Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВН БОЛЕЗНИ ШПОРГАЛКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.9 Кб
Скачать

60.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у

Обьективті тексеру Жалпы қарау.

Есі анық немесе есі кірелі шығалы,(ступор,супор,кома) болады.Терісі,көзінің склерасы сарғаяды (субэктрия)құрғақ қабыршақтанады.

Патологиялық симптомдар –бауыр жұлдызшалары,бауыр алақаны, (алақан бұлшық етінің қызаруы)тілі малина түсті қызарады,іш қуысына сұйықтық жиналу (асцит)кіндік сыртқа шығады,іштің алдыңғы беткейлі қан тамырлары білеуленеді.

Жалпы қарау: есі анық,іс-әрекеті белсенді,терісі қара-қошқыл болады,көз склерасы-субьектриялық сары, тілдер-сары қабықпен жабылған. Бауыр тікелей тік еттің астында , іш қуысының жоғарғы бөлігінің оң жағыеда орналасқан.Негізгі қызметі:-он екі елі ішекке өт бөледі.-белок алмасудың улы өнімдері бауырда нейтралданады.-фагацитоздық қасиеттер бар.-зат алмаудың барлық түріне қатысады.-қан жасау қызметі тән.Бауыр ауруларындағы науқастың негізгі шағымдары1.Ауырсыну симптомы2.Диспепсиялық симптомдар3.Гипотомегалия.1Ауырсыну – оң қабырғанын астында үнемі бір қалыпты ұйып ауырад.Организмге физикалық күш түскенде ауырсынуүдейді.2Диспепсиялықөзгерістер:ішөту,ішқату,кезектесіпжүреді,метиоризм3Гипотомегалия-бауырдың ұлғаюы.

61.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Пальпация-Образцов –Стражеско әдісіб/шажүргізіледі.Ьауырдың төменгі шекарасын анықтау ,сол қолды бауыр тұсына сүйемелдеу ретінде орналастырып,оң қолды бауырдың .төменгі шетіне 1 см төмен орналастырып,пальпация ережесін сақтай отырып ақырын сипалау.Қалыпты жағ/да бауыр сипаланбайды.

Бауырдың ұлғаюы –гепатомегалия д/ат.

Бауырда пальпацияда науқасты жатқызып немесе тұрғызып жасауға болады.Науқөастың терең демалуын сұрап сол қолдың саусақтарын бүгінкіретіп, оң қолды оң жақ қабырға артына тығыздап қоямыз.Науқас терең демалғанда сол қолдың саусақтарын оң жақ қабырға астына кіргіземіз.Соңғы үшінші кіргізуде бауырдың бетін патологиялық жағдайда сипап

көруінізге болады.

62.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Перкуссия-Курлов тәсілі б/ша бауырдың көлемін анықтау

а)оң ортаңғы бұғана сызығы бойымен 9-10 см

б)ортаңғы төс сызығы бойымен 8-10 см

В)сол қабырға шеті бойымен 7-10 см

1.Науқасты шалқасынан жатқызып оң қолын жастандырып сол қолын дененің бойымен орналастырады.2.Оң жақ ортаңғы бұғана сызығын табу.3.Оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен жоғарыдан төмен қарай пекуторлы дыбыс тұйықталғанға дейін қаққылау, анық дыбыс жағынан белгілеу.4.Оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен оң мықын аймағынан жоғары қарай тимпаникалық дыбыс тұйықталғанға дейін қаққылау, анық дыбыс жағынан белгілеу.5.Жоғарғы шекарасын ортаңғы сызығынан белгілеу.6.Ортаңғы төс сызығы бойымен кіндіктен жоғары баяу, тимпаникалық дыбыс тұйықталғанға дейін қаққылау, анық дыбыс жағынан белгілеу.7.Сол қабарға бойымен сол алдыңғы қолтық сызығы бойымен қаққылау, тимпаникалық дыбыс тұйықталғанға дейін анық дыбыс жағынан белгілеу.

64.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Лабораториялық тексер.Биохимиялық қан талдау.

Бауырды лабораториялық тексеру әдістері:Олардың ішінде пигмент, белок, көмірсу, май алмасуды, амин қышқылдарын анықтайды.Пигмент алмасу билирубиннің қандағы мөлшерімен оның алмасуымен пайда болатын заттардың несеп пен нәжістегі мөлшері жатады. Билирубиннің қандағы мөлшері 8,55 – 20,52 мкмоль/л.Белок алмасуды реттеуде бауырдың атқаратын рөлі маңызды. Қан плазмасының белоктары альбумин, альфа және бетта – глобулиндер, фибриноген және протромбин бауырда синтезделеді. Белоктың жалпы мөлшері 60 – 80 г/л.Көмірсу алмасуға қатысын тексеретін әдістерге: 1.Бауырда ішектен қақпа венасы арқылы келген моносахариттерден гликоген синтезделеді.2.Бауырда гликогеннің ыдырауынан моносахариттер бөлініп шығады.3.Бауырда болатын процестерге гликолеогенез жатады.

