсеткіш бойынша Оңтүстік Кореяның сыртқы өнімінің 56,2 пайызын тоқыма өнімдері құраса, Тайванның 27,8 пайызын сол тоқыма өнімі құраған. Ал 1980 жылы бұл көрсеткіш Оңтүстік Корея 29,2 пайыз, Тайвань 22,3 пайыз болып өзгереді. [9,324]
1960 жылы Азия елдері арасында негізінен осы екі елдің бәсекеге түсуі айрықша байқалса, 1970 жылдан бастап бұл тізімге Гонконг пен Сингапур қосылады.
1967 жылдан бастап «Корей-қытай экономикалық серіктестік жиыны» ашылып, белгіленген мерзімде өткізіліп отырған бұл жыйндар екі жақтың экономикалық серіктестігін нығайтуға тырысады. Алайда әлесдік нарықтағы бәсеке мен екі елдің ұқсас экономикалық жағдайы керісінше нәтижелер алып келеді. Мысалы 1974 жылы екі жақтың сауда айналымы 20 миллион 200 мың долларды құраса, 1975 жылы бұл көрсеткіш 10 миллион 700 мыңға кеми түсіп, 1976 жылы 10 миллион 600 мыңға азайа түседі.
Екі жақтың қарқынды серіктестікті орнатуғы тырысуы қадамдарына сүйенсек 1978 жылғы көрсеткіш бойынша 20 миллион 87 мың АҚШ долларына өседі. 1980 жылға дейін екі елдің сауда көлемі екі жақтың сыртқы саудасының 1 пайызын құрайды. Алайда 1980 жылғы Оңтүстік Кореяның импорт көлемі арасынан Тайвань өнімі 1,0 пайызды құрайды (1979 жылы 1,2 пайыз болған еді). Тайвань импортындағы Оңтүстік Корея өнімі 1,1 пайызды (1979 жылы 1,2 пайыз болған еді) құраған болатын. 1980 жылы Оңтүстік Корея экспортының ішіндегі 1,2 пайыз Тайванға тиесілі болса (1979 жылы 1,1 пайыз болған еді), Тайвань экспортының ішіндегі 1,3 пайыз Оңтүстік Кореяға жіберілген болатын (1979 жылы 1,1 пайыз болған еді). Осылайша 80-ші жылдар бойы екі жақты пайыздың көрсеткіштер 1 пайыздың төңірегінде болған еді[9,325].
Алайда 1980 жылдары Оңтүстік Корея мен Тайвань арасындағы саяси қарым-қатынастар бір-бірінен алыстап кеткен жағдайда «Корей-қытай экономикалық серіктестік жиыны» сияқты екі жақтың байланысын жақсартуға бағытталған ұйымдар еш көмегін тигізбеді. Осындай жағдайда Тайвань екі жақтың жиі жиналу мүмкіндігін пайдаланып, екі елдің арасындағы дәстүрлі достық пен коммунизмге қарсылықтары сияқты саяси байланыстарға басты назар аударуды талап етіп отырса, Оңтүстік Корея керісінше қолынан келгенше серіктестік саяласындағы мәселелерді қайта қозғауды назарға сала берді. 1970 жылдардың өзінде-ақ Америка Құрама Штаттары Қытай Халық Республикасымен байланыстар орната бастағаннан кейін Тайванның халықаралық деңгейін төмендеген жағдайда Тайвань қолынан келгенше Оңтүстік Кореямен саяси байланысын сақтап қалуға тырысады[9,325].
1980 жылдан кейін халықаралық қоғамда елдің пайдасын саяси идеологиядан жоғары қоятын утилитаризмның халықаралық байланыста орын алуы Тайвань мен Оңтүстік Кореяны байланыстарып келген дәстүрлі ұқсастық, ал кейіннен қалыптасқан «еркін антикоммунизмдік одақ» бірте-бірте құлдырай бастайды.
