
- •«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
- •1.2 Корея Республикасы мен қхр арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуы
- •1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
- •1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
- •2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
- •2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.2. Қытайдағы корей диаспорасы
- •3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
- •Қорытынды
Қорытынды
Сонымен Қытай мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қатынас орнағаннан бастап, екі елдің саяси, экономикалық сауда байланыстары тез қарқынмен дамуда деп айтуымызға болады. Қытай қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның ең ірі сауда серіктесі. Қытай Шығыс Азиядағы бірден-бір экономикалық ықпал етуші мемлекет әрі әлемдегі ірі державалардың бірі. Басқа елдермен салыстырғанда Қытайдың халқы көп, сондықтан тұтынатын заттарды көтере өндіріп, өткізуге тиімді және алыстағы АҚШ, Батыс емес іргесіндегі күшті көршілес мемлекет.
ХХ ғасырдың 90-жылдары КХДР мен Ресей қарым-қатынасы салқындағаннан бастап Қытайдың аймақтағы рөлі өсті. Оңтүстік Корея Қытайды тарихи көршісі, әрі мәдени жағынан АҚШ, Ресейге қарағанда өзінің жақын табиғи стратегиялық әріптесі санайды. Қиыр Шығыстағы ғасырлар бойы мәдени және саяси орталық рөлін сақтай отырып Корей түбегіндегі жағдайдың тұрақты болуына ықпалын тигiзiп, Солтүстiк пен Онтүстiк Корея арасындағы байланыста делдал бола алатын бейбiт бiрiгудiң кепiлi ретінде қарастырады.
1992 жылы Қытай ең алдымен игерілмеген өте зор нарық көзі болды. Мұндағы басты рөлді дәстүрлі мәдениеттердің бір-біріне жақындығы, георафиялық орналасудағы тату көршілік және елдегі салыстырмалы түрдегі тұрақтылықтың атқарғаны анық. Сонымен бірге Қытайда екі миллиондық корейлік диаспараның барлығы мен олардың барлығына жуығы кәріс тілін өте жақсы білетіндігі де оң ықпал еткені сөзсіз. Көптеген корей жобалары негізінен қытайлық корейлер тұратын солтүстік-шығыс Қытайдағы үш провинцияда жүзеге асырылды. Кореямен географиялық жақындығы керекті құралдар мен материалдарды жылдам әрі арзан бағаға жеткізіп алуға мүмкіндік туғызды. Тек 2000 жылы Қытайға корей инвестициясының көлемі 659 млн долл құрады. Алғашқы уақытта Қытай Корея Республикасының АҚШ-тан кейінгі корей инвестициясы құйылған обьектілері бар ел ретінде екінші орынды иеленсе, ал 2001 жылдың бірінші жартысындағы көрсеткіш бойынша бірінші орынға шыққан. Қытайдың қаржы салынған жеңіл өнеркәсібінің үштен екісіне оңтүстіккорейлік фирмалары инвестиция құйды. Ол Қытайға жартылай өнім мен сатуға дайын тек соңғы жинау осы елде жасалынатын өнімдерді экспорттады. Соңғы жылдары Қытайға оңтүстік Кореяның мәдени ықпалының өскені байқалады. Корейлік поп-музыка, телевизиялық драма, кинофильмдер, аударылған корей кітаптары, корейлік дизайн және киім үлгілері Қытайда барған сайын сәнге айналып отыр.
Ал Қытай тарапына келсек, бұл мемлекеттің де Корей түбегіндегі жағдайға, жалпы екі Кореяға қатысты өз ұстанымы бар. ҚХР-ның корей мәселесіне араласу саясатының түпкі мақсаты өзінің шекарасына жақын және әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіріп тұрған КХДР тарапынан өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Дәл осы себепті де шығар, Қытай Оңтүстік Кореяның территориясында Америка әскерінің орналасуына ашық қарсылық білдіріп отырған жоқ. Өйткені, америка әскері де осы өңірдегі қауіпсіздікті сақтауға өзінің үлесін қосады. Сонымен қатар, Қытай үшін Корей түбегінде ядролық қаруды болдырмау да ұстанған саясатының маңызды бөлігі болып саналады. Өйткені, өзімен көршілес мемлекеттің күшейіп кетуін Қытай да қаламайды. Осыдан сан ғасырлар бұрын ұстанып келген саясаты сияқты Қытай Корей түбегінде өзінен басқа мемлекеттің әскери, саяси және экономикалық әсерінің күшейіп кетуін қаламайды. Бұл саясатты Қытай сонау ежелден бері ұстанып келе жатыр, тек қазіргі таңда оны жұмсақ түрге ауыстырды десе де болады. Сонымен қоса бұл тұста белгілі американдық саясаткер Зб., Бжезинскийдің сөзімен айтатын болсақ Біріккен Корея Қытай үшін Жапонияға қарсы бейтарап қорғаныс қалқаны болуы керек. Сонымен бірге Кореяның Жапонияға қатысты тарихтағы жаулық көзқарасы Кореяны өзінен өзі қытайлық ықпалға итермелуі мүмкін. Алайда, әзірге Қытайға бөлінген Корея барынша тиімді. Сондықтан Қытай солтүстіккореялық режимнің сақталуын әзірше қалайды.
Қытай үшін Корей түбегінің кезең-кезеңдерден өтіп барып бірігуі маңызды. Дәл осындай жолмен біріккен Кореяның жүйелік ағымы бір Қытайлық жүйеге ұқсас болуы керек. Қазіргі таңда, Қытай екі мемлекетке қатысты бірдей саясат ұстанып отыр десек те болады. Осы арқылы КХДР-ге көмек беріп, АҚШ әсерінің жайылып кетуіне жол бермей отыр. Ресейге қарағанда Қытай КХДР-дің тілін тез тауып, бір кездегі Кеңес Одағының орнын басты. Жалпы басқа ірі державаларға қарғанда Корей түбегіндегі екі мемлекетке қай жағынан алсақ та ең жақын мемлекет болғандықтан, оның түбектегі рөлі жоғары деп бағалауға болады.
Қытайға тән ой-сана, саяси жүйе және әдет-ғұрыптың мәдениетін орнатып, бай өркениетке қол жеткізіп, осы арқылы экономикалық дамуда қытай халқы өзге азия елдерінен үнемі бір саты жоғары тұр. Ал Корея Республикасы соңғы кездері Солтүстік-Шығыс Азиядағы өзіндік орны бар мемлекеттердің бірі ретінде алдан көрінуге күш салуда. Азия Тынықмұхиты аймағындағы саяси және экономикалық интеграциялық үдерістерге тең жағдайдағы қатынасушы болуға ұмтылып отырған ел. Сондықтан екі елдің қарым-қатынасы да алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің алыс-беріс жүйесі бойынша жүргізіліп келе жатыр деп айта аламыз.
Сонымен қорыта келген де Корея Республикасы Қытай сияқты тарихи алып көршісімен бәсекелесіп, оны өзіне қарсы қоюға тырыспайды, қайта жаһандану заманында онымен саяси, экономикалық, мәдени интеграциялық ынтымақтастығын күшейтіп, осы аймақтағы мәселелерді шешуде Қытайдың өзіне одақтас мемлекет болғанын қалайды.