- •1 Жалпы бөлім
- •1.1 Электрлік жүктемелер
- •1.2 Электрқабылдағыштардың сипаттамасы
- •Электрмен жабдықтау сызбасын және желі кернеуін таңдау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кернеуді реттеу тәсілін таңдау
- •2.2 Тарату бекеттерінің және қосалқы станциялардың жабдықтары мен
- •2.3 Тоқ және кернеу трансформаторларын таңдау және тексеру
- •2.7 Найзағайдан қорғау және жермен қосқыш
- •3 Конструктор-техникалық бөлім
- •3.1 Кернеуі 1000в жоғары электр қозғалтқышта (эқ) қолданылатын релейлік қорғаныстар.
- •3.4 Эқ асқын жүктемеден қорғау.
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Техникалық – экономикалық көрсеткіштердің есептеулері
- •5.2 Тұтынымдық шығындарды есептеу
- •5.3 Амортизациялық шығындарды есептеу
- •5.4 Еңбек ақы қорын есептеу
- •5.5 Жұмыскерлер, мамандар және басшылардың
- •5 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қазақстан Республикасының
- •4.2 Еңбек шарты және жарақаттану анализі
- •4.3 Жұмыс қаусіздігінің қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық
- •4.4 Оқшауманың ақаулануын бақылау және алдын алу
- •4.5 Өрт қауіпсіздігі және оны ескерту шаралары
2 Технологиялық бөлім
2.1 Кернеуді реттеу тәсілін таңдау
Өндірістік механизмдерді қосқандағы, электрмен жабдықтау жүйесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету және үнемділігін жоғарлату мақсатында кернеу редимінің автоматты өзгерісін кернеуді реттеу деп атаймыз. Кернеуді реттеу мәселелерін реактивті қуатты компексациялау; реактивті қуаттың балансы мен таратылуын біріктіріп қарастыру керек. Реттеу құрылғыларын дұрыс таңдау сапалы кернеуді қамтамасыз ететін анағұрлым аз келтірілген шығындармен сипатталады.
Қосалқы станциялар шиналарындағы кернеу шамасы кернеуі реттелетін трансформаторлардың көмегімен реттеу кезінде өзгереді. Қосалқы станцияларда синхронды компенсаторлар немесе басқарылатын статикалық конденсаторлар орнатылуы мүмкін. Бұл құрылғылар реттеуге жетпесе, вольт қосқыш құрылғылыр қарыстырылуы мүмкін.
Қосалқы
станциялар шиналарында қарама-қарсы
реттеу қолданылады. Мұнда кернеудің
шамасымен таңбасы желідегі кернеу
режимінің өзгерісіне сәйкес келеді.
Сонымен, шинаның қосынды жүктемесі 30%
және оданда төмен мәнге азайса, кернеу
шамасы желідегі номинал кернеудің
деңгейінде болады, ал максимум кезінде
ол шамадан 5% жоғарлайды. Қарама–қарсы
реттеу көптеген тұтынушылардың
нормаланған кернеу ауытқуларын қамтамасыз
ететіндіктен, тарату желісін қоректендіретін
барлық қосалқы станциялардың
трансформаторлары, жүктемеге қосылған
кезінде кернеу реттегіші орнатылуы
керек. Кренеу реттегіштері автоматты
түрде жұмысты атқарады және жүктеменің
ауытқуынсыз сатылы кернеу реттелуін
жүзеге асырады. Жүктемеге қосылған
кернеу реттегіші бар қазіргі
трансформаторлардың реттеу диапазоны
аралығында, ал кернеу сатылары 1,25%-тен
екі 2% деін болады.
Егер ортандырылған реттеу сапалы кернеуді қамтамасыз етпесе, жергілікті қосымша кернеуді реттеу құрылғылары қолданылады. Кернеу сапасына жоғары талаптар қоятын жекелеген тұтынушылар үшін кернеу реттегіш қондырғылары бар кернеулігі 6-10/0,4 кВ трансформаторлары, жекелеген реттегіш немесе тікелей тұтынушының жанында орнатылатын, сәйкес қуаттағы кернеу стабилизаторлары қолдануы мүмкін.
2.2 Тарату бекеттерінің және қосалқы станциялардың жабдықтары мен
сызбалары
Негізгі жабдықтар. Қалалық электр желілерінде электр энергиясын қабылдау және тарату үшін тарату және трансформаторлық бекеттер кеңінен қолданылады.
Күштік трансформаторлар (қосалқы станцияларда және орталық тарату бекеттерінде орнатылады), майлы ажыратқыштар жүктеме ажыратқыштары, айырғыштар, ажыратқыштардың және айырғыштардың жетектері, реакторлар, өлшеуіш трансформаторлары және басқада коммутациялық аппараттар тарату бекеттерінің және қосалқы станциялардың негізгі электрлік жабдықтары болып табылады.
Электрлік станциялардан тұтынушыларға дейінгі айнымалы тоқтағы күштік трансформаторлардың кернеуін бір түрінен ана ғұрлым төмен немесе ана ғұрлым жоғары мәніне түрлендіру үшін қолданылады.
ГОСТ – 11677-65-ке сәкес 2 орамалы күштік үш фазалы трансформаторлардың номинал қуаттарының келесі тізбегі тағайындалыған: 10,16,25,40,63×10n кВА.
Майлы ажыратқыштар кернеулігі 1 кВ-тан жоғары электр тізбектерін жүктеулі, асыра жүктеулі және ҚТ кезінде қосып – ажырату үшін қолданылатын коммутациялық аппарат болып табылады. Орындалу бойынша: бак және құмыралы болады.
Қалалық электр желілерінде тек ВМП-10 сериялы құмыралы ажыратқыш кеңінен қолданылады.
Майлы ажыратқыштар қолмен және белгілі аппараттардың әсерімен автоматты түрде қосылып, ажыратылуы мүмкін.
Жүктеме ажыратқыштары кернеулігі 6-10 кВ электр қондырғыларының жүктеулі тізбектерін ажырату үшін қолданылатын коммутациялық аппарат. Ол ҚТ тоқтарын ажыратға арналған. Жүктеме ажыратқыштарының сақтандырғышсыз ВН-16 типті және сақтандырғышы бар ВНП-16 және ВНП-17 типті түрлері жиі кездеседі. ВНП-17 ажыратқышының ВНП-16 ажыратқышынан айырмашылығы, онда бір фазадағы балқытпа қоспасы жанып кеткенде, барлық қондырғына автоматты ажырату үшін қолданылатын құрылғы орнатылған.
Айырғыштар желі бөліктерін және жабдықтарды қосып, ажыратуға қолданылады. Бұдан басқа, байланыс жолдарын және электр жабдықтарды жөндегенде, қауіпсіздік үшін айырғышпен электр тізбектерінің айқын үзілуі жасалады. Жетектер коммутациялық аппараттарды қосу үшін және қосылған жағдайда ұстап тұруға, сонымен қатар ажыратуға арналған. Қалалық желілерде майлы ажыратқыштарды басқаратын жетектердің ПП-67 және ППМ-10 типті жанама түрде әсер серппелі жетектер, ПС-10 және ПЭ-11 типті электро-магнитті жетектер анағұрлым көп тараған.
