Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ ГП Каз.13-14 ж..rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
836.04 Кб
Скачать

1-дағды

СТУДЕНТ АҒЗАСЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ СТАТУСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТАМАҚТАНУЫН ЗЕРДЕЛЕУ

Студенттің жеке тамақтануын зерделеу кезінде анықталды: жасы 20-да, бір күн ішінде әр түрлі іс-әрекетке (оның ішінде спорт секциясына белсенді қатысу) 1950 ккал жұмсайды (негізгі алмастыруды (НА) есептемегенде). Студенттің бойы 175 см, салмағы 60 кг, белі 55см, бөксе щеңбері 58см. Тәулік рационындағы ақуыз мөлшері 56 гр құрады, майлар - 78 гр, көмірсулар - 280 гр. Витаминдер: А - 570 мкг.рет.экв., С- 60 мг, Са - 705 мг, Р - 850 мг, Fe – 8,2 мг, Йод - 85 мкг.

  1. Студент ағзасындағы негізгі алмасу деңгейін анықтаңыз.

  2. Ағзаның тәуліктік энергия шығынын есептеңіз.

  3. Тәуліктік рацион калориялығын есептеп, бағалаңыз.

  4. Тәуліктік рационның сандық толыққұндылығын макро- және микронутриенттер бойынша бағалаңыз.

  5. Брок индексін есептеп, бағалаңыз.

  6. Кетле (ДСИ) индексін есептеп, бағалаңыз.

  7. Тағамдық статусының түрін анықтап, бағалаңыз.

  8. Студент тамақтануын рационализациялау бойынша ұсыныстар беріңіз.

2-дағды

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҰЖЫМДАРДЫҢ НАҚТЫ ТАМАҚТАНУЫН САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Мектепке дейін оқытып, тәрбие беретін №5 ұйымда статистикалық әдіспен балалардың 1 жылдағы нақты тамақтану жағдайы зерделенді (мәзір-жіктемесі бойынша). 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға арналған әр маусымға (қыс, көктем, жаз, күз) 15 ас мәзірі зерделеуге алынды. Зерделеу кезінде анықталды: тамақтану тәртібі 4 реттік: таңғы ас - 8.30-9.00, түскі ас - 12.30-13.00, түстен кейінгі ас - 15.40-16.00, кешкі ас - 18.20-18.45. Тәуліктік рационның химиялық құрамын жекелей ас қабылдау бойынша санағанда анықталды: ақуыздар – 75 гр, майлар – 83 гр, көмірсулар - 390 гр. Таңғы ас калориялылығы – 702 ккал, түскі ас калориялылығы – 865 ккал, түстен кейінгі ас калориялылығы – 428 ккал, кешкі ас калориялылығы – 612 ккал.

Витамин А - 520 мкг ретин. экв.

Витамин С - 35 мг

Кальций - 800 мг

Фосфор - 900 мг

Йод - 0,05 мг

  1. Ас мәзірінің таңдалған көлемін бағалаңыз (нәтижелердің дұрыстығы үшін).

  2. Тамақтану тәртібін бағалаңыз.

  3. Тәуліктік рацион калориялығын есептеп, бағалаңыз.

  4. Тәуліктік калориялылығының пайыздық реттелуін жекелей ас қабылдау бойынша есептеп, бағалаңыз.

  5. Макронутриенттердің сандық мөлшерін бағалаңыз.

  6. Витаминдік және минералдық құрамы бойынша тамақтанудың адекваттылығын бағалаңыз.

  7. Балалардың нақты тамақтануының қорытындысын беріңіз.

  8. Зерделенген жас мөлшеріндегі балалар тобының тамақтануын рационализациялау бойынша ұсыныстар беріңіз.