Көмірсу алмасуын тексеруге қатысатын әдістерге:Галактоза сынама әдісі;Гликогенолиз сынама әдісі;Қандағы амин қышқылдарының жалпы мөлшерін Фолин тәсілімен анықтайды.Аминқышқылдардын жалпы мөлшері 50 – 80 г/л.Май алмасуда бауырдың атқаратын рөлі зор.1.Бауыр холестерин синтезіне қатысады.2.Фосфолипидтер мен неитральды майлардың синтезі бауырда болады. Холестериннің жлпы мөлшері 3,9 – 5,2 ммоль/л. Фосфолипидтер мөлшері 2,6 -2,8 ммоль/л

І.ЖҚТ :лейкоцитоз,Жылдамдатылған ЭТЖ.

ІІ.БҚТ:

1.белок 65-85г/л

2.тимол әдісі 0-5 ЕД

3.Билирубин жалпы 20 мкмоль/л

4.холестирин 4-4,5 мкмоль/л

5.АСТ-12-40ЕД

Билирубин,АЛТ холестирин көрсеткіштері жоғарлауы бауырдың қызметінің бұзылуында анықталады.

65.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Лабораториялық тексер.Ұлтабар сөлін тексеру.

А үлес –алтын әрі созылмалы ,мөлдір 15-40 мл

В үлес- жасыл,көкшіл-50-60 мл

С үлес-алтын сары -15-20мл

Диагностикалық маңызы:В үлесінен лейкоциттер,эпильдердің анықталуы.

холецистит-өт жолдарынң дискенезиясында анықталынады.

С үлесінен –лейкоциттердің анықталуы.холонгитті айтады.

А үлесінің диагностикалық маңызы жоқ.

66.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Құралдармен тексеру-

1.Холецистография-контрастық сұйықтық заттармен (билитраст,билогност) өт жолдарыні қабының формасын,көлемі маторикасын анықтау.

Патология өзгерістер:өт жолдарынң деформациясы ,тастарды қабыну процестерінде анықталады.

2.Сканирование-белгіленген G-131 изотоптарының көмегімен бауырдың көлемін ,формасын пат-қ өзгерістерін (киста) қатерлі ісіктерді,циррозошаөтарды анық-ы.

3.УДТ-ультрадыбыстың көмегімен бауыр көлемін,формасын,структурасын пат-қ өзгерістерді (киста,қатерлі ісік,цирроз ошақтарды анық-ы)

4.Лапороскопия-оптикалық құрал лапороскопты пйдаланып іш құысын қарау.

5.ПУнкциялық биопсия-бауыр тінінің кішкене тілмесін морфологиялық гистиохимиялық тексеруге алу. 1.Лапороскопия – оптикалық құрал лапорскопты пайдаланып іш қуысын қарау.2.Пункциялық биопсия – бауыр тінінің кішкене тілмесін марфологиялық, гистиохимиялық тексеруге алу.3.Радиоизотопты әдістер – Бауыр клеткалары сіңіретін кейбір заттарды анықтайды.4.Рентгенологиялық дәсілдер – 1)эхинококк қуысының әкке айналуын, бауырдағы әктенген туберкулез түйінін не өт өзегіндегі тасты көруге болады. 2) өңештің контрастық ренгеноскопияда портальдық гипертониядағы өңеш венасының варикозды кеңуін коруге болады. 3)спленопортография портальдық гипертонияның бауыр ішіндегі, не сыртындағы себебін табуға, коллатеральдар даму дәрежесін анықтауға, бауырдағы патологиялық процестің мөлшерін анықтауға көмектеседі.Бауыр эхографиясы– бауырды ультрадыбысты пайдаланып зерттеу.Өт жолдарын тексерудің әдістері:Дуоденалық зерттеу – әртүрлі қоздыріыштардың әсерімен өт бөлінуін күшейтуге негізделген.Микроскопиялық зерттеу – әр порциядағы лейкоциттер санымен кілегей мөлшерін, сол порцияларды лямблий, описторх не басқа паразиттер жұмыртқасы өзгерген клеткалар, холестерин кристаллы және кальций билирубинаты барлығын анықтайды.Химиялық зерттеу – әр порциядағы билирубин, холестерин және белоктың мөлшерін анықтайды.Бактериологиялық зерттеу – алынған порциялардан микроорганизмдерді табуға бағытталған.Рентгенологиялық зерттеулер.1.Холецистография.Аурудың 15 – 20 кг массасына 1,0 мөлшерде алынған билитрасты ішке қабылдағаннан кейін 10 – 15 сағ өткен соң өт ренгонографиясын жасайды.2.Холеграфияда контрасттық затты вена ішіне егіп 5 – 10 минуттан рентгендік суретке түсіреді.

67.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Сарғаю синдромы- 3 кезеңнен тұрады.

А)механикалық Б)гемолитикалық В)паренхематозды.

