
- •Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
- •Ширатпа – қаң тоқтатудың соңғы тәсілі
- •Қан қысымы — қауіпті ауру
- •Мәйітханадағы бейнелер
- •Жарақат.Жарақат түрлері.Алғашқы көмек
- •Жүрек қан тамыр аурулары.Алғашқы жедел жәрдем
- •Жұқпалы аурулар
- •Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Тараз Мамандандырылған колледжі
Мамандығы 0301000 «Емдеу ісі»
Өндірістік іс-тәжірибенің
ЕСЕБІ
Білімгер: Құрманханова Назима .
Бөлімі: Емдеу ісі
Тәжірибе жетекшілері
Қабылдаған: Сарымолдаева Б.М
Комиссия мүшелері: Варава Л.М __________
Тәжібаева П.К _________
Бағасы « » Қолы « » Күні « »
Тараз 2014ж
Мінездеме
Тараз мамандандырылған колледжінің 3–ЛД білімгері Құрманханова Назима 26.05.2014ж – 11.06.2014ж күндер аралығында №1 Қалалық ауруханадан іс-тәжірибеден өтті. Терапия бөлімінде науқастардан қан қысымын өлшеуді, бұлшық ет бөлігіне ине шаншуды үйренді.
Іс- тәжірибеден өту барысында, ол өзін жақсы жағынан көрсете білді. Науқастармен жақсы тіл табысып, оларға жедел көмек көрсете білді, науқастардың көңілінен шықты. Ауруханадағы қызмет керлермен жақсы тіл табысып, берген тапсырмаларын мұқият орындады.
Келешекте өзінің жақсы медбике бола алатындығын көрсетті.
ЕСЕП
Мен, Құрманханова Назима Тараз мамандандырылған колледжінің 3-ЛД 12-1 тобының білімгері 26.05.14ж – 11.06.14ж аралығында №1 Қалалық ауруханадан іс-тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында терапия бөлімімен таныстым. №1 қалалық аурухананың терапевтік бөлімшесінде тыныс алу жүйелерінің, асқазан-ішек жолдарының және басқа да аурулары кезінде манипуляциялардың барлық спектрін көрсетеді. Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері: Максимальді және Миниамальді артериялық қан қысымын өлшеу. Қажет жабдықтар: тонометр, фонендоскоп немесе стетоскоп. Терапия бөлімшесіндегі емдеуге жататын негізгі патологиялармен таныстық, оларға:
жүрек-қантамырлық жүйесінің аурулары;
бронхо-өкпелік жүйесінің аурулары;
несептік-жыныстық жүйесінің аурулары;
эндокриндік жүйесінің аурулары;
асқазан-ішек жолдарының аурулары;
бауыр, ұйқыбез бен өт жолдарының аурулары;
ревматологиялық аурулар.
Мазмұны:
1. Кіріспе...............................................................................1
2. Есеп...................................................................................2
3. Мінездеме.........................................................................3
4. Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек.............................................5
5. Қан қысымы — қауіпті ауру...................................10
6. Мәйіт..............................................................................12
7. Алғашқы медициналық көмек көрсету принциптері........16
8. Жарақат.Жарақат түрлері.Алғашқы көмек.....................18
9. Жүрек қан тамыр аурулары.Алғашқы жедел жәрдем
жәрдем...........................................................................20Ж10. Жұқпалы аурулар.....................................................................22
11. Тыныс ауруларының түрлері мен белгілері............25
Кіріспе
Терапия – медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы. 19 ғасырда патологиялық анатомия, физиология, бактерология ғылымдарының қол жеткен ғылыми табыстары және Ж.Корвизар, Р.Лаэннек (Франция), Р.Брайт (Ұлыбритания), И.Л.Шенлейн, Й.Шкода, Л.Траубе (Германия, Австрия) және С.П.Боткин (Ресей), тағы басқа белгілі ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары Терапияның жедел дамуына негіз болды. 20 ғасырда Терапияның құрамынан кейбір бөлімдер (гастроэнтерология, нефрология, т.б.) өз алдына жеке ғылыми сала болып бөлініп шықты. Радиоактивті изотоптар арқылы зерттеу кеңінен пайдаланылды. Қазақстанда Терапия саласындағы зерттеулер Алматы мемлекеттік медициналық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) ішкі аурулар клиникасы ұйымдастырылғаннан кейін басталды (1931).Х.А.Барлыбаев, М.Н.Вульпе, Г.Н.Удинцев, С.И.Телятниковтың бастауымен Қазақстанда ғана кездесетін Алматы энцефалиті, лептоспироз, сарып, безгек, т.б. аурулар зерттеліп, Терапияның жеке мәселелеріне назар аударылды. Республикада туберкулез, гемотрансфузия (қан құю), силикоз, бұғақ ауруы, т.б. ауруларды емдеуде табиғи факторларды (теңіз суы, шипалы балшық, ауа райы, минералды су, күн сәулесі, т.б.) пайдалану мәселелері, Қазақстанның әр түрлі аудандарында кездесетін жүрек-қантамыр аурулары, ревматизм, гастоэнтерология, эндокринология, кәсіби аурулар мәселелері зерттелді. Жүректің ишемиялық ауруының дамуында микроэлементтер, биологиялық белсенді заттар қандай рөл атқаратыны анықталып, зерттеу жұмысында ауруды кибернетикалық әдістермен анықтау тәсілдері пайдаланылды.
