
- •Сигнал берудің,орталықтандырудың,блоктаудың,ақпараттандыру мен байланыстың құрылыстары мен құрылғылары Сигналдар
- •Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуы тиіс.Темір жол көлігінің қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануы тиіс.
- •Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандыралуы
- •Диспетчерлік орталықтандыру
- •Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік құрылғылары
- •Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары
- •Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары.
- •Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар
- •Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық анықтау құрылғылары
- •Байланыс
- •Темір жол көлігінің ақпараттық есептеу жүйесі
- •Соб және байланыс желілері
- •Соб және байланыс құрылғыларына техникалық қызмет көрсету
Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі
Кілттік тәуелділік құрылғылары стрелкалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын бақылаулық құлыптар арқылы қамтамасыз етуі тиіс.
Стрелкалық бақылау құлыптары:
кілттің тек стрелканың жабық күйінде ғана алынуына жол бермеуі тиіс;
стрелкаларды тек құлыптан суырылып алынған кілтте көрсетілген қалпында,үшкірдің рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жабуы тиіс;
жанасқан үшкір мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған жағдайда стрелканың жабылуына жол бермеуі тиіс.
Сериясы бірдей стрелкалық бақылаулық құлыптарды бір станцияның шегінде,ал ірі станцияларда бір стрелкалық ауданның және басқа аудандардың онымен іргелес орналасқан стрелкалық қосындардың шегінде қолдануға тыйым салынады.
Станцялық блоктау
Станциялық блоктау.
Посттардың поездарды және станция ішіндегі маршруттардың қабылдау және жөнелту маршруттарын әзірлеуінің дұрыстығына станция бойынша кезекші жағынан бақылау;
әр түрлі посттардан басқарылатын стрелкалардың және сигналдардың өзара тұйықталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары
Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары құрамдардың есептік(жобалық) тарқатылу жылдамдығымен үздіксіз,үзіліссіз және қауіпсіз тарқалуын қамтамасыз етуі тиіс,бұл ретте әр тежеулік позициядағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықты іске асыруға мүмкіндік беруі және вагондарды сұрыптаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Механикаландырылған сұрыптау дөңестеріндегі сұрыптау жолдары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік автоматтандырылған орталықтандыруға қосылуы тиіс.
Дөңестік орталықтандыру:
стрелкаларды жеке басқаруға;
құрамның тарқатылуы жүргізілетін барлық бағыттас стрелкалардың сондай ақ,жылжымалы құрамның тарқату аймағына шығып кетуіне жол бермейтін күзеттік стрелкалардың электрлік тұйықталуын;
басқару пультіне стрелкалар қалпының және стрелкалық секциялардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.
Дөңестік орталықтандыру стрелканың жылжымалы құрамның астындағы жағдайында бұрылуына жол бермеуі тиіс.
Сонымен қоса,стрелардың дөңестік автоматты орталықтандыруы
программалық немесе маршруттық жұмыс режимдері кезінде ағытпалардың тарқауы процесінде сұрыптау дөңесінің тарату аймағыны стрелкаларын автоматтық басқаруды;
бұру сәтінде үшкір мен рамалық рельс арасында кедергі туындаған жағдайда ағытпаның оқшауланған стрелкалық секцияға енуіне дейін стрелканың бақыланатын қалпына автоматтық қайтарылуын;
тарқату процесінде стрелкаларды жеке басқаруға көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Автоматтандырылған дөңестік орталықтандыру бар механикаландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындауымен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңестерінің құрылғылары:
құрамдарды жақындатудың және тарқатудың басқаруын және бақылауын;
ағытпалардың тарқату жылдамдығын автоматтық реттеуді;құрамдарды тарқату нәтижелерін бақылап отыруды;сұрыптау станциясының ақпараттық жоспарлаушы жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.