Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БмЖГ.кратк. — копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

Балалардың дене дамуының соматометриялық көрсеткіштерін анықтау(баланың дене ұзындығын, көкіректің шеңберін өлшеу)

Емтихан тапсырушыға ақпарат:Өз іс –әрекетіңізді емтихан қабылдаушыға әңгімелей отырып 5 жастағы ұл баланың дене ұзындығын және көкірек шеңберін өлшеңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат:төменде келтірілген әрбір пункт бойынша жеке-жеке студентті бағалаңыз.

Қажетті жабдықтар:Ростомер, антропометр, сантиметрлік лента.

Дағдыны орындаудағы адымды іс-әрекет

Балмен бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындаған жоқ

1

Емтихан тапсырушы баланың дене ұзындығын ростомер немесе металды антропометрмен өлшейтінін түсіндірді.

0,25

0,125

0

2

Емтихан тапсырушы бойын өлшеу үшін баланы шешіндіріп,оның ростомердің вертикалды тағанына арқасын тигізіп платформаға тұруына көмектесті, ростомердің вертикальді тағанына жанасу нүктелерін дұрыс таңдады (өкше, жамбас, жауырын аралық аймақ), бала денесін дұрыс орналастырды (ішті тартып, өкшені қосып, «тік» тұру).

0,5

0,25

0

3

Емтихан тапсырушы баланың басын дұрыс қалыпта орналастырды (көз ұясының төменгі шегі және құлақ қалқанының жоғарғы шегі бір горизонталды жазықтықта орналасады), ростомер планкасын жоғарғы нүктемен түйісу жеріне дейін түсірді (берілген қалыптағы бастың сагитальды жолағының біршама жоғары нүктесі) және бойды тұрған қалыпта өлшеді.

1,0

0,5

0

4

Емтихан тапсырушы 5жастағы баланың бой ұзындығын өлшеу нәтижесін жеткізді, қорытынды жасады (3 қосымшаны қара).

0,5

0,25

0

5

Емтихан тапсырушы көкірек шеңберін өлшеуі, баланы белге дейін шешіндіріп, сантиметрлік лентаның көмегімен, тыныш дем алу жағдайында (үзіліс) жүргізілетін түсіндірді.

0,25

0,125

0

6

Емтихан тапсырушы баланың қолын екі жаққа созып сантиметрлі лентаны арт жақтан жауырынның төменгі бұрышына қояды. Сосын баладан қолын түсіруді сұрайды, лента төмен сырғып жауырын бұрышының астында жатады. Алдыңғы жақтан лентаны емшек ұшы дөңгелегінің төменгі шегіне салады, (ал сүт безі дамыған қыздарда,лентаны сүт безінің үстінен ΙV қабырғаның жоғарғы шегінің деңгейінен жүргізеді) терең тыныс алуға жол бермей, лентаның денеде тығыз тұрғанын бақылау керек.

0,5

0,25

0

7

Емтихан тапсырушы өлшеуді бала көңілін аударумен, әңгімелесу арқылы жүргізді.

0,5

0,25

0

8

Емтихан тапсырушы баланың КШ мәліметтерін берілген жас- жыныстық топқа арналған дене даму стандарттарының кестесімен салыстырды (3 қосымшаны қара).

0,5

0,25

0

Барлық балдар:

4,0

2,0

0

4-ДАҒДЫ