Механикалық сарғаю-бауыр астылық өт жолдарның бөгде заттармен бітелу себебнен дамиды.(тас лямблия,ішек құрт,ісіктер, ұйқы безінің қабынуы ).

Механикалық сарғаюда билирубин қайта қанға сіңеді.Ішекке өтпейді.Билирубиннің қайта сіңіру процесі өзгереді.

Белгілері:терінің сарғаюы,қышуы,нн әжістің түсі ақ болады.

Гемолитикалық сарғаю-(бауыр үстілік)-эритроциттерлің шамадан тыс ыдырауынан п/б.Гем.сарғаю-қан түзу ауруында жиі ккздеседі және кәшкентай нәрестелерде 1 айға дейін кездеседі.Сепсистік ауруда және басқалардың қан құюында

Белгісі:көзі лимон сияқты сарғаяды,көк бауыр ұлғаяды,нәжістің түсі қап-қара болады.

БҚТ –жалпы билирубин жоғарылайды.

Паренхемотозды сарғаю-бауыр ішілік сарғаюдың бауыр клеткаларының зақымдануынан билирубиннің зат алмасу процесі өзгереді.Ішекке сіңу процесі өзгереді.Паренхематоздың себебі:Бауыр клеткасының қабынуы ,токсикалық затпен улануы,дәріден улану,химия-қ улагу,бауыр циррозы (морфологиялық өзгерісі)Белгілері:тері қышиды,көз сарғаяды,көз склерасы және терісі сарғаяды,оң қабырғасның ауырсынуы

БҚТ-билирубин немесе тікелей билирубин жоғарылайды,нәжісте болмайды.

Себебіне байланысты сарғаюдың 3 түрі бар.Гемолиздік сарғаю-эритроциттердің шамадан тыс көп жарылуына байланысты болады.Клиникасы.гемолиздік сарғаюда тері мен кілегей қабықтар түсі лимон түсті болады.Ауру анамнезінде бұрын сарғайғандық болады.Нәжісте стеркобилин көп болғандықтан, оның түсі қара-қоңыр болады.Қанда: нормохромды анемия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоцитоз, пісіп жетілмеген эритроциттер.Қалыпты жағдайда эритроциттердің минимальды 0,42 – 0,48% тең, максиальды 0,30 – 0,30% тең.Механикалық сарғаю-билирубиннің өтпен ішекке өтуіне механикалық кедергі пайда болғанда дамиды. Клиникасы:Ұзаққа созылған ауруда сарғаю жасыл не қара-қоңыр реңді болады. Қанда: билирубин, холестерин мен сілтілі фосфатаза көбейеді.Несепте:билирубин болады, уробилин болмайды. Нәжісте: стеркобилин не болмайды, не өте аз шамада болады.Паренхималық сарғаю-бауыр паренхимасының зақымдануына байланысты дамиды.Клиникасы:терінің қышуы, сарғаю және оң жақ қабырға астының ауыруы.Қанда: жалпы билирубиннің көбеюі тура және тура емес билирубиннің қатар көбеюіне байланысты.Несепте:уробилиннің де мөлшері өскен.Нәжісте стеркобилин азайған.

68.Бауыр өт жолдары ауруы бар науқас-ы тек-у. Портальды гипертензия синдромы-қақпақша венасында қан қысымы жоғарылайды. Бауыр клетка-ң морфолог-қ өзгерісінен қанды қабылдамайды. сол себепті шеткі қан-ң ағуы баяулап, қан тамырырында қан толулар п.б. Белгі-і:асцит-іш қуысына сұйықтық толуы,құрсақ тамыр-ң білеуленуі, алақан-ң қызаруы,,тіл-еріндері қабыршықтануы.Пальпация,перкуссия,УЗИ-да бауыр ұлғаяды.Қан анализінде бауыр көрсеткіші жоғарылайды. Портальдық гипертония деп қан іркілісіне байланысты қақпа венасы саласында қан қысымының көтерілуін айтады.Портальдық гипертонияның негізгі себептері:1.Бауыр цирроздары.2.Ісіктер.3.Өскен лимфа бездері.4.Тыртықтар.5.Қабынған қақпа венасының тромбозы.Портальдық гипертонияның негізгі симптомдары:1)коллатеральдық вена жүйесінің дамуы – коллатеральдар арқылы қан шамалы өтеді, сондықтан олар көзге көп байқалмайды.2)Асцит – бауыр церрозында асцит баяу дамиды, қақпа венасының тромбозы мен ол венаны ісік қысып тұрса, асцит тез дамиды.3)Талақтың өсуі – талақ венасында қан іркілуіне байланысты.

69.Бауыр,өт жолдары аурулары бар науқастарды зерттеу. Бауыр жетіспеушілік синдромы-бауыр қызметінің төмендеуі.Цироз,гепатит,ішімдік, пен тамақтан улану. Белгі-і:сана-сезімі өзгереді, көз склерозы,сарғаяды,асцит,терісі құрғақ, қабыршақтанады. ЖҚТ: тромбоцитопения, анемия, БҚТ: бауыр көрсеткіштері жоғарылайды