
- •Сигнал берудің,орталықтандырудың,блоктаудың,ақпараттандыру мен байланыстың құрылыстары мен құрылғылары Сигналдар
- •Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуы тиіс.Темір жол көлігінің қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануы тиіс.
- •Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандыралуы
- •Диспетчерлік орталықтандыру
- •Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік құрылғылары
- •Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары.
- •Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар
- •Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық анықтау құрылғылары
- •Байланыс
- •Темір жол көлігінің ақпараттық есептеу жүйесі
- •Соб және байланыс желілері
- •Соб және байланыс құрылғыларына техникалық қызмет көрсету
Темір жол көлігінің ақпараттық есептеу жүйесі
Ақпараттық есептеу жүйесі:
деректерді еңгізу,жіберу, өңдеу және сақтаудың;есептемелер қорытындылардың тұтынушыларға белгіленген мерзімдерде берілуінің;
жол көлігінің барлық кіші салаларында жоспарлау,жедел басқару,есептеме,статистика міндеттерін шешудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық және программалық құралдар үнемі жұмысқа қабілетті және әрекеттік күйінде ұстауы, қажетті сенімділік пен шынайылықты қамтамасыз етуі тиіс.
Темір жол көлігінің ақпараттық есептеу жүйесіне терминалдық және басқа құрал жабдықтың қосылуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бекіткен құжаттарға сәйкес жұзеге асырылуы тиіс.
Соб және байланыс желілері
Аралықтардағы СОБ және кабельдік желілері темір жолдардың олар үшін бөлінген жолындағы жер төсемінің шегінен тыс орнатылуы тиіс.Жекеленген жағдайларда қолданыстағы ережелерді сақтай отырып кабельдік желілерді жер төсемінің ішіне салуға рұқсат беріледі.Талшықты оптикалық кабельдер негізіндегі байланыс желілері аспалық әдіспен түйіспелі тораптың немесе автоблоктау желілерінің тіректеріне орналасуы мүмкін.
СОБ және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жерге дейінгі қашықтық иіліс жебесінің барынша түсіңкіреуі кем дегенде:
аралықтарда – 2,5м:
станцияларда-3,0м:
автомобиль жолдарымен қиылысарда-5,5м (қолданыстағы желілерде, олардың қайта құрылуына дейін 4,5 қашықтықты қалдыра рұқсат беріледі).
Темір жол желілерінің қиылыстарында СОБ және байланыс 7,5- м болу тиіс.Электрлендірілген темір жол желілерінің СОБ және байланыс әуе желілерімен қиылысуына жол берілмейді.Мұндай қиылыстар жер асты кабельбік ендірмелер арқылы жүзеге асырылады.
СОБ және байланыс желілері бұзылған кезде олардың қалыпына келтіріуі төмендегідей жүргізілуі тиіс.
поездық дисетчерлерлік байланы сымдары:
жолдық блоктандырудын ,энергодипсетчерлік байланыстың, электрлік бұздығындақ жүйенің ,поездық станцияларалық және стрелкалық байланыстың сымдар;
электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары;
СОБ және байланыстың басқа да сымдармен;
Телімде қолданылатын СОБ және байланыс желілерінің екеуі немесе одан астам бір мезгілде зақымдаған жағдайда қалпына келтіру артықшылығы желілердің қуаттылығымен анықталады және келесі кезекте болу тиіс;
талшықты оптикалық байланыс желілер арқылы;
металды кабельдер негізіндегі байланыс желілері;
СОБ және байланысты әуе желілері;
СОБ және байланыс құрлыстары мен құрылғыларының тартымдық тоқтың,электрберілісі желілерінің және найзағай разриядының кедергі келтіретін және қауіпті әсерінен қорғанысы болу тиіс.
Соб және байланыс құрылғыларына техникалық қызмет көрсету
Өздерінің көмегімен әрқилы түрдегі тәуелділіктер жүзеге асырылатын СОБ аппараттары,сондай ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық және пломбланған болуы тиіс;олардың ашылуын осы құрылғылар жөнінде тексеру журналына міндетті түрде алдын ала жазба еңгізе отырып белгі беру және байланыс дистанциясының осыған уәкілеттенген қызметтерінің ғана жүргізуіне рұқсат етіледі.СОБ және байланыс аппараттарындағы пломблардың бүтіндігі үшін осы аппаттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер( станциялар бойынша кезекшілер,орталықтандыру постының операторлары,стрелкалық посттың кезекшілері,локомотив машинисттері және т.б) жауапкершілкті болады.
Белгі беру және байланыс дистанцияларында оларға бар СОБ пен байланыс құрылғыларының және олар қызмет көрсететін басқа құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары,тиісті стандарттары және нормалары болуы тиіс.
