Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
295 Кб
Скачать
☆
  1. Күкіртті тығын, күкіртті тығынды алу

  2. Диффузды сырты отит

  3. Есту жолының полипі, алу

  4. Есту жолындағы бөгде зат

  5. Есту жолының фурункулы, қабынуға қарсы терапия

4

{Күрделілік}=3

9.7 жастағы қыз моншақпен ойнап жүріп біреуін есту жолына кіргізіп алды. Көмекке жүгінген мейірбике, бөгде затты пинцетпен алуға талпынды, бірақ нәтиже болмай моншақ есту жолының тереңге еніп кетті. Қыз ЛОР бөліміне әкелінді. Объективті: қарағанда сол жақ есту жолынының тінінде жеңіл инфильтрация және терісінде әлсіз дақ бар. Есту жолының тереңде бөгде зат анықталады. Дабыл жарғағы шолуға келмейді, көрінбейді. Есту жолын жуу әдісі арқылы бөгде зат алынбады. Ары қарай дәрігердің тактикасы?

  1. Есту жолының сүйектік бөлігінің бөгде заты, оперативті жол

  2. Есту жолының сүйектік бөлігінің бөгде заты, микроскоп арқылы алу

  3. есту жолының шеміршекті бөлігінің бөгде заты, жуу арқылы алу

  4. диффузды сыртқы отит

  5. сүйек бөліктің бөгде заты, ілмекпен алу

5

{Күрделілік}=3

10.Науқаста мынадай отоскопиялық көрініс: гиперемия, дабыл жарғағының ісінуі, нүктелі перфорация, пульсирлеуші рефлекс. Қандай ауру мүмкін?

  1. құлақ фурункулы

  2. созылмалы мезотимпанит

  3. созылмалы эпитимпанит

  4. жедел катаралды отит

  5. жедел іріңді ортаңғы отит

5

{Күрделілік}=2

11.Жедел іріңді отитте перфоративті стадияға дейін ауырсынуды қалай басады?

  1. Емдік және диагностикалық мақсатта дабыл жарғағын кесу

  2. Үңгірді пункциялау

  3. Дабыл жарғағын оптикалық Зигл воронкасымен қарау

  4. Дабыл жарғағының дефектісін жою

  5. емдік және диагностикалық мақсатта дабыл жарғағын кесу және үңгірді пункциялау

1

{Күрделілік}=3

12.Науқас оң жақ құлағындағы тісі мен самайға берілетін қатты ауырсынуға, құлағының бітелуіне, бас ауруына, дене температурасының 37 – 38 С көтерілгеніне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған, оған тұмау қабаттасқан. Объективті: дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрацияланған және томпайған, ажырататын белгілер анықталмайды. Диагноз қойыңыз:

  1. Жедел іріңді ортаңғы отит ( перфоративті емес стадия)

  2. Жедел іріңді ортаңғы отит ( перфоративті стадия)

  3. Жедел катаральды ортаңғы отит

  4. Созылмалы мезотимпанит

  5. Адгезивті отит

1

{Күрделілік}=2

13.Бала 7 жаста, есту жолының унемі қышуына, бөгде зат тұрған сияқты сезімге, екі құлағында да естудің аздаған төмендеуіне шағымданады. 3 ай бойы ауырған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық (температурасы 37С) есту жолының терісі гиперемияланған және инфильтрацияланған. Барабандық- шеміршектік бөлімде эпидермис үстінде көптеген кебектәрізді қабыршақтар, сыртқы есту жолының сүйекті бөлімінің терісінде жасыл түсті мицелии жіпшелері бар. Дабыл жарғағы сәл гиперемияланған, пленкамен жабылған. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

  1. Отомикоз

  2. диффузды сыртқы отит

  3. есту жолы терісінің экземасы

  4. есту жолының фурункулы

  5. сыртқы есту жолының экзастозы

1

{Күрделілік}=3

14.Науқас 23 жаста құлағын тескеннен кейінгі құлағының моякаларында пайда болған дөңгелек тығыз түзілістерге шағымданады. Қандай диагноз? Науқасты қалай емдеу керек?

  1. құлақ қалқанының мочкасынын келлоиды, емі хирургиялық

  2. құлақ қалқанының мочкасының атеромасы, емі хирургиялық

  3. құлақ қалқанының мочкасының микозы. Емі хирургиялық

  4. сыртқы құлақтың экземасы, емі консервативті

  5. сыртқы құлақтың герпесі, емі консервативті

1

{Күрделілік}=3

15.Науқас оң жақ құлағындағы тісі мен самайға берілетін қатты ауырсынуға, құлағының бітелуіне, бас ауруына, дене температурасының 37 – 38 С көтерілгеніне шағымданады. 2 күн ауырған. Ауруын тұмаумен байланыстырады. Отоскопиялық: сыртқы есту жолы кедергісіз, бос, терісі өзгермеген. Дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрацияланған, ажырату белгілері анықталмайды. Есту жітілігі сыбырлап сөйлегенде 2 м, дауыс шығарып сөйлегенде 5 м. Вебер сынамасы бойынша дыбыс латерализациясы оңға. Қандай диагноз? Науқасты қалай емдейді?

