Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.61 Кб
Скачать

Сигнал берудің,орталықтандырудың,блоктаудың,ақпараттандыру мен байланыстың құрылыстары мен құрылғылары Сигналдар

Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін,сондай ақ поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысты нақты ұйымдастыру үшін қызмет етеді.

Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуы тиіс.Темір жол көлігінің қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануы тиіс.

Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады.

Бағдаршамдардың сөнген сигналдық жарықтары (автоматтық блоктаумен жарақтандырылмаған телімдерде ескертпеліктерінен,бөгегіш және қайталағыштарынан басқа),олардың түсініксіз көрсетуі,сондай ақ басқа сигналдық аспаптардың түсініксіз сигнал беруі тоқтатуды талап етеді.

Айрықша қарастырылған ерекше жағдайларда жабық(түсініксіз көрсету бар немесе сөнген) бағдаршамнан өту осы ережелерде және поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат етіледі.Поеездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар сигнал беруде келесі негізгі сигналдық түстер қолданады:

жасыл – белгіленген жылдамдықпен қозғалысты рұқсат ететін;

сары – қозғалысты рұқсат ететін және жылдамдықты азайтуды талап ететін;

қызыл- тоқтауды талап ететін.

Маневрлік жұмыс кезіндегі сигнал беруде сонымен қатар келесі түстер қолданылады:

айдай ақ – маневрлерді жүргізуге рұқсат етуші;

көк- маневрлерді жүргізуге тыйым салушы.

Сигналдарды қабылдауға кедергі жасайтын және сигналдық көрсетулер бұрмалайтын қызыл,сары және жасыл түсті әшекейлік жаймаларды,плакаттарды және шамдарды (жарықтарды) орнатуға тыйым салынады.

Сигналдық түстерді қолдану және сигналдық көрсетулердің жағынан өту жылдамдығының тәртібін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрінің 2000 жылдың 17тамызындағы №364–ші бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдарында сигнал беру жөніндегі Нұсқаулық және Қазақстан Республикасының темір жолдардағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулық белгілейді.

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде тек қана Министрлік бекіткен сигналдар мен сигналдық аспаптар қолданылады.

Сигналдық әйнектер мен линзалардың түсі белгіленген стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Темір жолдар торабында тұрақты аспаптар ретінде бағдаршамдар қолданылады.

Бағдаршаммен алмастырылуына дейін семафорлары сақталатын телімдекрде олардың қолданылу тәртібі поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

Кіру, ескертпелік, өтпелі бөггіш және қоршау бағдаршамдарының қызыл, сары және жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу телімдерінде жақындап келе жатқан поезд локомотивінің басқару кабинасынан қарағанда күндіз де түнде де кем дегенде 1000 м қашықтықтан анық ажырап көре алатындай болуы тиіс.

Жолдың қисық телімдерде бұл бағдаршамдардың, сондай ақ бағдаршамдағы сигналдық жолақтардың көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықтан анық ажырап көрінетінднй болуы тиіс. Аса ойлы қырлы өңірде (таулар, терең ойылымдар) жоғарыда атап өтілген бағдаршамдар көрсетілерінің көрінімділігі 400 метрге дейінгі бірақта  200 метрден кем емес қашықтықта болуына жол беріледі.

Басты жолдардың шығу және маршрудтық бағдаршамдарының көрсетулері кем дегенде 400 метр қашықтықтан, бүйірлік жолдардың шығу және маршрудтық бағдаршамдарының сондай ақ шақыру сигналдарының және маневрлік бағдаршамдарының көрсетулері кем дегенде  200 метр қашықтықтан анық ажыратылып көрінетіндей болуы тиіс.

Барлық кіру және өтпелі бағдаршамдардың және қоршау бағдаршамының алдына ескертпелік бағдаршамдар орнатылуы тиіс. Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде әр өтпелі бағдаршам келесі бағдаршамға қатысты ескертпелік болып табылады.

Автоматты локомотивтік сигнал беруі сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын телімдерде ескертпелік бағдаршамдар кіру бағдаршамдарының алдына қойылмауы мүмкін.

Үш таңбалы сигнал беруі бар автоблоктаумен жабдықталған желілерде толық қызметтік тежеу және максималды түрде жүзеге асырылған жылдамдық барысында, алайда ол жолаушы поездары үшін 120 киломерт сағатына және жүк поездары үшін 80 км\сағ астам емес кезінде іргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем брлмауы тиіс, және сонымен қатар автоматты локомотивтік сигнал беру мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поездөтіп үлгеретін жолды есепке алғанда, іргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық шұғыл тежеу кезіндегі тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

Бұл ретте, сигналдардың көрінімділігі  400 метрден кем телімдерді, сондай ақ автоблоктаумен жаңадан жарақтандырылған желілерде бұл қашықтық сонымен қатар кем дегенде 1000 метр болуы тиіс.