СОБ құрылғылары бойынша типтік шешімдерді СОБ,байланыс және ақпараттық технологиялар департаменті бекітеді.СОБ құрылғыларында типтік емес техникалық шешімдерді пйдалануға рұқсат етілмейді.
СОБ құрылғылары тәуелдіктерінің уақытша өзгертулеріне тек СОБ,байланыс және ақпараттық технологиялар департаментінің рұқсатымен бес тәуліктен аспайтын уақытқа,ал одан артық мерзімге «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығының рұқсатымен ғана жол беріледі.
СОБ құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау,орнын ауыстыру,жөндеу,сынау мен ауыстыру бойынша жоспарлық жұмыстар және белгіленген тәуліктердің бұзылуын тудыратын немесе олардың әрекетін уақытша тоқтатуға әкелетін басқа да жоспарлы жұмыстар олардың барынша қысқа мерзімде орындалуын қарастыратын және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бекітетін кестелерге сәйкес жүргізілуі тиіс.Кез келген жағдайларда станцияларда станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз және бұл жөнінде жолдарды бағыттамалық бұрмаларды,СОБ,байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналына жұмыстарды басқарушының алдын ала жазбалауынсыз мүндай жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.Диспетчерлік орталықтандырылуы бар телімдерде ұқсас жұмыстар тек поезд диспетчерінің келісімімен ғана жүргізілуі тиіс.
Құрылғылар станция бойынша кезекшінің бөлмесінен едәуір қашықтықта орналасқан жағдайда бұл құрылғыларды іске қосу жөніндегі жазба,сондай ақ ақаулықтарды жою бойынша күтпеген жұмыстардың жүргізілуі үшін бұл құрылғыларды уақытша ажырату жөніндегі жазба осы журналдың өзінде тіркелетін,станция бойынша кезекшіге жіберіліп соңынан жолдарды,бағыттамалық бұрмаларды,СОБ,байланыс және түйіспелік торап құрылғыларын тексеру журналына жұмыстарды басқарушының жеке қолы қойылатын телефонаграммамен ауыстырылуы мүмкін.
Сигналдық аспаптардың жарықтандырылуы сигналдар көрсетулерінің анық көрінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Дер кезіндегі және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз етуі міндетті:бағдаршамдар мен маршруттық нұсқағыштардың белгі беру және байланыс дистанцияларының директорларына;
стрелкалық нұсқағыштардың,жол бөгегіштерді лақтыру құрылғыларының және гидравликалық бағаналардың нұсқағыштардың станциялардағы жарықтандырылуы станциялар бастықтарына;локомотив,вагон,жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигналдық аспаптардың тиісті бөлімшелердің директорларына жүктеледі.
Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау дистанциялары қамтамасыз етеді.
Белгі беру және байланысдистанциясының қызметкерлері бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштерінің және маршруттық нұсқағыштардың қалыпты тұрақты көрінімділігі қамтамасыз етуге міндетті.
Бағдаршамдар көрсетулерінің көрінімділігін бағдаршам лампаларының әр ауыстырылуынан кейін электромеханик жолдың үстінде тексеруі тиіс.
Белгі беру және байланыс дистанцияларының және локомотив депосының директорлары немесе олардың орынбасарлары кем дегенде тоқсан сайын бір рет автоматты локомотивтік сигнал беру мен радиобаланыстың және қауіпсіздік құрылғыларының жұмысы локомотивтің үстінен тексеруі тиіс.
Автоматты сигнал беруді және поездық жұмысын вагон зертхана локомотив шаруашылығы мен сигнал беру және байланыс басшылығы бекіткен кесте бойынша қорытындыларын құжаттарға тіркей отырып мерзімді түрде тексереді.
Тексеру қорытындылары локомотив шаруашылығы мен сигнал беру және байланыс басшылығымен бірлесе отырып қаралады.
Жол,СОБ;электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам,соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам электрлі рельстік тізбектердің тұрақты сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
Электрлі рельстік тізбектердің толассыз жұмысын қамтамасыз ететін жол,СОБ,электрмен жабдықтау құрылғыларына және жылжымалы құрамға,соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету тәртібін және оларды күтіп ұстуа нормаларын «ҚТЖ» ҰК» АҚ белгілейді.
СОБ және байланыс құрылғыларын пайдаланатын қызметкер оларды пайдалану тәртібіне үйретілуі және олардың білімдері тексерілуітиіс.
Белгі беру және байланыс дистанциясының директоры СОБ және байланыс құрылғыларын пайдаланатын басқа қызметтер қызметкерлерінің де оқуын қамтамасыз етеді.Әр бастық өзінің қол астындағыларға қатысты олардың білімін мерзімді тексеру үшін жауапты болады.