Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111111111010101.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
540 Кб
Скачать
☆

Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі

Жарақаттың жоғарғы жағына, жұмсақ орамның (зақымданушының киімдерінен) үстіне жгут салу керек. Жгут салып болған соң оны созу керек.

Бірінші орауды байлаудың алдында, қан тамырларының соғуын, қанның тоқтағанын-тоқтамағанын көру қажет, ал жгут астындағы терінің ағарғанын көру керек. 

Жгуттың келесі орамын, қатты қыспай орау керек, орағанда шығыс бағытында спираль тәрізді етіп, алдыңғы орамды басып орау керек. 

Ширатпаның (жгуттың) жанына тура уақыты мен күнін көрсетіп мәлімдеме қалдыру қажет. Жгутты таңғыш және шинамен орамау керек. Көрінетін жерге «жгут» (маркет) көрсетіп қою керек. 

Қан тамырды басып тұрып, бірнеше қабат салынған таңғышты (асептикалық) немесе бірнеше қабат оралған бинтпен байлау қажет. 

Егер де таңғыш суланса, жоғарғы жағына тағы да бірнеше қабат таңғыш салып, алақанмен басу қажет. 

Қан көп кеткен жағдайда аяғын жоғары көтеру, капиллярлық және веноздық қан тоқтату тәсілі ретінде қолдану.

Қан қысымы — қауіпті ауру

Қан тамырының қысымы — ең көп тараған сырқаттың бірі. Елімізде бұл сырқатпен ауыратын адамдардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұрындары жасы ал­пыс­тан асқандар ауыратын,­ қа­зір қырық жастағыларды мазалай бастады. Медициналық статистика бойынша, елі­мізде әрбір оныншы адам қан тамыры қысымымен ауырады екен. Республика бойынша адам өліміне соқтыратын аурулардың ішінде қан қысымы бірінші орынды алады, екінші орында — ауыр дене жарақаттары, соңғысы — қатерлі ісік аурулары. Қан қысымы өте қауіпті ауру. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтынын ескерер болсақ, тамырдың қанша уақытқа дейін төзе алатыны беймәлім. Сондықтан оны «үйреншікті ауру ғой» деп мән бермей жүрген дұрыс емес. Қан қысымының қалыпты көр­сеткіші тонометр бойынша 120/80 болуы керек. Егер тонометр тілі 140/90, 150/100, 160/110, 170/120, 180/130 көрсететін болса, бұлар қан қы­сымы көтерілуінің екінші және үшін­ші сатысы болып табылады. Әсіре­се, үшінші сатысы науқас үшін өте қауіпті саналады.Қан қысымының көтерілуі адам ағзасындағы қан айналымының бұ­зылуынан, жүрек қан тамырла­ры­ның тартылып, оның ішіндегі қанның қою­лануынан болады. Бұл көбіне аз қи­мылда болатын адамдарда жиірек кездеседі. Бір орында көп отыратын немесе кешке дейін төсектен бас кө­термей жататын адамның денесі қоз­ғалыста болмағандықтан, ағзада­ғы, тамырдағы қан қоюланады да, ішкі температураның қысымы жоға­ры­лайды. Осындайда адамның басы ауы­рып, самай тұсындағы тамыр­ла­ры солқылдап соғады. Қан қою­лан­бас үшін, әрдайым қимыл үстінде болған жөн. Жейтін тағамның көлемінің артуы да қан қысымына алып келеді. Салмақ­тың артуы кезінде қан тамы­рының қысымы жоғарылайды да, бұл жүректі салмақпен жұмыс істеу­ге мәжбүр етеді.Ал қан қысымының алдын алғысы келе­тін­дер жиірек қимыл-қозғалыста бол­ғаны дұрыс. Адам қимылдаған сайын оның ішкі энергиясы да қуат­та­нып, іске қосыла бас­тайды. Сондай-ақ ағзадағы қан айналу процесі жақсара түсіп, адамның тәбетін арттырады. Зерттеулер біздің еліміздегі қан қысымымен ауыратын адамдардың ең басты қателігі дұрыс тамақтанбау­ екенін анықтапты. Тамақтың уа­қы­тылы асқазанға түсіп, уақытылы табиғи жолмен сыртқа шыққаны денсаулыққа тікелей әсер етеді.

Тағы бір мәселе — шайды аз ішу керек.  Бүгін­дегі шайлардың тоқсан пайызы­ қызыл бояумен боялады. Сол бояу  қан арқылы тамырларға тарайды да, та­мырдың тар іргелеріне жинала бастайды. Бірте-бірте бояу қалың қатпарға айналып, қан айналу процесін баяулатады. Нәтижесінде өз арна­сы­на сыймай қалған қан басқа ша­бады. Қысым басқа көтерілгенде кейбір жіңішке тамырлар шыдас бере алмай, жарылып кетеді. Бұл науқас үшін аса қауіпті жағдай. Тек шай ғана емес, сары уайымға түсіп немесе қатты ашуланған адамның да қан тамырлары бірден жарылып кетіп жатады.Сонымен өте қауіпті бұл дертке шалдықпау үшін өзімізге төмендегі   4 жағдайды жасауымыз керек:

- дене салмағын азайту;

- алкогольді ішімдік пен темекіні тастау;

- шай мен кофені аз ішу;

- жаттығуды көп жасау және көп жүру.

Жазылуды ойласаңыз бұл ауруға мән беріңіз.  Дүниежүзінде миллиондаған адам қан тамыры қысымын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді ұзақ және тұ­рақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қа­білетін сақтай отырып, белсенді өмір салтын ұстанады.

