Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111111111010101.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
539.65 Кб
Скачать

Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері

Танау қуысының кілегей қабығының қабынуы (Ренит-rhinitis) Қабыну процесінің сипаттамасы бойынша катаральды, крупозды және фолликулярлы болып бөлінеді.Өтуіне. байланысты - жіті және созылмалы; пайда болуына байланысты - бастапқы және қосалқы түрлерін ажыратады. Бұл аурумен малдардың барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Себептері. Танау қабынулары төлдерді күтіп-бағу мен азыктандырудың технологиясын дүрыс сақтамағандықтан болады. Көбінесе механикалық, физикалық және химиялық қоздырғыштардың әсерінен пайда болады. Олар шаң-тозаң, ыстық-суық, аммиакмен қаныққан ауа, ыстык, ас, химикаттармен өңделген сүрлем, желорай, ылғалдылық және т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер (стрептококктар, стафилококктар, вирустар) мен организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі (аллергия) аса маңызды орын алады. Қабынудың қосалқы түрі індетті, инвазиялык, (кұрт) немесе жұқпалы емес аурулардың асқынуынан пайда болады.Дамуы. Танаудың кілегей қабықтары ісініп, жалқыаяқа толады да, тыныс жолы арқылы ауаның өтуіне кедергі жасап демалу жеткіліксіздігін тудырады. Қабынудың салдарынан бұзылған зат алмасуынын қалдықтары мен өрбіген микробтардың уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, дене қызуы көтеріледі. Уақытында ем қолданбаса қабыну процесі асқынып көршілес ағзаларды да қамтуы мүмкін.Белгілері.Төлдер жабырқанқы, дене қызуы аздап көтерілген. Олар пысқырынып, түшкірінеді, мұрындарын тұрған жердегі заттарға үйкелейді. Дем алысы пысылдап, кейде ысқырытып шығады. Танауларынан ақпа ағып, кейде тыныс жолдары қатып қалған жалқыаяқтармен бітеліп қалуы да мүмкін. Жалпы кілегей қабықтары қызарып, домбығады. Жеңіл түрі 5-10 күннің ішінде толық жазылып кетеді. Созылмалы түрі ауық-ауық асқынумен, төлдердің арықтап, кілегей қабықтары бозарып жарақаттануымен сипатталады. Крупозды, фолликулярлы түрлерінде төлдер қатты жабырқайды, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріңкі болады. Ентікпе пайда болады, жақ астындағы лимфа бездері ісініп, ауырсынғандық байқалады. Кілегей қабықтарында сұрғылт-сары не қызғылт-сары түсті фибринді заттар шоғырланып, ісіндіреді. Ол заттар сырылған кезде орнында қанталаған жалақ пайда болады. Аурудың бұл түрлері дұрыстап емдегенде 2-3 аптаның ішінде жазылады.Ауру асқынып ұзаққа созылғанда танаудың төңірегіндегі терілер жарақаттанып қабынады (дерматит), лимфа түйіндері қабынады (лимфагаденит), көршілес орналаскдн ағзаларға тарайды (гайморит, ларингит, фарингит жөне т.б.).Анықтау. Ауру туралы жиналған мәліметтер мен ауруға тән сырт белгілеріне сүйене шырып анықталады. Ауруларды саралағанда кейбір індетті және құрт аурулары танаулардың кілегей кабықтарын зақымдайтынын ескерген жөн.

Танау кілегей қабықтарының қабынулары. Танау қабынулары қабынбаның сипаттарына байланысты кілегей қабына бетінің қабынуына фибриннің кілегей қабына жиналып қабаттануына және бездердің қабынуына өтуіне байланысты-жіті және созылмалы пайда болуына байланысты-басалқы және қосалқы түрлерге бөлінеді. Бұл аурумен малдың дерлік барлық түрлері ауырады, әсіресе төлдердің арасында жиі кездеседі. Мал көбінесе катаральды қабынумен ауырады: крупозды және фолликулярлы қабынулар сиректеу кездеседі, ал кездескен жағдайларда жылқыларда болады.Себептері. Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібінің бұзулары, көп жағдайларда, механикалық ыстық суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады. Құрғақ азықтарды жегенде көтерілген шаңмен дем алу, аммиакпен қаныққап ауамен не ыстық бумен дем алу, ыстық асты суытпай жегізу, аммиак ерітіндісімен өңделінген сүрлем шөп қабынулары, күннің ыстық кезінде шаң жолдармен топтап айдағаннан пайда болады. Танаудың қабынуларына салқын тию де себепкер болуы мүмкін желорай, ылғалдылық т.б. Танаудың крупозды және фолликулярлы түрлерде қабынуларында қоздырғыш микроорганизмдер /стрептококктар, стафилококктар, вирустар/ және организмнің сезімталдық қабілетінің күшеюі /аллергия/ аса маңызды орын алады.Танау қабынуларын бейімдейтін жағдайлар - азықтың құнарсыздығы, атап айтқанда, рациондағы карогиннің не ретинолдың аздығы, мал қораларының ластануы ауадағы бактериялардың қалыптан тыс көбейіп кетуі.Танаудың қосалқы түрде қабынулары басқа індетті, құрт немесс жұқпалы емес аурулардың асқынуларынан пайда болады. Дамуы Танаудың кілегей қабықтарының қабынулары мұрын жолдарын ісіндіріп, жалқыаяқа толтырады, сөйтіп ауаның өтулеріне кедергі жасайды да дем алу кемістіктерін туғызады. Қабынудан бұзылған зат алмасуының қалдықтары мен ербіген микробтар уыттары қан мен лимфаға сіңіп организмді уландырады, жалпы жабырқандырып қызуын көтереді. Себептерін жойып ем қолданбаса қабынулар көршілес орналасқан қосалқы қуыстарға, жұтқыншақ пен көмейге ауысып жайылып кетулері мүмкін. Белгілері.Танаудың кілегей қабықтарының беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малдарда аздаған ғана жабырқаушылықтық белгілері байқалынады, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып не 0,5-1"С дейін ғана көтеріледі, азыққа дсген зауқы көп өзгермейді не аздап қана төмендейді. Мал пысқырынады, түшкіреді, кейде мұрындарын аттақырға, қабырғаларға үйкелейді. Дем алысы пысылдайды, кейде ысқырынып шығады, дем алуы мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтарын тексергенде алдында ұйымалы сонан-соң ұйымалы -сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқықтар мен бекітіліп қалады да кілегей қабықтары қызарып, домбығып кетеді. Ауыру қолайлы жағдайда өтсе, малдар 5-10 күннің ішінде толық айығып кетеді. Көмейдің кілегей қабығының қабынуы (Laryngitis - ларингит). Көмейдің қабынуы пайда болу себептеріне байланысты өздігінен және қосымша, барысы бойынша жіті және созылмалы, жалқықтың сипаты бойынша катаральды және крупозды фибринді түрлеріне бөлінеді. Катаральды шырышты қабының қабыну малдардың дерлік барлық түрлерінде де кездесе береді, ал крупозды қабыну сирек кездеседі, кездескен жағдайдың өзінде көбінесе жылқылар арасында ғана байқалынады .

