Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
294.91 Кб
Скачать
  1. Отогенді жайылған іріңді лабиринтит

  2. сигматәрізді синустың отогенді тромбозы

  3. мидың сол жақ самай бөлігінің отогенді абсцесі

  4. мидың оң жақ самай бөлігінің отогенді абсцесі

  5. Отогенді менингит

2

{Күрделілік}=2

22.Науқас ауруханаға санавиациямен ауыр жағдайда жеткізілді. Отит жедел басталды, моншадан кейін суық тиді, дене температурасы 40°С дейін көтерілді, интенсивті ауырсыну мен құсу пайда болды. Бас ауырсынуы аздаған қозғалыстан, шудан, сөйлеуден күшейді.

Объективті: науқас жағдайы ауыр, бас ауырсынуынан мазасызданған, айқайлайды, периодты түрде есінен айырылады, жарықтан қорқу белгіленеді. Пульс 120 рет/мин, дене температурасы 40°С, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі айқындалған. Керниг симптомы екі жақтан оң.

Отоскопия кезінде: оң құлақта дабыл жарғағының перфорациясы мен көп ірің.

Науқаста отиттің қандай асқынуы дамыды?

  1. Отогенді жайылған іріңді лабиринтит

  2. Сигматәрізді синустың отогенді тромбозы

  3. Мидың сол самайлық бөлігінің отогенді абсцессі

  4. Мидың оң самайлық бөлігінің отогенді абсцессі

  5. Отогенді менингит

5

{Күрделілік}=2

23.Науқас сол құлақтан іріңді бөліністерге, есту қабілетінің төмендеуіне шағымданады. 10 жыл ауырады. Құлақтағы іріңді бөліністер жайында бірнеше рет амбулаторлы және стационарлы емделді, әсері уақытша.

Объективті: науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Емізікше тәрізді өсінді аймағы өзгермеген, оның пальпациясы мен перкуссиясы өзгермеген. Сыртқы есту жолында көп мөлшерде шырышты-іріңді бөліністер бар. Құлақты тазалағаннан кейін дабыл жарғағының гиперемиясы, оның төменгі квадранттарында формасы доғал жиектік перфорация анықталады. Дабыл қуысының шырышты қабатының көрінетін бөлігі гиперемияланған, ісінген. Есту қабілеті сыбырлаған сөздерге – 2 м, қалыпты айтылған сөздерге – 6 м. Вебер сынағында дыбыс латерализациясы солға қарай. Ринне, Федеричи сынақтары теріс.

Диагнозы қандай? Науқасты калай емдеу керек?

  1. Созылмалы іріңді мезотимпанит, консервативті ем

  2. Созылмалы іріңді мезотимпанит, холестеома, операциялық

  3. Созылмалы іріңді мезотимпанит, грануляциялар, операциялық

  4. Созылмалы іріңді эпитимпанит, консервативті

  5. Созылмалы іріңді мезоэпитимпанит, консервативті

1

{Күрделілік}=3

24.Науқас оң құлақтағы ауырсынуға, кернеу сезіміне, іріңді бөліністерге, жалпы әлсіздікке, температураның 38°C дейін көтерілуіне шағымданады. Балалық шақтан бастап ауырады. Шамамен 10 күн бұрын процедуралардан кейін құлақтағы үрдіс өршіді.

Объективті: емізікше тәрізді өсіндінің аймағы өзгермеген, оның пальпациясы мен перкуссиясы ауырсынусыз.

Отоскопия кезінде: оң сыртқы есту жолында жағымсыз иіспен іріңді бөліністер. Дабыл жарғағының алдыңғыжоғарғы квадрантында жиектік перфорация бар, ол арқылы ақшылттау эпидермальды массалар көрінеді. Дабыл жарғағының керілген бөлігін мөлшерлі гиперемияланған, инъекцияланған. Есту қабілеті сыбырлаған сөздерге – 3 м, қалыпты айтылған сөздерге – 6 м.

Диагнозы қандай? Науқасты калай емдеу керек?

  1. Созылмалы іріңді мезотимпанит, консервативті ем

  2. Созылмалы іріңді мезотимпанит, холестеома, операциялық

  3. Созылмалы іріңді мезотимпанит, грануляциялар, операциялық

  4. Созылмалы іріңді эпитимпанит, консервативті

  5. Созылмалы іріңді мезоэпитимпанит, консервативті

1

{Күрделілік}=3

25.Науқас 25 жаста бас ауырсынуы, дене температурасының 38°С дейін көтерілуі, қалтырау, сол құлақтағы ауырсыну және одан іріңді бөліністер, естудің төмендеуі шағымдарымен ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен құлақтан ірің ағуы балалық шақтан жалғасып келе жатқаны белгілі болды. Жүйелі түрде емделген жоқ. Бес күн бұрын сол құлақта ауырсыну мен бас ауырсынуы пайда болды, ірің бөлінуі күшейді, екі күн ағымында қалтырау болды. Науқас жағдайы орташа ауырлықты, тері жабындылары топырақ түсті. Пульс 94 рет/мин, ырғақты, дене температурасы 38°С.