3-дағды

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҰЖЫМДАРДЫҢ (ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ) НАҚТЫ ТАМАҚТАНУЫН САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒАЛАУ

Қарттар үйінде статистикалық әдіспен 60-75 жас аралығындағы тұрғындарының нақты тамақтануы зерделенді (мәзір-жіктемесі бойынша). Әр маусымдағы (қыс, көктем, жаз, күз) 18 мәзір зерделеуге алынды. Зерделеу кезінде анықталды: тамақтану тәртібі 3 реттік: таңғы ас - 8.00-8.30, түскі ас - 13.00-13.30, кешкі ас - 18.00-18.30. Тәуліктік рационның химиялық құрамын есептегенде: ақуыздар – 66 гр, майлар – 78 гр, көмірсулар – 382 гр.

Витамин А - 753 мкг ретин. экв.

Витамин С - 62 мг

Кальций - 750 мг

Фосфор - 980 мг

Натрий - 12гр

Магний - 485 мг

  1. Ас мәзірінің таңдалған көлемін бағалаңыз.

  2. Тамақтану тәртібін бағалаңыз.

  3. Тәуліктік рационның калориялылығын есептеп, бағалаңыз.

  4. Макронутриенттердің сандық мөлшері мен олардың қатынасын есептеп, бағалаңыз.

  5. Витаминдік және минералдық құрамы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалаңыз.

  6. Қарттар үйі тұрғындарының нақты тамақтануы бойынша қорытынды беріңіз.

  7. Тамақтануды рационализациялау бойынша ұсыныстар беріңіз.

4-дағды

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ (СҮТТІҢ) ГИГИЕНАЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына зертханалық тексеріске сүт сынамасы әкелінді. Сынама №3 азық-түлік дүкенін жоспарлы тексеру кезінде алынған. Сынаманың атауы: майлылығы 3,2% пастерленген сүт. Сынаманы органолептикалық зерттегенде анықталды: түсі сарғыш реңді ақ, консистенциясы сұйық біркелкі, зертханалық стаканның қабырғасы бойымен аққан кезде із қалдырады, исі сүт иісіне сәйкес, дәмі сәл қышқылдау.

Физико-химиялық көрсеткіштері бойынша келесі нәтижелер алынды: үлестік салмағы - 1,032, қышқылдылығы - 25⁰Т. Ұюға сынау және қоспалардың болуына реакциясы теріс. Фосфатаза жоқ. Микробиологоялық көрсеткіштер: КМАФАнМ, КОЕ/см3(г) – 1х102, 0,1 г/см3-де ІТТБ (БГКП) (колиформдар) табылған жоқ.

  1. Сүт және сүт өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін регламенттейтін нормативті құжатты атаңыз.

  2. Сынама алғанда және тағамдарға зертханалық тексеріс жүргізгенде толтырылатын құжаттардың пішімін (форма) анықтап, көрсетіңіз.

  3. Сүт сапасының органолептикалық көрсеткіштерін бағалаңыз.

  4. Сүттің тығыздығын анықтайтын құралды және әдістерін көрсетіңіз.

  5. Сүт тығыздығының гигиеналық бағасын беріңіз.

  6. Сүт қышқылдығын анықтайтын реактивтерді және әдістерін көрсетіңіз, сүт қышқылдығын балғындық көрсеткіші ретінде бағалаңыз.

  7. Сүт пастеризациясының сапасын анықтайтын әдістерін, сынама қоятын реактивті атаңыз, нәтижесін бағалаңыз.

  8. Микробиологиялық көрсеткіштерді бағалаңыз.

  9. Зерттелген сынама үлгісіне қорытынды беріңіз.

  10. Азық-түлік партиясына қорытынды беріңіз.

5-дағды

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ (НАННЫҢ) ГИГИЕНАЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығына зертханалық тексеруге нан сынамасы әкелінді. Сынама №3 азық-түлік дүкенін жоспарлы тексеру кезінде алынған. Сынаманың атауы: ұнтақтылығы 72% бидай ұнынан пісірілген нан. Зерделеу мақсаты: МемСТ-тың талаптарына сәйкестігін анықтау.

