
- •«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
- •1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
- •1.2 Корея Республикасы мен қхр арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастың қалыптасуы
- •1.3 Екі Корей мемлекеттеріне қатысты қхр-дың ұстанымы
- •2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
- •2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
- •1980 Жылдардан кейінгі Оңтүстік Корея мен Қытайдың экономикалық байланысы
- •2.2.Қхр мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
- •2.3. Қхр мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
- •3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
- •3.2. Қытайдағы корей диаспорасы
- •3.3. Екі ел арасындағы кейбір мәселелер мен диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
- •Қорытынды
«Қытай мен Корея Республикасы қатынастардың негізгі бағыттары» мазмұны
Кіріспе
1 Корея Республикасы мен қхр-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі.
1.1 Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері.
1.2 Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасуы.
1.3 Екі Корей мемлекеттерімен арадағы ҚХР-дың ұстанымы.
2 Корея Республикасы мен қхр-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары.
2.1. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері.
2.2.ҚХР мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері
2.3.ҚХР мен корей түбегі арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері.
3 Корея Республикасы мен қхр арасындағы ұлтаралық мәселелер.
3.1. Кореядағы қытай диаспорасы
3.2.Қытайдағы корей диаспорасы.
3.3. Екі елдегі қоныстанған диаспоралардың өзара қарым-қатынасқа тигізген әсері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қосымша
КІРІСПЕ
Адамзат тарихындағы теңдесі жоқ экономикалық жетістікке жеткен елдердің алдыңғы қатарында Қиыр Шығыс Азияда орналасқан елдердің алып отырған үлесі салмақты және басқаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Экономика сарапшыларының тұжырымдарына сенер болсақ, Ұлы Британияға индустриялану сатысынан өту үшін жарты ғасыр уақыт қажет болған болса, АҚШ бір адам басына шаққандағы өндірісті екі еселеу үшін 50 жылға жетер-жетпес уақыт жұмсаған. Осы екі елмен салыстыра отырып үңілсек, ҚХР мен Оңтүстік Корея небәрі 10 жыл ішінде АҚШ пен Ұлы Британияның жарты ғасырда бағындырған белестерін игергенін көреміз. Егер де осы аталған екі ел орналасқан аймақтағы бүгінгі қарқынды дамуға ешқандай кедергі болмаса, бірнеше жылдардан кейін Қиыр Шығыс Азия елдері ішкі жалпы өнім көрсеткіштері бойынша Солтүстік Америка мен Еуропаны артта қалдыруы әбден мүмкін. Бірақ дәл осы аймақты астаң-кестең болып жарылар сәтін күтіп отырған саяси жанартаумен салыстыруға болады. Корей түбегі Солтүстік Шығыс Азия өңіріндегі ең қауіпті аймақтың бірі екені және сол маңайда орналасқан елдердің болашағы да осы мемлекеттің тағдырымен тікелей байланысты екенін біз тап басып айта аламыз. Қазіргі таңда Корей түбегі мәселесінен Қытай да сырт қалмай, өзінің саяси ықпалын тигізуге тырысып отыр. Қытай өз алдына экономикалық және саяси тұрғыдан алғанда бұрынғы әлжуаз мемлекет деген аттан түбегейлі құтылып, дүниежүзінде өзіндік салмағы бар ұлы державаға айналуды алдына мақсат етіп қойып отырған ел. Ал дәл қазіргі таңда, осы жоғарыда аталып өткен мақсаттардың біртіндеп болса да орындалып жатқанын біз өз көзімізбен көріп отырмыз. Қытай көптеген қиындықтарды бастан кешіріп, заманның даму көшінен қалыспайтындай қадаммен алға ұмтылған, соңғы жылдары күрт өркендеген мемлекет.
Міне, осындай тарихи, саяси және экономикалық тұрғыда қарқынды дамып келе жатқан елдердің өзара қарым-қатынастарының даму барысы да ойдағыдай. Корей түбегі мен Қытай бағзы заманнан бір-бірімен алыс-беріс жасап келе жатқан, байырғы көршілес мемлекеттер. Корей түбегінде жаңадан қалыптасып келе жатқан алғашқы мемлекеттерге көрші тұрған алып империяның сол кезден-ақ ықпалы жоғары еді. Корей-қытай қарым-қатынастары сонау көне Чосон кезеңінен басталады. «Чосон» мемлекетінің атауы Қытайға б.э.д 7 ғасырда белгілі болған деседі. Сол кезден бастап-ақ екі мемлекеттің өзара байланысы қалыптасқан. Егер де жаңа тарихи кезеңін қарастыратын болсақ, Корей түбегінің мәселесіндегі 1950-1953 жылдар аралығындағы болған корей соғысындағы Қытайдың рөлі жоғары еді. Сол кезде, Ким Ир Сеннің сұрауымен Мао Цзэдун КХДР мемлекетіне әскери көмегін жібереді. Осынау жанды жәрдемнен басталған Қытай мен КХДР арасындағы достық қарым-қатынас соңғы жылдарға дейін созылады. Ал, Оңтүстік Кореяға келетін болсақ, оның Қытай мемлекетімен арадағы байланысы 1992 жылдан басталады. Өткен ғасырдың елуінші жылдардың бастапқы кезеңінен кейін, Оңтүстік Корея тарихында көптеген оңды өзгерістер орын алды. Корей түбегі АҚШ, Жапония, Ресей және ҚХР мемлекеттерінің мүдделері тоғысқан, аталған елдердің барлығы өз ықпалдарын сақтап қалуға ұмтылған аймаққа айналды. Солардың арасында Корей және Қытай қарым-қатынастары үлкен орын алады.
