
- •Мектеп жиһазын гигиеналық бағалау (жағдайлық есеп)
- •Сигмалды ауытқу әдісімен балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау (жағдайлық есеп)
- •Балалардың дене дамуының соматометриялық көрсеткіштерін анықтау(баланың дене ұзындығын, көкіректің шеңберін өлшеу)
- •Компьютерде жұмыс істеу кезінде электрлік және магниттік өріс параметрлерін өлшеу
- •Пән қиындығының ранг шкаласы бойынша мектеп сабақ кестесін гигиеналық бағалау
- •Кешенді әдіспен балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау (жағдайлық есеп)
- •Ойыншықтың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы
- •Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымының жер учаскесін санитарлы-эпидемиологиялық тексеру (мдТжБбұ)
- •Қосымшалар
- •Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың, ткб-ның жиһазының өлшемдерi мен таңбалары
- •1 Таблица
- •Сигмалды ауытқуды есептеу кестесі
- •2 Таблица
- •Дене даму профилі
- •3 Таблица
- •4 Таблица
- •Ұл балалардың (4 - 10 жас)кеуде аумағы бойынша центилді көрсеткіш (см)
- •5Таблица
- •6Таблица
- •Протокол Жұмыс орында электромагниттік өрісті өлшеу
- •9 Таблица
- •10 Таблица
- •11 Таблица
- •12 Таблица
- •14 Таблица
1-ДАҒДЫ
Мектеп жиһазын гигиеналық бағалау (жағдайлық есеп)
Емтихан тапсырушыға ақпарат:
БАЛАНЫҢ АНТРОПОМЕТРЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ - 10 ЖАС:
1. Дене ұзындығы -132см,
2. Кеуде қуысының алдыңғы-артқы диаметрі -13см,
3. Еденнен кәрі жіліктік нүктеден тұру биіктігі -32см,
ЖИҺАЗДЫҢ НЕГІЗГІ ӨЛШЕМДЕРІ:
Екіорынды стол:
жұмыс бетінің биіктігі -700мм
жұмыс бетінің ені - 500 мм
жұмыс бетінің ұзындығы - 1200 мм
Жеке орындық:
отыру биіктігі - 420 мм
отыру бетінің тереңдігі - 380 мм
отыру бетінің ені - 340 мм
ОҚУШЫНЫҢ ОТЫРУЫ:
Дифференция - 28 см. Денеге жақындатылған шынтақтан орындықтың отыру бетіне дейінгі қашықтық -17см. Орындық дистанциясы – оң. Арқа дистанциясы – 18см.
ТАПСЫРМА:
Мектеп жиһазын гигиеналық бағалау жүргізілетін нормативті-техникалық құжатты атау.
Жиһаз тобын және түсінің маркировкасын анықтау.
Оқу столының дұрыс таңдалғанын анықтау.
Оқу орындығының дұрыс таңдалғанын анықтау.
Дифференцияны есептеу (бұл стол бетінің артқы шетінен орындық бетіне дейінгі тік қашықтық, дифференция отыру биіктігіне отырған оқушы қолының еркін түсіргендегі шынтағына + 5-6 см қосқанға тең, дифференция дененің иілу бұрыштарының дұрыс қатынасын және тұрақты дене қалпын қамтамасыз етеді).
Арқа дистанциясын есептеу (бұл стол бетінің артқы шетінен орындық арқасына дейінгі көлденең қашықтық, - оқушының кеуде клеткасының алдыңғы-артқы диаметрінен 5 см- ден артық болмаса,ол оптимальді болады).
Орындық дистанциясын бағалау (бұл стол бетінің артқы шетінен орындық бетінің алдыңғы шетіне дейінгі көлденең қашықтық).
Алынған нәтиже бойынша дұрыс қорытынды беру,мектеп жиһазының дұрыс таңдалғанын анықтатау.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде келтірілген әрбір пункт бойынша жеке-жеке студентті бағалаңыз.