  1. жедел катаралды ортаңғы отит

  2. жедел экссудативті ортаңғы отит

  3. жедел іріңді ортаңғы отит

  4. жедел эфстахеит

  5. жедел тубоотит

1

{Күрделілік}=2

16.Оң жақтық жедел отитпен ауыратын науқаста заттардың сағат тілімен қозғалуын сезінетін бас айналуы, оң жақ құлақтың толық естімеуі, жүрек айну. Бір реттік құсу болған. Қарағанда жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен мұрын қуысының шырышты қабығында аздаған гиперемия анықталады. Емізік тәрізді өсінді аймағын пальпациялағанда оң жақ пен сол жак та ауырсынусыз. Сол құлақ – қалыпты. Зерттеу кезінде оң жақта есту функциясы толық бұзылған. Саусақ – саусақтық және саусақ – мұрындық сынамада солға ауытқиды. Ромберг позасында науқас солға құлайды. Қандай диагноз? Науқасты қалай емдейді?

  1. жедел отит, лабиринтит, емі оперативті

  2. жедел отит, мастоидит, емі оперативті

  3. жедел отит, эпидуральды абсцесс, емі оперативті

  4. жедел отит, мишық абсцесі, емі оперативті

  5. жедел отит, мидың самай бөлімінің абсцесі, емі оперативті

1

{Күрделілік}=3

17.50 жастағы науқаста сол құлағынан ірің ағуына, құлақ және құлақ маңының ауыруына, естудің төмендеуіне шағымданады. 3 апта ауырды. Объективті: AS: сыртқы есту жолында 3х мөлшеріндегі ватник көлемінде шырышты – іріңді бөлініс, йіссіз. Дабыл жарғағы гиперемияланған, алдыңғы – төменгі квадратында перфорация, пульсирлеуші рефлекс, сыртқы есту жолының жоғарғы – артқы қабырғасы салбырап, гиперемияланған. Емізік тәрізді өсіндіні пальпациялағанда жоғарғы ұшы аймағында ауырсынады. Диагнозды нақтылау үшін, қандай әдіс ақпаратты болып табылады.

  1. Самай сүйегінің Шюллер проекциясындағы рентгенограммасы

  2. Қанның клиникалық анализі

  3. Аудиограмма

  4. бас қаңқасының рентгенографиясы

  5. барофункцияны анықтау

1

{Күрделілік}=3

18.Отогенді менингитте қандай зерттеу көбірек маңызды?

  1. Ликворды зерттеу

  2. Қанды зерттеу

  3. самай сүйегінің рентгенографиясы

  4. компьютерлік томография

  5. қанды стерильділікке зерттеу

1

{Күрделілік}=2

19.Науқас К қабылдау бөліміне қатты басының ауыруы, жүрек айну, құсу шағымдарымен түсті. Отитпен 1,5 ай ауырады, туыстары айтуы бойынша емделмеген. Объективті: науқас тежелген, адресін және оған көрсеткен заттарды айта алмайды. Шүйде бұлшықетінің ригидтілігі анықталады 2,5 саусаққа, пульс 52 рет/мин. Отоскопиялық: дабыл жарғағының нүктелік перфорациясы, ірің. Науқаста жедел отиттің қандай асқынуы?

  1. отогенді жайылған іріңді лабиринтит

  2. сигматәрізді синустың отогенді тромбозы

  3. мидың сол жақ самай бөлігінің отогенді абсцесі

  4. мидың оң жақ самай бөлігінің отогенді абсцесі

  5. Отогенді менингит

3

{Күрделілік}=2

20.Іріңді отит кезіндегі дабыл жарғағының жоғарғы қабырғасының бұзылуы әкелуі мүмкін:

  1. Мастоидит, менингит

  2. мишық пен маңдай бөлігінің абсцесі

  3. Сигма тәрізді қойнау тромбозы

  4. менингит, самай бөлігінің абсцесі

  5. Мидың төбе бөлігінің абсцесі

4

{Күрделілік}=1

21.Науқас А санавиациямен ауыр жағдайда, интенсивті бас ауыруымен, 1 ай бойы оң құлағынан ірің ағуымен, емделмеген, 2 күн бұрыннауқас қалтырауды сезінген, температурасы 40 – қа көтірліп, 3 сағаттан кейін көп мөлшерде тер бөлінуімен түсті. Бір уақытта оң құлағы мен құлақ маңында ауыру, ірің бөліну ұлғайды. Объективті: науқас есі бар, бозарған, менингиальды симптом жоқ, тахикардия. Қарап тексергенде оң құлағының дабыл жарғағында дефект, емізік тәрізді өсіндіні мойындырық вена бойымен пальпациялағанда ауырсынады. Диагноз қойыңыз?