Үш таңбалы сигнал беруі бар автоблктаумен ертеректе жарақтандырылған желілерде жекелеген бағдаршамдар «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ басшылығының рұқсатымен қажетті тежеу жолының ұзындығынан кем қашықтықта қалдырылуы мүмкін. Мұндай бағдаршамда, сондай ақ оған қатысты ескертпелік бағдаршамда жарақтық нұсқағыштары орнатылуы тиіс.

Станцияларда жарықтық нұсқағыштар басты жолдың іргелес бағдаршамдары (кіру, маршрудтық, шығу) арасындағы қашықтық қажетті тежеу жолынан кем болғанда қолданылады.

Үш таңбалы сигнал беру үшін белгіленген минимальды ұзындықтан қысқа блок телімдер қажет етілетін қаламаңы поездарының қозғалысы ерекше қарқынды желілері төрттаңбалы сигнал беруі бар автоблоктаумен жарақтандырылады.

Үш таңбалы сигнал беру мен жарақтандырылған желілерде, олар арқылы жолаушы поездары 120 км\сағ жылдамдықпен немесе жүк поездары 80 км\сағ жоғары жылдамдықпен айналғанда, егер қызметті тежеуді қолдануы барысыда локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы сары жарыққа ауысқанда поездардың жол бағдаршамының алдында тоқтау қамтамасыз етілсе, олардың белгіленген максималды жылдамдық пен қозғалысы локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы кезінде рұқсат етіледі.

Жартылай автоматты блоктауы бар телімдерде кіру, маршрудтық, шығу бағдаршамдарының арасындағы қашықтық толық қызметтік тежеу және максималды түрде жүзеге асырылатын жылдамдық кезіндегі белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы тиіс, ал автоматты локомотивтік сигнал берудің жол құрылғылары бар кезінде сонымен қатар бұл қашықтық автоматты локомотивтік сигнал беру және автотоқтату құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды есепке алғанда, жедел тежеу кезіндегі тежеу жолынан кем емес болмауы тиіс

Автоблоктаумен жарақтандырылмаған телімдерде ескертпелік бағдаршамдар негізгі бағдаршамдардан жедел тежеу және максималды түрде жүзеге асырылатын жылдамдық барысында осы орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем емес қашықтықта орнатылады, ал жақындау телімдерінде автоматты локомотивтік сигнал беру мен автоқтату құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажетті уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды есепке алғанда, жедел тежеу кезіндегі тежеу жолынан кем емес қашықтықта орнатылады.

Автоматты локомотивтік сигнал беру сигнал беруі мен байланыстық дербес құралы ретінде қолданылатын телімдерде екі іргелес блок телімдердің ұзындығы автоматты локомотивтік сигнал беру мен автотоқтату ққұрылғыларының поездың максималды түрде жүеге асыратын жылдамдығы кезінде тежегіш жүйесінің әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды есепке алғанда, осы орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы тиіс.

Бағдаршамдар қозғалы бағыты бойынша оң жақтан немесе олар қоршаған жолдың осінің үстіне орнатылады. Теріс жолмен келе жатқан поездарға арналған аралықтарды орнатылған бөгегіш және оларға қатысты ескертпелік бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша сол жақтан да орналасуы мүмкін.

Бағдаршамдар, олардың берген сигналдарын поез үстінен қабылдағаг кезде іргелес жолдарға қатысты сигналдар ретінде қабылдана алмайтындай етіп орнатылуы тиіс.

Бағдаршамдарды оң жақтан орнату үшін габариттің жоқ болған жағдайларда «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығының рұқсатымен сол жақтан мыналарды орнатуға рұқсат етіледі:

теріс жолмен келе жатқан поездарды,сондай ақ теріс жолмен аралықтан қайтып келе жатқан итермелеу локомотивтері мен шаруашылықтық поездарды станцияға қабылдау үшін орнатылған кіру және оларға қатысты ескертпелік бағдаршамдары;

екінші жолдарды салу мерзіміне уақытша орнатылған кіру және өтпелі бағдаршамдарын.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығының рұқсатымен жекелеген станцияларды маневрлік жұмыс технологиясының шарттарына байланысты дөңестік бағдаршамдарды сол жақтан орнатуға жол беріледі.

Бағдаршамдар әдетте,қалыпты жанып тұрған сигнал жарақтарымен қолданылады.

Автоблоктауы бар желілерде,алдындағы блок телімге поезд кірген кезде жанатын өтпелі бағдаршамдарда қалыпты жанбайтын сигналдық жарықтарды қолдануға жол беріледі.