Қажетті жабдықтар: МЕСТ II015-93 «Оқу столдары», МЕСТ II016-93 «Оқу орындықтары» «Тәрбиелеу және білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талапатар» СЕ 31.12.11 №1684
№ |
Дағдыны орындаудағы адымды іс-әрекет |
Балмен бағалау |
||
Барлығын дұрыс орындады |
Ескертулермен орындады |
Орындаған жоқ |
||
|
Емтихан тапсырушы мектеп жиһазының гигиеналық бағалауы жүргізілетін негізгі нормативті-техникалық құжатты дұрыс атады: 1) МЕСТ II015-93 «Оқу столдары»; 2) МЕСТ II016-93 «Оқу орындықтары»; 3) «Тәрбиелеу және білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық–эпидемиологиялық талаптар» СЕ 31.12.11 №1684 |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Емтихан тапсырушы «Тәрбиелеу және білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» СЕ 31.12.11 №1684 сүйене отырып, баланың бой көрсеткіші бойынша жиһаз тобын (3 жиһаз тобы) дұрыс анықтады және түс маркировкасын атады. |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Оқу столының дұрыс таңдалғанын анықтау үшін, емтихан тапсырушы столдың негізгі өлшемдерін,"Оқу столдары"II015-93МЕСТ-тан алынған оқу столының функционалды өлшемімен салыстырды және түсіндірді: 1.Жұмыс бетінің биіктігі (700 мм, N 580); 2.Жұмыс бетінің ені (500 мм, N 500). 3. Жұмыс бетінің ұзындығы(1200 мм,N1200 мм) Қорытынды жасады, жұмыс бетінің биіктігі нормаға сай емес. |
0,25 |
0,125 |
0 |
|
Емтихан тапсырушы орындықтың дұрыс таңдалғанын анықтау үшін орындықтың негізгі өлшемдерін,"Оқу орындықтары"II016-93МЕСТ-тан алынған оқу столының функционалды өлшемімен салыстырды және оқу орындықтарының дұрыс таңдалғанын анықтау үшін есептеу керек екенін түсіндірді: Отыру биіктігі 420мм (N340) (орындық биіктігі сан ұзындығына 2см өкше биіктігін қосуға тең екенін айтты), еденнен кәрі жіліктік нүктеден тұру биіктігі - 32 см + 2 см өкше=34 см, немесе 340 мм, жағдайлық есепте берілген орындық биіктігімен салыстырды. Қорытынды жасады, орындықтың биіктігі жоғары болғанда оқушының аяғы еженге тимей, санға бұлшықеттік жүктеме жоғарылайды (подставка қажет). |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Емтихан тапсырушы дұрыс бағалады: отыру бетінің енін 340 (N 290 кем емес) және отыру бетінің тереңдігін 380 (N- 330±20, бұл 310-350, есеп бойынша 370 - N жоғары. |
0,25 |
0,125 |
0 |
|
Емтихан тапсырушы дифференцияны дұрыс есептеді, дифференция отыру биіктігіне отырған оқушы қолының еркін түсіргендегі шынтағына + 5-6 см қосқанға тең (денеге тиіп тұрған шынтақтан орындық бетіне дейінгі арақашықтық - 17 см +6 см=23 см) екендігін түсіндірді, есеп бойынша 28см тең, дифференция 5 см жоғарылаған. Жоғарылаған дифференция жазу кезінде оқушыны оң немесе сол қолын көтеруге мәжбүрлейді, ол дененің ассиметриясына немесе омыртқа жотасының қисаюына әкеп соғуы мүмкін. |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Емтихан тапсырушы арқа дистанциясын дұрыс есептеді, баланың кеуде клеткасының алдыңғы-артқы диаметріне 13 см + 5 см қосқанға тең екенін түсіндірді,( арқа дистанциясы оптимальді болады, егер ол оқушының кеуде клеткасының алдыңғы-артқы диаметрінен 5 см- ден артық болмаса), арқа дистанциясы =18 см тең, есеп бойынша 20 см,яғни арқа дистанциясы жоғарылаған, оқушы қосымша тірек ретіндегі орындық арқасын пайдалану мүмкіндігінен айырылады. |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Емтихан тапсырушы орындық дистанциясын дұрыс есептеді, ол «теріс» болуы керек. «Оң арқа дистанциясы» болғанда оқушы білегін столға қою үшін алдыға еңкеюге мәжбүр болады. Мұндай жағдайда жұмыс қалпы ыңғайсыз болады, статикалық жүктеменің жоғарылауына және қажудың жылдам пайда болуына жағдай жасайды. |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Берілген СЕ «Тәрбиелеу және білім беру мекемелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» 31.12.11 №1684, МЕСТ негізінде емтихан тапсырушыалынған нәтиже бойынша дұрыс қорытынды берді, мектеп жиһазының таңдалу дұрыстығын анықтады. Жиһаз оқушының негізгі антропометрлік параметрлері және бойы бойынша сәйкес келмейді, жиһаз дұрыс таңдалмаған және рационалды емес. Оқушыны отырғызу дұрыс емес. |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Барлық балдар: |
4,0 |
2,0 |
0 |
Нәтижені бағалау:
Өте жақсы: А 9,5-10,0 (4,00);А- 9,0 (3,67)
Жақсы: В+ 8,5 (3,33);В 8,0 (3,00); В- 7,5 (2,67)
Қанағаттанарлық: С+ 7,0 (2,33);С 6,5 (2,00); С- 6,0 (1,67)
D+ 5,5 (1,33);D 5,0 (1,00)
Қанағаттанарлықсыз: F 4,5 және төмен (0)
Максималды балл: 10,0
Дағдыны орындауға берілген уақыт - 10 минут.
2 ДАҒДЫ