Отоскопия: сыртқы есту жолында иісі бар іріңді бөліністер, дабыл жарғағы гиперемияланған, артқыжоғарғы квадрантында жиектік ақау, ол арқылы грануляциялар көрінеді. Емізікше тәрізді өсіндісі өзгермеген, пальпация кезінде артқы жиегі бойымен ауырсынады. Есту қабілеті сыбырлаған сөздерге – 0,5м, қалыпты айтылған сөздерге – 1 м.

Қан талдауы: лейкоциттер 18∗10⁹/л, эозинофилдер – 2%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 18%, сегмент ядролы – 68%, лимфоциттер – 10%, моноциттер – 2%, ЭТЖ – 52, протромбинді индекс – 118%.

Диагнозы қандай? Науқасты калай емдеу керек?

Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, сигма тәрізді синустың тромбозы, шұғыл операция

  1. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, сигмавидті синустың тромбозы, шұғыл операция

  2. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, отогенді менингит, шұғыл операция

  3. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, мишық абсцессі, шұғыл операция

  4. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, мидың самайлық бөлігінің абсцессі, шұғыл операция

  5. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, отогенді сепсис, шұғыл операция

5

{Күрделілік}=3

26.Науқас 50 жаста естудің төмендеуі, оң құлақтан жағымсыз иісі бар іріңді бөліністер, бірнеше тәулік ішінде дамыған бет асимметриясы шағымдарымен ЛОР-стационарға келді. Анамнезінде 20 жыл бойы оң құлақтан периодты түрде ірің ағу. Жүйелі түрде емделмеген.

Объективті: оң көзі жабылмайды,оң жақта мұрынеріндік қатпар тегістелген, ауыздың оң бұрышы төмен түскен, беттің оң жақ жартысының мимикалық мускулатурасының әлсіздігі анықталады.

Отоскопия: сыртқы есту жолында жағымсыз иісі бар іріңді бөліністер, дабыл жарғағының жиектік ақауы, дабыл қуысында ақ түсті ұнтақ тәрізді массалар.

Есту қабілеті сыбырлаған сөздерге – 0,25 м, қалыпты айтылған сөздерге – 1,5 м. Дәрігерлік тактикасын анықтаңыз, диагноз қойыныз. Бет жүйесінің парезіні себебін анықтаныз.

  1. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, сигмавидті синустың тромбозы, шұғыл операция

  2. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, отогенді менингит, шұғыл операция

  3. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, мишық абсцессі, шұғыл операция

  4. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, мидың самайлық бөлігінің абсцессі, шұғыл операция

  5. Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, отогенді сепсис, шұғыл операция

1

{Күрделілік}=3

27.Науқас жүйелі бас айналуына және жүру кезінде оңға ауытқуына шағымданады. Қарап тексеру кезінде солға қарай спонтанды нистагм анықталады; қолдың сілтеуіш сынақтары кезінде үйлесімді оңға ауытқиды; Ромберг қалпында науқас оңға ауытқиды, басты бұру кезінде ауытқу бағыты өзгереді; түзу бойымен жүру кезінде науқас оңға ауытқиды; бүйірлік жүрісі бұзылмаған; адиадохокинез жоқ.

Жоғарыда көрсетілген симптоматика қай ағзаның патологиясы үшін тән?

  1. Мозжечок, КТ головного мозга

  2. Височная доля, КТ головного мозга

  3. Мешочки, полукружные каналы, вестибулярные пробы

  4. Улитка и мешочки, исследования слуха

  5. Улитка и полукружные каналы, аудиометрия

3

{Күрделілік}=3

28.Оң жақты созылмалы іріңді ортаңғы отиті бар науқаста жүрек айнумен қоса жүретін жүйелі бас айналу, жүрістің көбінесе солға ауытқуы пайда болды. Қарап тексеру кезінде спонтанды нистагм жоқ; Фишер-Барре қалпында қолдар үйлесімді солға ауытқиды; саусақмұрындық сынақ кезінде – қолдардың үйлесімді солға қарай тосылуы; Ромберг қалпында науқас солқа қарай ауытқиды, басты бұру кезінде түсу бағыты өзгереді; түзу бойымен жүргенде науқас солға ауытқиды. Оң жақта құлақ төмпешігіне басқан кезде науқаста оң жақты спонтанды нистагм, жүрек айнуы пайда болады және бас айналуы күшееді.

Қажетті зерттеулерді тағайындаңыз.

  1. КТ, пирамиды височных костей, ЭХО

  2. Вращательная проба, аудиометрия

  3. Фистульная проба, R-графия пирамиды височных костей

  4. Колларическая проба, аудиометрия

  5. Рентгенография пирамиды височной кости, ЭХО

3

{Күрделілік}=3

29.Науқас 32 жаста бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуы, сол құлақта шу, естудің төмендеуі шағымдарымен ауруханаға жеткізілді. Ұстама жүйкелік жүктемеден кейін басталды, өмірінде алғашқы рет. Қарап тексергенде: ЛОР-ағзалары қалыпты, есту сол жақтан төмендеген: сыбырап сөйлеу -1м, қалыпты сөйлеу-4 м. SpNy сол жаққа III дәрежелі бар, саусақ-саусақтық сынама – екі қолмен оңға тосылу, Ромберг қалпы – тұрып тұра алмайды, оңға құлайды.

