Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ ГП Каз.13-14 ж..rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.04 Кб
Скачать

Тамақтан ұлану жағдайын тергеу

Бір жанұяда екі ересек адам және 6 жастағы баланың ұлануы болды. Үй жағдайында сары өріктен жасалған компотты ішкеннен кейін 7 сағаттан кейін бала, 20-30 сағаттан кейін ересектер ауырған. Аурудың алғашқы белгілері: бас айлануы, диплопия, шөл, ауыздың құрғақтануы. Екі науқас құсқан. Бір тәуліктен кейін барлық ауырғандардың жағдайы күрт нашарлануына байлынысты госпитализацияланған. Стационарда құрысулар, көздiң көруі нашарлауы, птоз, жұтудың қиындауы, афония, аяқ астынан әлсіздік байқалған. Балада толық адинамия, аяқтарының парезы. Объективті: тері қабаттарының цианозы, қарашықтың ұлғаюы, аккомодацияның бұзулуы, дене қызуы нормада, үлкен дәреті жоқ.

Науқастардың асқазандырының жәюлуіне, специфиқалық сыворотканы салынылуына және жұрек препараттарын қолданылуына қарамастан науқастар аурудың 2-і және 3-і күндерінде өлімге ұшырады.

Тергеу барысында келесі анықталды: өріктер базардан көп мөлщерде сатып алынған, екі тәулік бойынша бөлме температура жағдайында сақталды. Өріктердің жартылай мөлшері аса піскен және езілген болды жәнеде консервілеу алдында дұрыс жуылмаған. Компот шыны ыдыста, температурасы 75 - 800С суға салынып 10 минут дайындалған. Содаң соң 20°С температурада жылы бөлмеде үш ай сақталған.

  1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары тамақтан улануды тергеуде қандай құжатқа сүйенетінін атаңыз.

  2. Тамақтан ұлануды тергеуде қандай есептiк - есеп беру құжаттамасы толтырылатынын атаңыз.

  3. Тамақтан ұланудың классификациясы бойынша болжамалы диагнозын қойыңыз.

  4. Қойылған болжамалы диагнозды дәлелдеңіз.

  5. Күдікті азық-түлікті анықтаңыз.

  6. Тамақтан уланудың себептерін көрсетiңiз.

  7. Осы жағдайда токсинді анықтауға қолданылатын қажетті әдісті көрсетіңіз.

  8. Осы улануда қандай емдеу тиiмдi болып табылады?

  9. Алдын алу шаралар жоспарын қарастырыңыз.

  10. Тамақтан ұланудың тергеу актісінің тарауларын атаңыз.

10 дағды

Тамақтан ұлану жағдайын тергеу

Демалыс лагерінде, балалармен жиналған жидектерден жергілікті қалайшымен қалайыланған темір багінде кисель дайындалып таратуға дейін суытылған. Оны ішкен балалардың кейбіреуі жағымсыз дәмін сезген. Дәл сол ыдыста келесі күндерде алма компоты, морс дайындалған.

Лагерде болу мерзімі аяқталу кезінде дәрігер балалардың терісінің бозаруына, тістердің қызыл иегінде сұр түсті жиек пайда болуына назар аударған. Сол уақытта балаларда диспепсиясыз іштің серпінді ауырсынуы анықталы.

Төтр бала «жедел іш» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Барлығын қорытындылай лагер дәрігері тағамдық улануға күдіктеніп ас үйінің ыдысын тексерді. Үшінші тағам дайындалған ыдыстың кейбір жерлерінде қалайы жабынның бұзылуын анықтады.

1.Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары тамақтан улануды тергеуде қандай құжатқа сүйенетінін атаңыз.

2.Тамақтан ұлануды зерттегенде қандай есептiк - есеп беру құжаттамасы толтырылатынын атаңыз.

3. Тамақтан ұланудың классификациясы бойынша болжамалы диагнозын қойыңыз.

4.Қойылған болжамалы диагнозды дәлелдеңіз.

5.Күдікті азық-түлікті анықтаңыз.

6.Тамақтан уланудың себептерін көрсетiңiз.

7. Осы жағдайда ыдысты қандай зертханалық тексеруден өткізу қажет?

8. Алдын алу шаралардың оперативті және перспективті жоспарларын қарастырыңыз.

9. Тамақтан ұланудың тергеу актісінің тарауларын атаңыз.

10. Осы улану жағдайында қолданылатын санитарлық қадағалау санкцияларын анықтаңыз.