Әсіресе, Оңтүстік Кореяда 1980 жылдың басында әскери билік орнатқан Чон Ду Хван , ал кейіннен Ро Тхэ У президенттері өздерінің саяси билігінің әлсіз болғандықтан сыртқыбайланыс арқылы осыны қайтаруға тырысады. Сол себепті Коммунизмдік блок қарым-қатынасын жақсартып, яғни Солтүстікке бақытталған саясатты қарқынды дамыта бастайды. Әсіресе Қытай құрлығынндағы Қытай Халық Республикасы мен КСРО-мен байланысын жақсартуға бағыттайды. Осындай жағдай Тайвань мен Оңтүстік Кореяның байланысына өз әсерін тигізбей қоймайды.
80-ші жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея және Гонконгтың экономикалық байланысы
Оңтүстік Корея мен Гонконгтың экономикалық байланысы жүйелі түрде дамыды. Гонконг Қытай құрлығының оңтүстігінде орналасқан ең үлкен портты қала болып, Англияның отары болған 1076 шыршы километрге созылған үлкен қала. 1842 жылдан кейін Англияның отыр елі Гонконг әлемдегі ең дамыған капитализмнің экономикалық жүйесін сақтап, әсіресе сыртқы әлем және Қытай құрлығын байланыстыратын делдал рөлін атқарып келген ірі портты қалалардың бірі.
Енді Оңтүстік Корея мен Гонконгтың экономикалық байланысының даму барысына келер болсақ, екі жақты байланысы төмендегідей дамыған:
1-кезең 1960 жылдар кезеңі. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде 1945 жылға дейін Жапонияның отар елі болған Корей түбегінің сыртқы экономикасын Жапония монополиялап алған жағдай болатын. Екінші дүние дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін де Корея «импортты айырбастау» атты экономикалық даму стратегиясын таңдап, импортқа шектеу қойып отандық өнімді тұтыну қағидасын енгізгендіктен сыртқа тауар шығарумен айналысатын Гонконгпен де сауда-экономикалық байланысы шектеуле деңгейде болады[9,326].
2-кезең 1970 жылдар кезеңі. Бұл кезеңде екі жақтың экономикалық байланысы қарқынды дами түседі. 1960 жылдардың аяғынан бастап Оңтүстік Корея үкіметі өзінің экономикалық стратегиясын «Экономикадағы экспортты дамыту» стратегиясына ауыстырып Корей түбегіне сырттан қаржы мен техника ағылып, халықаралық бәсекеге сай экономикалық дамуға бет алады. Бұл арада Гонконг та өзінің бұрынғы қарапайым делдалдық сауданы дамыту бағытынан бас тартып, экспортты сауда мен өндіріс экономикасын дамытуға кіріседі. Осы бір-біріне тұспа-тұс келген өзгерісті екі ел де өз пайдасына қарай асырып, екі жақтың сауда айналымы күрт өседі. 1962 жылы Гонконгтың Оңтүстік Кореяға жіберген экспортының көлемі 4 700000 долларды құраса, 1969 жылы 2 440 0000 АҚШ долларына жеткен. Ал 1981 жылы 115 0000000 долларға жеткен болатын. Импорт та 1966 жылы 780 0000 долларды құраса, 1969 жылы 2 0000000 доллар болады. Ал 1981 жылы 2 0000000 доллардай көрсеткішті көрсетеді. [9,326]
3 кезең 1980 жылдан кейінгі кезең. Бұл кезеңде Гонконг пен Оңтүстік Корея экономикалық байланыстың жаңа кезеңіне көшкен деп айтуға болады. Яғни, бұрын болған сауда-экономикалық байланыстардан біраз тәжірибе жинап алып, инвестиция, қаржы сияқты экономикалық серіктестіктің жаңа деңгейін қалыптастырды деп айтуға болады. Оңтүстік Корея дәл осы кезеңде Азия аймағының нарығын кеңейтуды басты назарға алып отырған еді. Дәл осы себепті Оңтүстік Кореяға Гонконгпен экономикалық серіктестікті одан сайын дамыту қажет болады. 1988 жылы Оңтүстік Кореяның экспортындағы Гонконгтың үлесі 1970 жылдардағы 3,3 пайызды құраған үлестен 5,8 пайызға өседі. Әсіресе, Қытайда жүргізіліп жатқан ашық реформа саясатының арқасында Қытай құрлығы мен Оңтүстік Корея экономикалық байланысы қарқынды дамып, Қытай құрлығы мен Корея экономикалық серіктестігінде Гонконг маңызды байланыстыруша рөлін атқарады[9,327].