Басқару құрылғыларың ақаулығы пайда болғанда бағдаршамдар автоматты түрде тыйым салатын көрсетуге ауысуы,ал ескертпелік бағдаршамдар оларға қатысы бар негізгі бағдаршамдардың тыйым салатын көрсетуіне сәйкес көрсетуге ауысуы тиіс.

Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде өтпелі бағдаршамдардың қалыпты көрсетуі ретінде рұқсаттық көрсетуі,ал кіру,маршруттық және шығу бағдаршамдарының тыйым салатын көрсетуі болып табылады.

Станция арқылы поездардың тоқтамай өтуі үшін кіру,маршруттық және шығу бағдаршамдары атоматты қимылға ауыса алатын темір жолдар телімдерінде олардың автоматтық қимылға ауыстырылған кезіндегі рұқсат көрсетулер қалыпты болып табылады.

Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде кіру,шығу,маршруттық бағдаршамдарының қалыптты көрсетуі ретінде тыйым салу көрсетуі болып есептеледі.

Қоршау бағдаршамдарының қалыпты көрсетуін «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы белгілейді.

Кіру бағдаршамдары қарсы бағытты үшкірден немесе оң бағытты бағыттыамалық бұрманың шектік бағаншасынан 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс.

Бұрынырақта бағыттамалы бұрмадан 50 метрден кем бірақ 15 метрден жақын емес қашықтықта орнатылған кіру бағдаршамдарын тұрған орындарынан ауыстырмауға болады.

Электрлендірленген телімдерде кіру бағдаршамдары,сондай ақ «станция шегі (шекарасы)» сигналдық белгілері аралықтардың түйіспелі торабын станциялардың түйіспелі торабынан бөліп тұрған ауалық аралықтардың алдына орнатылуы тиіс.

Шығу бағдаршамдары әр жөнелту жолдары үшін кеткелі жатқан поезд локомотивінің тұрақтауына арналған орынның алдына орнатылуы тиіс.

Станцияларда поездарды ұзындығы жеткіліксіз жолдардан жөнелткен кезде поездың басы шығу бағдаршамының сыртына шығып кеткен жағдайда оның сырт жағынан бағдаршамның қайталағыш қалпақшасын орнатуға рұқсат беріледі.Шығу бағдаршамдарында қайталағыш қалпақшасы орнатылуы қажет станциялар тізбесін және мұндай жағдайларда сигналдарды қолдану тәртібін «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы белгілейді.

Өздері арқылыпоездар тоқтаусыз өткізілетін жолдардан басқа жолдар тобы үшін топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарын орнатуға жол берілмейді.Топтық шығу және маршруттық бағдаршамдары поезды жөнелтуге рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсететін маршруттық нұсқағыштармен толықтырылуы тиіс.

Автоматты блоктаудың өтпелі бағдаршамдары блок телімдер арасындағы шектерде,ал жартылай автоматты блоктаудың қосынаралық аралықтардың аралығындағы шектерде орнатылады.

Автоматты локомотивтік сигнал беруі сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын телімдерде блок телімдердің шектерінде «Блок телімінің шегі» сигналдық белгілері орнатылады.

Қосжолды аралықтарда локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша теріс жолмен қозғалған кезде,дұрыс жолмен қозғалу үшін орнатылған автоблоктаумен бағдаршамы блок телімінің шегі болып табылады.

Станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына енетін стрелкалардың кіру,шығу және маршруттық бағдаршамдармен өзара тәуелділігі болуы тиіс.

Аралықтарда басты жолдан тарайтын тармақтардың стрелкалары жол блоктауының немесе электрлік бұздығанда(электрожезловой) жүйенің құрылғылары бар болған жағдайда осы құрылғылармен ең жақын тұрған өтпелі немесе шығу бағдаршамын ашуды немесе бұздығанды алуды басты жол бойынша стрелканы қалыпты жағдайында ғана мүмкін ететіндей байланысты болуы тиіс.

Бір деңгейдегі қиылысулар және желілердің қосылыстар,сондай ақ ажыратылмалы көпірлер тиісінше шектік бағаншаларды немесе көпірдің басына 50 метрден жақын емес қашықтықта екі жағынан орнатылған қоршау бағдаршамы мен қоршалуы тиіс.

Бір деңгейдегі қиылысулар және желілердің қосылыстары кезінде қоршау бағдаршамдарының олардың біреуінің ашылуы қайшы маршруттар бағдаршамдарының тыйым салушы көрсетулер кезінде ғана мүмкін болатындай өзара тәуелділігі боуы тиіс.

Ажыратылмалы көпірлерде қоршау бағдаршамдарының ашылуы тек қана көпірдің қосылып болған жағдайында мүмкін болуы тиіс.