Сіздің диагнозыңыз?

  1. Болезнь Меньера, глицерол-тест

  2. Острая нейросенсорная тугоухость, аудиометрия

  3. Лабиринтит, вращательная проба

  4. Абсцесс мозжечка, КТ головного мозга

  5. Гипертонический криз, ЭКГ

1

{Күрделілік}=3

30.Гипертониялық аурумен ауыратын науқаста 62 жаста, бір жыл бұрын немересімен ұрысудан кейін сол жақта есту кенет төмендеді. Естудің айтарлықтай төмендеуі қазіргі кезге дейін сақталған.

Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Пульстің кернеуі шамалы жоғары. АҚ 180/110 мм с.б. Мұрында, араңда, жұтқыншақта қабыну өзгерістері анықталған жоқ.

Отоскопия: екі жақтан сыртқы құлақ терісі өзгермеген. Дабыл жарғақтары меруерт-сұр түсті. Оң құлақпен 5 м қашықтықта сыбырды естиді, сол құлақпен – тек қатты айтылған сөздерді. Аудиограмма мәліметтері бойынша есту оң құлақта жақсы, сол құлақта – дыбыс қабылдаудың бұзылуы типі бойынша өткір төмендеген. Вестибулярлы қызметтің бұзылыстары анықталған жоқ.

Сіздің диагнозыңыз?

  1. Токсикалық генездегі сол жақты нейросенсорлық естудің төмендеуі

  2. Қан тамырлық генездегі сол жақты нейросенсорлық естудің төмендеуі

  3. Вирусты генездегі сол жақты нейросенсорлық естудің төмендеуі

  4. Дәрілік генездегі сол жақты нейросенсорлық естудің төмендеуі

  5. Сол жақты нейросенсорлық естудің төмендеуі, стрептомицинді

интоксикация

2

{Күрделілік}=2

31.Науқаста оң жақтан жедел ортаңғы отит фонында бас айналуы мен заттардың сағат тіліне қарсы, яғни солға қарай қозғалысы сезімі пайда болды. Науқас жүрек айнуына шағымданды. Бір реттік құсу болды. Оң жаққа спонтанды нистагм анықталады. Ромберг қалпында науқас солға ауытқиды. Саусақ –мұрындық және саусақ –саусақтық сынама кезінде солға қарай тосылу анықталды. Құлақты қарап тексеру кезінде есту жолында іріңді бөліністер бар, дабыл жарғағы мезотимпанумде перфорацияланған, пульсациялаушы рефлекс анықталады. Құлақты тазалағаннан кейін перфорацияланған дабыл жарғағының жайылған гиперемиясы фонында дабыл қуысының шырышты қабатының ісінуі анықталған. Сол құлақ көрінетін патологиясыз. Естуді зерттеу кезінде оң жақтан есту қызметінің толық өшуі анықталды.

Диагнозды, асқынуларды анықтаңыз.

Дополнительные исследования.

Установите диагноз.

  1. Абсцесс мозжечка, КТ головного мозга.

  2. Абсцесс височной доли, консультация нейрохирурга

  3. Диффузный лабиринтит, вращательная проба,

  4. Ограниченный лабиринтит, аудиометрия

  5. Болезнь Меньера, глицерол-тест

3

{Күрделілік}=3

32.Науқас құлақтағы шумен, естудің нашарлауымен, жүрек айнуымен қатар жүретін бас айналудың қысқа мерзімді ұстамалары шағымдарымен дәрігерге қаралды. Осындай жағдай аптасына 2 рет қайталанады. Ұстамадан кейін есту қалпына келеді, жағдайы жақсарады. Артериялық қысымның жоғарылуы белгіленген жоқ. Неврологиялық аурулар анықталған жоқ. Объективті: ЛОР –ағзалары көрінетін патологиясыз. Есту қабілеті 6 мм.

Қайда ауру болуы мүмкін?

Какое заболевание найболее вероятно для уточнения диагноза провести

  1. Отосклероз, опыт Желле

  2. НСТ, аудиомтерия

  3. Диффузный лабиринтит, вращательная проба

  4. Болезнь Меньера, слуховой паспорт

  5. Ограниченный лабиринтит, аудиометрия

4

{Күрделілік}=3

33. Жас әйел босанудан кейін екі құлақта естудің нашарлауы, құлақтарда шу сезді. Құлағы бұрын мазаламаған. Қарап тексеру кезінде: мұрын мен жұтқыншақ қуыстары зақымдалмаған. Құлақ: есту жолдары кең, терісі шамалы жұқарған, құлық жоқ, дабыл жарғақтары бүтін, сұр түсті. Сыбырлап сөйлегенде оң жақтан -2 м және сол жақтан 3 м, камертональды зерттеу кезінде сүйек өткізгіштігі бұзылмаған, ауалық – қысқарған, Желе сынағы теріс.

Қандай аурудың симптомдары сипатталған?