Корей мен Қытай мемлекеттері арасындағы байланыс ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан үлкен бір тарихты құрайды. Екі мемлекет арасында тек қана тарихи жақындық қана емес, сонымен қатар мәдени, саяси тұрғыдағы байланыс та өз басымдығымен байқалып келе жатыр. Соңғы жылдары біздер үшін Корея мен Қытай үлкен экономикалық серіктес ретінде де кеңінен белгілі. Саяси сахнада да жиі бірге көрініп жататын мемлекеттердің қатарында.
Бірақ та Қытай және Корей мемлекеттері арасындағы тарихи байланыста біркелкіліктің жоқтығын бізге бүгінгі тарихқа дейінгі болған көптеген жағдайлар көрсетеді. Бұның ең басты себебі – Корея түбегінің екіге бөлініп ол жерде «Солтүстік» және «Оңтүстік» деп аталатын қос мемлекеттің орнауы. Бұл жағдай Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы байланысты нақтылап қана қоймай, жалпы Солтүстік Шығыс Азия өңіріндегі «қырғиқабақ соғыс» жылдарындағы жағдайды да айқын көрсетіп береді.
Зерттеу нысаны – Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың жағдайы мен болашақ мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеу тақырыбы – Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың бастапқы кезеңіндегі әртүрлі саладағы даму барысы мен тарихы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Магистерлік диссертация зерттеуінің басты мақсаты – Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың жағдайы мен болашақ мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. Осы тақырыпты зерттеу барысында алдыма келесі міндеттерді қоямын:
- Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілерін қарастыру;
- Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасу барысын көрсету;
- Корей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардағы ҚХР-дың ұстанымын қарастыру;
- Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдерін көрсету;
- Екі елдегі дипломатиялық байланыс орнағаннан кейінгі экономикалық байланыстардың дамуын талқылау;
- Корея Республикасы мен ҚХР-дың сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері жайлы баяндау;
- Екі елдегі ұлтаралық мәселелерді көтеру;
- Кейінгі Чосон мемлекеті тұсында Корей түбегіне қоныс аударған қытайлардың қазіргі жағдайымен танысу;
- Қытай Халық Республикасының азаматы болған корей диаспорасының тарихына үңілу және қазіргі кездегі жағдайларымен таныс болу.
Магистерлік жұмыс – жаңа тарихи кезеңдегі Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың даму барысын дипломатиялық, тарихи және саяси, сауда-экономикалық, диаспора салалар бойынша қарастыратын алғашқы қазақ тілінде жазылған зерттеу жұмысы болып табылады. Соған сай зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей:
-жаңа тарихи кезеңдегі Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі толығымен сипатталады;
-Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынастардың қарқынды түрде алға басу кезеңдері толық көрсетіледі;
-Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы мәдениет және гуманитарлық салалар бойынша қарым-қатынастар жан-жақты қарастырылады;
Ғылыми деректер көзі (базасы)
Диссертациялық жұмыстың зерттелу барысында орыс, қазақ, ағылшын және корей тілдеріндегі әдебиеттер қолданылады. Сонымен қатар, мерзімдік басылымдарда жарияланған ғылыми-зерттеу және тарихи-деректі мақалалар мен тағы басқада ғылыми еңбек жиынақтарынан да қажетті деректер қарастырылады.
Әдіснама және зерттеу тәсілдері
Диссертацияның алға қойылған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін теориялық әдіс, салыстырмалы талдау, тарихи-салыстырмалы сараптамалар, статистикалық деректер қолданылады. Тарихи зерттеу барысындағы ең маңызды тәсілдің бірі болып табылатын құрылымды-функционалды талдау да қолданылады.
