
- •Сигнал берудің,орталықтандырудың,блоктаудың,ақпараттандыру мен байланыстың құрылыстары мен құрылғылары Сигналдар
- •Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуы тиіс.Темір жол көлігінің қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануы тиіс.
- •Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандыралуы
- •Диспетчерлік орталықтандыру
- •Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік құрылғылары
- •Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары.
- •Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар
- •Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық анықтау құрылғылары
- •Байланыс
- •Темір жол көлігінің ақпараттық есептеу жүйесі
- •Соб және байланыс желілері
- •Соб және байланыс құрылғыларына техникалық қызмет көрсету
Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары.
Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылар құрамында есептің ( жобалық ) тарақталу жылдамдығымен үздіксіз,үзілісіз және қауіпсіз тарақталуын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте әр тәжуәлік позициядағы тежеу құралдарын қуаты осы жылдамдықты іске асыруға мүмкіндік беруі және вагондарды сұрыптаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.Механикаландыратын сұрыптау дөңестеріндегі сұрыптау жолдары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік автоматтандырылған орталықтандыруға қосылу тиіс.
Дөңестік орталықтандыру:
Стрелкаларды жеке басқаруға:
Құрамның тарқатылуы жүргізілетін барлық бағыттас стрелкалардың сондай ақ,жылжымалы құрлымының тарқату аймағына шығып кетуіне жол бермейтін күзеттік стрелкалардың электрлік тұйықталуын;
басқару пультінде стрелкалар қалпының және стрелкалық секциялардың бос еместігін бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.
Дөңестік орталықтандыру стрелкасының жылжымалы құрамының астындағы жағдайда бұрылуына жол бермеуі тиіс.Сонымен қатар стрелкаалдың дөңестік автоматты орталықтандыруы программалық немесе маршруттық жұмыс режимдері кезінде де ағытпалардың тарқауы процессінде сұрыптау дөңесінің тарату аймағына стрелкаларын автоматтық басқаруды;
бұру сәтінде үшкір мен рамалық рельс арасында кедергі туындаған жағдайда ағытпаның оқшауланған стрелкалық секцияға енуіне дейін стрелканың бақыланатын қалпына автоматты қайтарылуын;
тарқату процесінде стрелкаларды және басқаруға көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
Автоматтандырылған дөңестік орталықтандырылуы бар механикаландырылған дөңестерге қойылатын тораптарды орындаумен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңестерінің құрылғылары;
Құрамдарды жақындатудың және тарқатудың басқару және бақылауын:
ағытпалардың тарқау жылдамдығын автоматты реттеуде:құрамдарды тарқату нәтижелерін бақылап отыруды:сұрыптау станциясының ақпараттық жолаушы жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар
Автоматты өтпелік сигнал беру тоқтату сигналын беруін автомобиль жолының жағына қарай бастауы тиіс,ал автоматтық топсалар поездың темір жол өтпесіне келіп жетуіне дейін көлік құралдарының темір жол өтпесін ертерек босатуы үшін қажет уақыт ішінде өздерінің жабық қалпына келіп үлгеруі тиіс.
Автоматты өтпелік сигнал беруі әрекетін жалғастыра беруі,ал автоматтық топсалар темір жол өтпесін поезд толығымен босатып болмайынша жабық қалпында қала беруі тиіс.
Поездың таяғаны туралы автоматты түрде
хабарландыратын жүйелер
Автоблоктауы бар аралықтар және стрелкаларының электрлі орталықтандырылуы бар станциялар жол бойында жұмыстар жүргізіп жатқан қызметкерлерді поездың таяп қалғаны туралы «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ бекітілетін жапсырмаларға сәйкес автоматты хабарландыру жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның
техникалық күйін автоматты бақылау құралдары
Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамының техникалық күйін авттоматты бақылау құралдары:
Алдында орналасқан станцияның кезекшісіне ,ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поезд диспетчеріне поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар жоғы және орналасуы мен ақаулықтың түрі жөнінде ақпарат жіберілуін:
локомотив машинесіне поездарда ақаулы вагондардың бар жоғы жөніндегі немесе дауыстық хабарлағыштың поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар жоғы жөніндегі ақпарат жіберілуін:
көрсеткіштің жарықтың жолығының көмегімен:
алдағы орналасқан станцияның кезекшісіне,ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поезд дисетчеріне ақаулы жылжымалы құрамның бар жоғы және орналасуы мен ақаулықтың түрі жөніндегі жіберілетін ақпараттың тіркелуін қамтамасыз ету тиіс.
Аталған бақылау құралдарын қолдану,орналастыру және пайдалану тәртібін
«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ белгілейді.