Қан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Жараланудың
барлық түрінде де қан тамырларына зақым
түседі. Соның салдарынан көбіне денеден
қан шығатынын байқаймыз. Жарақат
кезіндегі зақымдалған тамырлардан
қанның ағуы қан
кету деп
аталады. Оның болымсыз және күшті әсері
өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден
орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше
толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің,
тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының
жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады.
Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан
тамырларының қызметі мүлде нашарлап,
адамның өліп кетуі де ықтимал.
Қан
кету түрлері:
Зақымдалған
тамырдың сипатына қарай қанның
ағуы артериялық
(күре тамырлық), веналық (көктамырлық),
капиллярлық (қылтамырлық) және
паренхиматоздық болып
бөлінеді. Артериялық
қан кету жүректен
ағза мен ұлпаларға қан баратын ең
ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз,
ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған
жерден атқылап немесе фонтанша ағады,
түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды,
жарақаттанған адамның өміріне елеулі
қауіп төндіреді. Көктамырдеп
жүрекке қайта бара жатқан қан
айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл
болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық
қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол
тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды.
Алғашқы
медициналық көмек: Уақытша
қолда бар құралдармен қан ағуды
тоқтату.
Қан
ағуды тоқтату тәсілдері:
1)
Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан
миды қоректендіреді;
2)
Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен
қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен
атқаруға болады. Егер білек жараланса
- онда қанды тоқтату үшін артерияны
иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты
қысып басады. Артериялық қан сирақтан
ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды
қысады. Самай күре тамырын бас
бармақпен, құлақтың алдынан, самай
сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын
зақымдалған жерден мойын омыртқасына
қысады. Одан кейін жараға тазартылған
таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне
бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін
салып орайды. Бұғана асты тамырды -
бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші
қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре
тамырын - бас бармақтың білезігінің
жанындағы сүйекке басады. Шаптың
төңірегіндегі санның күре тамырын
түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады
таңғышпен қатты таңып тастау.
Артерияны
саусақпен қысудың нүктелері:
.
3.
Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш
жігерді қажет етеді және саусақ тез
талады, сондықтан мүмкін болатын
болса бұрау немесе ширатпаны жылдам
қою дұрыс болады.
4) Келесі қан тоқтату әдісі – аяқ-қолды қатты бүгіп таңып тастау, бұл әдіс көктамырдан да аққан қанды тоқтатады.
5) Көктамырдан және капиллярдан аққан қанды залалсыздандырылған таңғышпен қатты таңып тастау. Ширатпа (жгут) немесе бұраумен қою әдістері. Ширатпа жазда екі сағаттан артық, ал қыста бір сағаттан артық қойылмайды, бұл аяқ-қолдың жансыздануына әкеп соқтырады.
|
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін. |
|
Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады. |
|
Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек. |