
6 Курс интерн хирургтар
1.35 жастағы науқас оң жақ құлағының ауырсынуына шағымданады, ауырсыну аузын ашқанда күшейеді. Объективті зерттеу: Козелокты пальпациялағанда қатты ауыру. Отоскопиялық: оң жақта сыртқы есту жолы алдыңғы қабырға есебінен шұғыл тарылған. Алдыңғы қабырғасында ісіну бар, жұмсақ тіндер гиперемияланған. Осы бөлікті зондпен түрткенде флюктуация байқалады. Науқас қандай емді қажет етеді//
Компресс, АБ – терапия//
АБ – терапия, физиоем//
АБ – терапия, анальгетиктер//
Тілу, АБ – терапия//
Вишневский майымен апликация, АБ – терапия
4
***
{Күрделілік}= 3
2. Науқас оң жақ құлағындағы тісі мен самайға берілетін қатты ауырсынуға, құлағының бітелуіне, бас ауруына, дене температурасының 37 – 38 С көтерілгеніне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған, оған тұмау қабаттасқан. Объективті: дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрацияланған және томпайған, ажырататын белгілер анықталмайды. Диагноз қойыңыз:
Жедел іріңді ортаңғы отит ( перфоративті емес стадия)
Жедел іріңді ортаңғы отит ( перфоративті стадия)
Жедел катаральды ортаңғы отит
Созылмалы мезотимпанит
Адгезивті отит
1
{Күрделілік}= 2
3.Науқас Г жедел ауырды. Ауру қалтыраудан басталды, дене температурасы 39,5 С – қа көтерілді. Құлақ қалқаны маңында тері қызаруы пайда болды, ол қышиды, ашиды және ауырады. Объективті: құлақ қалқаны гиперемияланған, инфильтрацияланған. Тіл тәрізді шекарасы анық гиперемия. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Диагноз қойыңыз:
Тілмелік қабыну
Катаралды ортаңғы отит
Перихондрит
Сыртқы отит ( фурункул )
Жедел іріңді ортаңғы отит
1
{Күрделілік}= 2
4.Науқас М, жедел риниттен кейін сол құлағының бітеліп, естуінің төмендеуіне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша құлағына мақта тығылған сияқты. Сілекейін жұтқанда құлағында шытырлайды. Объективті: мұрын жолдарында шырыш бар және шырышты қабат гиперемияланған. Дабыл жарғағы тартылған. ЛОР органдары өзгермеген. Диагноз қойыңыз:
Адгезивті отит
Жедел іріңді ортаңғы отит
Катаралды отит
Есту нервісінің нервиті
Отосклероз
3
{Күрделілік}= 2
5.Науқас М, құлақ қалқаны жарақатның 2 – ші күні мазасыздық, құлағы ауырды. Дене температурасы 38 С дейін көтерілді. Объективті: Құлақ қалқаны ұлғайған, терісі гиперемияланған және инфильтрацияланған. Құлақ қалқанын пальпациялағанда ауырсыну және флюктуация анықталады. Диагноз қойыңыз:
Тілмелік қабыну
Катаралды ортаңғы отит
Перихондрит
Сыртқы отит ( фурункул )
Жедел іріңді ортаңғы отит
3
{Күрделілік}=2
6.Науқас осыдан 2 күн бұрын, күреспен айналысып жүргенде соғып алған құлақ қалқанындағы ісіну мен ауырсынуға шағымданады. Объективті: Құлақ қалқанының алдыңғы беткейінде жоғарғы үштен бір бөлігінде көкшіл – қызыл дөңгелек формалы томпаю бар, мөлшерлі ауырсынады, флюктуация бар. Қалған ЛОР органдары патологиясыз. Неғұрлым мүмкін ауруды көрсетіңіз.
Жедел ортаңғы отит
Сыртқы құлақ фурункулы
Отогематома
Құлақ қалқанының хондроперихондриті
Құлақ қалқанының тілмелік қабынуы
3
{Күрделілік}= 2
7.Науқас кеше кешке ванна қабылдағаннан кейін оң жақ құлағының естуі төмендеуіне шағымданады. Бұрын құлақ ауруы болмаған. Объективті: оң құлақ қалқаны мен есту жолы терісі өзгермеген. Сыбыр оң құлақтан – 3м, ал сол құлақтан – 5 м қашықтан естіледі. Диагноз қалай? Қандай шаралар қолдану керек?
Күкіртті тығын, күкіртті тығынды алу
Диффузды сырты отит
Есту жолының полипі, алу
Есту жолындағы бөгде зат
Есту жолының фурункулы, қабынуға қарсы терапия
1
{Күрделілік}= 3
8.Ұл 5 жаста ойнап отырып бұршақты есту жолына енгізіп жібергенін айтып ата – анасы дәрігерге алып келді. Отоскопия кезінде сол жақ құлақ қалқаны терісі өзгеріссіз, есту жолының сыртқы бөлімінен беті тегіс бөгде зат анықталды. Дабыл жарғағы көрінбейді. Дәрігердің тактикасы?