Ауырып емделу жолын іздегенше, денсаулықты күтіп ауырмаудың жолына түсейік.

Мәйіт

Мәйіт, мүрде - қаза болған адамның денесі. Мәйіттің жуылуынан көмілуіне дейін жасалатын іс-әрекетті - «тәжһиз» (әзірлеу) дейді. Исламда өлген адамның ең қысқа мерзімде жуылып, кебінделіп,жаназа намазы оқылып көмілуі керек. Бұл - мұстахап.

Мәйіттің жуылуы

Мәйітті жоғары бір жерге шалқалап жатқызып, әурет жері жабылады. Ер кісіні - ерлер, әйел затын - әйелдер жуады. Мәйітті жуған бір кісіге тағы бір кісі су құйып көмектеседі. Мәйіттің басы мен денесінің басым көпшілігі бар болса жуылады. Егер де басы болмай тек қана жартысы болса немесе кеудесінің басым көпшілігі жоқ болса, жуылмайды. Кебінделмейді, намаз да оқылмайды.Мәйітті жуу - оған ғұсыл мен дәрет алдыру. Ғұсыл алуды білетін адам өлікті жуа алады. Жуатын адам қолына бір мата орап, мәйіттің әурет жерін жуып, тазалайды. Осыдан кейін Мәйітке дәрет алдырады. Дәрет алдырған уақытта аузына, мұрнына су құймайды. Тек қана саусақтарымен мәсіх етіп сүртеді. Бетін және қолдарын жуып, басын мәсіх етеді. Аяқтарын жуады. Осыдан кейін мәйіттің үстіне су құйып, басы мен денесін сабындалған сумен тазалап жуады. Оң мен солына кезек-кезек ауыстырып жуады. Әр мүшені жуған кезде үштен аз жумау - сүннет. Осыдан кейін мәйітті отырғандай етіп, өзіне тартып, қарнын басады. Астынан бір нәрсе шықса, тек сол жерді ғана жуып тазалайды. Қайта дәрет алдырудың қажеті жоқ Бәрі біткен кезде мәйітті сүлгімен сүртіп, кебіндейді. Одан кейін басына, жүзіне, сақалына әтір жағалы. Мәйіттің шаш пен тырнақтары алынбайды. Мәйітті жабық жерде жуу керек. Әйел ерін жуа алады. Бірақ әйелді жуатын әйел кісі болмай қалған жағдайда ері өлген әйеліне тек қана тәйәммүм алдыра алады. Қатты ісіп кетіп жарылғалы тұрған немесе жуылуы мүмкін емес мәйіттің үстіне су төгілсе, жеткілікті. Жуатын кезде жууға ниет етіп, «Бисмиллаһ» деп бастайды. Жуған уақытта «ғуфранака на Рахман», «Аллаһым кешір» деген дұғаны қайталап отырады. Егер су табылмаса тәйәммүм жасалады. Бөтен еркектер арасында өлген әйел мен бөтен әйелдер арасында өлген еркектерге тәйәммүм жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Әйел өзінен басқа әйел болмай еркектер арасында өлсе, еркек те өзінен басқа еркек болмай әйелдер арасында өлсе, екеуі де тәйәммүм жасалып көміледі. Екеуінің жағдайы да су табылмаған болып саналады».

Шейіт жайында

Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер жуылмайды. Тек қана кебіндікке лайық көйлекпен кебінделеді. Олар қандарымен қоса көміледі. Яғни, қандары жуылмайды. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткені әрбір жарасы мен әрбір қаны қиямет күні айналаға миск секілді жайылады» (Ханбал, Ш, 299). Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Ухудшейіттерін қандарымен қоса жерледі. Оларды жумады әрі намаздарын да оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады. Шейіттерге жаназа намазы оқылмауының хикметі - жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттер болса тірі. Құранда оларға: «Аллаһ жолында өлтірілгендерді (шейіттерді) өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар» («Бақара», 154-аят), - деп айтылады.

Мәйітті қабірге апару[өңдеу]

Мәйіт жуылғаннан кейін кебін суланбау үшін құрғатылады. Мәйітті қабірге дейін апару - сол мұсылманға ең соңғы жасалған қызмет. Сүннет бойынша, өлікті табыттың төрт жағынан төрт адам ұстап апарады. Он адам ұстау - мұстахап. Бейітке барар жолда орынсыз сөйлемеуі керек. Дауыстап зікір мен Құран да оқылмайды. Өлім мен ақыретті ойлайды. Мәйітті қабірге қойған кезде жүзінқұбылаға қаратып, оң жағымен жатқызады. Кебіннің бас пен аяқ жағындағы түйіні шешіледі. Мәйіт қабірге қойылып, үсті топырақтан жабылғаннан кейін сол жердегі кісілер қабірдің үстінен үш уыс топырақ алып біріншісінде, «сендерді осыдан жараттық», екіншісінде, «сендерді қайтадан топыраққа қайтарамыз», үшіншісінде, «сендерді тағы да қайтадан топырақтан шығарамыз (тірілтеміз)» аяттарын оқып салу - мұстахап. Мәйіт көмілместен бұрын немесе кейін жылауға болады. Бірақ даусын көтеріп, Аллаһқа қарсы келетін жаман сөздер айтпау керек. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ұлы Ибраһим үшін жылаған. Себебін сұраған кезінде ол: «Бұл - Аллаһтың рақымы. Оны құлдарының жүрегіне қойған. Аллаһ рақымды құлдарына ғана рақым жасайды»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]