Органолептикалық қасиеттері:

Сыртқы түрі - қалыбы дұрыс, бұжыры, жарықтары жоқ.

Қабыршығы және жұмсағының жағдайы – қабыршығы жұмсағынан алынып жатыр, күймеген, кескенде жұмсағы пышаққа жабысады, непроместің ізі жоқ, кеуектілігі бірқалыпты.

Түсі - қабыршағы жылтылдаған қоңыр, жұмсағы әдеттегіден қошқылдау.

Иісі - жағымсыз, шіріген жидектердің иісіне ұқсас.

Дәмі - анықталған жоқ.

Физико-химиялық көрсеткіштері:

Ылғалдылығы - 45%

Кеуектілігі (пористость) - 63%

Қышқылдығы - 3 градус

  1. Тағам өнімдерінің, соның ішінде нан-тоқаш өнімдерінің сапасын регламенттейтін нормативтік құжатты атаңыз.

  2. Сынама алғанда және тағам өнімдеріне зертханалық тексеріс жүргізгенде толтырылатын құжаттардың пішімін атаңыз.

  3. Нан сапасының органолептикалық көрсеткіштерін бағалаңыз.

  4. Нан ығалдылығын анықтайтын әдістерді атаңыз және анықталған көрсеткішті бағалаңыз.

  5. Нан кеуектілігіне гигиеналық баға беріңіз, анықтау әдісін атаңыз.

  6. Нан қышқылдығын анықтайтын реактивтерді және зерделеу әдістерін көрсетіңіз, осы көрсеткішті бағалаңыз.

  7. Зерттелген сынама бойынша қорытынды беріңіз.

  8. Азық-түлік партиясына қорытынды беріңізер.

6-дағды

АЗЫҚ-ТҮЛІК САУДА ҚӘСІПОРЫНДАРЫН

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ

Тұрғын үйдің 1-ші қабатында орналасқан «1 Май» азық-түлік дүкенін тексерген уақытта келесі анықталды: дүкен 2009 жылы пайдалануға берілген, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Дүкенде 2 сатушы, жүк тиеуші, техничка жұмыс істейді, жеке медициналық кітапшалары бар. Грузчиктің кезекті медициналық тексерістен өтетін уақытынан 1 ай асып кеткен. Сатылатын тағамдардың қауіпсіздігін және сапасын куәландыратын құжаттары бар. Тағамдардың сақталу мерзімі және сақталатын жағдайлары қамтылған. Сауда-технологиялық және тоңазытқыш жабдықтар жеткілікті, жұмыс істеп тұр. Тексерген уақытта дезинфекциялық заттардың жоқтығы және жабдықтар таңбаланбағаны анықталды.

  1. Дүкеннің жоспарлы тексерілуі қандай нормативті құжаттарға сәйкес өткізіледі?

  2. Жоспарлы тексеру жүргізілетіні туралы жазбаша түрде хабарлаудың алдын-ала берілетін уақыты.

  3. Тексеру жүргізу алдында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларының лауазымды тұлғалардың толтыратын құжаттар.

  4. Тәуекел дәрежесіне байланысты тексерілетін нысанның тобын анықтаңдар.

  5. «Кәсіпорынның жұмысшылары медициналық тексерістен өтетін мерзімдері сақталмаған» тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бойынша бұзушылықтың қандай түріне жатады, неше балл құрайды.

  6. «Дезинфекциялық режимның бұзушылығы» тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бойынша бұзушылықтың қандай түріне жатады, неше балл құрайды.

  7. «Жабдықтар таңбаланбаған» тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бойынша бұзушылықтың қандай түріне жатады, неше балл құрайды.

  8. Нысанның тәуекел тобын анықтап және келесі жылға жоспарлы тексерудің жиілігін анықтаңдар

  9. Тексеру қорытындылары бойынша қандай құжаттар толтырылады?

  10. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша толтырылатын құжат, оның есепті пішіні.

7 дағды