Басты және қабылдау жөнелту жолдары бойынша поездардың тоқтаусыз өткізілуі қарастырылған автоматты немесе жартылай автоматты блоктауы бар телімдерде орналасқан станцияларда кіру және маршруттық бағдаршамдарда осы жолдар арқылы поездарда тоқтаусыз өткізудің сигнал беруі қолданылуы тиіс.

Бағдаршамдарды орналастыру сұлбалары,сондай ақ станциялардағы маршруттарда стрелкалар жағдайының және бағдаршамдардың сигналдық көрсетулердің өзара тәуелділігінің кестелері «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы бекітеді.

Тұрақты сигналдардың орнатылатын орындарын «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ басшылығы тағайындайтын коммисия белгілейді.

Автоматты және жартылай автоматтық жол блоктауы

Аралықтар әдетте,жол блоктауы мен,ал жекелеген телімдерде аралықтағы поездар қозғалысы екі бағыт бойынша локомотивтік бағдаршамдары сигналдар бойынша жүргізілетін дербес сигнал беру және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал берумен жарықтангдырылуы тиіс.

Автоматтық және жартылай автоматты блоктаудың құрылғылары шығу немесе өтпелі бағдаршамдардың олар қоршап тұрған блок телімінің (станция аралық немесе қосынаралық аралықтың) жылжымалы құрамның босауына дейін ашылуына сондай ақ негізгі электрмен жабдықтаудан резервтке немесе керісінше ауысуының нәтижесінде бағдаршамның өздігінен жабылуына жол бермеуі тиіс.

Автоматтық немесе жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған бір жолды аралықтарда, станциядағы шығу бағдаршамының ашқаннан соң көршілес станцияның дәл осы аралыққа қарсы бағытпен поездарды жөнелту үшін шығу және өтпелі бағдаршамдарын ашу мүмкіндігіне жолбермеуі тиіс.

Сигналдардың тура осындай өзара тәуелділігі әр жол бойынша екі жақты қозғалысты жүзеге асыру үшін автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған қос жолды және көп жолды аралықтарда болуы тиіс.

Автоблоктаумен жарақтандырылған қос жолдық өндірмелері бар бір жолды телімдерде, сондай ақ қозғалысы автоблоктау бағдаршамдарының көрсетулері бойынша бір бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалдылығы қарқынды желілердің қос жолды және көп жолды аралықтарды локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша қарсы бағытта (теріс жол арқылы) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар қарастырылуы мүмкін. Қолланылатын техникалық шешімдерге байланысты, бұл құрылғылар үнемі істеп тұрады немесе жөндеу, құрылыстық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзімінде іске қосылады.

Автоматтық блоктау кезінде барлық бағдаршамдар,олар қоршап тұрған блок- телімдері бүтіндігі бұзылған жағдайда автоматты түрде тиім салу көрсетуіне көшуі тиіс.

Жол блоктауымен жарақтандырылған телімдерде орналасқан станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылықтық поездарға арналған бұздыған-кілттері,ал поездарды итермеленеген локомотивті қайтарып алып итермелеу

қолданылатын жартылай автоматтық блоктау телімдері бар станцияларда итергіш локомотивтерге де арналатын бұздыған кілттері болуы тиіс.

Автоматтық блоктаумен жарақтандырылған біржолды желілерде,сондай ақ әр жол блйынша екіжақты автоблоктаумен жарақтандырылған қосалқы аралықтарда,маневрлік жұмыс маневр жасаушы құрамның станцияшегінен шығуы арқылы жүргізілетін станцияларда,автоматтық блоктаудың құрылғылары қажет болғанда оларға қатысы бар маневрлік бағдаршамдармен толықтырылады.

Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда мынадай құрылғылар болуы тиіс:

бос емес жолға қойылатын маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашылуына жол бермейтін;

басқару аппараттарында жолдар мен стрелкалардың бос еместігінің бақыдауын қамтамасыз ететін құрылғылар.

Жартылай автоматтық блоктау кезінде станцияларда мыналар жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғылар болуы мүмкін:

жөнелту маршрутындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылауды олардың ақаулылығына байланысты ажырататын;

жабылып қалған шығу бағдаршамын,егер поезд одан нақты түрде өтпеген болса қайтадан ашатын;

поездың толық құрамы мен келіп жеткенінің автоматтық бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар.

Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде поездар қозғалысына диспетчерлік бақылау жүргізу құрылғылары белгіленген (тағайындалған) қозғалыс бағытының (бир жолды аоалықтарда) бақылауын блоктелімдердің аралық станциялардағы басты және қабылдау жөнелту жолдарының бос еместігін, кіру және шығу бағдаршамдарының көрсетулерінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан еңгізілген диспетчерлік бақылау жүйелері осы тармақта тізімделіп аталған талаптарға қоса СОБ құрылғыларының техникалық кұйінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]