Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.61 Кб
Скачать

Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық анықтау құрылғылары

Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық құрылғыларды ( поездар мен вагондарды коммерциялық тексерудің автоматтандырылған жүйесі немесе оның жекелеген элементтері электронды габариттік қақпалар,электронды вагон таразылары,телевизиялық бейне қабылдау жүйесі):

ақпаратық еденүсті құрылғылардан коммерциялық тексеру пункті операторының терминалына поезда ақаулылығы бар вагондардың (тиеу габариті,ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық шарттары бұзылған,асыра жүктелген вагондар және т.б)бар жоғы және орналасуы жөнінде ақпарат жиберуді;

жіберілген ақпаратты қағаздағы және басқа тасмалдағыштарға (дискеттерге,бейнекассеталарға) пайдалану және сақтау үшін бере отырып оператордың терминалдық құрал жабдығына белгілеуді;

тиісті құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аталған қызмет көрсету құралдарын қолтану,орналастыру және пайдалану тәртібін «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ белгілейді.

Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар.

Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар:сақтандырушы тұйықтар,қорғағыш стрелкалар,лақтыру табандықтары,лақтыру үшкірлері немесе лақтыру стрелкалары оларды орталықтандыруға қосу жөніндегі осы ережелердің талаптарын қанағаттандыруы (сақтандырушы тұйықтар үшін тұйыққа қарай бастайтын стрелка) бөгегіш қалпының бақылауы болуы және поездардың қабылдау,жүру және жөнелтуінің басқа жолдары мен маршруттарына жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуіне жол бермеуі тиіс.

Қажет болғанда,лақтыру құрылғыларын (лақтыру табандықтары, лақтыру үшкірлері немесе лақтыру стрелкалары) орнату орындары Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы белгі беру жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес нұсқағыштармен жабдықталады.

Байланыс

Темір жолдардың барлық телімдерінде поездық диспетчерлік, поездық станцияарлық, станциялық, желілік жол, стрелкалық байланысы болуы тиіс.

Автоблоктаумен, диспетчерлік орталықтандрумен жабдықталған телімдерде және барлық электрлендірілген телімдерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс болуы тиіс.

Кабельдік байланыс желілері бар телімдердің СОБ және байланыс электромеханиктерінің қызметтік байланыс болуы тиіс.

Сонымен қатар,темір жолдарда поездар қозғалысын,билеттерді сатуды және желілік бөлімшелер жұмысын басқару үшін телефондық магистральдік,жолдық,жолдық өкімдік,билеттік диспетчерлік,ақпараттық есептеу,жергілікті және басқа түрлері болуы тиіс.

Темір жолдардың барлық телімдері поездық радиобайланыспен жабдықталуы тиіс.

Поездық радиобайланыс поездық локомотивтердің,моторовагонды поездардың,арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдар машинистерінің:

бүкіл диспетчерлік телім шегінде поезд диспетчерімен;

аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен;

біраралықта жүретін қарсы бағытта және ізімен келе жатқан локомотивтердің,моторовагонды поездардың,арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен;

өтпелер мен деполар бойынша кезекшілермен;

жөндеу жұмыстарының басқарушыларымен және сигнал берушілерімен;

поездардағы және объектілердегі әскерилендірілген ведомстволық күзетшінің атқыштарымен;

кабинадан шыққан кезде машинистің көмекшілерімен;

жолаушы поезының бастығы мен (механик бригадирімен) вагондарды қараушы жөндеушілермен сенімді екі жақты байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Станциялардың жабылуы салдарынан немесе станциялар бойынша кезекшілердің кезекшілікті тоқтатуы себебінен аралықтар ұзындығының 15 км ден астам ұзаруы кезінде, радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілгенге дейін поездық локомотивтердің, моторвагондық поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистерінің аралықпен жүруі кезінде поезд диспетчерімен тұрақты радиобайланыс болған жағдайда ғана ең жақын орналасқан станцияның кезекшісімен радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат беріледі.Бұл ретте,машинистердің,поезд диспетчерінің және станциялар бойынша кезекшілердің поездар қозғалысын қамтамасыз ететін озара әрекеттесуінің тәртібін және осындай аралықтардың тізімін тасмалдар бөлімшелерінің басшылығы белгілейді.Поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыру бар темір жол телімдерде өндірілген поездық байланыстың жаңа жүйелері аралықтардың ұзындығына қатыссыз осы тармақта атап өтілген қызметкерлердің сенімді екі жақтылық байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Поездық радиобайланыстың техникалық нормативтерін және пайдалану ережелерін «ҚТЖ» ҰК» АҚ,ал поездық радиобайланыстың ақаулылығы кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін Поездар қозғалысы мен маневтрлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулықты белгілейді.

Технологиялық қажеттіліктерге байланысты,станцияларда станциялық радиобайланыс,екіжақты парктік байланыс құрылғылары және жолаушыларға ақпарат беруге арналатын байланыс қолданылуы тиіс.

Станциялық радиобайланыс:маневтрлік және дөңестік радиобайланыстың,станциялық технологиялық орталықтар,вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері радиобайланысының,жүк аудандарының вагондарын коммерциялық тексеру пунктері,контейнерлік алаңшалар,техникалық құралдарға қызмет көрсету ( СОБ,информатизациясы,байланыс,жол,түйіспелі торап және т.б.)және жөндеу бойынша бригадалардың,әскерилендірілген ведомствалық күзет бөлімшелерінің желілерінде екіжақтықбайланысты қамтамасыз етуі тиіс.

Бір станцияның шегінде әр түрлі маневрлік аудандар үшін бірдей радиожиілікті қолдану рұқсат берілмейді.Станцияның әр маневрлік ауданы және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілікті қолдануға рұқсат берілмейді.Станцияның әр маневрлік ауданы және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілік бөлінеді.

Екіжақты парктік байланыс құрылғылары парк шегінде жақсы естілуді қамтамасыз етуі тиіс.Бұл құрылғылар темір жолынан тыс аумақта шуалы азайту үшін бағытты түрде істеуі керек.

Поездық және маневрлік жұмыс жөнінде нұсқаулар беруге,сондай ақ жолаушыларға ақпарат беруге арналған екіжақты парктік байланыс арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі,іске қосылуы күйінің бақылауы болуы тиіс.

Станциялардағы («ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы белгілейтін тізімге сәйкес) және диспетчерлік телімдердегі поездық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сәйкесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Сөйлесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен пайдалану тәртібін «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ белгілейді.

Жүк тасмалдылығы қарқынды желілердің телімдері мен станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшін жөндеуші бөлімшелердің ішіндегі жұмыстарды басқарушымен,жұмыстарды басқарушының локомотивтер машинистермен,арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен және тиісті қызметтің кезекші аппараттарымен сенімді екіжақты байланысты қамтамасыз етуге арналған жөндеу жедел радиобайланысы қолданылуы тиіс.

Мұндай байланыспен жабдықталған телімдедің тізімін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бекітеді.

Поездар қозғалысына қатысы жоқ мәселелер бойынша поездық диспетчерлік және стрелкалық байланыспен пайдалануға тыйым салынады.

Орталықтандырудың атқарушы посттарындағылардан,стрелкалық және станция бойынша кезекшінің постарындағылардан басқа телефондарды стрелкалық байланыс желісіне қосуға тыйым салынады.

Поездық станцияаралық байланысқа тек станциялар бойынша кезекшілердің телефондарын,ал автоблоктауы бар телімдерде,сонымен қатар аралықтық байланыстың және өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға жол беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]