Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
title_Aygerim.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать

Аннотация

Бұл дипломдық жұмыс компьютер вижн қолдану арқылы тест күйіндегі сынақтарды тексеру әдістерін зерттеу туралы. Бірініші тарау – дипломдық жұмысқа қысқаша шолу. Нақты әрі нұсқа түсіндірілген кіріспе сізге тест тексеру бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін толық түсінуге әбден мүмкіншілік береді. Тек бізге қажет бөлігімен жұмыс істеу үшін суретті жарамсыз артық кедергілерден, көлеңкелерден тазалау қажет. Осындай жұмыстармен айналысатын компьютер вижнның алгоритмдері туралы мағлұматтар екінші тарауда түсіндіріліп жазылған, нақтырақ айтсақ, бұлдырлату, суретті сұр түске айналдыру, түстердің шекараларын табу туралы.

Үшінші тарауда бағдарламамызда маңызды рөл атқаратын алгоритмдер мен әдістер жайында, атап айтсақ, сызықтарды табу, шеңберлерді табу және табылған шеңберлерді сорттау. Суретті кедергілдерден тазалағаннан кейін, бізге қажет бөлігін суреттен қырқып алу үшін сызық табу әдісі қолданылады. Сызық және шеңбер табу үшін Хо әдісі қолданылады. Шеңберлер толығымен табылғаннан кейін тесттің жауаптарына карай шеңберлерді сорттау керек. Шеңберлер бабл сорт алгоритмі арқылы сортталады. Боялған шеңберлер шеңбердің пиксельдерінің көлемдерін тексеру арқылы табылады, яғни шеңбердің пикселі 30%-дан асса боялған деген тұжырымға келеміз. Бұл әдіс қай жауап белгіленген анықтауға көмектеседі. Төртінші тарау жобаның дизайнына байланысты. Графикалық интерфейс үшін Qt қолдандым. Бағдарламаның ең маңызды бөлігі жобаның көрінісі мен сипаты. Бесінші тарау мәлімет сақталатын деректер қоры жайында. Және соңғы тараулар – қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер болмақ.