Себептері. Өздігінен пайда болатын кемей қабынуы малдарды азықтандыру және күту технологиясының бұзылғандығынан болады. Ауруды тікелей тудыратын ссбептер де біршама бар, олар: суыққа шалдықтыру, көмей кілегей қабықтарына тітіркендіргіштердің әсер етуі-ірі қара малды тастай суық сумен суғару, шошқаларды ыстықтай азықтандыру, көп мезгіл тітіркендіргіш газдармен, шаң-тозаңды ауамен дем алдыру. Малдарды спирт-сыра қайнату мекемелерінің қалдықтарымен азықтандыруға организмді бірте-бірте үйретпей, аяқ асты көшіру жаппай ауруға ұшыратады. Көмей қабынуы малдарға дәрілерді аузы арқылы күштеп бергенде не өңешке зонд енгізгенде де пайда болуы мүмкін. Крупозды қабыну көмей кілегей қабықтарына күшті тітіркендіргіштердің әсер етуінен /аммиак, қышқылдар, сілтілер, ыстық түтін, қызып тұрған малдарға суық ауамен дем алдыру т.б./ дамиды.Ауруды тудыруға малдарды бағып-күтуді нәзіктендіру және ретинолдың жеткіліксіздігі бейімдейді.Көмейдің қосымша түрдегі қабынуы басқа аурулардың асқынғандығының белгілері ретінде пайда болады. Крупозды қабынудың дамуына қоздырғыш микроорганизмдер мен дененің түршігушілік күйінің әсері көп. Дамуы қабыну көмейдің кілегей қабықтарын ісіндіріп, қуысына жалықты жинағандықтан оның саңлауы тарылып дем алу процесін қиындатады. Егер ауруды тудырған себептерді жоймаса, не тиісті ем қолданбаса, ауаның жеткіліксіздігінен және қабынба қалдықтарымен дененің улануынан малдар тұншығып өліп қалуы мүмкін.

Белгілері. Көмей катаральды түрде қабынғанда аурудың жалпы күй-жайы көп өзгермейді не аздаған ғана жабығандық байқалады. азыққа деген тәбеті де көп өзгермейді, аздап төмендеуі мүмкін, дене қызуы қалыпты шама деңгейінде болады не аздап қана көтеріледі / субфебрильная/. Жылқылар мен ірі қаралар мойындарын созып, бастарын еңкейтіңкіреп ұстайды. Көмей тұсын сипағанда, тез қимыл жасағанда аурудың бастапқы күндері құрғақ жөтел пайда болады, кейінірек ол қақырықты күркіл жөтелге айналады. Крупозды қабынғанда жалпы жабыққандықтың белгілері айқын көрінеді, азыққа тәбеті шаппайды, дене қызуы 1-2° С дейін кетеріледі, дем алысы ауырлап ысқырыньш шығады, көмейді қолмен басқанда қатты ауырсынады, көмейдің тұсы ісініп домбығады, жөтелгенде фибрин талшықты қақырық түседі. Көмей крупозды түрде қабынғанда антибиотиктер сульфаниламидтер қолданады, сыртқы тұсына озокерит балшық тартады, диаметрия не УЖЖ-ті ультра жоғарғы жиілікт/ тогымен емдейді. Егер көмей жедел түрде ісініп мал тұншыға бастаса, дереу кеңірдекті тесіп, оған тыныс түтігін трахетубус орнатады. Жиналған жалқықты тарату үшін жылытқан сұйық азықтармен біріп-қақырық түсіретін дәрілер береді. ас содасын, аммоний хлоридін, терпингидрат, ипекакуана, термопсис т.б. Жылқы мен ірі қараны жылы судың буымен дем алдырған /ингаляция/ жақсы нәтиже береді. Көмейдің тұсын тәулігіне 2-3 рет грелкамен, Соллюкс лампасымен не инфрафружбен жылытады.

 

Созылмалы түрде өткен қабынбаны асқындыру мақсатымен ірі қара, жылқы және иттердің көмей қуысына 0,2% күмістің нитратты ерітіндісін 5% протаргол ерітіндісін енгізіп, сыртқы тұсын скипидармен сылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]