Магистерлік жұмыс 3 тарауға бөлініп қарастырылған. 1-тарауда Корея Республикасы мен ҚХР-ның арасындағы саяси және дипломатиялық қарым-қатынастардың даму үрдісі жайлы айтылған. Тарау үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімінде Корея мен Қытай арасындағы саяси және дипломатиялық қатынастың тарихи аспектілері жайлы қарастырылған. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Корей түбегі мен іргесінде тұрған Қытай осы елдерде алғашқы мемлекеттер пайда болған сәттен бастап өзінің байланыстарын орнатқан. Бұл елдер арасындағы алыс беріс сол заманнан басталып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Тараудың осы бөлімінде осы тарихи аспектілерге шолу жасалған. Ал бұл тараудың екінші бөлімінде Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған. 20 ғасырға дейін өзіне Корей түбегін тәуелді етіп келгенімен Жапонияға тәуелді болған Кореяның Қытаймен байланысы бұрынғыдай болмайды. Ал әлемді екі идеологиялық ұстанып қалыптасып, Корей түбегінде екі мемлекет орнап, Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан кейін байланыс бұрынғы қарқынынан айрылып қалады. Алайда 1992 жылы екі жыл дипломатиялық байланыс орнатып, қарым-қатынастарын ретке келтіре бастайды. Тараудың осы бөлімінде дипломатиялық қарым-қатынас орнаған күннен бастап қазіргі күнге дейінгі екі елдің дипломатиялық байланыстары туралы айтылған. Енді осы тараудың үшінші бөліміне келер болсақ, бұл арада Корей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардағы ҚХР-дың ұстанымы жөнінде қарастырылған. Корей түбегі Солтүстік Шығыс Азия өңірінде қауіпті аймақтардың біріне жататыны бәрімізге мәлім. Бұл аймақтың қауіпсіздік мәсілесіне тек қана АҚШ-тың ғана емес өзге де Ресей, Жапонияның да қатысулары бар. Әрине бұл арада Қытай Халық Республикасының да қатысуынсыз болмайды. Осы бөлімде Қытайдың корей мәселесінде қандай орын алатыны жайлы айтылған.
Аталмыш диссертацияны жазу барысында «Внешняя политика государства Цин в XVII веке» , «Очерки истории Кореи» , «История Кореи (с древнейших времен до наших дней)» «КНР: три десятилетия — три политики», «История китайско-южнокорейских отношений (новейший период)» және тағы да басқа әдебиеттер қолданылған.
Магистерлік жұмыстың екінші тарауы 2 тарауы « Корея Республикасы мен ҚХР-дың сауда және экономикалық қарым-қатынастары» деп аталады. Бұл тарау да үш бөлімге бөлінген. Бірінші тарауында Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы қарастырылған. Жоғарыда жазып өткеніміздей Корей түбегіндегі алыс-беріс бұрыннан бері келе жатыр. Қытай Корея түбегін басқа елдермен байланыстырып келген десек те қателеспейміз. Қытай сол кездің өзінде-ақ өзімен сауда және экономикалық байланысты орнатуға қызықтырған елдердің бірі. Бірақ та көне замандағы орнатылған сауда-экономикалық байланыстар мен қазіргі заманда жүзеге асырылып жатқан сауда-экономикалық байланыстардың айырмалышығы көп. Сол айырмашылықтарды байқап білу үшін тараудың осы бөлімінде көне заманнан басталған сауда және экономикалық байланыстардан бастап 19 ғасырға дейінгі байланыстарға шолу жасалған. Бұл тараудың екінші бөлімінде ҚХР мен Корея Республикасы қатынастарының экономикалық негіздері жөнінде жазуға тырыстым. Бұл жерде екі ел арасында 1992 жылы дипломатиялық байланыстар орнатылғаннан кейін өзара экономикалық және сауда серіктестігінің даму барысы мен екі елге әкелген пайдасы туралы жазылған. Ал бұл тараудың үшінші бөлімінде ҚХР мен корей түбегіндегі сауда-экономикалық қарым-қатынастарының болашақ мүмкіндіктері мен күрделі мәселелері туралы талқыланған. Оның ішінде Солтүстік Корея жөнінде де атап өтуге тырыстым. Өзара дипломатиялық байланыс орнатылып, көрші тұрған елмен тарихи, мәдени тұрғыдағы тығыз қарым-қатынасқа қарамастан екі ел арасында болашақ мүмкіндіктермен қатар күрделі мәселелер де баршылық. Тараудың осы бөлімінде Корея Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасынағы сауда-экономикалық байланысының болашақ мүмкіндіктері туралы айтып өтіп, осы екі елдің арасындағы сауда қарым қатынастарының күрделі мәселелері туралы да қарастырып өту тырыстым.
Магистерлік жұмыстың үшінші тарауы «Корея Республикасы мен ҚХР арасындағы ұлтаралық мәселелер» деп аталады. Тарау үш бөлімге бөлінген. Бірінші тарауында екі елде алғашқы сауда байланыстары орнап, қытайлық саудагерлер Корей түбегіне қоныс аудара бастайды. Корей түбегіндегі қытайлардың басынан сан-алуан қиыншылықтар өтеді. Бұл бөлімде осы қытайлықтардың тарихына үңіліп, Оңтүстік Кореядағы қытайлықтардың қазіргі жағдайы туралы да жазылған.